Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Ана - өмірдің гүлі.
Шығыс Қазақстан облысы
Тарбағатай ауданы
Ойшілік ауылы
"Әсем" ясли-бақшасының тәрбиешісі
Кайырханова Серикжан Кенжебекқызы.


8 – наурызға арналған ертеңгілік.
«Күншуақ» екінші сәбилер тобы.
Әсем безендірілген залдың іші
Тәрбиеші: Құтты болсын ақ анам,
Сегізінші Наурызың!
Қасымда бол әрқашан
Жансын жарық жұлдызың,
Тілейді бақыт бір саған
Әлпештеген ұл-қызың!
Құрметті асыл аналар, ақ жаулықты әжелер, біздің кішкентай бүлдіршіндер сіздерді 8-наурыз аналар мерекесімен құттықтап, зор денсаулық, ұзақ өмір тілей отырып өздерінің тақпақтарын, әндерін, билерін сыйға тартады. Сәбилеріңіз сіздерге, тек қуаныш пен шаттық сыйласын! Бүгінгі кештің бар әсемі сіздер үшін, қымбатты аналар! Қол соғып қошеметтеп отырыңыздар. «Күншуақ» тобының кішкентай бүлдіршіндеріне.
Балалар ортаға әсем әуенмен қол ұстасып кіріп, орындарына отырады.
Құрметті аналар сіздердің құрметтеріңізге кішкентай көктемнің алғашқы гүліндей құлпырған биші қыздарымыз Ақмарал мен Әлиманы ортаға шақырамыз. Сіздердің құрметтеріңізге үнді биі.
Құрметті ата-аналар біздің балалардың сіздерге арналған тақпақтары бар, олай болса кезекті тақпақтарға берейік.
Бәрімізге анасың,
Біз үшін көп жанасын. Парасат
Құтты болсын мейрамың,
Құттықтаймын анашым.
Ақ қабақты анашым
Күн сәулелі анашым. Кәусар
Әлпештеген баласын,
Айналайын анашым.

Бал бөбегін баптаған
Анам үшін мақтанам
Ақ бетіңнен сүйейін Балауса
Келші,келші ақ анам!
Мамам, мамам ақ мамам,
Менде өзіңдей ақ балаң. Айғаным
Айтқан тіліңді аламын.
Жұмсағанда барамын.

Мамаларды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз. Ақмарал.
Әжені де ардақтап,
Әдеппен бас иеміз.

Мәпелейсің мені анам,
Қолыңдағы құсыңдай Мәди
Құлпыра өсіп демалам
Құшағыңа қысылмай

Ақ анашым, аппағым.
Өзің жайлы тақпағым,
Өзің жайлы әнім де, Айару
Арнадым саған бәрін де.

Ана біздің күніміз Шырын
Ананың біз гүліміз

Мамам, мамам ақ мамам,
Менде өзіңдей ақ балаң Шұғыла
Айтқан тіліңді аламын,
Жұмсағанда барамын.

Апатайым мен анамды
Өте жақсы көремін. Нұрғиса
Аялайын анашым
Әлпештеген баласын. Саялы
Еміп өскен бөбекпіз,
Маматайдың мамасын.

Қуантайын деп анамды,
Тақпақ айтып беремін. Айбек.

Тәрбиеші: Құрметті аналар, аналардың анасы сіздерге арналған кішкентай аяулы қыздарымыздың орындауындағы тамаша әнді қабыл алыңыздар.
Ән: Мерекеңізбен. Орындайтын: Нұрасыл мен Ақмарал
Тәрбиеші: Аналардың анасы әжелерге арнаған немерелеріңіздің сыйын қабыл алыңыздар.

Біз доспыз гүлдермен,
Текке оны жұлмаймыз.
Той күні бір-бірден, Әділжан
Әжелерге сыйлаймыз.

Әжелерді ардақтап, Қуанатын келді күн. Әлима Мейрамымен құттықтап,
Ән салайық біз бүгін.

Той пердесін ашайық Нұрбол
Тойға шашу шашайық
Әжелерді құрметтеп
Ән маржанын шашайық!
Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар. Інжу
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.
Тәрбиеші: Қымбатты әжелер, біздің ендігі тартуымыз сіздердің құрметтеріңізге. Ортаға кішкентай өнерпазымыз Парасаттың орындауындағы «Сенің анаң алтын» атты әнін қабыл алыңыздар. Қол соғып қошеметтеп отырайық.

Бізді әже қуантып, Файм
Ұзақ өмір сүріңіз

Балалардың тілегін,
Қабыл алшы әжетай. Инабат М
Ұзақ өмір жүз жасап
Жүрші әже қамықпай.

Менің әжем, жыр әжем,
Шуағы мол, нұр әжем Нұрасыл.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүр әжем.

Тәрбиеші: Құрметті әжелер, ардақты аналар! Біздің көктемнің алғашқы гүліндей құлпырған, кішкентай бүлдіршін қыздарымыздың сіздерге мерекелік тартуға арналған тамаша биін қабыл алыңыздар. «Күншуақ» тобының қыздарының биі.
Тәрбиеші: Ал, балалар енді сүйікті аналарымызға, ардақты әжелерімізге сыйлық таратар кез келді. Құрметті аналар балаларыңыздын сіздерге арнаған арнайы жапсыру оқу іс-әрекетінде дайындаған тартуын қабыл алыңыздар. Қане балалар аналарымызға, әжелерімізге сыйлықтарымызды апарып, беттерінен сүйіп қатайық.
Тәрбиеші: Келесі кезекте біздің кішкентай өнерпаз қыздарымыздың сіздердің құрметтеріңізге арналған өнерін тамашалаңыздар. Ортаға кішкентай өнерпаз қыздарымыз Әлима мен Инабатты шақырамыз «Ақ мамам» атты әнін қабыл алыңыздар. Қол соғып қошеметтеп отырайық.
Келесі кезекті ойынға берейік!
Ойынның аты «Қалағаныңды қиып ал». Ойынның шарты қазір ата-аналар бір-бірден шығып, байлаулы көздерімен керме жіптегі затты қиып алып, өздерінің бүлдіршіндеріне апарып береді.
Тәрбиеші: Құрметті әжелер, ардақты аналар! Біздің балабақшаның, кішкентай бүлдіршіндеріңіздің дайындаған мерекелік ертеңгілін тамашалауға алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен- көп рахмет.
Аналар қалқып бақыт аралында,
Лайм мұң қонбасын жанарыңа.
Осымен ертеңгілігімізді аяқтайық,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңызға.
Ендігі кезекті құттықтау сөзге тілек айтуға берейік «Әсем» ясли-бақшасының меңгерушісі Дюсенбаева Тоғжан Мұратқызына береміз.
Тілек айтамын деген ата-аналар бар болса ортаға шығып тілек айтуға болады.
Құрметті аналар, осымен өздеріңізге арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Әрдайым көктем гүліндей жайнап жүре беріңіздер.
Категория: Дошколенок | Добавил: жаксы (2016-04-18) | Автор: Серикжан E
Просмотров: 731 | Комментарии: 1 | Теги: гүлі, Ана, өмір | Рейтинг: 3.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 5:08 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru