Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Кішкентай ғарышкерлерді дайындау
Ұйымдастырған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Білім беру саласы: «Таным , Денсаулық».
Бөлімі: «ҚМҰҚ , Дене шынықтыру».
Тақырыбы:Кішкентай ғарышкерлерді дайындау .
Мақсаты:Белсенді жаттығулар арқылы баланың денсаулығын , қалыптастырып , нығайту.Монтессори жүйесі арқылы балаларға сандарды ретімен санау, кері санау математикалық ұғымдарды (ұзын-қысқа, оң-сол, ауыр-жеңіл)қалыптастыру,сызық бойымен жүре білу қабілеттерін нығайту,тепе-теңдіктегі жаттығуларды орындауға дағдыландыру,көлемді модульдарды қағып алу және тастау,модульдарды айналып бір аяқпен секіру. Өз еркімен дене тәрбиесі және спортпен шұғылдануға құштарлықтарын арттыра отырып тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: «Ғарыш гүлі», ғарыш суреттері бар слайдтар, Монтессори ойындары, сандар, фишкилар, әртүрлі көлемдегі модульдар, әуен, саусақ жаттығуларына арналған түрлі-түсті тастар.
Үлестіретін материалдар: Жарғақ сандар, сандар, фишки, сан көрсеткіш штангілер .
Үш тілді компонент: Ғарыш- космос- space
Ғарышкер- косманавт- spaceman
Сандар – цифры – fiqure
Ойындар – игры- qames
Жұлдыз – звезда - star

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Педагогтың іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Ерекше гүлге балалардың назарын аударту. Ойын жаттығулары: «Көңіл күй». «Көңіл күйіміз қалай?»- бас бармақты жоғары көтеріп «міне». «Көңіл күйіміз қалай?»-қолдарын шапалақтап «былай». Балалар спорт залға кіреді. «Ғарыш гүлімен» , графикалық суреттерге қарап, өз ойларын айтады.Педагогтың айтқанын орындайды; шеңберге тұрып алақандарын жанастырып бір-біріне көңіл-күйлерін білдіреді.
Ұйымдастыру іздестіру -Балалар, бүгін біз денешынықтыру сабағымызды ерекше іс-әрекетімізбен бастаймыз. Жан-жақтарыңа қараңдаршы не көріп тұрсыңдар?
-Ғарыш туралы біз не білеміз?
-Ғарышкерлер қандай қасиеттерге ие болу керек?
Слайд көрсету.
-Күн жүйесінде 9 ғаламшар бар.Олар;
Күн,..................................................
(балаларға санату).
Ғарышқа кім бірінші ұшты?
Тұңғыш ғарышкер кім?
Ғарышқа бірінші ұшқан әйел адам?
ҚР тұңғыш ғарышкері кім?
-Одан кейін ұшқан ғарышкер батырымыз кім?
-Біздің Қазақстаннан тағы да бір ғарышкер ағамыз ұшты ол кім, білесіңдер ме?
-Балалар, ҚР-ның ғарыш айлағы қалай аталады?
-Енді балаларды ұзын- қысқа, ирек жолдармен жүргізу, пішіндерге сандармен тұрғызу.
Шеңберге отырғызып балаларға әр қайсына жарғақ сандарды қолданып санату(балаларға сол қолымыздың екі саусағымен басып тұрып, оң қолымыздың ортаңғы екі саусағымызбен үстінен басып өтеміз).Әр баладан қандай сандарды ұстап отырғандарын сұрап өту.

№1 «Мұқияттылық»
Барлық зал бойынша «шашыраңқы» жүгіру, әуеннің аяқталуы бойынша сызыққа түзелу.

№2 «Иілгіштік».
Стречинг, буындарға арналған жаттығуларды орындату.
Жаттығулардың еш күшсіз, ақырын және дұрыс орындалуына назар аударту.

№3 « Тепе-теңдікті сақтау». Динамикалық тепе-теңдік.
Басындағы затпен сызық бойында жүру, басындағы затпен отырып- тұру, сызық бойынша заттың оң және сол жақта тұрғанын айту.
Статистикалық тепе-теңдік затты мүмкіндігінше аяғымен жоғары көтеру, табанында ұстап тұру.

№4 «Икемді саусақтар»
Балаларды шеңберге отырғызу , қолдарына « сан көрсеткіш штангілерді» беру. Штангіні 1-10 сандармен ретімен қойып шығып сандарды және чипсиларды санап қастарына қою.
-Енді балаларға қолдарына әр түрлі тастарды беріп саусақ жаттығуын жасату.

№ 5 «Төзімділік»
Сызық бойында тұрып, модульдарды лақтырып, қағып алу.

№ 6 «Ғарыш бекетін құру»


(шығыстарша «Малдас» құрып дөңгеленіп отырады.
Қойылған сұрақтарға жауап береді.

Ғарышкерлер : ақылды, тәртіпті, жігерлі, шапшаң болады.
Слайдқа назар аударады. Тәрбиешімен бірге қосылып айтады.
Балалар ғаламшарды санайды.
-Иттер Белка және Стрелка.
-Юрий Гагарин.
-Валентина Терешкова.
-Талғат Мұсабаев.
-Тоқтар Аубакиров.
-Айдын Айымбетов.

ҚР ғарыш айлағы-Байқоңыр.
Балалар орындарынан тұрып қысқа, ұзын, ирек жолдармен жүреді, әр түрлі пішіндерге тұрады.
Балалар қайтып келіп отырып бұжырлы сандармен жұмыс жасайды.Тәрбиешінің айтқанын орындайды.Қолдарындағы сандарын айтады.

Балалар залдың бір бұрышынан екінші бұрышына дейін шашыраңқы жүгіреді.

Балалар стречинг бойынша музыка ырғағымен қимылдар жасайды.

Балалар қолдарына ауыр-жеңіл заттарды алып , қайсы ауыр,қайсы жеңіл екенін айтады, заттардың оң жағында ма, әлде сол жағында тұрғанын айтады. Тепе-теңдік жаттығуларын орындайды.

Балалар шеңберге отырып қолдарына «сан көрсеткіш штангілерін алып отырады. Штангіні санау арқылы балалар сандарды ретімен қойып қасына сонша чипсиларды қойып шығады.
Саусақ жаттығуларын жасайды.

Балалар түзу сызық бойына тұрып, қолдарына өздері қалаған модульдарды немесе пішіндерді алып жоғары лақтырып, қағып алады. Осы модульдардан ғарыш кемесін құрастырады.

Рефлексивті жөндеуші Ғарыш дыбысын есту үшін шоғырлануға шақырады. Бүгінгі күннен алған әсерлерін айтады. Жақсы қатысқан балаларды мадақтау, соңында барлық балаларға сертификаттар тапсырылады. Балалар дөңғелене отырады. Дыбысты естіп, бүгінгі күннен алған әсерлерін айтады. Марапаттарға риза болады.
Болжамды нәтиже:
Қабылдайды: Монтессори тәсілі бойынша әр түрлі ойындар , буындарға арналған жаттығулар, ұсақ моториканы дамытуға арналған жаттығулар.
Түсінеді: Ғарышкерлерге қандай қасиеттер керек екенін, сызық бойында қалай жүру керектігін, күн жүйесінде 9 ғаламшар бар екенін , әртүрлі жағдайдағы статистикалық тепе-теңдікті сақтауды түсінеді.
Қолданады: «шашыраңқы» жүгіру дағдысы , кеңістіктегі бағдар, көлемді модульдарды лақтыру және қағып алу, тапсырманы топ болып орындай білуді үйрену.
Категория: Дошколенок | Добавил: РахимоваСания (2016-08-14) | Автор: Сейдазым К.Е., Бошиков Д.К.
Просмотров: 105 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2016-12-07, 5:26 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1474]
Школьный психолог [501]
История [695]
Опыт [471]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [216]
Мастер-класс [205]
Семья и школа [173]
Компьютер-бум [247]
Английский язык [770]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1138]
Химия [374]
Классному руководителю [622]
Биология [578]
Думаем, размышляем, спорим [89]
Казахский язык и литература [1762]
Краеведение [92]
Начальная школа [3905]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [353]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [289]
Экология [179]
Дошколенок [1485]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [440]
Мой Казахстан [227]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1154]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [516]
Немецкий язык [51]
Технология [280]
Самопознание [379]
Профессиональное образование [101]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [8]
Педагогические программы [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru