Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Ашық сабақ. Тақырыбы:«Қолғап» өлеңі (естияр тобы)
I Ұйымдастыру.
II Шаттық шеңбері.
Армысың асыл күн!
Армысың Жер-Ана !
Армысың Көк Аспан !
Армысың жан досым!
Балалар,орнымызға жайғасамыз.Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?.Басқа табиғат мезгілдерінен қыс мезгілінің айырмашылығы неде?
Дұрыс айтасыңдар балалар,ал күннің көзі шуағын бізге аз төгеді.Кейде тіпті күннің көзін бұлттар жауып тұрады. Балалар ,сендер күннің шуағының мол төккенін қалайсыңдар ма?
Балалар ,міне күннің көзі ғана тұр шапақтары бар ма?
Балалар сендер сабаққа жақсы қатыссаңдар күн бізге шуағын молынан төгеді екен.
Суреттермен әңгіме өткізу.Балалар, мына суреттерге қараймыз.
Мынау не?
Мынау ше? Ал,мынау не?
Дұрыс айтасыңдар,балалар бұл киімдерді бір сөзбен не деп атаймыз?
Жарайсыңдар,балалар сендер сабаққа жақсы қатысып отырғандықтан күннің шапағы шыға бастады.
Балалар, мен сендерге жұмбақ жасырамын.Жұмбақтың жауабын кім жылдам шеше алар екен. Жақсылап тыңдап отырамыз.
Ағайынды бесеуі,
Бірге киінеді,бірге шешінеді.
Иә, жұмбақтың жауабын дұрыс шештіңдер. Күннің шапағы қосыла бастады. Балалар қолғап туралы талдаймыз. Алгоритм бойынша талдау әңгімелеу.
Мынау не?
Қолғаптың қандай түрлері болады?
Түстері қандай болады?
Қолғап неден жасалады?
Қолғаптың қандай пайдасы бар?
Қай кезде киеді?





Балалар бүгін біз Әнуар Дүйсенбиев-
тің «Қолғап» өлеңімен таныс боламыз.
Және бұл өлеңді жаттап аламыз.
Өлеңді оқып беру.
Қолғап
Жоғалыпты қолғабым,
Тыз-тыз етті қолдарым.
Сорып аяз тастады,
Естен кетпес тоңғаным.
Қолғаптық жіп шығарып,
Тоқыды әжем біз алып.
Мен отырмын ұяттан,
Тоңғандай боп қызарып.
Сұрақ –жауап арқылы өлеңнің мазмұнын әңгімелеу.
Өлең не туралы жазылған ?
Өлеңді кім әңгімелеп береді?
Өлеңді мнемосызба бойынша жаттату.
?






!

Мнемо сызба бойынша өлеңді айтып беру.
Балалар,өлеңді мнемо сызба бойынша қайталап айтамыз.
Жекелей 2-3 балаға қайталатып айту.
Сергіту сәті:
Тоңса біздің қолымыз,
Қолғапты киіп аламыз.
Сарт-сарт шапалақты соғамыз
Тоңса біздің аяғымыз,
Етікті киіп аламыз
Топ-топ топылдатып билейміз.
Балалар қазір біз тоқыма киімдер көрмесіне барамыз.
Міне балалар көрмеге де келдік.
Балалар көрмеден нелерді көріп тұрсыңдар?
Қанеки киімдерді кім атап бере алады?
Бұл киімдерді бір сөзбен не деп атаймыз?
Тағы не көріп тұрсыңдар?
Балалар бұлар киімдерді тоқуға арналған тоқыма жіптер.
Ал мыналарды біздер деп атайды.
Бұл тоқуға арналған құрал.Киімдерге
арналған тақпақтарды кім айтып бере алады?
Жарайсыңдар, балалар біздің енді топқа қайтатын уақытымыз болды.
Балалар сендер көрмеде де өздеріңді жақсы көрсете алдыңдар сол үшін күннің шуағы тағы да қосыла түсті.
Күннің шапағы мол түсуі үшін бізге тапсырмалар орындау керек.
1-тапсырма
« Қыс мезгілінің киімдерін қысқышпен қысу»
Балалар міне тағы да күннің шапағы қосылды.Өйткені сендер тапсырманы барлықтарын орындадыңдар
2-тапсырма
« Сыңарын тап»
Ойын шарты бойынша сызық арқылы
қолғаптардың сыңарларын қосады.
Жарайсыңдар, балалар барлықтарың да жақсы қатыстыңдар.
Міне тағы да күннің шапағы қосылды.
Балалар, «Қолғап» өлеңін сызба бойынша қайталап айтамыз.

Сабақты 5 саусақ әдісі бойынша қортындылау:
Бүгінгі сабақта қандай өлеңмен таныс болдық?
Өлең не туралы?
Бала қолғабын қайтті?
Балаға кім қолғап тоқып берді?
Бала неге ұялды?
Жарайсыңдар, балалар барлықтарың да сабаққа жақсы қатысып отырсыңдар. Мінеки, күннің шапағы тағы да қосылды.
Балалар,қараңдар күніміз жарқырап,
шуақтарын молынан шашып тұр.
Өйткені,бүгін сендер сабаққа өте жақсы қатыстыңдар.
Мен де сендерге өз сыйлығымды берейін.Сендерге көп рахмет балалар.
Сабақты аяқтау.
Категория: Дошколенок | Добавил: nursauledala (2016-03-18) | Автор: Магаша Хожа E
Просмотров: 2945 | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 12:57 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru