Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Көру қабілеті бұзылған балалардың қимыл белсенділігін дамыту
Көру қабілеті бұзылған балалардың қимыл белсенділігін дамыту
«Дені сау болу үшін қозғалу керек, денсаулыққа тек дене шынықтыру
арқылы жетуге болады!»
Н. М. Амосов

Баланың денсаулығына және дамуына әсер беретін – дене шынықтыру. Мектепке дейінгі баланың үйлесімді дамуы дене тәрбиесіз мүмкін емес. Әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, мәдениеттілік және тағы да басқа жағдайлардың арасында ықпалдың қарқындылығы бойынша дене тәрбиесі ерекше орын алады.
Көру қабілеті бұзылған мектепке дейінгі балалардың дене тәрбие негізі олардың қимыл белсенділігінде жатыр. Оның барлығы бір үлкен жүйені көрсетеді:
1) дене шынықтыру сабақтары;
2) таңғы жаттығу;
3) сергіту сәттер, сабақтардың арасындағы үзілістер;
4) қимылды ойындар;
5) серуендегі физикалық жаттығулар;
6) жүзу сабақтары;
7) шынығу шаралар;
8) түскі ұйқыдан кейін тың алу жүгіріс;
9) дене шынықтырулық ойын – сауықтар;
10) дене шынықтырулық мерекелер;
11) өз еркімен қимыл белсенділігі;
12) алдын – ала шаралар (дәрігердің кепілдеуі бойынша).
Дене тәрбиесінің әрбір түрінде өзіне тән маңыздылығы бар. Қимыл белсенділігі мектепке дейінгі балалардың тәртібі мен өмір салтының маңызды бөлігі болып табылады. Ол балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыруына, олардың қимылдық дайындығы деңгейіне, өмірдің жағдайларына, жеке ерекшеліктеріне, дене құрылысына және өсіп келе жатқан организымының мүмкіншіліктеріне байланысты. Дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылданат балалар әрқашанда шат, жарқын және жұмысқа қабілеті жоғары болады.
Қимыл белсенділігі көру қабілетінің дәрежесіне байланысты. Балалардың көру бұзушылықтарының ең жиі кездесетін түрлері – амблиопия мен қитарлық. Олар көру жүйесінің бірнеше қабілеттерімен сипатталады: көру өткірліктің, бинокулярлық көру бұзушылықтарының әртүрлі дәрежесімен; көзқарастың бекітуімен; түстер ажыратуымен.
Түрлі көру бұзушылықтары бар балалардың психикалық және физикалық дамуында, қимыл – қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуында екінші рет ауытқушылықтар пайда болады. Қимылдардың дамуына оқыту мен дене тәрбиесінің жағдайлары көру қабілеті нашар балалардың сау балалармен қарым – қатынасы маңызды әсер береді. Ойын барысында қимыл белсенділігі дамытылады, сондықтан қимылдар дамуында қайта ауытқушылықтар байқалмайды.
Көру қабілеті бұзылған кезде балаларда дене бітімі бұзылғаны, омыртқаның қисайғаны, қолдары мен басқа мүшелерінің қимылдары сәйкестенбегені байқалады. Физикалық дамуында кемшіліктер байқалады: жылдамдық, ептілік, дәлдік азая бастайды. Көру қабілеті бұзылған балалардың қимыл белсенділігінің даму процесінің тиімділігі қимыл бұзушылықтарының коррекция бойынша жұмысының кешендік ұйымдастыруын талап етеді. Бұл жұмыстың маңызды шарты сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстың бірлігі, физикалық даму үшін жағымды жағдайлар жасауы, қимыл саласының қалыптасуы болып табылады.
Физикалық жаттығулар жасауында балалар көру бұзушылықтардың клиникалық түрлері бойынша 2 топқа бөлінеді. Бірінші топқа жақыннан көруі, амблиопия мен көз қитарлығы бар балалар жатады. Екінші топқа – көру жүйесінің атрофиясы, алыстан көруі, альбинизм, амблиопия төмен дәрежесі бар балалар жатады. Әрбір топқа көру мен денсаулық жағдайына сәйкес жаттығулар таңдалады. Бірінші топтың балаларына биік пен ұзындыққа секіру, заттардан секіру, иық пен қолдарында тұру, барынша қарқынды жүгіру, шаңғы мен коньки тебу қарсы дәлел. Екінші топтың балалары арнайы мамандандырылған мектепке дейінгі мекемелердің физикалық тәрбие бойынша бағдарламаның барлық жаттығуларын орындауға болады. Бірақ көзі төмен көретін балаларға барлық кездейсоқ жағдайларда дене шынықтыру сабақтарына абайлап қарауын еске алып отыру керек.
Нашар көретін балаларға жасына, денсаулық пен көру жағдайына қарамастан келесі жаттығулар кепілдеуге болады: заттармен және заттарсыз жалпы дамытатын жаттығулар; доппен жаттығулар; дене бітімін түзету және дұрыс қалыптастыруға арналған жаттығулар; ырғақтық жаттығулар; бассейінде жүзу; көру бақылаусыз кеңістікте бағдарлауға арналған жаттығулар.
Бағытталған физикалық тәрбие және коррекциялық сабақтар жүйесін пайдалану әсерінен балалардың қимыл анализаторында қайта құрылу пайда болады, функионалдық көруі жақсара бастайды. Жақсы нәтижелерге жету үшін балаларды сауықтыру, қимыл белсенділігін дамыту бойынша дәстүрлі және дәстүрден тыс жұмыс түрлерін пайдалану қажет.
Мақсаты: балалардың салауатты өмір салтына көзқарасын қимыл белсенділіктің дамуы арқылы қалыптастыру.
Міндеттері:
– балаларды салауатты өмір салтына баулу;
– «Дені саудың – жаны сау» қағидасын ұстануға бағыт беру;
– балалардың негізгі қимыл – қозғалыс қасиеттерін дамыту;
– дене тәрбиесіне, сауаттылыққа дағдыландыру;
– қозғалыс белсенділіктің қажеттілігін ұғындыру;
– көру қабілеті бұзылған балалардың бойына адами игі қасиеттерді қалыптастыруға, денсаулықты сақтай білуге тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі мекемелерде дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлері

Балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыру түрлеріне жатады: дене шынықтыру сабақтары; дене шынықтыру – сауықтыру шаралар (таңғы жаттығу, сергіту сәті, бой сергіту жүгіріс, шынығу процедуралар); күн тәртібіндегі жұмыс (қимылды ойындар, серуендер) Бұл барлығы дене тәрбиесінің жалпы міндеттеріне және баланың жан – жақты дамуына жауап береді.
Дененің белсенділігі – бұл шипалы күш. Ол адамның ағзасын дамытып, жұмыс істеу қабілетін арттырады, ауруларды алыстатып, өмірді ұзартады. Балалардың қимыл белсенділігі – жоғары дамыған тірі материяның ерекшелігі қана емес, тіршілікке қажетті жағдай. Баланың қимылдары табиғи мұқтаждығы шектелген болса, оның іштен туа біткен мүмкіндіктері өз маңызынан айырылады. Қимыл – қозғалыс белсенділігінің шектелуі организымына өзгерістер әкеліп, өмірін қысқартады.
Денсаулықты сақтау үшін дене тәрбиесі жетекші рөл атқарады. Дене жаттығулары адамның сыртқы ортаның зиянды факторларына да беріктігін арттырады. Спортпен жүйелі шұғылданатын балалардың денсаулығы мықты, суық тигеннен болатын аурулардың жиілігі төмендейді. Қоғамның қазіргі даму кезеңінде жастарды сауықтырушы тиімді құралдардың бірі спорт болып келеді. Спорт – жоғары дәрежедегі тәртіптендіруші фактор. Бұл табиғи қызу, жүйелі бұлшық ет жұмысы кездерінде организымының ішкі қажеттілігінен туындаған тәртіп. Ол артықшылықтармен күресетін қатал тәртіпті бұзуға қарсы тәртіп.
Спорттық іс – әрекеттер организм мен орта арасында болатын әрекеттесуді тынымсыз түзетумен байланысты. Осындай әрекеттесудің мысалы ретінде (спорттық ойындар жағдайларында) дене жаттығуларының күрделі техникасын өзгермелі сыртқы орта жағдайларында меңгеруді келтіруге болады. Жаттығуларды ұғымды орындауды қамтамасыз ететін, өте нәзік ажыратуды жасау – атқарушы бұлшық ет аппаратынан қимыл – қозғалыстарды басқаратын ең жоғарғы жүйелерге дейінгі – организымының барлық жүйелерінің нәтижесі. Басқаша айтқанда, қимыл – қозғалыстарға үйрету – өте күрделі жұмыс. Бұл жұмыстың жетістіктері тірек – қимыл аппаратының жағдайына, оның функциялық жетілуіне, мидың талдау – қорыту қызметінің даму деңгейіне байланысты.
3 – 5 аралығындағы баланың салауатты өмірінің қалыптасуында басты фактор – оның қимылдық әрекетінің қаншалықты дұрыс жолға қойылғандылығына байланысты. Себебі спорттық жаттығулар бұлшық еттерге қан жүгіртіп, ағза көрегін арттырады.Балалар үшін қимыл әрекеті үлкен мұқтаждық болып табылады. Қимылдардың күші баланың денесін қатайтумен қатар психикалық дамуына әсер етеді.
5 – 6 жастағы балалардың қимыл белсенділігі артып, негізгі қимылдарды олар толық меңгереді. Олардың қимылдары жігерлі әрі нақты болып, әсемдік пен жеңілдікке ие болады. Балалар жүгіріп келіп биіктік пен ұзындыққа тоқтамай секіруді, заттарды нысананы көздеп дәл лақтыруды тиянақты орындайды. Допты бір қолымен қағып алады, бір орында тұрып, аяқтарын айқастырып секіре алады.
Дене тәрбиесі көру қабілеті бұзылған балаларды сергек , шат көңілді және белсенді болуларына мүмкіндік береді. Дене жаттығуы – дене тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, ол педагогтың арнайы іріктеп алған әдістемелі дұрыс ұйымдастырылған және басқаруға болатын қозғалыс қызметінің күрделі түрлерін қамтиды. Дене жаттығуы еркінді сипаттағы белсенді қимыл әрекеттеріне негізделген. Дене жаттығуы баланың жан – жақты жетілеуіне ықпал етеді. Дене шынықтыру балалардың денсаулығын сақтап, нығайтады; дене мүсінінің сұлулығын қалыптастырады. Дені сау, рухы таза ұрпақ өсіру ең маңызды мәселе дей отырып, біздің балабақшадағы басты міндетіміз: баланың денсаулығын нығайту, шынықтыру; түрлі аурулардың алдын – ала сақтану жұмыстарын дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы жүргізіледі. Бүлдіршіндердің денесін шынықтыруға көп көңіл бөлеміз, әртүрлі массаж арқылы жалпақ табанға қарсы алдын алу жаттығулар жасатамыз. Ауа, су, күн шуағын қабылдау, таңғы жаттығу, ауадағы дене шынықтыру сабағы, серуендеу баланы шымыр болуына ықпалын тигізеді. Балабақша медбикесі балалар денесінің өсіп жетілуін қадағалап, жұқпалы аурулардың алдын алу шараларын өткізеді. Түрлі емдік шөптерден фито – шайлар дайындап ішкіздіреді.
Бала денсаулығы мықты болып, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезенде қалыптасады. Организымының қорғаныс қабілеті төмендеу, әсіресе көру қабілеті бұзылған кішкентай балалар сыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан сүйектің, буынның әр мерзімінде дұрыс жетілуіне айрықша мән беру керек. Бұлшық еттерді қатайту, жүректің қан тамыр жүйесінің жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтығын, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал жасау керек.
Жан – жақты физикалық жетілген және денсаулығы жақсы баланы өсіріп тәрбиелеу әрбір ата – ана мен балабақшаның міндеті. Шынықтыру дене тәрбиесінің маңызды бөлігі, табиғи факторлардың үйлестірілген әсерлеріне жүйелі түрдегі жаттығулар арқылы орын алады. Шыныққан бала аз ауырады, тәбеті мен ұйқысы жақсы, бітімі үйлесімді, сымбатты.
Қимыл – қозғалыстың аздығы қазіргі қоғамда кеңінен тараған құбылыс болып табылады. Күнделікті дене белсенділігі салауатты өмір салтының, аурулардың алдын алудын, халықтың, соның ішіндегі өсіп келе жатқан буынның денсаулығын сақтау және нығайтудың ажырамас бөлігі екені дәлелденген. Өз денсаулығын нығайту үшін адамдар өмір бойы дене белсенділігін белгілі деңгейде қолдап отыруы қажет.
Категория: Дошколенок | Добавил: tulparova89 (2016-11-07) | Автор: Шалгимбаева Айя Серикбаевна E
Просмотров: 1882 | Комментарии: 3 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 8:01 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru