Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Жыл құстары
ШҚО, Тарбағатай ауданы, Ақсуат ауылы
№2 Ақсуат орта мектебі
Тәрбиеші: Құрманғалиева Назерке Амантаевна

Білім беру саласы: «Таным»
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру.
Тақырыбы: Жыл құстары
Мақсаты: Балалардың көктем туралы түсініктерін тақпақ, тиым сөздер,жұмбақтар арқылы есте сақтауын, ойын арқылы ақыл-ойын арттыру. Құстардың адам өміріндегі пайдасы туралы мағлұмат беру.
Білімділігі: Балалардың көктем құстары туралы білімдерін және олардың немен қоректенетіні, дене бітімі туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылығы: Құстар туралы көркем сөздерді пайдаланып сөздік қорын, ой-өрісін дамыту.
Тәрбиелігі: Табиғат байлықтарын қорғап, құстарға деген сүйіспеншілік сезімдеріне тәрбиелеу. Күтілетін нәтиже: Білу керек: Әр жыл мезгілінің өзіне тән ерекшеліктері бар екенін айыра біледі. Игеруі керек: Табиғат байлықтарын қорғап, құстарға деген сүйіспеншілік сезімдері артады. Баланың қолынан келуі:Құстар туралы тиым сөздер, мақал-мәтел тақпақ айтады, үй құстары мен дала құстарын айыра алады.
Көрнекілігі: Сиқырлы сандық, құстардың суреті, жыл мезгілдерінің суреттері орманның суреті.
Әдіс-тәсіл: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, ой қозғау страдегиясы, болжау стратегиясы венн диаграммасы.
Түрі: Саяхат сабақ.
Тілдік компонент: Құстар-птицы, қарлығаш-ласточка, ұзақ-грач .

Әрекеттердің кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық қозғаушы Сәлем, достар аман ба?
Шат-шадыман көктеммін
Мынау бейбіт заманда
Шаттық болсын әмманда. Балалар шеңбер бойына тұрғызып, бір-біріне жылы тілектер айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденушілік
ІІ. Жаңа сабақ. Тақырыпты ашу
1.Сурет бойынша әңгіме жүргізу.
2.Ой қозғау страдегиясы:
Балалар өз ойын ауызша айтып шығады.
ІІІ. Орманға саяхат.
-Балалар қазір біз бәріміз орманға барамыз. Орманға «Көктем» әуенін тындап барайық.
Алдарымыздан «Сиқырлы сыр сандық» кездесті.
IV. Болжау стратегиясы
Ішінде не бар деп ойлайсындар?
- Балалар көктем бізге өте әдемі сыйлықпен келіпті, ішінде не бар деп ойлайсыздар?
-Ал, балалар біз ашып көрелік. Сандықта ашқан кезде ішінен құстардың дауысы естіледі.
-Балалар құлақ түріп тыңдайықшы қандай дыбыс естіліп тұр?
Құстар-птицы, қарлығаш-ласточка, ұзақ-грач сөздіктерді бірнеше рет қайталау.
Ү. Құстарға сипаттама беру.
Көкек-бұл өз атын шақыратын құс. Бұның жаман қасиеті жұмыртқа баспайды. Өзінің жұмыртқасын басқаға салып кетеді. Балапанын басқа құстар басып шығарады. Көкек улы құрттарды жейді. Ұзақ- көктемде алғаш ұшып келетін құс. Бұл құсты көктем жаршысы дейміз. Қарлығаш- қасиетті құс. Оған жамандық жасауға болмайды. Қарлығаш адамның досы. Бұл құстың ерекшелігі- ол жемін ауада ұшып жүріп қағып алып жейді.
Тырна- бұл құстың аяғы ұзын болып келеді. Тырналар үшбұрыштанып ұшады. Тырна келген соң жер жыртуға болады-дейді ауыл адамдары. Аққу- бұл киелі құс. Аққу көлде жүзеді. Аққу өте әдемі құс. Аққу тек екеу болып жүреді. «Аққуды атуға болмайды» деген мақал бар.
VI. Венн диаграммасы. Қыстап қалатын құстар және көктем құстарының ұқсастығы мен айырмашылығын атайды.
Қыстап қалған құстар
Көктем құстары
VII. Құстар туралы әңгіме жүргізу.
-Балалар құстар біздің досымыз екен. Өйткені олар құрт-құмырсқаны, зиянды жәндіктерді жейді. Құстар адам өміріне сән салтанат беріп, әсем сазды үнімен жанды рахатқа бөлейді. Сондықтан да біз құстың ұясың бұзбауымыз керек. Балапандарына тиіспеуіміз керек. Себебі олардың да аналары шырылдап балапандарын іздейді. Күзде кеш кеткен құстар көктемде ерте келеді. Күзде ерте кеткендері көктемде кеш келеді. Сондықтан да біздер балалар осы құстарға қамқорлық жасап ұя жасауымыз керек.
Сергіту сәті. Құстардың жасайтын қимылдарын салып жаттығуды жасай.
1.Құстар тәрізді қанат жасап, шеңбер бойымен айнала ұшу.
2. Құстар сияқты көлден су ішу
3. Бір орында тұрып айнала ұшу
4. Орындарына барып қону.
ҮІІІ. Өлең шумақтарын бірнеше қайталау.
Ұқсатып қамытқа
Ұя саламын жабыққа.
Көктемді хабарлап
Ұзағым келдің бе?
Қойым ем даярлап
Ұяңды көрдің бе?.
ІХ. Ойын. "Құстарға жем шашайық"
Шарты: Сұрақтарға жауап ала отырып балалардың білімдерін тиянақтау.
1. Қыста қалатын құстарды ата?
2. Көктем жаршысы қай құс?
3. Құстар немен қоректенеді?
4. Қай құстармен таныстық?
5. Қандай үй құстарын білесің?
Х. Жұмбақ шешу.
Кеудесі қайқаңдап,
Жүреді байпаңдап. (қаз)
Күміс сандық ашылды,
Ішінен жібек шашылды. (балапан)
Киімі ала, ісі бар шала,
Мекені орман дала. (сауысқан)
Балапанын басатын басқа құс бар,
Бар сондай қасқа құс. (көкек)
Сұрақтар бойынша жауап береді.
Күн жылынады.
Күн ұзарды.
Тіршілік басталады.
Малдар төлдейді.
Еңбек басталады.
Көктем әуенін тыңдап
сандықтың ішіндегі затты тауып атайды.
(балалардың қиялы)
Сандықтың ішіндегі құстың дауысын тыңдайды.
Қандай құстың дыбысы екенін айырады.
Балалар құстарға сипаттама береді.
Құстар туралы тиым сөздер, мақал-мәтел тақпақ айтады. Құстың ұясын бұзба, жұмыртқасын алма.
Аққуды атпа, досыңды сатпа.
Құстар туралы тақпақтар айтады.
Бұдыр-бұдыр балшықты.
Жинаймын мен талшықты.
Балалар құстардың суреттерін тақтаға құстарды екі топқа бөледі.
Қыстап қалатын құстар және көктем құстарының ұқсастығын, айырмашылығын атайды.
Үй құстары
Үй құстары үйде болады. Үй құстары жем, тары т.б нәрселермен қоректенеді.
Көктем құстары
Ал көктем құстары далада ұшып жүреді. Олар жемтігін өздері тауып жейді.
Құстардың әртүрлі қимылдарын салып сергіту сәтін жасайды.
Құстар туралы өлең шумақтарын қайталап айтады.
Қойылған сұрақтарға жауап береді.
Сауысқан, қарға торғай қыстап қалатын құстар.
Көтемде алғаш ұшып келетін құс-ұзақ. Құстар жәндіктермен қоректенеді.
Үй құстары:тауық ,қаз, үйрек, күркетауық.
Жұмбақтың шешуін шешеді.
Рефлекстік-түзету Ал балалар біз бүгін жыл құстарымен таныстық. Қалықтап ұшқан құсты елестетші көз алдарыңа...
Еліміздің болашағы мына сіздердің білім аспанында құсша шарықтап ұшыңдар. Ендеше білімге қарай талпынған қанаттарың талмасын.
Мадақтау. Сабаққа белсене қатысқан балаларды атап өту.
Балалар көздері жұмып құс болып ұшып қалықтайды. Үйге барғаннан кейін ата-аналарымен ұя жасайтындарын айтады.
Категория: Дошколенок | Добавил: Aiz (2016-05-17)
Просмотров: 263 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2016-12-08, 9:15 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1474]
Школьный психолог [501]
История [695]
Опыт [471]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [217]
Мастер-класс [205]
Семья и школа [173]
Компьютер-бум [247]
Английский язык [770]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1139]
Химия [374]
Классному руководителю [622]
Биология [578]
Думаем, размышляем, спорим [89]
Казахский язык и литература [1762]
Краеведение [92]
Начальная школа [3905]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [353]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [289]
Экология [179]
Дошколенок [1491]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [440]
Мой Казахстан [227]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1154]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [517]
Немецкий язык [51]
Технология [280]
Самопознание [379]
Профессиональное образование [101]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [8]
Педагогические программы [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru