Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Особые дети

Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары.
ШҚО Жарма ауданы Ұзынжал ауылы
Ракишева Макпал Асылбековна
Бастауыш сынып мұғалімі


Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізу жолдары.

Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттер-өмірге құштарлық, биік ізгіліктің кілті мыңды жығатын білімінде, олар әрқашан да әр түрлі дәрежелі күрделі тапсырмаларды шешуге дайын болады, олардың сөздік дік қоры бай және ойларын ерекше білдіреді.
Барлық балалар дүниеге бірдей келеді, нышан, дарындыларын дер кезінде байқап, үйде ата-аналар, мектепте мұғалімдер дұрыс жұмыс ұйымдастыра алса, баланың дарындылығын дер кезінде ашуға мүмкіндік туады. Оқушы бойындағы қабілет дарынын бала жастан ұштау мектеп пен ұстаз алдында тұрған басты міндеттердің бірі.
Алға қойған мақсатым-Тәуелсіз елімізге тұлға болар талабы таудай, дарыны мол, ізденімпаз, жан-жақты, өз идеясын жүзеге асыра алатын, шығармашылақ дарыны дамыған бала тәрбиелеу. Біз қоғамымыздың лайықты азаматын, тұлғасын тәрбиелеп шығарамыз.
«Білім негізі-бастауышта» деген сөзді ескерсек, оқушылардың шығармашылық дарындарын дамыту үшін оларды ақын-жазушылардың шығармаларына деген қызығушылықтарын, Отанына деген сүйіспеншіліктерін арттыру керек деп санаймын.
Тәрбиелеп отырған жас ұрпақтарымыз еліміздің ертеңгі өмірінде білімді болып қалыптасу үшін, өмірден дұрыс жол таба білу үшін дұрыс ой түйіп, өздігінен саналы шешімін қабылдай білуге үйренуі қажет.
Дарынды оқушылармен жұмыс жүргізудің негізгі мақсаты:
1.Олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілеттерін іске асыруға дайындығын қалыптастыру;
2.Өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;
3.Пәнге терең қызығушылығын арттыру
4.Оқушының әсерлік сезімін қалыптастыру
5.Оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін арттыру.
6.Жалпы білім,білік дағдыларын дамыта оқыту
7.Білімнің бағасын арттыру
8.Оқушының бейімділік деңгейін анықтау(интелектуалдық сайыстар,ойындар).
9.Оқушылардың шығармашылықпен айналысуына мектепте,сабақ үстінде,үйде қолайлы жағдай жасау
10. Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі,саналы түрде қалыптастырып отыру
11.Оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулып,олардың белсенділіктерін,қызығушылығын арттыра түсу үшін шығармашылық қабілеттерін сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда әдіс-тәсілдерін қолдану
12.Оқушылардың жеке бас ерекшеліктеріне қарай қабілетін аша отырып ойын,қиялын дамыту,сөздік қорын молайтып,өз бетімен ізденуге,еңбектенуге дағдыландыру,жазу мәдениетін жетілдіру, өзіндік ой-пікірлерін дамыту.
Ал,мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.
Міндеттері:
1.Оқушының таным белсенділігін қалыптастыру,шығармашылық ізденістің тиімді жолдарын үйрету
2.Жеке қабілеттері мен бейімділігін ескере отырып, ұжымдық жұмыстан бөлінбеуін қадағалап,қолдау көрсету барысында әр деңгейдегі жеке тапсырмалар беруді жоспарлау.
3.Әр баланың шығармашылық белсенділігін арттыру,түрлі деңгейдегі олимпиадаларға,сайыстарға,ғылыми жобалар мен байқауларға қатысуларына қолдау көрсету.
4.Оқушыға сенімділік көрсету.
5.Іс-әрекетіне ерік беру,көтермелеу.
6.Адамгершілік қасиетін арттыру.
7.Өзін-өзін тәрбиелеуге жағдай жасау.
8.Ойы ұшқыр,шығармашылық қабілеті жоғары.өмірге икемді,жан-жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.
Дарынды бала-ел болашағы
Ең алдымен,оның бойындағы негізгі қасиеттерді атап өтелік:
1.Өте сезімтал,ықылас қойған тақырыбы әр жерде негізгі мөселе етіп қояды.
2.Өзгеше ойлайды,шапшаң ойлайды,көп көлемде білім меңгереді,оларды ұмытпайды.Жиі-жиі ойға беріліп,қиял күші басым болады,
3.Адамгершілік сезімдері ерте дамып,жоғары моральдық қасиеттерге ие болады,түсінік танымы өте жоғары.
Оқушыларға қойылатын талаптар.
Қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін іздене білу.
Ақыл-парасатты игеріп ойлау, сезім қабілеттерін арттыру.
Алдына мақсат қоя білу және жетуге ұмтылу.
Өзін-өзі талдауды, өзін-өзі бағалай білуді меңгеру
Басқа адамдар мен қарым-қатынас жасай білу,осы заманға сай техналогияларды пайдалана білу.
Ойын жүйелі түрде жеткізе білу
Жазу көркемдігінің дұрыс болуы
Ауыз әдебиеттінің үлгілерін (шешендік сөз, мақал-мәтел. жұмбақ) жетік білу
Қорыта келгенде дарынды оқушыларды тани біліп, әрқайсысына жеке тұлға ретінде қарап, олардың өздеріне деген сенімін артырып, ата-ана
мектеп оқушы ұстаз байланысын жоғары ұстап, шығармашылық жұмыс істеп,оқушының біліміне,өнерге ынтасын артыру қажет. Ең бастысы, адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып,ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра білейік дегім келеді.
Жоғарыдағы айтылған міндеттермен мақсаттарды ескере отырып өз тәжірибемде дарынды оқушымен жұмыс жүргізе білдім.Ана тілі сабағында ақын жазушылардың өмірбаяндары туралы реферат жазудан бастадым.Одан соң тапсырмалардыкүрделендіріп,М.Мақатаевтың,
Абайдың өлеңдерін жаттауды,мәнерлеп оқуды үйреттім.Нәтижесінде А.Сисембай,А.Шоқанбаева,Ш.Амангелдиев,Ж.Құлжабаев,Ш.Тағанов т.б оқушыларым жақсы жағынан көріне бастады.А.Сисембай аудандық мәнерлеп оқу сайысына қатысты.Оқушылардың ізденіс барысындағы табысы оларды қуанышқа бөлеп,ілгері ұмтылдыра түсті.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап,оны сол бағытқа жетелеу-әр ұстаздың парызы деп есептеймін.
Категория: Особые дети | Добавил: гульнараж (2015-11-15)
Просмотров: 1421 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2024-04-24, 9:29 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru