Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Бөбекжай-бақша психологының 2016-2017 оқу жылының бір жылдық аналитикалық ЕСЕБІ
Әулеметтік-психологиялық қызметінің негізгі мақсаты: Жағымды әулеметтік психикалық климат қалыптастыра отырып баланың дамуы мен жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ету.
Психологиялық қызметтің негізгі міндеттері:
- Балалармен жұмыс кезінде әр жастың даму қорының мүмкіншілігін жүзеге асыру;
- Балалардың жеке қабілеттерін, олардың қызығушылықтарын, сезімдерін, көзқарастарын, құмарлықтарын дамыту;
- Баланың жеке тұлғалық әулеметтілігін, оның жеттіліктілігін дамыту.
- Ата-аналар мен тәрбиешілерге, пән мұғалімдерге мезгілінде психологиялық көмек беру.

Жұмыс жасау бағытым: Психологиялық диагностика, психологиялық ағарту,психологиялық кеңес, психологиялық түзету-дамыту.
2016-2017оқу жылының жылдық жұмысыма есеп берер болсақ, көптеген істердің атқарылғанын көрсетеді. Қыркүйек айынан бастап 12 топпен және мектепалды даярлық екі топпен жұмыс жасадым,оның ішінде зерттеу жұмыстар орта 3топпен, жоғары 4 топпен (4,5жас аралығы балаларымен) жұмыс жасадым. Жылдық жоспар және циклограмма, түзете-дамыту жоспарларын құрдым. Оқу жыл басында бөбекжай-бақшасы топтарының психологиялық дайындығы мен бейімделу кезеңнен өтуіне байланысты психопрофилактикалық, психодиагностикалық жұмыстар жүргізілді . Балалардың балабақшаға тез бейімделуіне көмек көрсетілді. Психологиялық ойындар арқылы балаларды әр түрлі ережелерді сақтауға үйрету, балаларды біріктіріп, өзара сенім жағдайын құру мақсатында түзете дамыту жұмыстары жүргізілді. Оқу жылдың басында қазан, қараша айларында балалармен зерттеу жұмыстары жүргізіліп, таным процестері анықталып мониторинг шығарылды. «Қошақан» орта тобында Мусабеков Ділмұхамед, Манарбек Жантөре, Айкенов Чингис үлгірімі төмен деңгейдегі балалар анықталып, психологиялық түзету жұмыс жоспары бойынша тапсырмалар мен әдістемелер жүргізіліп отырылды. Қорытындысында есте сақтау,зейін деңгейлері әр түрлі, орташа, төмен. II-ші кіші «Жұлдыз» тобында Мұхитұлы Мустафамен жыл басынан бақылауда болды. Яғни, топтағы баланың мінез-құлқы,денсаулығы, сөйлеуі, ойын тәртібі, тәрбиешілермен, балалармен қарым-қатынасына назар аударылды. Арнайы мамандарға көрсету мақсатында қаңтар айында топ тәрбиешілерімен бірігіп мінездеме жазылды. Зерттеу барысында денсаулығына байланысты өз кемшіліктері бары анықталды. «Қарлығаш» II кіші тобында Курманов Айсұлтанның мүмкіндігі мен қабілеттеріне ерекше көңіл бөлініп отырылды. Аталған 3 топтың тәрбиешілерімен бірігіп, анықталған балаларға шыдамдылық, жылы лебізбен, ықыласпен көмек көрсетілді.
Балалардың эмоциялық көңіл-күйі, әлеуметтік байланысы, топтағы балалармен қарым-қатынасы, бейімделу деңгейінде, икемделуінде балаларда кездесетін қиындықтарға ата-аналармен, тәрбиешілерге әр түрлі психологиялық кеңестер берілді.
Балабақшада ата-ана байланысын жақсарту мен тәрбиешілердің ата-аналармен байланысы, қарым-қатынасын анықтау мақсатында балабақшада ата-аналар жиналысы ұйымдастырылып отырды.Топ тәрбиешілерінің арнайы ұсыныстарымен «Балапан» I кіші тобында желтоқсан айында , «Қызғалдақ» ересек тобында қазан айында ата-аналармен тренинг «Сергіту жаттығулар» тақырыбында өтті. Жалпы бөбекжай-бақша бойынша биылғы оқу жылында көмек, ұсыныс сұрап келген жас ата-аналар саны көп болды.
Тәрбиешілер мен педагогтар арасында жүргізілген ақыл кеңестік жұмыстар ретіне келер болсақ, жаңа оқу жылына психологиялық ахуалын жақсарту, көңіл-күйлерін көтеру мақсатында педагогикалық отырыстарда және қалалық семинарларда тренингтер өткізіліп анықтамасы шығарылды.
Бөбекжай-бақшамыздың ұйымдастырылған шығармашылық топтармен дөңгелек үстел өткіздім. Тақырыбым: «Ызақор балалар және олармен жүргізілетін жұмыстар». Бала бойындағы ашу-ызаны басудың тәсілдерін білу. 2.Тәрбиешілердің ойларымен бөлісу. 3.Баланың дамуы мен тәрбиесіне әдіс-тәсілдерді дұрыс қолдана білуіне ұсыныстар беру мақсатында болды.
Өз білімімді арттыру жолында жыл бойы қалалық түрлі семинарларға, қалалық әдістемелік бірлестіктен ашық сабақтарға қатысып кеңестер алдым.
Мектепалды даярлық топтар бойынша диагностикалық жұмыстар біріншіден,тұлғаны зерттеу әдістері бойынша «Ер адамның суретін сал», «Отбасы», «Үй», адам, ағаш» тақырыптарында алынды. Агрессия себептерін жою жолында ойын, тренинг сабақтары жетісіне бір сабақтар өтті. «Мен және менің тобым» тақырыбында топтық әңгіме мен жеке жұмыстар жүргізілді. Жалпы психофизиологиялық дамуы, жетілуі, темперамент күйлері, таным қасиеттері зерттелді. МДТ II кезенініі тәрбиеленушісі Ануарға топ мұғалімінің ұсыныстары бойынша арнайы жеке жұмыстар танымдық қызығушылық әрекетін арттыру мақсатында өткізіліп келді. Жыл сонында 1 сыныпта оқуға дайындығын арнайы Керн Иересек әдістемелік тест арқылы таным жоғары көрсеткіш көрсетті.
Диагностикалық тақырыптар II кіші топтарда «Көлем қорапшасы»(қабылдау), «3 бөлшекті қуыршақ» (ойлау), «2-3кескінделген суреттер»(ойлау,қабылдау), «Жұпталған суреттер»,(байқағыштық, жалпы хабары), «Ойлан не жоқ боп кетті?»(есте сақтауы) тақырыптарында өтілді. Осы алынған диагностикалық тапсырма қорытындысы бойынша түзете дамыту сабақтарында төмен көрсеткіш көрсеткен балалармен ойын сабақтарда көңіл бөлініп , тәрбиешілерге ұсыныстар беріліп отырылды.


Топтардың атауы Есте сақтау деңгейі
Жыл басы Жыл соңы
1 «Жидек» II кіші тобы Жоғары 17,5 29,4
Орташа 24,4 37,3
Төмен 58,1 33,3
2 «Жұлдыз» II кіші тобы Жоғары 18,6 29,3
Орташа 26,5 34,7
Төмен 54,9 36
3 «Қарлығаш» II кіші тобы Жоғары 12,3 21,2
Орташа 30,1 31,2
Төмен 57,6 47,6
Жыл басы

Жыл соңы



Топтардың атауы Зейін дамуы деңгейі %
Жыл басы Жыл соңы
1 «Балапан»
I кіші топ Жоғары 22,8 34
Орташа 23 30,7
Төмен 53,2 35,3
2 «Көбелек»
I кіші тобы Жоғары 13,5 22,6
Орташа 19,2 24,2
Төмен 67,3 53,2
3 «Жидек» II кіші тобы Жоғары 13,2 30,9
Орташа 20,2 31,6
Төмен 66,5 37,5
4 «Жұлдыз» II кіші тобы Жоғары 17,7 20
Орташа 25 34,1
Төмен 57,3 45,9
5 «Қарлығаш» II кіші тобы Жоғары 11,3 24,1
Орташа 52,1 51,7
Төмен 36,6 24,1

Жыл басы


Жыл соңы


№ Топтардың атауы Ойлау дамуы деңгейі %
Жыл басы Жыл соңы
1 «Көбелек» I кіші топ Жоғары 13,76 15,9
Орташа 19 30,8
Төмен 63,3 53,3
2 «Балапан» I кіші тобы Жоғары 10,6 20,1
Орташа 17,3 25
Төмен 72,1 54,9
3 «Жидек» II кіші тобы Жоғары 12,5 25
Орташа 18 33,4
Төмен 69,5 41,6
4 «Жұлдыз» II кіші тобы Жоғары 12,9 30
Орташа 16,9 36,6
Төмен 70,2 33,4
5 «Қарлығаш» II кіші тобы Жоғары 10,8 17,2
Орташа 45,8 45,2
Төмен 43,4 37,6

Жыл басы


Жыл соңы



Топтардың атауы Есте сақтау деңгейі % Зейін дамуы деңгейі % Ойлау дамуы деңгейі %
Жыл басы Жыл соңы Жыл басы Жыл соңы Жыл басы Жыл соңы
1 «Ақбота» ортаңғы тобы Жоғары 24,1 32,6 23,3 30,3 21,6 35,3
Орташа 35,1 41,7 28,5 35,5 28,4 35,5
Төмен 40,8 25,7 48,2 34,2 50 29,2
2 «Қошақан» ортаңғы тобы Жоғары 16,8 23,4 11,5 17,4 16,2 27,3
Орташа 27,2 36,6 33,1 36,6 33,1 39,4
Төмен 56 40 54,8 46 50,7 33,3
3 «Құлыншақ ортаңғы тобы Жоғары 15,5 26,6 15,2 24,4 11,4 24,2
Орташа 39,3 37,2 43,7 41,7 34,3 34,3
Төмен 45,2 36,2 41,1 33,9 54,3 41,5

Есте сақтау



Топтардың атауы Есте сақтау деңгейі
Зейін дамуы деңгейі % Ойлау дамуы деңгейі %
Жыл басы Жыл соңы Жыл басы Жыл соңы Жыл басы Жыл соңы
1 «Ақбота» ортаңғы тобы Жоғары 24,1 32,6 23,3 30,3 21,6 35,3
Орташа 35,1 41,7 28,5 35,5 28,4 35,5
Төмен 40,8 25,7 48,2 34,2 50 29,2
2 «Қошақан» ортаңғы тобы Жоғары 16,8 23,4 11,5 17,4 16,2 27,3
Орташа 27,2 36,6 33,1 36,6 33,1 39,4
Төмен 56 40 54,8 46 50,7 33,3
3 «Құлыншақ ортаңғы тобы Жоғары 15,5 26,6 15,2 24,4 11,4 24,2
Орташа 39,3 37,2 43,7 41,7 34,3 34,3
Төмен 45,2 36,2 41,1 33,9 54,3 41,5

Жоғары топтар бойынша
№ Топтардың атауы Есте сақтау деңгейі % Зейін дамуы деңгейі % Ойлау дамуы деңгейі %
Жыл басы Жыл соңы Жыл басы Жыл соңы Жыл басы Жыл соңы
1 «Салтанат» ортаңғы тобы Жоғары 15,7 28,6 13,1 27,1 17 20,5
Орташа 28,2 33 37,9 39,4 39,4 44
Төмен 56,1 38,4 49 33,5 43,6 35,5
2 «Айналайын» ересек тобы Жоғары 50 69,2 50 73,1 61,5 80,8
Орташа 26,9 19,2 30,7 19,2 23,1 15,4
Төмен 23,1 11,6 19,3 7,7 15,4 3,8
3 «Қызғалдақ» ересек тобы

Жоғары 60 72 56 76 64 80
Орташа 28 20 24 20 20 20
Төмен 16 8 20 4 16 8
4 «Раушан» ересек тобы Жоғары 62,9 77,7 59,3 81,4 55,5 85,2
Орташа 22,2 14,9 25,9 14,9 25,9 11,1
Төмен 14,8 7,4 14,8 3,7 18,6 3,7

Диагностикалық жұмыс қорытындысы бойынша анықталған мәселелер бойынша және топ тәрбиешілері мен ата-аналардың ұсыныстары бойынша психологиялық түзету жұмыстары, жеке жұмыс түрлері атқарылды.
Биылғы оқу жылының қаңтар айында психолог кабинетіне балалардың жан-жақты дамуыны ықпал ету мақсатында «Томик» ағаш ойыншықтар, «Кузнецкая крепост»( топтарға арналған) «Форма и цвет»,«Космос», «Лего», «Электрондық конструктор» әкелінді. Топтық, жеке жұмыс жүргізуде осы көрнекі ойыншықтарды қолдандым. Аталған ойышықтар баланың жан-жақты дамуына, бір-бірімен тығыз қарым-қатынас жасауына, тілінің дамуына үлкен көмек болды.
Әр түрлі жаттығулар, суреттік тесттер, ауызша кеңестер, «құм терапиясы», қол моторикасына арналған арнайы модульдік тақталар (психолог кабинетіндегі) дидактикалық материалдар, құрастыру лего түрлері, ағаш ойыншықтарын жұмыста кеңінен қолдану барысында тәрбиеленушілердің өзіне деген сенімділіктерін арттыраты. Топ балаларында әр сабақта ынта, қызығушылық, жақсы эмоция болды. Ойын барысында зейінділігі, есте сақтауы, тақырыпты қаншалықты түсінуі, өзін-өзі ұстауы бақыланды. Агрессиялық күйлері мен мінез ерекшеліктері бойынша тұлғалық ерекшеліктері анықталды. Балаларға зейін тұрақсыздығына, эмоцияналдық ерік-жігерін тексеру,естіп қабылдау, дыбыс терапиясы, ойлау қабілетін дамытуға әр түлі тапсырмалар түрі, ойын сабақтар, қиялын дамытуда дамытушы ойындар, тіл дамыту жұмыстары психологиялық арнайы әдістемелер жүргізіліп отырылды.
Жалпы бөбекжай-бақшамыздың әр топтарында психологиялық ахуал жақсы қалыптасқан. Осы оқу жылында жаңадан келген жас тәрбиешілер бала мен тәрбиеші арасындағы қарым-қатынас өте жақсы, балаға деген сүйіспеншілігі, жылулығы жағымды жоғары дәрежеде екені байқалды.
2016-2017 оқу жылының жылдық есебін қорытындылай келе, жоспар бойынша қойылған жұмыстар жүзеге асырылып,психологиялық анықтамалар берілді. Келесі оқу жылына психологиялық қызметіме мынадай жұмыстарды іске асыруды жоспарлаймын.
1. Оқу жылының жоспарын өзіндік жетілдіру.
2. Өзіндік білімін жетілдіру деңгейін жоғарлату.
3. Психолог кабинетіне жабдықтау енгізу.( дидактикалық материалдар түрлері, «кинетикалық» песок түрлері, песоктарға арналған подностар (жеке жұмысқа)түрлі-түсті қарандаштар))
4. Өз тәжірибемді басылымдарда жариялау.
Категория: Дошколенок | Добавил: mariyakz2017 (2017-05-21) | Автор: Камшат E W
Просмотров: 1932 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 2:09 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru