Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі Тақырыбы: «Ғажайып бөлмеге саяхат»
Ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: «Ғажайып бөлмеге саяхат»

Мақсаты: балалар арасында жағымды психологиялық климат орнату, өз көңіл-күйңн түсіне білуге үйрету, ұжымдық сезімін дамыту, балалар мен үлкендер арасында мейірімді достық қарым-қатынас орнату, өз ойларын еркін айта білуді қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: баяу әуен, ертегі кейіпкерлерінің суреттері, эмоция пиктограммалары.

БАРЫСЫ
Балалар баяу әуен ырғағымен әуен залына кіреді, қонақтармен амандасады, педагогпен бірге шеңбер құрады.
Педагог-психолог:
- Балалар, бүгінгі сабағымызға келген қонақтарға қараңдаршы, олардың барлығымен амандасайықшы.
- Қайырлы таң! Мен сендерді көргеніме өте қуаныштымын! Балалар, ал сендер ертегі жақсы көресіңдер ме? Ендеше сиқырлы сөздерді айтып, ертегіге аттанайық.

«Кәне кімнің бойы ұзын,
Паровозы ол пойыздың.
Пш-пш-пш»

«Көлеңке» ойындық этюді
- Балалар, бүгін біз сендермен ертегіге саяхат жасаймыз. Келісесіңдер ме? Мен сендердің сиқыршы періштелерің болам, ал сендер менің мейірімді сиқыршыларым болсаыңдар (музыка ойнайды). Менің артымнан тұрыңдар, біз орман арқылы өтетін жолмен барамыз. ол бізді ертегіге апарады, ал онда алуан түрлі аңдар өмір сүреді. Мен сиқырлы таяғыммен сендердің әрқайсыңа жанасамын, сонда сендер менің көлеңкелерім боласыңдар.
- Гүл апара жатқан түлкі сияқты жүреміз.
- Бал ұстаған аю сияқты жүреміз.
- Тас лақтырып жүрген қасқыр сияқты жүреміз.
- Орманда секіріп жүрген қоян сияқты жүреміз.

«Ертегіні тап» жаттығуы.
- Балалар, қараңдаршы, міне тапсырмалары бар хаттар жатыр. Экранда көрсетілген суреттер бойынша ертегіні табу керек екен.

Слайд арқылы ертегі сюжеттері бар суреттер көрсетіледі.

- Жарайсыңдар, балалар! Сендер тапсырманы жақсы орындадыңдар. Әрі қарай жүрейік. Қараңдаршы, мына жолдың үстінде не тұр?

Балалар жолдың үстінде тұрған кішкентай үйшікті көреді, оны қарастырады.

«Олар қандай?» дидактикалық ойыны

Балалар ертегі кейіпкерлерінің мінез-құлықтарын сипаттайды:
түлкі (қу)
әтеш (еңбекқор)
бауырсақ (көңілді)
қоян (қорқақ)
қасқыр (ашулы) және т.б.

- Ой, балалар, қараңдаршы, мына шыршаның астында кім отыр?

Ашулы қасқыр туралы тақпақ
Оған ешкім сенбейді,
Түлкілер де, қояндар да,
Қасқырдан бәрі қашады,
Достасқысы келмейді.

- Шынымен де, қасқыр ешкімге күлімдемейді, бірақ та барлығына өзінің азуларын көрсетіп қорқытады. Қане бір-бірімізге қасқырдың арсылдағанын көрсетейікші.

«Қасқырдың ашуы» артикуляциялық жаттығуы
Мимикамен ашу эмоциясын көрсетеді.

«Ашу сезімі туралы» психологтың балалармен әңгімелесуі
- Балалар, сендер кейіпкерлердің әртүрлі болатындығы жөнінде айттыңдар. Бірақ біздің өмірімізде де жақсылық пен зұлымдық бар. Біраз ойланып көріңдер де айтыңдаршы: барлығы сыпайы, көңілді, мейірімді болған жерде не болады, жақсылық па, әлде зұлымдық па? (жақсылық). Ал ендеше барлығы керісінше: ұрыс-керіс, ашу, тіпті төбелес болған жерде? Ондай жерде мейірімділік пен жақсылыққа орын да жоқ. Қандай балалар ұрысады, бір-біріне жаман сөздер айтады? (ашулы, сыпайы емес, дөрекі).
Әрине, зұлымдық пен ашушаңдық ешкімге пайдасын әкелмейді. Олар тек жағымсыз сезімдерді тудырады: жылау, реніш, қорқыныш және жабырқау. Сендер ашулы итті көргенде не сезінесіңдер? (қорқамыз). Ал ашулы адамдар сендерге ұнайды ма? (жоқ, олармен сөйлескіміз келмейді). Ал бұзық, төбелескіш балалар? (ондай балалармен ойнағымыз келмейді, олармен достасқымыз келмейді).
Қалай ойлайсыңдар: ашулы және дөрекі болған дұрыс па? Балалар, ашулықты өз жүрегімізге енгізбей, кез келген жағдайда сыпайы және мейірімді болу керек.
Бірақ кішкентай қасқыр оны тіпті түсінбейді. Оның ойынша: кім зұлым сол күшті, ол барлығына әмір бере алады және соның арқасында барлық жерде сыйлы болады.
Осындай ойлармен кішкентай қасқыр орман аңдарының балабақшасына келді. Әрі қарай не болғаны сендерге қызықты ма? Ендеше барлығымыз бірге сол ертегіге барайық. Бірақ ол үшін біз кішкентай сыпайы аңдарға айналуымыз керек.

«Балабақшадағы кішкентай қасқыр»
ертегісін сахналау

- Кішкентай қасқыр түлкілердің кубиктермен мұнара құрып отырғанын көріп, жүгіріп барып сындырып тастады.
Қасқыр: Міне сендерге! Маған сендердің мұнараларың ұнамайды.
- Түлкілер беттерін қолдарымен жауып, жылайды. Ал қасқыр кірпілерге бағыт алды, олар доп ойнап жатыр еді.
Қасқыр: Болды, қойыңдар ойнауды! Допты маған беріңдер деймін!
- Сосын қасқыр кірпілерден допты күштеп алып қояды. Кірпілер ренжіп, күрсінді. Ал ашулы қасқыр секіріп жүрген қояндарға беттеді.
Қасқыр: Кетіңдер мына жерден! Мына жер сендерге не саябақ па көңіл көтеретін! Қолымдағы допты жіберейін бе сендерге!
- Қоянда шошып, дірілдеп кетті. Сосын зұлым қасқырдан қашып кетеді.
Олармен бірге өздерінің сүйікті балабақшасынан басқа да аңдар қашып кетті. Себебі ашулы қасқыр келгеннен бері мұнда көңілсіз болып кетті. Қасқыр жалғыз қалып қойды да, жабырқап қалды.

Балалармен ертегіні талқылау.

- Қасқыр балабақшада өзін қалай ұстады?
- Қалай ойлайсыңдар, қасқыр кімге ұнады?
- Кім осы қасқыр сияқты досы болғанын қалайды?
- Ертегінің соңында неге ол жабырқап қалды?
- Қалай ойлайсыңдар, неге қасқыр өзінің ашуымен бірге жалғыз қалды?

- Әрине, аңдар қасқырдың ашуына ашумен жауап бере алар еді: ашуланып, барлығы бірге оны қуып тастай алар еді. Сонда қасқыр әрі қарай кетіп қалар еді, бірақ ол өзінің жаман қылықтарын жасауды тоқтатпайтын еді. Солай ма? Сондықтан да болар, барлық аңдар оның өзгергенін қалады: жақсы және сыпайы болғанын. Сонда біздің қасқыр өзіне жаңа достар табар еді, ал ол туралы мейірімді және көңілді болар еді.
Балалар, біз қасқырға өзінің ашуынан арылуға көмектесейік.

Ертегіні шығармашылық өңдеу.
Ойындық қозғалыстық жаттығулар.

- Аңдар сыпайы қасқырға алғыс ретінде оны шеңбердің ортасына қойып, оған көңілді достар туралы ән айтуды ұйғарды.

«Достық шеңбері» жаттығуы.
Дос болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз, сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.

- Міне, осылай ертегі көңілді аяқталды. Достардың жылулары мен мейірімділіктерінен аспан да ашылды: сұр көңілсіз бұлттар ашылды, күннің көзі пайда болды, ол өзінің жылуын әркімге сыйлады.

«Мейірімді күннің көзі» арт-терапиялық жұмысы

Балалар күннің көзіне шуақтарын салады. Педагог түстердің «ашулы емес» болуын нақтылайды (қоңыр және сұр емес), «мейірімді» болу керек – ашық, қанық түстер (сары, қызыл, қызғылт сары).

Сабақ соңында балалар суреттерін қонақтарға сыйлайды.
Категория: Дошколенок | Добавил: mariyakz2017 (2017-05-21) | Автор: Камшат E W
Просмотров: 899 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 9:04 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru