Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

"Білім еліне саяхат"
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
№ 4 ересек тобы Көкшетау қаласы №37 "Аленушка" балабақшасы
Жазған: Бакова Гульнара Жумагалиевна.
Білім беру саласы: Таным, қатынас, шығармашылық, денсаулық.
Бөлімі: Математика.
Тақырыбы: "Білім еліне саяхат"
Мақсаты: Балалардың сандар, геометриялық пішіндер, заттың агрегаттық күйлері жайлы білімдерін бекіту; ертегілерді естеріне түсіру; "Жыл мезгілдері" сызбаны қолдана отырып әңгіме құра білуге үйрету;
балалардың танымдық қабілеттерін, қиялын, "Геоконт" арқылы ұсақ қол бұлшық еттерін дамыту, денсаулық сақтау құзырлығын дамыту; балаларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа, көмекке дайын болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер, қажетті құралдар: ОТТШТ "Жыл мезгілдері" сызбасы, әр балаға Воскобовитің геоконті, плакат, әр - түрлі суреттермен қима - қағаздар, "Кішкентай адамдардың үйшіктері" суреттері, төбеде жапсырылған түрлі - түсті жұлдыздар, әр түсті, әр түрлі, әр мөлшерлі қағаз алақандар, желім.
Шаттық шеңбері
Жарқырап күн ашылды.
Айнала гүл шашылды.
Қайырлы таң!
Біз нәзік қыздырмыз!
Қайырлы таң!
Біз ержүрек ұлдармыз!
Кіріспе әңгіме
- Балалар, қазір қай жыл мезгілі?
Балалар "Жыл мезгілдері" сызба бойынша әңгіме құрып береді.
Тәрбиеші балаларға әдемі хатты көрсетеді.
- Балалар, біздің топқа мынадай әдемі хат келіпті, кім оны бізге жазды екен. Білгілерін келеді ме?
Тәрбиеші хатты оқиды:
"Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен Білім Ханшайымы, сендерден көмек сұрап тұрмын. Менің еліме бір өте жаман бала келіп, бәрін бұзып кетті. Өзі сандарды да білмейді, ертегілерді де білмейді,тапсырмалардың бәрін қате орындап шашып, сандардың үйшіктерін, геометриялық пішіндерді қиратып кетті.
Менің елімнің тұрғындары қатты қайғырып отыр.
Балалар, егер де сендер: ақылды, зейінді, тапқыр, қиындықтардан қорықпайтын балалар болсаңдар келіп көмектесіңдер бізге.
Сендердің досын Білім Ханшайымы."
- Балалар, не істейміз? Көмектесесіңдер ме, Білім Ханшайымына.
- Бұл елге қандай көлікпен баруға болады, ойланып көрейік ше.
- Сендер осы тапсырманы орындасаңдар, немен баратынымызды білесіңдер.
Тапсырма: "Нүктелерді жалғастыр"
Тақтаға құлып салынған есіктің және үш сандықтың суретін тақтаға іледі.
- Мінеки, біз Білім елінің сарайына да келіп қалдық, бірақ құлып тұр, оны қалай ашуға болады екен?
Тапсырма: "Кілт қайда екенін тап"
"Кілт кішкентай сандықта да емес, үшбұрышқа ұқсайтын сандықта да емес, қайда екенін тауып көріңдер."
Тақтада сандар үйшіктердің суреттері болады, сандар қате орналасқан.
- Мына жерде де, біздің көмегіміз керек. Сандарды дұрыс орналастыру керек.
Тапсырма: "Сандар үйшіктері"
- Балалар, қараңдаршы, мына көшеде үйлерді қиратып кетіпті.
- Геометриялық пішіндерді естерімізге түсірейікші.
Тапсырма: "Геоконт арқылы пішіндерді құрастыру"
1. Төрт жағы бірдей, пішінді құрастыр. (төртбұрыш)
2. 2 жағы ұзын, 2 жағы қысқа, пішінді құрастыр. (тіктөртбұрыш)
3. 3 бұрышы, 3 жағы бар, пішінді құрастыр.
- Жақсы геометриялық пішіндерді еске түсірдік, енді үйлерді түзеп берейік.
Тапсырма: "Үйлерді дұрыс құр"
Керісінше орналасқан үйлерді дұрыс орналастырады.
- Балалар, бес үшбұрышты бір - біріне шеңбер бойымен орналастыра алсақ неге ұқсайды?
- Жұлдыздар қайда болады?
- Оларды кім зерттейді?
- Бізде ғарышкерлер болып біздің жұлдыздарды зерттеп көрейік.
- Жұлдыздар қандай түсті болады?
Сергіту сәті: " Жұлдыздарды қарастыру"
- Балалар, қараңдаршы, бұзық бала мына жердегі "Ертегілердің кейіпкерлерін шатастырып кетіпті" оларға көмектесіп көрейік.
Ең алдымен мына сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Ертегідегі бала ағаш мұрынымен. (Буратино)
2. Үй жануары аяқ киім киген. (Етіктегі мысық)
3. Көгілдір шашы бар қыз. (Мальвина)
4. Бәрін алдаған адам. (Алдар көсе)
5. Әжесіне тоқаштарды апарған қыс.(Қызыл телпек)
6. Мысықтың құйрығын жұлып алған қыз. (Мақтақыз)
Тапсырма: " Кейіпкердің жұбын тауып бер"
Балалар суреттерді дұрыс орналастырады.
Үйлерді қарастыруға ұсынады.
Тапсырма: " Бір, екі, үш - үйіңді тап"
- Балалар, мен сендерге бір ойыңды ұсынғым келеді. "Бір, екі, үш - үйіңді тап" деген.
Тәрбиеші ойынның шартың түсіндіреді.
Ойын барысы: Үш үйде қатты, сұйық және газды күйдегі кішкентай адамдар тұрады.. Балаларға заттардың әр түрлі күйдегі жағдайы бейнеленген карточкалар таратылады. Әр бала өз бетімен заттың күйін аныктап соған сәйкес үйге орналастыруы қажет.
Сергіту сәті : "Керісінше"
Тапсырма: «Сиқырлы алақандар»
Тәрбиеші балаларға үш топқа бөлініп, "сиқырлы алақандарды" өздеріне таңдауға, ол алақандардан сурет құрастырып, қағаз бетіне жапсыруға ұсынады.
Тәрбиеші балалардың жұмыстарын бақылап, қадағалап жүреді.
Тәрбиеші әр топқа сұрақтар қояды:
- Балалар, сендер қандай түсті таңдадыңдар?
- Ненің суреті сендерде шықты?
- Қандай? Не үшін керек?
- Балалар, қараңдаршы сендер қандай әдемі суреттерді жасадыңдар. Біз оларды осы "Білім" әлеміне естелікке қалдырайық.
Тәрбиеші: "Балалар, сендер барлық тапсырмаларды жақсы орындадыңдар! Білім әлемінің тұрғындарына көмектестіңдер. Ал, енді балабақшаға оралатын да уақыт келді. Бізге қайту үшін 1 -10 дейін сандарды дұрыс орналастыру керек. Егер де біз сандарды тез арада дұрыс орналастыра алсақ, балабақшаға да тез ораламыз.
Тәрбиеші бір өлеңді оқып беруге ұсынады:
Білім жоқ қиындықсыз, талпынсақ білім аламыз,
Айға да ғарышкер де боламыз, қанат қағамыз.
Әрқашан, әркімге жол ашық білімге,
Ерінбесек жетеміз аспанның көгіне.
Күтілетін нәтиже:
жасайды: геометриялық фигуралардан құрастыруды,Геоконтпен жұмыс,
түсінеді: сандарды ретімен санауды; заттың агрегаттық күйлері жайлы,кеңістікті бағдарлауды;
қолданады: заттарды сезіну - көру арқылы зерттеу, желіммен жұмыс істеу дағдысы.

Источник: http://дошкольное детство
Категория: Дошколенок | Добавил: bakova-76 (2016-11-09) | Автор: Гульнара E W
Просмотров: 831 | Комментарии: 2 | Теги: 1.0 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 10:02 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru