Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок |
Кіріктірілген ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің ашық көрсетілімінің ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ орта тобы Білім беру саласы: «Қатынас» Бөлімі: Ағылшын тілі Тақырыбы: «My family» Мұғалімге қойылатын мақсат: Педагогикалық процесті ересектердің балалармен бірлескен іс-әрекеті мен баланың өз еркін іс-әрекеті негізінде құру. Зейінді белсендіру, ынталандыру тәсілін енгізу арқылы балалардың жұмысқа қабілеттілігін көтеру, баламен қарым-қатынаста және жұмыс істеуде баланың қызығушылығын және белсенділігін төмендететін артық жиі қайталауларды болдырмау. Балаларға қойылатын мақсат: Бұрын оқылған материалдарды қайталау арқылы білімдерін бекіту, отбасы мүшелерінің атауларын ағылшын тілінде атап, ажырата білу. Міндеттер: Дамыту: Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқыту: Отбасы мүшелерінің ағылшын тілінде атауды үйрету. Тәрбиелік: Отбасы мүшелерін сыйлауға тәрбиелеу. Пәнаралық байланыс: Таным – Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру. Шығармашылық – Ән-күй, Әлеуметтік орта – Қоршаған ортамен таныстыру. Қатынас – Тіл дамыту. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: Аралас Жаңа сөздер: Family – отбасы, father – әке, mother – ана, sister – апайы, сіңлі, әпке, brother – аға, іні. Әдіс – тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру, қайталау, ойнату. Көрнекілігі: Әртүрлі түсті геометриялық фигуралы терезелері бар үйдің суреті, видео, саусаққа киілген отбасы мүшелері, отбасы мүшелерінің суреттері, қуыршақ, түрлі-түсті бояулар, қонақтарға арналған отбасы мүшелері бейнеленген күтізбелер. Полингвалды компонент: Бір, екі, үш, төрт – раз, два, три, четыре, пять – one, two, three, four, five. Сары, қызыл, жасыл, көк – желтый, красный, зеленый, синий – yellow, red, green, blue. Шаршы, үшбұрыш, шеңбер, сопақша – квадрат, треугольник, круг, овал – square, triangle, circle, oval. Family – отбасы,семья; father – әке, папа; mother – ана, мама; sister – апайы, сіңлі, әпке, сестра, младшая сестра; brother – аға, іні, брат, младший брат Алдын ала жұмыс: Балалармен жұмыс: Отбасы туралы әңгімелесу, ән жаттау. Ата-аналармен жұмыс: Отбасы мүшелері жайында әңгімелесу, фотоколлаж жасау. 1. Қызығушылық және ынталандыру кезеңі Балаларды ҰОІӘ дайындап отырғызу. Мұғалім балалармен қолын бұлғап амандасады. - Hello! (оң қолмен) - Hello! (сол қолмен) - How are you? Балалар: (Балалар да солай амандасады) - Hello! (оң қолмен) - Hello! (сол қолмен) - We are fine, and you? Мұғалім: - I’m fine thank you - Балалар бүгін сендермен ағылшын тілінде отбасы мүшелерінің атауларын үйренеміз. Есік қағылады. (Балалар сөзбен және қимылмен қолдарын бұлғап шақырады) Балалар: Come in! Come in! - Бізге қонаққа Англиядан Мери келіп қалды. Барлығымыз онымен амандасайықшы. - Hello! Мери: Hello! I’m Mery. What’s your name? - My name is Nurgul. Nice to meet you. Мери әр баланың атын сұрап танысады. Балалар жеке-жеке Меримен танысады - Балалар, Мери бізге отбасының суретін ала келіпті. 2. Іздену және ұйымдастырушылық кезеңі Жаңа сөздермен жұмыс. I have a father – әке, папа I have a mother – ана, мама I have a brother – аға, іні, брат, младший брат I have a sister – апайы, қарындасы, сіңлі, сестра, младшая сестра - (Балалар суретке қарап хормен, жеке-жеке жаңа сөздерді қайталайды) - Балалар, қане Мериге саусақ өлеңін айтып берейікші. (Мұғалім қолына отбасы мүшелерін киіп алады). Видео қосылып тұрады. Балалар мұғаліммен бірге өлеңді айтады «The finger family. Nursery rhyme (Father finger) – 3 men animation» Father finger (2) were are you? Here are I am (2) how do you do? Mother finger (2) were are you? Here are I am (2) how do you do? Brother finger (2) were are you? Here are I am (2) how do you do? Sister finger (2) were are you? Here are I am (2) how do you do? Baby finger (2) were are you? Here are I am (2) how do you do? Ойын: «Who is missing?» (Кім жоқ?) - Балалар Мери ойын ойнағанды ұнатады екен. Ойын ойнайық па Меримен? Шарты: Отбасы мүшелерін мұқият қарап алыңдар да көздеріңді жұмыңдар. Ал Мери отбасы мүшелерінің біреуін тығып қояды, сендер көздеріңді ашып Мери кімді жасырып қойғанын анықтайсыңдар. Балалар ойынға қатысады (саусақ қуыршақтары пайдаланылады) - Жарайсыңдар, балалар! Сергіту сәті (видео) Сергіту сәтін барлығы бірге орындайды - Балалар, Меридің үйіне қайтатын уақыты да келіп қалды. Бірақ Мери үйіне кіре алмай тұр, үйінің терезелері мен есігі де жабық тұр екен. Мериге көмектесіп жіберейік пе? Тақтада әртүрлі пішінді (шаршы, төртбұрыш, үшбұрыш, дөңгелек), түрлі-түсті (қызыл, сары, жасыл, көк) терезелері бар үй ілініп тұрады. Балалар терезелердің санын, түстерін ағылшын тілінде атап пішіндерін табады да, терезенің ар жағында тұрған отбасы мүшесінің атауын ағылшынша атайды.Солай барлық терезені ашады. Соңында есік ашылады да Мери үйіне кіреді. -You are very clever children! Good! Меримен қоштасайық. -Good bye, Mery! 3. Рефлексиялық – қорытындылау кезеңі - Балалар, сендерге Мери өте риза болды. Сендердің көмектерің арқылы үйіне кірді. Қазақстаннан естелік ретінде Мериге сыйлық әзірлейік те поштамен салып жіберейік Балалар Мериге сыйлық әзірлейді. -Балалар, Мери де және оның отбасы да сендердің сыйлықтарыңа өте риза болды. Оларда сендерге өздерінен естелік ретінде әртүрлі жерде түскен фотосуреттерден күнтізбелер жасап жіберіпті (балаларға және қонақтарға таратылады) Сонымен балалар бүгінгі ҰОІӘ аяқталды. - Very good! Good bye, see you later! -Good bye,teacher! Күтілетін нәтиже: Педагог үшін: Қазақстан Республикасының жалпыға міндетті білім беру стандарттарының қойылған мақсаттарын іске асыру барысында білім итеграция саласының педагогикалық процессті ұйымдастыру кезінде компетенцияны жоғарлату. Балалар үшін: Білу: Отбасы мүшелерін ажыратуды Ұғымын түсіну: Ағылшын тілінде «mother, father, sister, brother» сөздерін түсіну Іскерлік қабілеті: Ағылшын тілінде сөздерді анық айта білу. | |
Просмотров: 1200 | Комментарии: 1 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|