Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Тақырыбы: «Кірпіге арналған сыйлық»
Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің ашық көрсетілімінің
ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ
орта тобы

Тәрбиеші: Доянбаева М.К

Білім беру саласы: «ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ»
Бөлімі: Жапсыру
ҰОІӘ арасындағы байланыс: «Таным»- Қоршаған ортамен таныстыру, «Коммуникация»-Сөйлеуді дамыту, «Денсаулық», Ән күй
Тақырыбы: «Кірпіге арналған сыйлық»
Балалар үшін мақсат: мәнерлі бейне мен жапсыру әрекеттерінің сюжетін құруда эстетикалық талғамын қалыптастыру.
Дамытушылық: көз мөлшерін, қолдың ұсақ моторикасын, бейнелі логикалық ойлауын, ақыл ойын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Білімділік: табиғи материалдармен жұмыс істеу дағдыларына баулу, Үлгіге сүйене отырып дайын пішіндерден бейнелерді жапсыру әдістеріне үйрету.
Тәрбиелік: балалардың жағымды көңіл күйін тудыру, жасаған жұмысынан қуаныш алуға тәрбиелеу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: саяхат
Құралдар мен көрнекіліктер: табиғи материалдар: кепкен жапырақтар, дәндер, желім ПВА, түрлі түсті картон, құрғақ және дымқыл майлықтар, мақта таяқшалары, сауысқанның суреті, кірпі кейіпкері, орман бейнесі, жапырақтар, алмалар.
Сөздік жұмысы: тікенекті- инесі көп, қолға ұстаса кіріп кетеді.
Билингвальдік компонент: сәлеметсіз бе-здраствуйте-hello, сау болыңыз- досвидание- good bye, кірпі-ёж-hedgehog, туған күніңмен-с днем рождением-happy birthday
Алдын ала жүргізілген жұмыстар: жапырақтар жинап, кептіру, тақпақ жаттау, күз мезгілі туралы әңгімелесу.
Мотивациялық-қозғаушылық
Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу рәсімі:
Амансың ба, Алтын күн?
Амансың ба, Көк аспан?
Амансың ба, Жер Ана?
Амансың ба, жан досым?
Балалар шаттық шеберінде тұрып қимыл қозғалыстарын орындайды.
Сауысқанға назар аудару.
-Сауысқан ұшып келіпті, оның тұмсығында шақыру билеті бар екен. Бұл ненің суреті? кірпі-ёж-hedgehog деп бірге айтайық.
-Кірпі қандай?
-Кірпі тікенді, инесі көп.
-Ол қайда өмір сүреді?
-Орманда жүреді.
Ойын: Ол нені ұнатады екен соны біз қазір мына қыстырғыштармен кірпінің денесіне қыстырайық.
Балалар кірпінің нені ұнататынын айтып қыстырғыштарды кірпінің денесіне қыстырады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік

Кіріпіні ортаға алып туған күнімен құттықтайды.

-Ол қайда өмір сүреді?
-Орманда жүреді.
Ойын: Ол нені ұнатады екен соны біз қазір мына қыстырғыштармен кірпінің денесіне қыстырайық.
Балалар кірпінің нені ұнататынын айтып қыстырғыштарды кірпінің денесіне қыстырады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
-Балалар, енді билетті ашып көрейік. Кірпінің туған күні екен, соған сендерді шақырыпты. Барамыз ба?
Балалар қуана келіседі.
Балалар кірпі орманда тұрады ғой, бір бірімізден қалып қоймайық.
Денсаулық жолынан өту.
Балалар денсаулық жолымен жүреді.
-Балалар орманға келдік? Жел соғып кетті ғой. Олай болса желмен бірге бізде қозғалып алайық.
«Жел соғады»
Жел соғады бетіме,
Ағаштар да желпуде
Жел тына қалғанда,
Ағаштар биік болып өседі.
Балалар қимыл қозғалыстарын жасайды.

Жел де басылды, енді отырып дем алып алайық.
Балалар жерге отырып дем алады.
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілі.
-Күз мезгілінің ерекшеліктерін айтыңдаршы?
-Жапырақтар сарғайып,жерге түседі,жаңбыр жауады.Күн салқындайды,адамдар жылы киіне бастайды.Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
-Күз мезгілінде жапырақтар қандай болады?
-Сары,қызыл,жасыл болады.
-Кім жапырақтар туралы тақпақ айтады.
Бала: - Алтын сары, қызыл, көк...
Алуан-алуан жапырақ
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.

- Ой, алақай, тамаша!
Шашу шашып, жапырақ,
Бақтын іші алаша,
Аунар ма еді жатып ап.
-Балалар, кірпінің туған күніне сыйлық алмадық қой. Туған күнге сыйлықсыз барғанымыз ұят болады. Енді не істесек екен?
Балалар:Өз ойларын айтады.
-Менде бір ой бар, тыңдаңдаршы. Біз өз қолымызбен сыйлық жасайық. Кірпіге
саңырауқұлақтың картинасын жасап берейік, ол саңырауқұлақты жақсы көреді ғой. Кірпі қуанып қалады.
Балалар келіседі.
Балаларды жұмыс үстеліне шақыру.
Балалар үстелге келіп отырады.
Жұмыс барысын түсіндіру.
-Жұмысты бастамас бұрын қолымызды жұмысқа дайындап алайық. Массаж доппен жаттығу жасау.
Балалар қолдарына допты алып, саусақтарымен, алақандарымен домалатып алады.
«Кірпі»
Тұмсығында түймесі,
Деп тұрғандай тимеші.
Азулыдан сақтайтын,
Кірпінің көп инесі.
Өзін қорғай алады,
Домалана қалады.
Мәтінді бірге қайталайды.
-Енді жұмысқа кірісейік.
-Картондардан таңдап алыңдар.
Картондардан таңдап алады.
-Қызыл түсті жапырақты алақанға салып мыжып, ұсатыңдар, ыдысқа саламыз.
Қызыл түсті жапырақты алақанға салып мыжып, ұсатыңдар, ыдысқа салады.
-Сары түсті жапырақты да осылай етеміз.
Сары жапырақты да осылай істейді.
-Желімді саңырауқұлақтың басына құрғақ мақта таяқшамен жағамыз да, қызыл түсті жапырақты себеміз, құрғақ майлықпен басамыз.
Құрғақ майлықты қолданады.
Картонды көтеріп сілку.
-Енді желімді аяғына жағамыз да сары жапырақты себеміз, үстінен құрғақ майлықпен басамыз. Желімді ұқыпты жағып, жұмысты орындайды. Картонды көтеріп сілку.
Енді алдымыздағы кез келген табиғи заттермен картинамызды өз ойларыңша әсемдейік.
Кез келген табиғи заттермен картинаны өз ойларынша әсемдейді.
Балалардың ұқыпты жұмыс жасауын қадағалау.
Ұқыпты жұмыс жасайды.
Жұмысты аяқтау.
Балалар жұмыстарын аяқтайды, жұмыс орындарын, заттарын жинайды.
Кірпі келеді.
Балалар кірпімен амандасады.
-Туған күніңмен-с днем рождением-happy birthday
Кіріпіні ортаға алып туған күнімен құттықтайды.
Рефлексиялық – түзетушілік
Сыйлықтарын сыйлату.
Балалар кірпіге сыйлықтарын сыйлайды.
-Рахмет, балалар, өте әдемі екен, мынаны кім жасады?
Қалай жасадыңдар?
Не қолдандыңдар?
Балалар қалай жасағандарын айтып береді.
Рефлексия: -Сендер қалай жеттіңдер, не көрдіңдер соны мына суреттер арқылы айтып беріңдерші.
Балалар суреттерді рет-ретімен таңдап, тақтаға қыстырғыштармен іледі.
-Балалар кірпіге арнап, ән айтып берейік, көңілі көтеріліп қалсын. Ән «Жапырақтар».
досвидание- good bye
Күтілетін нәтиже:
Педагог үшін: Ұйымдастырылған іс-әрекетті жүргізу барысында балаларды зеріктіріп, қызығушылығы мен белсенділігін төмендетіп алмас үшін жұмыстарды түрлендіріп, сөйлеу кезінде балаға түсінікті, көркем тілмен жеткізе білу
Балалар үшін:
Нені білу керек: күз мезігілі туралы толық мағлұмат;
Нені игереді: табиғи материалдармен жұмыс істеуді, өзбеттерінше таңдау жасауды, үлгіге сүйене отырып дайын пішіндерден бейнелерді жапсыруды;
Нені меңгереді: сұрақтарға толық жауап беруді, ұқыпты, таза жұмыс жасауды.

Балалар қолдарына жапырақтар ұстап, өздері білетін жапырақтармен әнді айтады.
-Рахмет, балалар сендерге, менің туған күнім сондай керемет өтті. Мынау менің туған күнімнен ауыз тиіңдер. Бұл менің сүйікті алмаларым. Қазір апайларың топтарыңа барып, жуып, бөліп береді. Балалар кірпіні тыңдап, қуанады. Кірпімен қоштасады. Сау болыңыз- досвидание- good bye
Категория: Дошколенок | Добавил: Rfirf (2016-12-05) | Автор: Доянбаева Мерамгуль E
Просмотров: 1296 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 1:07 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru