Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Достық ағашы
"Достық ағашы"
Мақсаты: Балалардың бірлік, ынтымақтастық туралы түсініктерін кеңейтіп, көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен бірлігін нығайтуға ат салысатын азамат болуға тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу. Қазақстанның өркендеуіне достық арқылы өз үлестерін қосуға баулу.

Жүргізуші: Отан- әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз.Адам жүрексіз өмір сүре алмайды. Отан- біздің туған жеріміз, өзіміздің туған- туысқанымыз, дос - жаранымыз бен тұратын еліміз. Біздің Отанымыз - Қазақстан.
Бүгінгі Қазақстан дүние жүзіндегі көптеген мемлекетер таныған ел. Оның өз Елтаңбасы, Туы, Әнұраны бар.
Жергілік ұлт қазақтармен бірге басқа да 130-дай ұлт өкілдері тұрады. Мұнда ұлтына, нәсіліне қарамай барлық халық өкілдері бір-бірімен туысқандай болып кеткен. Сондықтан 1- мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні болып аталады.

Республикам күндей күлген шығыстан,
Асыл елім жан жүректі ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен бақытым,
Алтын бесік Қазақстан--гүлстан!


Отан деген-атамекен,
Отан деген туған жер.
Отан-ана, Отан-үлкен
Қазақстан-туған ел!

Отанды әркім анасындай
Қастерлейді, бағалап,
Өйткені, Отан баласындай
Бізді өсірер аялап.

Әйнегі күн, шатыры аспан
Кең дала.
Төсі толған егін.
Көлдері күміс шашқан.
Қазақстан Республикам менің!

ӘН: Отан туралы.
Балалар отырады.

Жүргізуші: Қазақ қашаннан да бауырмал халық қой. Әр кезеңдерде елімізден пана іздеп келген "жат жұрттардың" бәрін бауырына басып, төрінен орын беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды бөліп жеді. Сөйтіп, қаймағы бұзылмаған Қазақ жері көпұлтты мемлекет болып шыға келді. Бүгін елімізде 150дей ұлт пен ұлыстың өкілдері бір тудың астында тату-тәтті өмір кешіп жатыр. Барлығымыз туған жердің төсінде, құшағын жайған бейбіт елдің ішінде ел бірлігін сақтауға ат салысайық!


Айырма іздеп ұлтынан
Ешкімді біз бөлмейміз.
Ағайынбыз бір туған
Шынға бірге өрлейміз.
Ортақ болып ісіміз
Еңбек десе тынбаймыз
Үлкен сыйлап кішіміз
Достықты үлгі санаймыз
Ортақ мекен жер шары
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан.



Жургізуші: Домбырадай шежіре жыр болмаған,
Даламыздың тағдырларын толғаған,
армандарын, армандарын, армандарын халқымның
Аманат қып ұрпағына жолдаған,-- деп "Домбыра" биін тамашалаңыздар.


БИ: Домбыра биі.

Жургізуші: Тілі бөлек болғанымен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр - деп бүгін мерекеміздің символы (нышаны, белгісі) болатын "Достық ағашын" жасауды ұсынамын. Ол біздің жылы тілектеріміз бен махаббат, бауырмалдық, сыйластық бөлшектерінен құралады. (Тақпақ айткан балалар ағашқа гүл ілу керек).
Бізге қонаққа ұлт өкілдері келіп отыр, солардың тілектерін тыңдайық.


Ынтымағы жарасқан береке күн
Арналатын ең тәтті ән-жырымыз
Таттулық достығың арта берсін
Құтты болсын бүгінгі мереке күн

Қырғыз, қазақ, өзбектер
Монғол, дүнген, ұйғыр,
Армян, тәжік, грузин.
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр.

Жырласа Қазақ, түркімен,
Молдаван,тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.



Тақпақ айтқан соң ағашқа гүл іледі.

Жургізуші: Бұл күні қыр қалаларға гүл тұнады,
Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.
Әлемге дос құшағын жая келген,
Армысын,бар халқымның ынтымағы!
Бармысын,қазағымның ынтымағы! --деп балалардын өнерын тамашалаңыздар.

БИ: "Аққу" биі.


Жургізуші: Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат-мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт-дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай-ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы -өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.
Әр ұлттың өз салт-дәстүрі, мәдениеті, ұлттық тағамдары, сондай-ақ ойындары болады. Сендерге белорус халқының "Ленок"(Лянок) ойынын ұсынбақпын. Ойынның шарты:

Ойын: ""Ленок" (Лянок) "

Жургізуші: Жарайсындар, балалар. Ал енды "Достық-алтын қазына" дегендей достық, татулық, ынтымақ туралы қандай мақал білесіңдер.

Мақалдар:

Досыңды бір алдасаң,
Өзіңді мың алдағаның.

Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.

Жаман достан, қисық таяқ артық.

Дұшпан күлдіріп айтады,
Дос жылатып айтады.

Ырыс алды ынтымақ.

Бірлік бар жерде тірлік бар.

Ынтымақ түбі-игілік

Аққуды атпа, досыңды сатпа

Досы көпті жау алмайды.

Жолдасы көптің олжасы көп.

Жургізуші: : Кім сүймейді ет жақынын, туысқанын,
Украина туысымның бірісің.
Тұрды биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын.--дей келе украин биін тамашалаңыздар.

БИ: Украин биі.

Ойын Құмыра сату

Жургізуші: «Қазақта бірлік болмай,тірлік болмайды»-деген ұлағатты ұғым бар.Ендеше елімізде бейбіт өмір сүріп жатқан ұлттармен ұлыстар өкілдерінің татулығы артып, Қазақ елі нығайып, өркендей берсін деп сөз кезегін мектепалды даярлық тобына берейік.


ӘН: "Достармыз"
1-ші бүгін мамырда
тойлайды қала, ауыл да.
Айналған барша халықтар
дос, туысқан, бауыр да.

Мамырдың 1-і
Достық күні
Ән салып билеген халықтың үні.
Тұтасып ұлттар керемет мереке.
Мамырдың 1-і
Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке.


Достық бізге тым ыстық

Бірлік- байлық жасады.
Жарқырасын күніміз
Жаса, жаса тыныштық.

Ақ, қара деп алдымен
Елім бөлмес адамды.
Дәстүр, өнер салтымен
Таңқалдырған халықты.

Біз балдырған тең басқан
Дос құшағын елге ашқан
Тілегіміз бейбіт күн
Ашық болсын көк аспан.

Ортақ мекен жер шары
Төбемізде бір аспан
Барлық ұлттың баласы
Достығымыз жарасқан
Ортақ бізге бір Отан
Ортақ жердің байлығы
Еңбек ортақ, жер ортақ
Ортақ бізге барлығы.




БИ: Лезгинка биі.

Жүргізуші: "Ойын ойнап........ бала бола ма." кезекті ойынға берейік. Башқұрт халқының ойыны "Тирмэ" ("Киіз үй").

Ойын: "Киіз үй"

Жүргізуші: Қуанып елмен бірге мереке күні, жұптасып құрбылармен би билесе--деп корей биін тамашалаңыздар.

БИ: Корей биі

Жургізуші: Бәріміздің кеудемізде бір үміт,
Біз сол үшін айқасамыз бірігіп,
Жүрегіміз бір соғады қашанда,
Жүрсекте біз неше түрлі киініп.--деп балалардың жылы тілектерін тыңдайық.
Достықты үлгі санаған
Бір үйде біз тұрамыз
Қалған ата-бабадан
Бірлік асыл мұрамыз

Дән ексем жерге достық егер едім
Бұлт болсам соған тамшы себер едім
Жайнаған гүлден гөрі ыстық құмға
Дос үшін жылда айналып келер едім

ӘН: "Достық әні"

Жургізуші: Нәсілдерге нәсіп болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.- деп еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!
Категория: Дошколенок | Добавил: nadiraika (2017-01-06)
Просмотров: 1236 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 4:58 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru