Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

" Балабақшада музыканы оқыту"
ШҚО, Аягөз қаласы
Аягөз қалалық №5 бөбекжай балабақшасы
Ауганбекова Арайлым Базылбековна
Балабақшада музыканы оқыту

Өсіп келе жатқан жас буын әдеби ертегілер мен бейнелеу өнері шығармаларындағы, музыка мен әуендегі, табиғаттағы, тұрмыстағы шын мәніндегі көркемдік қабылдау арқылы эстетикалық құштарлықты сезініп қана қоймай, ондай туындыларда кездесетін нәрсіздік пен көріксіздікті де ажырата біледі. Жан-жақты дамыған азамат тәрбиелеуде эстетикалық тәрбиенің басты саласының бірі–музыка.
Музыка адамның жан дүниесін тебіренте отырып, оның өмірге деген көзқарасын, әдет, мінез-құлқын қоғам мүддесіне сәйкес қалыптастыруға, әдемілік заңымен өмір сүруге тәрбиелейді.
«Дені саудың – жаны сау» дегендей, тәні де, жаны да сау, рухани бай эстетикалық жағынан сезімтал азаматты тәрбиелеп өсіру – ата-ана парызы, қоғамдық мекемелердің міндеті. Осы міндетті іске асыру балабақшадан басталмақ. Негізі отбасынан басталған тәлім-тәрбие білім беру мекемелерінде жалғасын тауып, белгілі бір жүйеде өрістеледі.
Бүлдіршіндерді әсемдік әлеміне неғұрлым кеңінен жақындатып өнерге баулитын кезең – балабаша кезеңі. Әсіресе музыка өнерімен шұғылдану баланың жеке басының жалпы дамуына жәрдемдеседі. Музыка сабақтары балаларды жан-жақты дамыту барысында көптеген мақсаттар қояды. Дәлірек айтсақ: балаларды музыка тыңдай білуге үйрету, оны тұтастай қабылдау, сезіну, музыкалық мәнерлілікке баулу, дыбыстардың типін түсіну және музыкаға қызығушылығын арттыру. Ән айту, музыка тыңдау, музыкалық сауат және қозғалыс (ырғақ) – музыкаға тәрбиелеудің міндетті бөлімдері.
Балабақшада бағдарлама бойынша ән-күй сабағы әр топта әр түрлі бөлімнен тұрады:
Ән бөлімінде балаларды ырғағына келтіре, әдемі ән салуға тәрбиелейміз. Ән салу арқылы өлеңнің мазмұнын, тәрбиелік мәнін саналы түрде меңгеруіне мүмкіндік береміз. Балаларды хормен ән айтқызып жаттықтыру арқылы, оларды ортақ сезімге бөлендіріп, өздерінің әрекеттерін бір әуенге үйлестіруге төселдіреміз, жауапкершілікке, ұйымшылдыққа баулимыз. Бірлесіп жұмыс істеу дағдысын қалыптастырамыз. Жеке дауыста ән айта білуге, әндерді есте сақтай білуге, музыкалық шығармалардың құрылысын түсіне білуге тәрбиелейміз.
Музыка тыңдау бөлімінде жекелеген музыкалық үндерді және тұтастай музыкалық шығармаларды тыңдай білуге, ондағы музыкалық дыбыстарды ажырата білуге жаттықтырамыз. Дыбыстардың биіктігін, ырғағын, музыкалық бояуын және дұрыс тыңдап, қабылдай білу қабілетін дамытамыз. Сонымен бірге тыңдау арқылы балалардың эстетикалық сезімдері, талғамдары дамып, эмоциялық сезімдері оянып ләззат алады. Музыкаға деген қызығушылықтары артып, тыңдау қабілеті дамиды. Музыка тыңдату жайында балалар дамуының бірдей дәрежеде еместігін түсіну маңызын музыканы үйретуші білуі керек.
Би бөлімінде музыканың әуен-ырғағымен орындалатын арнайы жаттығулар жасату арқылы музыкалық ырғақты сезінуін қалыптастырамыз. Әуен сазын түсініп, сәнді қимылдар жасай білуге үйретеміз. Дене жаттығуларын музыкалық әуен ырғағына қосылып, әдемі қозғалыс көріністерін жасауға ынталандырамыз. Би қимылдарын жасатып, мүсін сымбаттылығын қалыптастыруды көздейміз.
Музыкалық – дидактикалық ойындар бөлімінде айтылған әннің сөздеріне, әуеніне зер салып, ұқыпты жүруге, әннің сөздеріне сәйкестіре қимыл-қозғалыстар жасауға баулимыз. Балалардың музыканың екпіні мен ырғағына икемделуіне, дыбыс күшінің бірде қатты, бірде ақырын естілуін аңғара білулеріне мүмкіндік береміз. Музыка ырғағына ілесіп жүруге, әр жанрдағы (марш, вальс, полька) ырғақтың өзіндік ерекшелігін айыра білуге үйретеміз. Дыбыс биіктігін, дыбыс бояуын, музыканың басталуын және аяқталуын аңғаруға жаттықтырамыз. Ойын арқылы музыкалық қабілеттерін дамытамыз. Сап түзеп жүруге, дене бұлшық еттерінің ширауына да әсерін тигіземіз. Қазақ халқының ұлттық ойындарының ойналу тәртібі мен өзіндік ерекшеліктері жөнінде қысқаша түсінік береміз. Музыкаға және биге деген шығармашылықтарын дамыта отырып, музыкалық білімдерін арттырамыз.
Осы мақсаттарға жету үшін балабақшаның әр топтарында жас ерекшеліктеріне қарай жоспар дұрыс, жүйелі түрде құрылуы тиіс. Балабақшадағы балалардың жас ерекшеліктері бірдей емес. Бірі балабақшаға енді келіп жатса, енді бірі ешқандай білім мекемелерінде болмай үйден келгендер. Олардың музыкалық қабілеттері де әртүрлі. Балабақшадағы балалар өздерін еркін сезініп, би қимылдарын жасқанбай жасап, өз ойларын ашық айта біледі. Музыкалы дидактикалық ойындарды ойнау барысында белсенділік танытады. Музыка үйретуші балабақшада бұрын болмаған, енді ғана балабақшаға келіп жатқан балалармен көбірек қарым-қатынас жасау керек. Сонымен бірге балабақшадағы балаларды жалықтырып алмау жағын да қарастыру керек. Мен өз тәжірибемде осы жағдайларды ескере отырып, жас ерекшеліктеріне қарай қандай музыкаларды ұнататынын білуге көңіл бөлемін.
Мысалы: Ересек топтағы балалар көбінесе ойнақы әндерді және марш екпінді музыканы ұнатады.Сол әуендерге қимыл жасауды ұнатады.
Әрине, адам туа оқып болмайтын сияқты барлық балалардың музыка тыңдау және қабылдау қабілеттері де туа бітпейді. Ол жүйелі түрде істелетін жұмыстардың нәтижесінде, біртіндеп қалыптасатын процесс.
ең алдымен балалардың барлығы қамтылатындай топпен жұмыс жүргізу керек. Ән-күй сабағы айтуға ғана оңай, ал орындауда керісінше, қиыншылығы мол іс. балабақшаға енді ғана келіп жатқан бала әлі көпшілікпен бірге қалыптаспаған, сөздік қоры аз балаға бірден ән үйрету қиын тиеді. Олар сөзін білмеген әнге қызықпайды. Алдымен балаларды қадағалай отырып әнге және оның ырғағына қызықтыруға тырысу керек. Сол әннің мазмұнын ашатындай көрнекіліктер мен дидактикалық материалдар қолданған жөн. Осыдан кейін балалардың қызығушылығы артқанда сөзін жаттатқан дұрыс. жаттау сабақ барысында жүргізіледі. Өз тәжірибемде өлеңнің әр жолын жеке-жеке тақпақтап, балаларға хормен қайталатамын. Осы кезде қол шапалақтатып отырған дұрыс. Қол шапалақтау кезінде әннің ырғағы анықталып, әуеніне қосылып айтуда қиындық туғызбайды. Мәтінмен жұмыс кезеңінде балалардың музыкалық ырғақты сезіну қабілеті де анықтала бастайды. Бірі орынсыз қол шапалақтаса, енді бірі ырғаққа ілесе алмай жатады. Мұның бәрі жүйелі жұмыстың нәтижесінде бірте-бірте жаттығады. Жалпы әндерді хормен орындатып, ойындарды топпен ойнатқан дұрыс. Сонда балалардың бір-бірімен қарым-қатынасы да жақсарып, өздерін еркін сезіне бастайды. Ал әнді сабақ сайын өзгерту дұрыс емес. Керісінше балаларға таныс әндерді үнемі қайталап айтқызып отыру керек. Бұл балалардың эмоциялық көңіл күйін көтереді, есте сақтау қабілетін дамытады және әнді хормен бірге бастап, бірге аяқтауға дағдыландырады.
кіші топтардағы балалардың музыкалық дамуы әртүрлі екендігі толықтай байқалады. Бір бала өте жақсы өлең айтқанымен, әуенін дұрыс қабылдамай, би қимылдарын қате орындайды. Ал екінші бала болса, керісінше, жақсы билейді, бірақ әнді таза интонациямен орындай алмайды. Үшінші бала тілі келмей сөздерін айта алмай жатады. Сабақ барысында музыка мұғалімі балалардың музыкалық қабілетін зерттеп, әр баламен жеке-жеке жұмыс істеуді қолға алуы тиіс. Балаларды дыбыстарды таза айтуға үйрету үшін дауыс жаттығуларын жасатудың пайдасы зор. Дауыс жаттығуларын шағын әуендер айтқызу арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл балалардың қабылдау деңгейіне қарай мұғалімнен үлкен шығармашылық іскерлікті қажет етеді.
Музыкаға қабілеті бар балалар өзі ақ музыкалық дағдыларды меңгере бастайды, есту, есте сақтау, әуен ырғағын түсіну, дыбыс биіктігін ажырату сияқты музыкалық қабілеті дами түседі. Музыкалық жанрларды (ән, би, марш) , қатты немесе ақырын дыбыстарды, екпіндердің жай немесе тез екенін ажырата бастайды. Әр оқушының өздері жақсы көретін әндері, билері, ойындары бар. Балалар берілген шығармашылық тапсырмаларды орындай алады. Мысалы, тыңдаған музыканың екпінін ажырату керек болса, екпін, ырғағына қарай түрлі қимылдар ойластырады. Мысалы:
Баяу екпінде – орнынан тұрып теңселеді;
Жылдам екпінде – орнынан тұрып жүгіреді;
Марш екпінінде – аяқты нық басып жүреді;
Бейнелік қимылдар – аттың шабысы, түрлі аңдардың қимыл ерекшеліктері т.б.
Жыл аяғы- бұл сауықтыру кезеңі. Көктем айларында сабақ түрін өзгертуге болады. Мысалы, таза ауада сырнай аспабының сүйемелдеуімен балабақша ауласында ойын түрінде өткізген өте қызықты. Ойын түрінде өткен материалдарды бекіту жұмыстары да, үйренген музыкалық шығармалары да қайталанады.
Ойынның тәрбиелік мәні зор. Бала ойын арқылы дамиды. Ойын білместі – білгірге, орашолақты – іскерге айналдырады. Музыкалық – дидактикалық ойындар арқылы балалардың музыкаға, биге, ән әлеміне деген ынта-ықыласын жас кезінен арттырып қана қоймай, олардың сезімталдығын, кішіпейілділігін, ұйымшылдығын, эстетикалық құштарлығын тәрбиелеуге қызмет етеді. Нәтижесінде олар музыканы терең түсіне бастайды, ең бастысы – музыканы қабылдау, есте сақтау қабілеті артады, дене қозғалысы арқылы сымбаттылығы қалыптасады. Өсе келе олардың бойындағы табиғи дарын, қабілет, талант мүмкіндіктерінің сөзсіз әсері болатыны белгілі, өйткені бәрі де бала кездегі тәрбиеден басталады.
«Бұлақ көрсең көзін аш» дегендей еліміздің болашақ дарынды ұл-қыздарын тәрбиелеу біздің басты міндетіміз.

Источник: http://балабақшада музыканы оқыту
Категория: Дошколенок | Добавил: zabira_1987 (2017-01-11) | Автор: Ауганбекова Арайлым Базылбековна E
Просмотров: 1916 | Комментарии: 1 | Теги: балабақша, музыка | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 6:20 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru