Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

"Өзім туралы білгім келеді" Қоршаған ортамен таныстыру
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің
технологиялық картасы № 1

Өткізген: _______________
Күні: __________________
Топтың жас ерекшелігі: «Балбөбек» топ
Білім беру саласы: «Таным», «Әлеуметтік орта»
Тарауы: «Қоршаған ортамен танысу»
Тақырыбы: Өзім туралы білгім келеді.
Мақсаты: Өзі және өзінің жағдайы, көңіл – күйі туралы түсініктерін кеңейту. Өзінің дене мүшелері (қол, аяқ, бас, көз, құлақ, т.б), олардың атқаратын қызметі туралы түсініп, айтып беруге үйрету. Өзіне деген сенімділігін нығайтып, құрметі мен дербестігін арттыру. Тақырыпқа байланысты қойылған сұрақтарға жауап беру дағдыларын дамыту. Өзіне – өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларына тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: «Менің көңіл күйім»тақырыбына (қуанып, ашуланып, ренжір тұрған балалардың әрекеті) түсірілген бейнефильм немесе суретті слайд.
Құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, түрлі түсті қарындаштар, құрастыруға арналған қағаздан қиылған дене мүшелерінің бөліктері, сырты матамен қапталып, әртүрлі көлемде түймелер тігілген жлақшалар, қарағай бүрі т.б әр балаға ішіне су құйылған және құм, күріш, бұршақ, ұн, тары, т.б дәнді – дақылдар салынған үрленбеген шарлар (ойынға арналған)
Билингвалды компонент:
Іс-әрекет кезеңдері: Тәрбиешінің іс-әрекеті: Балалардың
іс-әрекеті:
Мотивациялық-қозғаушы: Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, жетекші құралдар арқылы төмендегі үлгідей әңгіме жүргізу:
- Балалар, бүгін біз өзіміз туралы әңгімелесеміз.
- Әйгерім, сенің қасында тұрған кім?
- Қалай ойлайсың, Ұлан ұл бала ма, әлде қыз бала ма?
- Дастан, сен кімнің қасында отырсың?
- Балжан ұл бала ма, әлде қыз бала ма?
Осылайша қыздар мен ұлдардың қандай ойыншықтармен ойнайтындығын, немен айналысқанды ұнататындықтарын, қандай киім киетіндіктерін сұрайды.
Осыдан кейін балаларға өздеріне таныс өлең жолдарын айтып, сергіту жаттығуын жасауды ұсынады.
Ұл, қыз болып бір жолда,
Иықтасып жүреміз.
Қиындықта қол үшін
Береріне сенеміз. Балалар педагогтың сұрақтарына төмендегі үлгідей жауап береді:

- Ұлан.

- Ұлан – ұл бала.
- Балжанның қасында отырмын.

- Балжан – қыз бала.

Балалар өлең жолдарын айтып, мазмұнына сай қимылдар жасайды.
Іздену – ұйымдастырушы: - Балалар, ұл, қыз бала туралы біледі екенсіңдер. Ал өздеріңнің дене мүшелерің туралы білесіңдер ме?
Педагог балаларға адамның дене мүшелері: бас, мойын, аяқ , қолдары туралы сұрақтар қояды.
- Балалар, сендердің үйлеріңде үлкен айна бар ма?
- Сендерсол айнаға қарап тұрмын деп елестетіңдерші, не байқадыңдар?
- Жарайсыңдар, балалар, енді алдарында тұрған суреттерге назар аударыңдаршы. Бұл – қағаздан қиылған қуыршақтың дене бөліктері. Қазір сол бөліктерді құрастырамыз. Ол үшін бастарыңды алдыға, артқа, солға, оңға қозғалтып көріңдерші, қозғала ма?
- Демек, басты не қозғалтып тұр?
- Яғни біздің басымыз мойында орналасқан екен. Олай болса басты мойынға орналастырамыз.
- Енді мен қазір допты лақтырамын, сендер допты қағып алуға тырысыңдар (педагог допты жоғарыға лақтарғандай қимыл жасайды, бірақ лақтырмайды).
- Сендер допты қағып алу үшін не істедіңдер?
- Яғни, қол бізге не үшін керек екен?
- Енді қолдарыңды созып, жинап көріңдерші, не байқадыңдар?
- Енді үстелдің үстінде тұрған дәптерді алыңдар?
- Дәптерді ұстап тұру үшін не қажет екен?
- Саусақ қайда орналасқан?
- Ал қолымыз қайда орналасқан?
- Олай болса сопақша пішінге қолды орналастырыңдар?
- Енді нені орналастырамыз?
- Аяқ адамға не үшін керек?
- Міне, балалар, біз қуыршақтың дене мүшелерін құрастырдық? Бір – бірлерінің құрастырған бейнелеріне қараңдаршы, айырмашалақ бар ма?
- Жарайсыңдар, балалар, қалай ойлайсыңдар қуыршақтарды толық құрамтырып болдық па?
- Мен қазір сендерге жұмбақ жасырамын, сендер шешуін тауып, сол жұмбақтың шешуіне байланысты сурет салыңдар.
- Педагог ауыз, мұрын, құлақ туралы жұмбақтар жасырады.
Мысалы:
Көреді бәрін өзгенің,
Көре алмайды өздерің? Ол не?
- Міне, балалар, сендер қуыршақтың бейнесін құрастырыпта болдыңдар?
Қуыршақты құрастыру үшін денесіне қандай жансыз бөлшектерді құрастырдыңдар?
- Бас, қол, аяқты бір сөзбен қалай айтуға болады екен?
Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл – күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Өздеріне дене мүшелері не үшін керек екендігін сұрап қорытындылайды. Педагог дене мүшелері туралы қосымша ақпарат бере отырып зерттеу жүргізетіндігін айтады.
- Кәне, көздеріңді қолдарыңмен жабыңдар?
- Мен не істеп жатырмын?
- Ал, енді көздеріңді ашыңдар да үстелдің үстінде не жатқанын атап беріңдер?
- Оны қайдан білдіңдер?
- Демек, балалар, көз көру үшін керек екен.
- Енді құлақтарыңды жауып, маған қараңдар. Мен сендерге шағын ғана өлең оқып беремін. Сендер өлеңнің мазмұнын маған айтып бересіңдер?
- Не себепті естімей қалдыңдар?
- Демек, құлақтың қызметі қандай екен?
- Жарайсыңдар, балалар, тағы бір зерттеу жұмысымыз қалды. Бұл зерттеуді жүргізу үшін сендер алдарыңда тұрған заттарды пайдаланасыңдар (әр балаға сырты матамен қапталып, әр түрлі көлемде түймелер тігілген жолақшалар, қарағай жаңғағы т.б сипап сезуге арналған заттар беріледі).
«Сыңаран тап» ойыны. Ойын шарты бойынша әр балаға ішіне су құйылған және құм, күріш, бұршақ, ұн, тары, т.б дәнді – дақылдар салынған үрленбеген шарлар беріледі. Мысалы, екі көк шар берілсе, біріне құм салынады, екіншісіне су құйылады. Дәл сондай шарлар келесі үстелдің үстінде бірнеше шарлардың ішінде орналасады. Ішінде құм салынған шарды алуы тиіс. - Білеміз. Балалар өздерінің дене мүгелеріне байланысты сұрақтарға жауап береді.

- Бар.

- Өзімізді көрдік.

- Мойын қозғалтады. Балалар бастарын қозғалтып, қозғалатындығын айтады.

Балалар қолдарын жоғарыға созып, допты қағып алатындай қимыл жасайды.
- Қолымызды жоғары создық. «Еңбек ету үшін», «бір затты алу үшін», «затты бір жерге қою үшін», «бетімізді жуу үшін керек»
- Қолымыз иіледі және жазылады.
Балалар дәптерді алып ұстап тұрады.
- Саусақтар қажет.
- Қолымызда.
- Денемізде.
Балалар мойынның төменгі жағына сопақша пішінді қойып, екі қолды орналастырады.
- Аяқтарды орналастырамыз.
- Аяқ жүру үшін, жүгіру үшін, ортырып – тұру үшін керек.
- Көз.

- Жұмбақтың жауабына қарай қөздері құрастырған қуыршақтың бейнесіне көз, мұрын, ауыз, құлақтың суретін салады.
- Бас, мойын, екі қол және екі аяқты алып құрастырдық.

- Адамның дене мүшелері.

Балалар көздерін жұмады немесе алақандарымен басып тұрып ештене көрмей тұрғандығын айтады. Балалар ұстелдің үстінде тұрған заттарды атап береді.
- Өйткені үстелдің үстіндегі заттарды көріп тұрмыз.
Балалар құлақтарын жауап педагогқа қарайды.
Балалар педагогтың оқыған өлеңін естіп және сөздеріне байланысты қимылдыр ойластырып жасайды.
Рефлексивті – реттеуші: Педагог балалардың бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл – күйлерін, немен айналысатындарын, не үйренгендерің сұрайды. Өздерінің көңіл күйлері туралы айтып, дәптердегі таңбаларға белгілейді. Дене мүшелерінің қажеттілігі, қызметі туралы айтады.

Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: - адамның дене мүшелерін, олардың атқаратын қызметін;
Меңгеруі: - өз дене мүшелерінің (бас, мойын, көз, қол, аяқ, құлақ) атқаратын қызметін біледі;
Істей біледі: - өзіне – өзі қызмет етудің қарапайым дағдыларын.

Тексердім ___________________
Категория: Дошколенок | Добавил: saltanat_tusupbaeva (2016-09-26) E
Просмотров: 127 | Теги: Тусупбаева Салтанат Сейткалиевна | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Воскресенье, 2016-12-04, 11:25 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1473]
Школьный психолог [501]
История [694]
Опыт [471]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [216]
Мастер-класс [205]
Семья и школа [173]
Компьютер-бум [246]
Английский язык [767]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1134]
Химия [373]
Классному руководителю [622]
Биология [577]
Думаем, размышляем, спорим [89]
Казахский язык и литература [1761]
Краеведение [92]
Начальная школа [3901]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [350]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [289]
Экология [179]
Дошколенок [1477]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [440]
Мой Казахстан [227]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1154]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [514]
Немецкий язык [51]
Технология [279]
Самопознание [379]
Профессиональное образование [100]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [6]
Педагогические программы [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru