Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Дошколенок

«Балапан» 2 –ші кіші тобында ұйымдастырылған ашық оқу қызметі
Тәрбиеші: Таяпбергенова Г.Б
Білім беру саласы: Таным, Коммуникация,Әлеумет
Бөлімі: Вариативтік компонент
Тақырыбы: «Қайдасың Маша?»
Мақсаты:
Тәрбиелік: Достық пен жанашырлыққа тәрбиелеу. Жолдастық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балаларға қойылған сурақтарға дұрыс жауап беріп, сөздік қорларын дамытып, тіл байлықтарын молайту.Қазақша сөйлеу тілдерін дамыту, сөздерді анық, әрі дұрыс айтуға баулу. Сөздерді анық айтуға,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Білімділік: Ертегідегі кейіпкерлерді атай білу,заттардын түсін,көлемін ажырата білу. Ертегілер туралы білімдерін бекітіп, өтілген тақырыптарды пысықтай отыра, балалардың ойлау қабілеттерін ұштау.
Полилингвальді компонент: Апа –бабушка- grandmother,Ата-дедушка- grandfather,
Бауырсақ –колобок- bun, Қоян-заяц- hare, Қасқыр- волк- wolf, Аю-медведь- bear
Түлкі-лиса- fox
Керекті құрал- жабдықтар: ертегі кейіпкерлері, мнемотаблица
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Ізденушілік- мотивациялық
кезең Балалар, бүгін бізде ерекше оқу қызметі болады. Бізге қонаққа басқа топтың тәрбиешілері келіп отыр. Қане, бұл кісілерді көргенімізге қагшалықты қуанышты екенімізді көрсетекші. Екі алақанымызды жүрегімізге қойып, жүрегіміздегі жылуымызды жинап, қонақтарға қарап қолымызды созып алақанымыздағы жылуымызды үрлейміз. Балалар тәрбиешімен бірге қонақтарға жылуларын шашады.
Ұйымдастыру
шылық кезең Біреу есік қағады. Топқа әже кіреді /көңілсіз/
-Сәлеметсіз бе, апа.
-Неге көңіл- күйіңіз жоқ?
Әже: -Мен немерем Машаны жоғалтып алдым. Орманға саңырауқұлақ теруге кеткен еді, әлі келмеді. Сендерден көмек сұрауға келдім. Маған Машаны табуға көмектесіңдерші.
-Балалар, әжеге көметсесеміз бе? Жарайсыңдар балалар. Онда Машаны іздеуге жолға шығайық. Бірақ орманға қандай көлікпен барсақ болады? Сендер қандай көліктер білесіңдер? Жарайсыңдар.
-Маған бір ой келді орманға сиқырлы әуе шарымен ұшып барайық. Ол үшін біз көзге көрінбейтін шарларды үрлеуіміз керек.
Тыныс алу гимнастикасы. Қане, бәріміз шар үрлейік. Мұрнымызбен демді ішке тартамыз, аузымыздан шығарамыз /ш-ш-ш/.
-Ал енді жерге қонуымыз керек. Шарлардың ақырында желі шыға бастайды. Терең дем алып шығарады /с-с-с/
-Міне, ертегілер еліне де келіп жеттік.
-Бұл не? Алдымызда өзен ағып жатыр, ол жерде көпір жоқ. Тек бірнеше тастар ғана жатыр екен.Бұл тастарды басып мән- мағынасы бір –біріне қарама- қарсы қоладынылатын сөздерді айтқандар ғана секіріп өте алады:
Дидактикалық ойын «Антоним-сөздер»
Мейірімді- залым
Батыр- қорқақ
Ақылды- ақымақ
Еңбекқор- жалқау
Көңілді- көңілсіз
Дос-жау
Алыс- жақын
Шындық- өтірік
-Балалар, мына жерде бір қорап тұр. Ішін ашып көреміз бе? Ішінде не бар екені түсініксіз. Балалар, тауып көреміз бе?
Жаттығу «Оқиғаларды ретке келтір»
Дұрыс айтасыңдар бұл «Бауырсақ» ертегісі. Ертегі кейіпкерлерін еске түсірейікші.
Полилингвальді компонент:
Апа –бабушка- grandmother
Ата-дедушка-grandfather
Бауырсақ –колобок- bun
Қоян-заяц- hare
Қасқыр- волк- wolf
Аю-медведь- bear
Түлкі-лиса- fox
Қай кейіпкер /үлкен, залым, қу, өзіне сенімсіз, ұялшақ/
-Балалар, қалай ойлайсыңдар, ертегі кейіпкерлерінің балрығының көңіл-күйлері бірдей болды ма? Онда көрсетуге тырысайықшы.
-Апа бауырсақты пісіріп жатқанда көңіл-күйі қалай болды?
-Ата бауырсақты көргенде қалай қуанды?
-Бауырсақ ата мен ападан қашып бара жатқанда көңіл-күйі қалай болды?
-Бауырсақ пен қоян/ қасқыр, аю, түлкі/ кездескенде қандай көңіл-күй болды?
-Онда, саяхатымызды ары қарай жалғастырайық. Балалар, мына жерде біреу жылап отырған сияқты естисіңдер ме. Бұл қоян ғой. Қоянмен амандасайық. Сен неге жылап отырсың?
Қоян: Неге жыламайын. Түлкі екеуіміз дос едік. Ол мұздан үй салды, мен ағаштан салдым. Көктем шыққанда оның үйі еріп кетті. Ол мені алдап үйімнен қуып жіберді.
-Балалар, бұл қай ертегі кейіпкерлері? Дұрыс айтасыңдар. Енді не істейміз, балалар? Қоянға қалай көмектессек болады екен.
-Дұрыс, айтасыңдар. Қоянға жаңа үй құрастырып берейік.
/геомтериялық фигуралардан үй құрастыру/
-Үйдің қабырғасы қандай геометриялық фигурадан жасадық? Түсі қандай?
-Төбесін ше? Оның түсі қандай
-Терезесі мен есігі қандай геометриялық фигураға ұқсайды?
-Үйдің оң жағында не өсіп тұр? Ол қандай геометриялық фигураға ұқсайды? Тұсі қандай?
-Сол жағында не тұр? Ол қадай геометриялық фигурадан жасалған? Түсі қандай?
-Қоян саған балалардың құрастырып берген үйі ұнады ма?
-Жарайсыңдар, балалар
Қоян: менің көңіл- күйім керемет болды, енді сендермен көңілді сергіту сәтін жасағым келеді.
-Қоян сенің көңіл- күйің көтерілді ме? Ондай болса біз сенімен қоштасамыз.
Жолымызды жалғастырайық.
-Қараңдаршы, біреу мында бізге арнап мына суреттерді қалдырып кеткен сияқты. Бұл суреттер жай суреттер емес, оған қарап тұрып бір оқиға желісін құрастыруға болады. Бұл мнемокесте деп аталады. /Маша болып киінген қыз шығады/
-Балалар, біз іздеп жүрген Машаны тапқан сияқтымыз. Ол міне аюлардың үйіне келіп шаршап үйықтап қалған сияқты.
-Машаны тапқанымыз туралы әжесіне тезірек айтайық.
- Қане, шарларымызды қайтадан үрлеп жолға шығайық. Тыныс алу гимнастикасы.
Міне тобымызға да келдік.
-Әже біз сіздің немереңіз Машаны таптық.
Әже: Рахмет, сендерге балаларым. Машаны табуға көмектескендерің үшін сендерге тәтті тоқаш пысырып қойдым. Дәм татыңдар
Сәлеметсіз бе
Балалар әжеге Машаны табуға көмектесетіндері жайлы айтады.
Балалар өздері білетін көлік түрлерін атайды.
Балалар тәрбиешімен бірге тыныс алу гимнастикасын жасайды.
қолдарымен шарды суреттеп ұшады.
Балалар тәрбиешінің айтқан сөзіне керісінше антоним сөздерді атайды.
ағып жатқан өзеннен тастарды басып антоним сөздерді айтып секіріп өтеді.
Иә
Балалар қорапты ашып көреді.
/балалар ертегіні ретке келтіріп, бұл қай ертегі екенін айту керек/
Бұл «Бауырсақ» ертегісі.
Тәрбиешінің соңынан үш тілде сөздерді айтады.
Балалар ертегі кейіпкерлерінің міне- құлықтарын айтады.
/балалар көңіл-күйлерін, іс-қимылдарын көрсетеді/
Уайымдап тұрды
Қуанды
Көңілді
Ұялшақ, әдепсіз, залым, қу
Балалар тәрбиешімен бірге жолға шығады.
Сәлеметсіз бе
Қоянның айтқандарын мұқият тыңдайды.
«Қоянның үйшігі»
Қоянға жаңа үй салып берейік.
Төртбұрыш,
Үшбқрыш, қызыл
Тіктөртбұрыш
Шырша ағашы, үшбұрыш,
Жасыл
Аққала, домалақ, ақ
Қоянмен бірге қимылды орындап, денелерін сергітіп алады.
Сау бол, қоян.
Балалар мнемокестеге қарап «Үш аю» еретгі желісін айтады.
Балалар тыныс алу гимнастикасын жасайды.
Тәтті тоқаштан дәм татады.
Рефлексивті- түзету кезеңі -Балалар, бұгін біз қайда саяхатқа бардық?
-Ол жерде қандай ертегі кейіпкерлерін көрдік?
-Қандай тапсырмалар орындадық?
-Сендерге саяхатымыз ұнады ма? Жарайсыңдар. Ертегілер еліне
Қоян
«Бауырсақ» кейіпкерлерін үш тілде айту, геом фигураларды атау, түстер, мнемокесте
Күтілетін нәтиже:
Нені білуі керек: Геометриялық фигура түрлерін, түстерді, ертегі кейіпкерлерін, жақсы-жаман түсінігі,
Нені игереді: кесте арқылы ертегі желісін айтуды
Нені біледі: достық, жанашырлық сезімдерін
Категория: Дошколенок | Добавил: taapbergenovaguldana (2020-03-16)
Просмотров: 229 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 3:52 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru