Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Особые дети

"Мектеп сөмкесі" ғылыми жоба
Қайырбек Оразов атындағы
Аралағаш орта мектебі
Аққайың ауданы
Солтүстік Қазақстан облысы
7- сынып оқушысы
Мейрманова Адинаның
«Мектеп сөмкесі оқушы денсаулығына әсері»
тақырыбына жазылған
зерттеу жұмысына

Аңдатпа
Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мәселені қамтитын негізгі бөлімі мен қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеу тақырыбының өзектілігі, қарастырылған нысан жөнінде мағлұмат берілді, жобаның мақсаты мен сол мақсатқа жету үшін орындалатын міндеттер көрсетіледі. Бұл жобаның сәттілігіне жету үшін қолданылған әдіс-тәсілдер туралы айтылады. Теориялық және практикалық мәні қандай екендігі туралы да сөз қозғадым.
Негізгі бөлім үш тараудан тұрады: «Мектеп сөмкесінің шығу тарихы» деп аталатын бірінші тарау сөмкенің пайда болу тарихына үңіледі. Екінші тарауда заманауй сөмкелердің түрлері туралы айтылып, көрсетілген. Осы жобаның мақсатына сай, дұрыс таңдалмаған мектеп сөмкесінің оқушы денсаулығына тигізетін әсері туралы айтылып, сөмкені қалай таңдау қажеттігін сатушы- кеңесші мен дәрігердің кеңесеріне сүйене отырып, үшінші тарауда айтуды да жөн көрдім. Қорытынды бөлімде оқушы сөмкесін дұрыс таңдау үшін ұсыныстар жасадым.
Жұмыс барысында негізгі мәселені ашу мақсатында тақырыпқа сай қажетті материалдар жинақталды. Ол үшін мектеп кітапханасындағы газет, журналдарындағы ақпаратпен танысып, интернет жүйесіндегі мәліметтер жинақталды.
Мазмұны:
Кіріспе
І. Негізгі бөлім:
1.1 Мектеп сөмкесінің шығу тарихы.
1.2 Мектеп сөмкесінің түрлері.
1.3 Дұрыс таңдалмаған мектеп сөмкесі оқушы денсаулығына тигізетін әсері және одан құтылу жолдары.
ІІ. Эксперименттік бөлім:
2.1 Мектеп оқушылары арасында сауалнама өткізу.
2.2 Дәрігер және сатушы- кеңесшімен сұхбаттасу .
2.3 Мектеп оқушыларының сөмкелерін зерттеу.
2.4 «Мектеп сөмкесін дұрыс таңдау бойынша» нұсқаулық парағын жасау
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар

Кіріспе
Әр оқу жылының басында оқушылар ата-аналарымен бірге мектепке арналған сөмке таңдауға дүкендер мен базарларға барады. Бастауыш сынып оқушылары үшін бұл қуанышты да, маңызды іс, ал жоғары сынып оқушыларына бұл ондай маңызды болмауы да мүмкін. Сөмке бұл қажетті де, маңызды оқу құралдарының бірі болып табылады. Оның әдемі де, ыңғайлы болуын барлығымыз қалаймыз ғой. Оқу жылының басында біз үзіліс кезінде құрбыларымыздың сөмкелерін қарастырып, қызықтаймыз. Өзіміздікімен мақтанамыз. Барлығымыздың сөмкелеріміз әр-түрлі. Түстері де, формалары да, суреттері де. Сонымен оқушы сөмкесі қашан және қалай пайда болды екен? Оны қалай таңдау керектігін, дәрігерлердің пікірін білу мақсатында мен мектеп оқушыларының сөмкелерін зерттеуге кірістім және дұрыс таңдалмаған мектеп сөмкесінің оқушы ағзасына кері әсер ететінін дәлелдемекпін.


Тақырыптың өзектілігі
Қандай адам болмасын ең алғашқы өзінің таңдаған маманына апаратын алғашқы қадамы мектеп табалдырығынан басталады. Әрбір адам өмірінің 10 жылдан астамын мектеп сөмкесін көтерумен өткізеді, барлығымыздың сөмкелеріміз әр түрлі болады. Сондықтан мектеп сөмкесін таңдағанда үлкен мән беру қажет деп есептеймін. Дұрыс таңдалмаған мектеп сөмкесінің оқушы денсаулығына теріс әсері бар екенін барлығы ойлана бермейді. Әрине, бұл тақырып зерттелмеген құбылыс деп айтуға келмейді, бірақ мектеп оқушылары мен олардың ата- аналары бұл жөнінде толық ақпараттанбағандықтан (дұрыс таңдау білсек барлығымыздың сөмкелеріміз бірдей болар еді) жұмыс барысында жасалған қорытынды маңызды болады деп есептеп, бұл сұрақ қазіргі уақытта өзекті мәселе болғанына ешбір күмәнім жоқ.

Жұмыстың мақсаты: 1. Мектеп сөмкесінің тарихымен танысып, дұрыс таңдалмаған түрлері оқушы денсаулығына қаншалықты қауіпті екендігін анықтау.
2. Мектеп оқушыларының сөмкелерін зерттеу және талаптарға сай екенін анықтап білу.

Міндеттері:
1. Мектеп сөмкесінің шығу тарихы және түрлері туралы әдебиеттерді оқып- танысу.
2. Дұрыс таңдалмаған және ауыр сөмкенің оқушы денсаулығына кері әсер ететінін дәлелдеу.
3. Оқушылар арасында сөмкені қалай таңдайтыны туралы әлеуметтік зерттеу жүргізу.
4. Мектеп сөмкесінің массасымен оқушының массасын өлшеп сараптама жасау
5. Мектеп сөмкесін дұрыс таңдау үшін нұсқаулық, ұсыныс жасау.
Зерттеу гипотезасы: Сөмкені дұрыс таңдаса оқушының денсаулығына теріс әсерін тигізбейді.
Зерттеу жұмысының нысаны : Зерттеу жұмысының нысаны ретінде оқушылар және олардың денсаулықтары. Оқушының мектеп сөмкесі.
Зерттеу әдістері
Жоғарыда аталған мақсат- міндеттерді орындау үшін зерттеудің тиімді әрі нәтижелі әдіс- тәсілдер қолданылды:
теориялық талдау: журнал, газеттерден мәліметтерді іздестіру, әдебиеттерді зерделеу, интернет желісіндегі ақпаратпен танысу, жинақтау;
эмпирикалық әдіс: сұрау, сұхбаттасу, бақылау;
әлеуметтану: сауалнама;
салыстыру, зерделеу, қорыту әдістері.
Ғылыми жобаның зерттеу алдындағы болжам
Егер оқушылар мектепке арналған сөмкені дұрыс таңдаса және оны қолдану кезінде ұсыныстарды үнемі ескерсе, онда олардың денсаулықтарына қауіпті әсер азайып, өз денсаулықтары туралы ойланатын дені сау ұрпақ болады деп сенемін.
Ғылыми жобаның жаңашылдығы
Аталған ғылыми жоба дұрыс таңдалмаған мектеп сөмкесі оқушы ағзасына әсерін түсіндіре отырып, дұрыс таңдау жөнінде ұсыныстар жасалады.
Зерттеу жұмысының кезеңдері
І кезең: оқушы сөмкесінің шығу тарихы, оның түрлері туралы деректер жинау, мазмұнын зерттеу.
ІІ кезең: дұрыс таңдалмаған оқушы сөмкесінің адам ағзасына әсері туралы ақпаратты жүйелеп, талдау.
ІІІ кезең: өз мектебімдегі оқушылардың сөмкелерін зерттеу, кері әсерін анықтау мақсатында зерттеу жүргізіп, дәлелдеу.
ІҮ кезең: оқушы сөмкесін дұрыс таңдау жөнінде ұсыныстар әзірлеп, жариялау.
І. Негізгі бөлім
1.1 Мектеп сөмкесінің тарихынан
Ол қалай пайда болды? Мүмкін кітаптармен және дәптерлермен бірге шығар. Көптеген жылдардан бері оқушының сөмкесі танымастай болып өзгерді. Соғысқа дейін кезеңдерде жай ғана қолдан тігілген формасыз дорбалар, теріден тігілген шағын қапшықтар болды. Сол кезде мектепке сөмкесіз барсада болар еді, өйткені оқу құралдарынан тек оқулық, соның өзінде тек ұстазда ғана болды.
Дәптерлер мен оқулықтар портфельдерде тек соғыстан кейінгі жылдары ғана салына бастады. Соның өзінде көбі әкелерінен қалған, соғыс алаңын көрген сөмкелер (полевые сумки) болды. Сол кездегі сөмкелерде арқабау деген атымен болмаған. Оқушының сымбаты туралы ойланатын шама да болған жоқ ол кезде. Бірақ өмір бір орында тұрмайды. Қажеттілік туындағасын мектеп сөмкесінің түрлері де шыға бастады.
Портфельдер 1960-1980 жылдар аралығында көп қолданылды. Совет үкіметінің тұсында барлық оқушылардың портфельдері біркелкі және түстерінің айырмашылықтары да аз болған. Ол кезде жасанды теріден, формалары мен көлемдері бірдей портфельдер тігілді. Өйткені совет балалары тең болу керек деген идея болды.
1981жылы Олимпиаданың өтуіне байланысты мектеп сөмкелерінің орнына жоғарғы сынып оқушылары спорттық сөмкелер ұстау сол кездің модасы деп санайтын. Әртүрлілік 90 –жылдарда төңкеріспен бірге ене бастады. Қазіргі таңда сөмкелердің түрлері өте көп. Түстері, формалары, суреттері туралы келесі тарауда тоқталамын. [1]
1.2 Мектеп сөмкесінің түрлері
Портфель сөзі француз сөзінен шыққан. «Носить лист» деген мағынаны білдіреді. Мектеп сөмкесінің түрлері жылдан- жылға көбейіп келеді. Оның себебі жаңа гаджеттердің пайда болуымен және жаңа пәндердің енгізілуімен түсіндіруге болады. Бүгінгі күні ең көп таралған түрлерге жататын мектеп сөмкелеріне тоқтала кетейін:
Арқасөмке Рюкзак (ағыл. Backpack). Ең танымал мектеп сөмкесі. Ұзындығы реттелетін жалпақтығы әр түрлі баулары болады. Қаттылығы әр түрлі арқасөмкелер де бар. Мысалы, пішінін өзгертетін жұмсақ арқа сөмке. Мұндай сөмке тек жеңіл әрі жұмсақ заттарды тасуға пайдаланған жөн.
Ранец. Өзінің формасын өзгертпейді. Мектеп портфеліне ұқсас түрлері де кездеседі. Өте ыңғайлы, бірнеше қалташықтары мен бөлімдері бар. Арқа баулары жалпақ, әрі ұзындығын баланың бойына ыңғайлы етіп келтіруге болады.
Тележка (rolling bag). Сыртқы түрі чемодан немесе кофр, қосымша конструкциялары, жүк таситын сөмкелерге ұқсас жылжымалы ұстағышы мен дөңгелектері бар. Мектепке көп кітап таситын оқушыларға арналған. Кемшілігі- ондай сөмкелер қымбат, баспалдақтан көтерілу қиын және қоғамдық көліктерде тасу ыңғайсыз.
Tote. Сөмке Tote – үстіңгі бөлігі ашық, екі тұтқасы бар, көлемі жағынан үлкен сөмкелер, көп зат сияды. Соңғы уақытта үстіңгі бөлігі магнитпен немесе замокпен жабылатын түрлері көп кездеседі. Бұл жоғарғы сыныптың қыздарына стильді түрі болып табылады. Оң жақтары- мұндай сөмкені мектептен тыс тасуға болады.

Почтальон сөмкесі, – «почтальонка» (messenger bag). Көп зат сиятын, бірақ көлемі ондай үлкен емес жұмсақ сөмке. Бір жалпақ тұтқасы (ұзартып немесе қысқартуға болатын) және үлкен клапаны бар. Мұндай сөмкеге стандартты мөлшерлі оқулықтар мен дәптерлер және А4 форматты қағаздар мен құжаттар, сонымен қатар ноутбук, iPad, мобильді телефон, жазу құралдары салуға ыңғайлы, жоғарғы сынып оқушыларының арасында кеңінен қолданылады.

Портфель, дипломат. Классикалық стильдегі үлкенлердің құжаттар салатын іскерлік сөмкесіне ұқсатып жасалған. Совет үкіметі кезіндегі ең танымал сөмке. Қазір- ескі модельдер түріне жатады.

Ноутбукке арналған сөмке. (laptop bag), IPod –дың пайда болуымен сөмкенің IPod bag түрлерінің шығуына себепші болды. (сумка для IPod). Мұның ұзын иыққа асатын және жай ғана қолға ұстайтын тұтқасы бар. Негізгісі бұл сөмке ноутбукті сынудан сақтайтын бөлімдері бар. [2]

1.3 Дұрыс таңдалмаған мектеп сөмкесі оқушы денсаулығына тигізетін әсері.
Қандайда болмасын ауыр салмақ оқушының омыртқа жотасымен арқа бұлшық еттеріне нашар әсер етеді, бұл факт. Және жас ұлғайған сайын оның зардабы үлкейе түседі. Ресей зерттеушілерінің еңбектеріне сүйенсек дұрыс таңдалмаған мектеп сөмкесі 50% сколиоздың пайда болуына әкеледі деп айтуда.
Сколиоз (көне грекше: σκολιός, лат. scoliōsis — қисық, қисайған) — омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы. Сколиоздың туа бітетін және жүре пайда болатын түрлері бар. Жүре пайда болатын сколиоздың себебіне қарай рахиттік, статик, неврогендік және үйреншікті (идиопатик) түрлері болады. Статикалық сколиоз омыртқаға түсетін күштің бірқалыпты болмауынан дамиды. (мысалы, скрипкашылар, тігіншілер, т.б.). Неврогендік сколиоз полиемиелитпен ауырған балаларда кездеседі. Үйреншікті сколиоз арқа, жауырын, бұлшық еттерінің қалыпты дамымауынан болады. Омыртқа бойында орналасқан бұлшық еттердің әлсіз болуы омырқаға түскен әр түрлі күштердің әсерінен омыртқаның біртіндеп бір бүйірге қарай қисаюына әкеледі. Бұл мектеп жасындағы балаларда жиі кездеседі. Сондай-ақ сколиоздың бөлшектенген (омыртқаның тек бір бөлегінің қисаюы); тұтас (омыртқаның толықтай қисаюы); сыртқы пішініне қарай: біржақты және S тәрізді түрлері ажыратылады. Емі: консервативті әдіс бойынша — арқа, жауырын тұсындағы бұлшық еттерді арнайы гимнастика, массаж, дәрі-дәрмек, әр түрлі корсеттерді пайдаланып нығайту, хирургиялық әдіс бойынша — консервативті ем нәтиже бермеген жағдайда, ауто-гомотранспланттарды қолданып, омыртқаны бір қалыпта бекіту үшін операция жасау. Сколиоздың салдарынан ішкі мүшелер және ми зардап шегеді.[3]
Енді осы «ауыр» және «ыңғайсыз» проблемадан шығу жолдарды іздеп көрдім. Осындай мәселенің туындап отырған себептерін анықтадым:
1- Қазақстанда мектеп сөмкесінің қандай болуы керектігін қадағалайтын мемлекеттік стандарт жоқ (Ресейде 2003 жылы шықты).
2- Мектеп оқулықтарының көп және ауыр болуы.
3- Жасына сай таңдалмаған сөмке.
Жоғарыда айтылған мәселелерді шешу жолдарын іздеп көрдім:
1. АҚШ-та ауыр сөмке ұстамас үшін екі комплект оқулық пайдаланады. Біреуі мектепте, екіншісі үйде, әр оқушының өз жәшігі бар.
2. Қытайда мектеп сөмкесін дәрігерлердің тексеруінен кейін ғана шығаруға рұқсат етіледі.
3. Тайванда электронды мектеп сөмкесін ойлап табуда. Онда күнделік, дәптер, оқулық болады.
4. Израильде білім беру министрлігі бекіткен мектеп сөмкесінің массасын ата-аналар комитеті қадағалайды.
5. Малайзияда оқулықтың орнына ноутбуктер қолданады.
6. Европаның кейбір мемлекеттерінде оқушылар күнделікті лекцияларын тек көшірме түрінде қағазбен ғана алады.
7. Швецияда мүлдем сөмке ұстамайды, өйткені 8-сыныпқа дейін оқушыларға үй жұмысын бермейді.
8. Тағы бір мемлекеттерде әр оқу тоқсанына бөлек оқулық шығармақшы.

ІІ. Эксперименттік бөлім:
2.1 Мектеп оқушылары арасында сауалнама өткізу, сараптау. (қосымша А)
Сауалнамаға 39 оқушы қатысты.
Зерттеу жұмысының алғашқы қадамы сауалнама жүргізу барысында төмендегідей нәтижелерді анықтадым.

Сауалнаманың қорытындысы










Сараптама нәтижесіне сүйенсем, оқушылар қара түсті сөмкелерді көп таңдайды. «Сөмкені сізге кім таңдайды?» деген сұраққа оқушылар «өзім таңдаймын» деп жауап берді. «Үйден мектепке дейін сөмкені көтеріп әкелу сіз үшін ауыр ма?» деген сұраққа оқушылардың 70 % «жоқ» деп жауап берген.
2.2. Дәрігер және сатушы- кеңесшімен сұхбаттасу .
а) Осы жобаны жазу барысында мен Лесной емханасының І категориялы жалпы тәжірибелі дәрігер С.В. Захаровамен сұхбаттасу (қосымша В-видео) кезінде дұрыс таңдалмаған сөмкенің оқушы денсаулығына қалай әсер ететіні туралы көп мәлімет алдым. Атап айтқанда, «Дұрыс таңдалмаған мектеп сөмкесі оқушы ағзасына кері әсерін тигізе ме?» деген сұраққа мынадай
жауап алдым. «Әрине кері әсерін тигізеді. Әсіресе жаңа мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндердің омыртқа жотасы қатаймаған, нәзік болып келеді. Балалар оқып жүрген кездерінде ыңғайсыз немесе өте ауыр сөмкелерді ұстаудың нәтижесінде арқа омыртқалары қисаяды. Сондықтан ауыр немесе дұрыс таңдалмаған сөмке сколиоз ауруына әкелуі мүмкін.» «Мектеп оқулықтарына қойылатын нақты талаптар бар ма?» деген сауалға былай деп жауап берді. «Оқулықтардың салмағы үш километр қашықтыққа дейін алып жүру нормасынан аспауы керек: I–III сынып оқушыларына – 1,5-нан 2,0 кг дейін, IV–V – 2,0-ден 2,5 кг дейін, VI–VII – 3,0-тен 3.5 кг дейін, VIII–X – 4,0-тен 4,5 кг дейін.»
Осы айтылған зиянды қалай азайтуға болады деген сауалға дәрігер бірнеше ұсыныс жасады:
-Сөмке және портфельдер сатып алмай, оның орнына арқаға асатын мектеп сөмкесін алуды ұсынамын. Ең маңызды кезең – 4-тен 10 жасқа дейін. – Мектеп сөмкесін баламен бірге барып алған дұрыс, себебі бала оны өлшеп көру керек. Ені баланың иығының енінен аспауы тиіс, биіктігі – 30 см. Ондай бос сөмке 600-700 грамнан аспайды. Арқасы қатты сөмкені таңдап, баулары реттелетін болғаны және өңін жоғалтпайтын сөмкені таңдаған дұрыс. Сөмкелердің санитарлық-эпидемилогиялық қорытындысы (гигиеналық сертификат) болуы керек.
- Таңдау жасар алдында әдемілік үшін жапсырылған түрлі суреттер, замок, шынжырлардың керек емес екендігін ойлаңыз.
-Сөмке салмағы өзінің кішкентай иесінің салмағының 10 пайыздық бөлшегінен аспауы тиістігін естен шығармау қажет.
Мектеп сөмкесінің салмағы (оның ішіндегі заттармен) түріне және қандай материалдан жасалғанына байланысты. Рюкзак үшін бұл оқушы салмағының 10 - 15% болуы мүмкін (мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушылары үшін бұл көрсеткіш – 10%). Яғни, егер оқушының салмағы 40 кг болса, оның сөмкесі 4-5 кг аспауы керек.Бір иыққа асылатын мектеп сөмкелері, оқушы салмағының 10% кем болуы қажет. Оқушылар үшін қандай сөмке таңдау керек екенін
ә) Сатушы-кеңесшімен кездесіп, сұхбаттасқан кезде маған мынадай кеңестер берді:
 Ең алдымен қымбат болса да, әйгілі брендтердің сапалы сөмкелерін таңдау;
 Жас және жыныс ерекшелігіне сай таңдау;
 Сөмкеге қажет заттардың барлығы сыю керек, бірақ ол тым үлкен немесе тым кішкентай болмауы керек;
 Өз формасын өзгерпеген сөмке оқулық пен дәптерлерді де майыстырмайды және арқаға ауырлық күшін түсірмейді;
 Таңдаған кезде тігісіне, арқа бауларына назар аудару қажет. Арқа баулары тым қатты болса, иықтарды қажайды.
 Түс және сурет- бұл өте маңызды! Бала өз қалауымен таңдаған жөн. Бұл көңіл күйіне жақсы әсерін тигізеді.
 Сатушыдан қандай матадан тігілгені туралы сұраңыз. Сөмкені тазалау, дизинфекциялау оңай болу керек. Және су өткізбейтін әрі тез кебетін.
 Формальдегид немесе ацетон иісі шығып тұрса мүлдем алмаңыз.
2.3 Мектеп оқушыларының сөмкелерін зерттеу.
Мен 3-ші мен 9- шы сынып оқушыларының салмағын, сөмкелерінің салмағын өлшеп оқушылардың сөмкелері гигиеналық өлшемдерге сәйкестігін тексердік, сараптама жасадым. Мен алдын ала оқушылардың бос және оқу құралдары бар сөмкелерді өлшедім.
Жұмыс қорытындысы кесте түрінде берілген. (Қосымша В)

Менің зерттеуіме 3-9 сыныпан 39 оқушы қатысты. Алдымен мен әр оқушының салмағын, содан бос сөмкенің және толық сөмкенің салмағын өлшедім. Барлық мәліметтерді №1 кестеге енгіздім. Кестеге сараптама жасай отырып мен бастауыш және орта буын оқушыларының 51 % сөмкелерінің массасы нормадан асатынын байқадым. Бір сыныпта оқитын оқушылардың сөмкелерінің салмағы әртүрлі болуының себебін іздедім. Жалпы бастауыш сынып оқушыларының сөмкелерінің салмағы нормадан артық, гигиеналық талаптарға сай келмейді. Бастауыш сынып оқушыларының сөмкесінде оқуға қажетсіз заттар бар екені анықталды. Мысалы: біреуінің сөмкесінде фотоальбом, екіншісінің сөмкесінен бір уыс маржан, наклейкалар, ал үшіншісінің сөмкесінен ойыншық машина табылды, тағы біреулерде екінші аяқ киім оқулықтарымен бірге, күнтізбе, мультфильм кейіпкерлерінің суреттері, сөзжұмбақтар, косметика т.б. табылып жатты. Сонымен қатар әр дәптер, әр оқулық сырты тысталған болып шықты. Керісінше 8-9 сынып оқушыларының сөмкелері күрт ауытқуын байқадым. Оның да себебін анықтадым. Оқушылардың көбі оқу- құралдарын толық әкелмейді.
Сөмке оқушы салмағының 10% аспауы керек . Бірақ өкінішке орай көріп тұрғанымыздай біздің мектепте көрсетілген нормаларға сәйкес келмейтін жағдайлар кездесуде. Ауыр және дұрыс таңдалмаған сөмке оқушының денсаулығына теріс әсерін тигізетінін дәлелдедім. Сондықтан мен жазған нұсқаулықтарға назар аударуларыңыз қажет. Мен оқитын мектепте өкінішке орай барлық нормаға сай тек екі сөмке ғана табылды.

Қорытынды
Жұмыс барысында мен мектеп сөмкесі жөнінде көп және қызықты мәлімет білдім. Мектеп сөмкесін таңдағанда оның салмағына, формасы мен өлшеміне назар аударыңыз. Жоғарғы жағы баланың иығынан аспауын қадағалаңыз, ал төменгі жағы белінен төмен түспеуі қажет, ені баланың иықтарынан кең болмауы, ретке келетін асқыштардың жалпақтығы кемдегенде 8 см болуы керек. Оқушы сөмкесі өқу құралдарын қоса есептегенде өзінің салмағының 10% аспағаны дұрыс. Сөмкеден қажетсіз заттарды тасымаңыз.
Жұмыстың қорытындысы ретінде мен «Мектеп сөмкесін дұрыс таңдау үшін ақыл-кеңес» жадынама дайындап, еңбегім зая кетпей осы еңбекте жазылғанды жадында сақтайды деп сенемін.
Категория: Особые дети | Добавил: ЖК (2015-02-21) | Автор: Кантарбаева Жулдуз Киргизовна E
Просмотров: 789 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2016-12-09, 4:52 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1475]
Школьный психолог [501]
История [696]
Опыт [473]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [219]
Мастер-класс [206]
Семья и школа [174]
Компьютер-бум [248]
Английский язык [771]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1140]
Химия [375]
Классному руководителю [626]
Биология [579]
Думаем, размышляем, спорим [92]
Казахский язык и литература [1763]
Краеведение [92]
Начальная школа [3910]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [355]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [290]
Экология [180]
Дошколенок [1492]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [441]
Мой Казахстан [228]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1158]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [517]
Немецкий язык [51]
Технология [281]
Самопознание [381]
Профессиональное образование [101]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [12]
Педагогические программы [4]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru