Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

"Ғажайып әлем"
Сабақтың тақырыбы: "Ғажайып әлем"
Сабақтың мақсаты:
Балаларға 1 - 5 дейінгі сандар туралы білімін, геометриялық пішіндер туралы ұғымын "Геоконт" (В. Воскобович) арқылы бекіту.
Заттардың санын салыстыра білуге, заттардың үлкен - кішілігіне қарай ажыратуға, кеңістікті бағдарлай білуге, сызба арқылы сөйлем құрастыра білуге дағдыларын қалыптастыру.
Балалардың ойын арқылы танымдық, ойлау қабілетін жетілдіру,есте сақтау қабілетін мнемотехниканы қолдана отырып дамыту.
Балаларды тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі - құралдар: "Жыл мезгілдері" сызба, "Ағаш" полифункционалдық ойын, "Геоконт", демонстрациялық материал, әр балаға таратылатын дидактикалық материал.
Сабақтың барысы:
- Балалар, қараңдаршы, "Аленушка" балабақшасының балалары сондай ақылды, тәртіпті, ойшыл дегенді естіп, бізге қаншама қонақтар келіп отыр. Біз үшін бұл өте маңызды күн.
- Ең алдымен бүгінгі күнді есімізде қалатындай бір естелік жасап көрейік. Дайынсыңдар ма?
- Қазір қай жыл мезгілі? Күз туралы айтып беруге осы сызба көмектеседі.(ӨТТШТ)
Бір бала тақтаға шығып айтып береді.
- Күз мезгілінде неше ай бар?
- Қазір қай ай екен?
- Ал, енді мына суреттердің арасынан күз белгілеріне сәйкес суреттерді,таңдап осы қағазға жапсырайық.
- Жақсы бүгін аптаның қай күні екен?
- Қандай цифрмен сейсенбіні белгілеміз?
Тәрбиеші балалардың көңілін тақтаға аударады:
- Мына жерде не көріп тұрсыңдар?
- Балалар аңдар бізден көмек сұрап тұр, олар қызығып ойнап жүріп үйлерің шатастырып алыпты. Көмектесесіңдер ме?
Тапсырма: "Аңдардың үйшіктерін тауып бер"
- Мына қарға менің ұям ең діні жуан ағашта болған дейді, ал торғай менің ұям ең діні жіңішке ағашта орналасқан дейді.
Тапсырма: "Құстың ұясын тауып бер"
- Балалар, қараңдаршы, мына ағашта әлі де алмалар бар екен, маған айтып беріңдерші, үлкен алма қай жерде өсіп тұр? Ең кішкентай алма? Қандай алма қалды?
- Балалар, сендер қандай ағаш түрлерін білесіңдер?
Сергіту сәті:
Көк қарағай, қарағай,
Көкке бойын созады,
Көпке қолын созады.
Кең құшағың жаяды
Көлеңкесін тосады.
Көк қарағай, қарағай,
Мейірбанды анадай.
- Тамаша, аңдар өте риза болып, сендерге себептерді ұсынып отыр. Бірақ көңілді аңдар тағы да бәрін шатастырып жіберіпті, сондықтан өздеріңнің себептерінде қандай цифра көріп тұрсыңдар, сонша алма немесе қиярды салыңдар, қалғанын орман тұрғындарына қайтарып береміз.
Тапсырма: "Санға сәйкес орналастыр"
- Балалар, алма қандай геометриялы пішінге ұқсайды, қияр ше?
- Қазір мына тақтайшаларымызда аталмаған геометриялық пішіндері құрастырып көрейікші.
Тапсырма: "Геометриялық пішінді құрастыр" ("Геоконт" Воскобович)
- Енді мұқият қарап көріңдерші, неге ұқсайды?
- Жұлдыздар қандай түсті болады?
- Ал, жұлдыздар қайда болады?
- Ғарышта тағы не бар?
- Қандай ғаламшарларды білесіңдер?
- Ғарышқа немен ұшуға болады?
- Ғарышқа ұшатын адамдарды қалай атайды?Ең тұңғыш ғарышкер кім?
- Ғарышкерлер ғарышта не істейді?
- Біз де балалар мына жұлдыздар бақылап көрейік ше, қандай түсті жұлдыздарды көріп тұрсыңдар?
- Жұлдыздарды санап көрейікші, қанша сары түсті жұдыз көріп тұрсыңдар? Сондай цифраны жазып көрейік.
Тапсырма: "Жазып көр"(М.Монтессори)
Сандар туралы тақпақтар.
"Бірлік" жазған едім мен,
Ұқсастығым кім білген!
Аумай қалды айға ұшқан,
Зымыранның өзінен.

Екі саны байыпты,
Аққуға ұқсап қалыпты.
Ұзын мойын, құйрықты,
Қазды да қатар қойыпты.

Шатастырмай басқаны,
Міне, келді үш саны.
Торайлармен достасып,
Үлгі бола бастады.

Үш сызықтан таяғын
Оқушылар қояды.
Төрт дегенің баяғы,
Төрт түлкінің аяғы.

Төрттен кейін бесті,
Білу оңай десті.
Санашы бір қолыңның саусағын
Оңай табасың бесті.
Кел балалар,ойнайық,
Ойнайық та ойлайық,
Қандай жұмбақ болса да
Шешпей оны қоймайық.
Бөлмеде екі мысық, үш бала, бес ит бар екен. Неше адам бөлмеде?
Көшеде трактор, жылқы, велосипед, сиыр, мысық тұр екен?
Барлығы неше көлік?
Жаз мезгілінде балалар 3 аққала жасапты, біруін сындырып алды. Неше аққала қалды? Ал жазда аққаланы жасағымыз келсе қайды жасауға болады?
Қыс мезгілінде екі ара бір гүлге қоныпты, тағы да бірейі ұшып келіпті. Қанша ара гүлде?
Аспанда бір торғай, үш сиыр, екі көбелек ұшып жүр. Барлығы қанша құс?
- Мөлдір көк аспанда қанаттарын әдемі және байсалды жайып, бүркіт ұшып жүр. Күннің көзі өзінің сәулелерімен қуантады.Ағаштарымыз бізге таза ауаны сыйлап тұр, аңдар - біздің көңілді достырымыз.Осындай ғажайып әлемде тұрған қандай жақсы!
- Сабағымыздың соңында қол ұстасып, бір - бірімізге күлімдей қарап, өз қуанышымызды мынадай сөздермен білдірейік.
Мына ғажайып әлемде,
Адам өмір сүреді.
Үлкен менен кішіге,
Күн сәулесін төгеді!
- Ал, енді балалар біздің ғажайып әлемде бізбен бірге болған қонақтарға осы жапырақтарды таратып берейік, өздерінің тілектерін жазып беріп, біздің панномызға жапсыруларын сұрайық.

Источник: http://bakova-76@mail.ru
Категория: Дошколенок | Добавил: thesalven0 (2016-11-14) | Автор: Бакова Гульнара Жумагалиевна E W
Просмотров: 701 | Теги: 12 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 0:19 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru