Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

Тәрбие сағаты: «Молшылық кез -күз»
Джексимбаева Айнур Айазбековна
№2 балабақшасының «Нұрбөбек» -бірінші кіші тобының тәрбиешісі
Текелі қаласының білім бөлімі
Мемлекеттік Коммуналдық Қазыналық Кәсіпорын
Тәрбие сағаты: «Молшылық кез -күз»
Мақсаты: Балалардың бойында адамгершіік қасиеттерін дамыту.
Міндеттері:
-күз мезгілі, күзгі еңбек, күз байлығы, көкөніс пен жемістердің пайдасы туралы балалардың түсініктерін дамыту.
-балалардың сөздік қорларын молайту, тілдерін және ой-өрісін дамыту;
-табиғатты сүюге, қамқор болуға үйрету;
Тәрбиеші1: Армысыздар құрметті ата –аналар, балақайлар!
Тәрбиеші2 : Иә, міне жыл сайын тойлап өтетін үлкен мерекенің бірі «Алтын күз» мерекесі де келіп жетті.
1т: Бұл мереке мектеп өміріндегі дәстүрлі мерекелердің бірі. Күзде жеміс- жидектер пісіп, алтын астық қамбаға құйылатын, төлдер өсіп санаққа қосылатын кезең.
2 т. –Айнур Айазбековна, мен күздің кереметін енді түсіндім.
-Күзді береке дейміз. Өйткені күзде барлық жеміс -жидектер, егін пісіп , мал семіреді.
Күзді-байлық дейміз. Өйткені піскен егін, жеміс-жидектер дүкендерге толады.Молшылық болады.
-Күзді мереке дейміз-адамдар өз еңбегінің жемісін көріп қуанады, мерекелейді.
1 жүрг.:Дұрыс айтасың. Күз - береке, сән - салтанат мереке айы, жиын - терім аяқталған кезде Еңбекшілер «Сабан тойын» өткізсе, мектепте «Алтын күз» мерекесі тойланады.
2 жүрг:
Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - деп келе бүгінгі Алтын күз мерекесін бастауға рұқсат етіңіз.
1 жүргізуші:
Тоңазып отырып
Көп жеміс піседі
Сарғайып жапырақ
Судырап түседі.
Гүл, жапырақ , шөптер де
Қурап солады.
Айтындаршы балалар
Бұл қай кезде болады? /Күзде/
2. Залға сазды әуенімен Күз кіреді.
-Мен күзбін! Өте еркемін! Сәл нәрсеге ренжіп, бұртыйып қабағымды түйе қаламын. Кейде болмашыға өкпелеп, көз жасымды алмай төгіп-төгіп жіберемін. Әйтсе де менің жомарттығым мен ақ көңілдігімді бәрі де ұнатады.
-Менің айларым -еңбек ерліктің айы. Отан қоймасы алтын астыққа толады. Диқандар еңбек жемісіне келетін береке айы, берекесін тойлайтын , мереке айы . Сондықтан да мені жұрт « Алтын күз» деп айтады.
(Ырғала билеп үш қыз ерткен күз келеді)
Күз: Балалар, мында менімен еріп келген үш қызым, Қыркүйек, Қараша, Қазанның да өнерлерін көріп тамашалаңдар.
Қыркүйек:
Күздің тамыз айында,
Алма, алмұрт піседі,
Жапырақтар сарғайған
Сыбдыр, сыбдыр түседі.
Қазан:
Сыңғырлайды қоңыраулар,
Қыркүйек айында.
Сағынышпен біз барамыз,
Өнер білім тойына.
Қараша:
Қазан айы басталды,
Құстар қайта бастады.
Туыстық, адал достықпен
Жалғаса берсін өмірлерін.
Жүргізуші:
Мінеки, балалар Күз айларымен таныстыңдар.
Өнім биыл тамаша!
Көз тоймайды қараса:
Сәбіз, пияз, қияр, картоп,
Бұршақ, асқабақ, қызылша,
Қызанақ, орамжапыраққа қарашы.
Жүргізуші:
Көкөністер бір жерде жиыла қалып дауласты.
Балалар (хормен):
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
1-бала: (Бұршақ)
Кішкене түймедеймін мен
Ұнаймын мен бәріне
Дәмді тағамдарымен
Сый жасаймын бәріңе!
2-бала: (Қызылша)
Мен де бір сөз айтайын
Мақтанайын сіздерге.
Менсіз борщ болмайды
Салатым да үстелде.
3-бала: (Орамжапырақ)
Мақтанғаннан не пайда?
Менсіз дәмді щи қайда?
Мені қосса самсаға,
Бәрі жейді тамсана.
4-бала: (Қияр)
Дәмім тілді үйірген
Мен тұздалған күйімде!
Жаңа піскен кезімде
Жейді бәрі сүйсіне!
5-бала: (Шалқан)
Кім білмейді шалқанды?
Талайлар маған таң қалды.
Бәріне сый боламын
Тауып көр менен дарханды.
6-бала: (Сәбіз)
Кім бар сәбіз шырынын
Жастайынан ішпеген?
Мені жеген адамдар
Кем болмайды күшке де!
7-бала: (Асқабақ)
Өсем бақша-бауында
Қатты ұқсаймын қауынға
Жемек болып шикідей
Күлкі болмай қауымға.
8-бала: (Қызанақ)
Піскен кезде қызанақ
Көз тартар қызыл түсімен
Бар ма адам сүйсінбей,
Томат шырын ішпеген?
9-бала: (Пияз)
Боламын мен дәмдеуші
Барлық-барлық тағамға
Көкөністер ішінен
Мен пайдалы адамға.
10-бала: (Картоп)
Мен ұялшақ картоппын
Мен емеспін мақтанар
Мені жақсы көреді
Үлкендер мен балалар.
Жүргізуші:
Бос айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық!
Көкөністер барлығы:
Жиналып қаппыз бәріміз,
Қайсымыз ең дәмдіміз?
Ішімізден адамға
Тиеді көп пайдамыз?
Жүргізуші:
Көкөністер бәріде
Денсаулыққа пайдалы
Мұны жақсы біліңдер,
Оларды жақсы көріңдер.
«Көкөністер биі»
жүргізуші: Кездескен соң күзімен,
Бұтағынан үзілген.
Ай жапырақ- сары алтын:
Айналада бәрі алтын.
Қуандырып біздерді
Мерекелі күз келді.
Кел, жемісті алтын күз:
Қуансын, кәне, халқымыз.
Күз: Әсел ерен достарым,
Өмірге көп қосқаным.
Қымбатты сый алыңдар
Қызығыма қаныңдар.
Молайтыңдар шаттықты.
Күз: Рахмет, балалар, өнерлеріңе.
Ризамын өнершіл өреніме.

Мен алмұртпын, алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттын.

Мен алмамын, алмамын,
Таңдай жұлар бар дәмім.

Бұтақтан үзілген
Жарылса анармын
Моншақтай тізілген,
Дәндерін аламын.

Мен жүзіммін, жүзіммін
Моншақ болып тізілдім.

Өрікпін, мен өрікпін,
Бау-бақшаға көрікпін
Баптап мені күткен соң,
Талды бойлап өріппін.

Мен шиемін, шиемін,
Күннің көзін сүйемін.
Қышқыл шырын менде бар,
Төмен бас иемін.

1- жүрг: -Айгерім, күздің ең керемет байлығын көрдің бе?
2- жүрг.- Ол не Айнур Айазбековна?
Жамбыл: -Ол деген егін.
Егін дегенім-дән.
Дән дегенім нан емес пе?
Біздің бар байлығымыз нанға толды.
Нан –бақытты өмірдің бастауы, нан ән мен жырдың өзегі.
Нан қасиет, нан -береке, нан-мереке емес пе !

Жүргізуші: Бидай, арпа, тары бар
Сұлы, күріш бәрі бар.
Әне жырлап барады,
Сөзге құлақ салыңдар.
(Ортаға музыка әуеніне ырғала билеп дақылдар шығады).
1 Жүргізуші:- Рахмет сендерге, дақылдар, төрлетіңіздер.
Қызды қайнап ел ісі,
Қызыл қырмен жер үсті,
Елдің тойып жүргені,
Еңбегінің жемісі.
Әне қызыл алмалар
Әсем бақтың жұлдызы,
Алма терген балалар,
Албырайды нұр жүзі.

2 Жүргізуші: Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді.
Жемістерін жинауға,
Шақырады біздерді.
Қане, балалар, осындай молшылық күз айына арналған «Жеміс-жидек» ойынын ойнайық .

Жүргізуші: Құстар қайтты ән салып,
Бұлт торлады аспанды.
Қыс келеді жар салып,
Күзгі суық басталды.
Жүргізуші: Аю жатыр үйінде,
Төрт түлік мал күйінде.
Барлық аңдар шаттанып,
Басты күздің биіне.
(Ортаға қоян, тиын келеді)
Қоян: Қуып мені састырған,
Құтылмадым қасқырдан.
Аңғармасын жонымды деп
Ауыстырдым тонымды.
Күз: Ол бір ісің орынды,
Қуатпаймын аныңды.
Тоның қандай қонымды.
Тиын: Еркін жүрген тиінге
Жаңғақ теру қиын ба?
Күздің алып сыйларын
Қыстық азық жинадым.

1 жүрг: -Балалар, келген қоңақтардың құрметіне өз өнерлерімізді көрсетейік.
2 жүрг: -Жас өнерпаздарымыздың орындауларында шағын концертімізді көруге шақырмыз.
1 жүрг: - Күз мезгілінде тек жеміс жидектер ғана пісіп қоймайды, табиғатта да өзгерістер болады. Желмен найзағай егер бізбен ойнамасаң селкілдеп тұрып,жаңбырлатамыз -деп менің соңымнан қуып болмайды.
2 жұрг: Балалар ондай болса күнге көмек көрсетейік. Ойынсыз мереке бола ма? Мен сіздерді ойын ойнауға шақырамын.
Ойын «Кім жылдам?» (себеттерге жемістер, көкөністер жинау)
Жүрг:
Алтын күз сіз бен бізге шуақ шашсын.
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Ән: «Күз жомарт» барлық балалар
Тәрбиеші: Сау-сау етіп жапырақ
Сабағынан үзілді.
Қоңыр тарта отырып
Көкте құстар тізілді.
Ақтарады мырза күз
Уылжыған жемісін.
Күзге біз де ризамыз
Аянбаған ел үшін.
Барлығы: -Рахмет күз саған, қош бол Алтын күз!
Категория: Дошколенок | Добавил: sandi (2018-11-20) | Автор: Джексибаева Айнур Айазбековна E W
Просмотров: 823 | Комментарии: 1 | Теги: прекрассная пора, Дети, осень | Рейтинг: 3.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 11:59 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru