Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

"Жабайы аңдар қыс мезгілінде"
Білікті: Қатынас. Тарау: Тіл дамыту. Тақырыбы: «Жабайы аңдар қыс мезгілінде» Мақсаты: Берілген сөздерге анықтауышты дұрыс табуды; мнемотаблицасы бойынша жабайы аңдар туралы әңгіме құрастыруды; алдын-ала алған білімдерін пайдалана отырып,әңгіме құрастыруды; қойылған сұрақтарға толық,нақтылы жауап беруді; айтайын деген ойын көркем тілмен жеткізе білуді дамыту.Сурет бойынша әңгіме құрастыра білуді қалыптастыру. Балалардың ойлау қабілетін,ой-өрісін,өзіндік көз қарасын,тіл байлығын жетілдіру. Табиғатты қорғай білуге; жануарларға деген қамқорлығын; көмекке әрқашан дайын болу керектігін тәрбиелеу. Керекті құрал-жабдықтар: орманның макеті, берілген тақпақты құрастыру үшін мнемотаблица, «қар», мақта дискасы, фасоль салынған шелек, жабайы аңдар макеті. Алдын-ала дайындық: Қыс туралы және жабайы аңдар жайында әңгіме оқу, әңгімелесу, мнемотаблица құрастырып, осы жобамен тақпақтар жаттау.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Балалар қонақтармен үш тілде амандасады. Шаттық шеңберіне тұрады. «Амансың ба,алтын күн! Амансың ба,жер-ана! Амансың ба, достарым, Сендерді көрсем қуанамын!» Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Бүгін ауа райы қандай? (Балалар сұрақтарға жауап береді) Балалар, далаға қараңдаршы, аспан қандай, жер қандай, мұның бәрі қыс мезгілінің белгісі,солай ма,балалар? (Осы кезде топқа қоян жүгіріп кіреді.Балалармен,тәрбиешімен амандасады) Тәрбиеші: Қоян,не болып қалды,көңілсізсің ғой? Қоян: Мен сиқырлы орманда тұрамын. Қыс келді,бірақ біздің орманға қар жаумады.Маған сендерден көмек қажет болып тұр. Тәрбиеші: Балалар,қоянға көмектесеміз бе? Балалар: Иә,көмектесеміз! Тәрбиеші: Олай болса,балалар, біз орманға аттануымыз керек. Орманға немен барсақ болады,қалай ойлайсыңдар? (Балалар әртүрлі жауап береді:машинамен,шанамен, сиқырлы кілеммен, ұшақпен,тікұшақпен т. б.) Тәрбиеші: Балалар,дұрыс айтасыңдар,бұл көліктердің бәрімен де орманға баруға болады.Бірақ біз шаңғымен барайық,жарай ма? Балалар: Жарайды. Тәрбиеші: Олай болса шаңғыға тұрып орманға аттанайық,жүріңдер. (Шаңғымен жүрген болып топты айналып, алдын -ала дайындалған орман макетіне жақындап келеді.) Тәрбиеші: Балалар,біздің шаңғымыз бұдан әрі бара алмайды,өйткені орманда қар жоқ.Біз шаңғымызды осы жерге қалдырайық. Балалар, орманда қар пайда болуы үшін біз сендермен көптеген тапсырманы орындауымыз керек. Ол үшін біз тілімізді жаттықтырып алайық.
Артикуляциялық жаттығулар: 1-ші тапсырма: Заттың сынын айту. «Қар қандай?», «Қыс қандай?» (Балалар сұраққа жауап берген сайын «қарды» алып орманға тастайды) 2-ші тапсырма: Демге арналған жаттығу. Балалар жіпке байланған «қарды» үрлейді. 3-ші тапсырма: «Қоян» деген сөзді эмоциональды айтады; қуанып, ренжіп, қорқып,таңғалып. Тәрбиеші: Балалар, енді мына тұрған «ағаш түбіріне» отырайықшы. 4-ші тапсырма: Саусақтарға арналған жаттығу: 5-ші тапсырма: Шелек толған фасоль,арасында жабайы аңдардың бейнесі.Балалар қолдарын тығып, бір жануарды тауып алып, оның қандай жануар екенін айтуы керек.Содан кейін өзі тауып алған жануарды мнемотаблицасы бойынша суреттеп беруі керек.
1.Бұл қандай жануар? 2. Ол қайда өмір сүреді? 3.Оның тұратын «үйі» қалай аталады? 4.Оның терісінің түсі қандай? 5.Дене мүшелерін атап бер. 6. Оның баласы? 7.Немен қоректенеді? 8. Қалай қыстайды? (4-5 бала жауап береді. Қоян,қасқыр, түлкі,аю бейнелері) Сергіту сәті: 6-шы тапсырма: Тәрбиеші «Қоян» деген тақпақты оқиды. Балалар осы тақпақ бойынша мнемотаблица құрастырады. Ақ қоян-ау,ақ қоян! Үркек қоян,сақ қоян. Қаша берсең орманға Қорқағым деп ат қоям. (4-5 бала мнемотаблица құрастырады.)

Қорытынды: Тәрбиеші сабақты қорытындылау үшін балаларға ойын ойнауды ұсынады. «Қар не үшін керек?» Бұл сұраққа балалар бір-бірден жауап береді. Жауап берген сайын мақта дискасын бір-бірлеп «орманның» ортасына қояды, сөйтіп мақта дискасынан «сырғанақ»жасайды. Сабақтың соңы: Қоян балаларға қапта тығылған затты сұрақ қою арқылы тауып алуды ұсынады. Балалар қоянға сұрақ қояды, қоян «Иә», «Жоқ» деп жауап береді. Мысалы: Ол ойыншық па? Жоқ. Ол тағам ба? Иә Сол сияқты жалғасып кете береді,зат табылғанша. Қаптың ішінде қолдан жасалған сәбіздер болады. Қоян ол сәбіздерді балаларға үлестіріп береді.Балаларға көмектері үшін рахмет айтады,қоштасады. Тәрбиеші: Балалар,осымен сабағымыз аяқталды, біз қоянға көмектестік солай ма? Енді балабақшаға оралайық. (Шаңғыны аяқтарына киіп, балабақшаға оралады)
Категория: Дошколенок | Добавил: aigerimsansyzbaeva (2016-03-11) | Автор: Сансызбаева Бакыткуль Суиндиковна E
Просмотров: 821 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-18, 3:38 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru