Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

«Наурызым, армысың!»
ШҚО, Семей қаласы
№ 11 «Ертөстік» ясли-бақшасы КМҚК
тәрбиешісі: Ақшалова Гульмира Балганбаевна

«Наурызым, армысың!»
«Үкілім-ай» тобының ертеңгілігі
Зал іші наурыз мерекесіне арнайы жасалған.
Әдемі әуен ойнап тұрады.
Залға бір бала атпен шауып кіреді.
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған
Мұнда біз бар!
Естімеген естіңіздер
Тыңдамаған, тыңдаңыздар,
Наурыз тойы басталды
Бір орында тұрмаңыздар! (шығып кетеді)
Жүргізуші: Құрметті қонақтар! Дәстүрімізге арналған Ұлыстың Ұлы күні Наурыз айы құтты болсын!
(залға ұлдар мен қыздар музыкалық әуенмен кіреді екі жаққа бөлініп төрт жерге отырады)
Жүгізуші: Уа, жараңдар, жараңдар! Бәрің маған қараңдар.
Наурыз думан басталды!
Құтты болсын халайық,
Күй төгілсін, би биленсін
Шырқап әнге салайық!
Ән: «Қазақтың дастарханы»
Жүргізуші: Жігітке жеті өнерде аз дегендей ұлдарымыздың өнерін тамашаламаймыз ба? Ән,би десе делбезесі қозбайтын қазақ бар ма? Олай болса ортаға жітіттерімізді шақырайық.
Би: «Біздің жігіттер»
Біздің Амиржан мен Еділ наурыз мерекесіне арнап тақпақ жаттап келіпті, олардың мерекелік тақпақтарына кезек берейік.
( Әуенмен залға Алдар көсе кіреді)
Алдар көсе: -Есек сатамын, есек сатамын. Бағасы арзан, өзі жуас, жылдам жүреді.
Осы кезде Бай келеді.
Бай: -Ей, Алдар көсе есекті қаншаға сатасың?
Алдар көсе:- Екі мың теңге.
Жүргізуші: Алдар көсе, Байеке саудаласқандарыңызды қойыңыздар, бүгін бізде мереке болып жатыр.Одан да балаларымызға қандай ойын алып келдіңіздер?
Алдар көсе: Ойын демекші күшімізді сынаспаймыз ба Байеке?
Байеке: Менің күшім сенен де көп, қазір көресің. (Алдар көсе мен Байеке қолдарын күрестіреді, Алдар көсе жеңіске жетеді)
Алдар көсе: Кәне, жігіттер біз сияқты күштеріңді сынап көргілерің келмей ме?
Ойын: «Кім мықты» (төрт бала екі жұптан қол күрестіреді)
Алдар көсе: Ал, балалар біз енді басқа ауылдыңда балаларының күштерін сынап көрейік, Байеке жүріңіз бірге барайық. (екеуі шығып кетеді)
Жүргізуші: Жайдарымыз бәріміз,
Дастарханда дәміміз.
Ұлыстың ұлы күнінде,
Жалғаса берсін биіміз.
Би: «Қара жорға»
Залға немересін көтеріп Әже келеді.
Әже: Амансыңдар ма балаларым!
Ұлыстың Ұлы күні наурыз мерекелерің құтты болсын! Ақ мол болсын!
Балалар: сәлеметсіз бе әже!
Ерқанат: Әже, сіздің де наурыз мерекеңіз құтты болсын!
Нурали: Мерекеге қош келдіңіз!
Балерке: Ақ мол болсын!
Ернар; Төрге шығыңыз!
(Әже ортаға немересімен бірге отырады)
Жүргізуші: Әже. Төрлетіңіз, мерекеңіз құтты болсын! Немереңіз үлкен азамат болсын!
Әже: Айналайын, айтқаның келсін аумин! Мен немеремді сендердің мерекелеріңе арнай алып келдім.Сендерге салт-дәстүрлеріміздің бірі тұсау кесерді көрсетіп, осы немеремнің тұсауын сендермен бірге кесіп ,тойласамба деп отырмын.
Жүргізуші: Әже, мұныңыз өте орынды екен, біздің балаларымызда тұсау кесерді көріп, түсінсін.Кәне, олай болса бастайық.
Әже:Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалады. Ал, сендер менің немереме тез жүріп кетсін деп тілек тілеңдер.Тұсау кесу үшін ала жіп, қайшы, ақ мата керек. Ала жіп адалдықтың белгісі. Балалар менімен бірге өлең айта отырыңдар.(Сәбиді алып аяғына жіпті байлайды)
Қаз балам, қаз балам.
Қадам бассаң мәз болам,
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін. Сәбидің тұсауын кесіп, қадам бастырып, жүргізеді.
Жүргізуші: Тойларда шашу шашу салты елміздің
Уа, халайық теріп ал несібеңді,( шашу шашылады)
Амина: «Жолың болсын!»
Айлана: «Бақытты бол!»
Бақдәлет: «Үлкен азамат бол!»
Әже : Өрендерің өссін балалар!Жақсы тілектер айттыңдар, рахмет сендерге.
Жүгізуші: Сізгеде рахмет бізге салт-дәстүрдің бірі тұсау кесерді көрсеттіңіз. Бізде немереңізге шашу ретінде әдемі биімізді, әнімізді тарту етейік.
Би: «Қамажай»
Әдемі әуен ойнап тұрады. Залға Қыдыр ата келеді
Қыдыр ата: Ой, айналып кетейіндер, амансыңдар ма, есенсізбе, сендердің наурыз мерекелеріңе арнайы ақ батамды берейін деп келдім.Ал, балаларым, қолдарыңды жайыңдар, сендерге батамды берейін.
Бата: Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Құт әкелсін жеріме,
Бейбітшілік елде боп,
Бақ-дәулет қонсын еліне
Балалар ақылды болсын!
Елін-жерін қорғасын. Әумин.
Жүргізуші: Міне, осындай жаңа жыл
Тойланады халықта.
Шақырайық әншіні
Ән салайық бәріміз..
Ән: «Наурыз»
Жүргізуші: Осымен Наурыз мерекесіне арналған «Наурызым, армысың» атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз! Келесі Наурызға амандықпен жетейік.

Источник: http://наурыз, ертеңгілік
Категория: Дошколенок | Добавил: Руна (2016-04-19) | Автор: Ақшалова Гульмира Балганбаевна E
Просмотров: 887 | Теги: Ертеңгілік, наурыз | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 2:35 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru