Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Великая Отечественная

Жеңіске жеткізген - ұлы достық (Ұлы Жеңіске 70 жыл)
Жеңіске жеткізген -ұлы достық
(Ұлы Жеңіске 70 жыл)
тарих пәні мұғалімі: Таңатова Күнсұлу
(Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысы)
Көктемнің алғашқы гүлдерін құшаққа толтырып, мамыржай май таңымен ілесіп, мерейлі мереке төрімізге шығып келеді. Жарқылдаған күлкімізбен, жанарымыздағы жасымызбен қарсы алатын бұл күн – Ұлы Жеңіс мейрамы. Бұл күн боздағын сағынған ананың, азаматын аңсаған жесірдің, көзіне жас үйіріледі, құрбан болған құрдастарын еске алға, немесе жер басып жүрген достарын жолықтырған қарт майдангерлердің де жанарына бір тамшы жас іркіледі. Бұл- сонау бір қатерлі кезеңдегі қасірет- қиыншылыққа төтеп беріп, тірі қалғандардың қуанышы бұл небір қимасын жоғалтса да, жеңгелердің шаттығы. Ал жоғалтқанымыз көп-ақ. Егер соғыстың апатын цифрлар тіліне көшірсек, 27 миллион, Кеңес адамының өмірімен өлшенер еді. Оның сыртындағы жанға батыр қайғы, жүрекке түскен қасірет қаншама! Ия, жеңіс өздігінен келген жоқ, оған халықтың қаны мен тері сіңген. Сұрапыл соғыс, алапат айқас басталған күні, осынау Жеңіс атты ұлы мәртебелі сәтке дейін, ұрыс даласының Мартен пешінің қасында, станоктың тұтқасында өтер, 1418 қаһарман күн мен түннің бар екенін білген жоқ. Барлық бауырлас халықтармен тізе қосып отырып, Қазақстандықтардың Отан үшін айқаста ерлік пен жанқиярлықтың үлгісін көрсетті. Көп ұлтты республикамыздың 1 миллион 200 мың ұлы мен қызы Кеңес Армиясының сапында жауға қарсы шайқасты Гитлершіл басқыншыларға қарсы ұрыстардағы ерлігі мен қаһармандығы үшін, ондаған мың Қазақстандық жауынгерлер, Кеңес одағының ордендерімен, медальдармен наградталды, ал 98 қазақ жауынгері Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атаққа ие болды.
Бүгін біз, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын мерекелей отырып, біз 1941ж. 22 июльде жексенбіде, гитлершіл Германияның елімізге шабуыл жасағанын ұмыта алмаймыз. Гитлершілердің тұтқиыл соққысына, Кеңес шекарашылары ерлікпен төтеп береді. Күші басым жаумен Бресті қорғаушылар ауыр ұрыстар жүргізді. Олардың қатарында 3 мыңдай Қазақстандық бар еді. Жаумен алғашқылардың бірі болып, бетпе-бет келген Қазақстандық құрамалардың бірі, бет келген Қазақстандық құрамалардың бірі, 312 ші атқыштар дивизиясы Ақтөбеде жасақталды. Қазақстанда құрылған тағы бір құрамы Ұлы Отан соғысының шежіресіне ең бір жарқын беттер қосты. Бұл бүгінде аты аңызға айналған, Алматыда жасақталған, генерал И.В.Панфилов басқарған 316 атқыштар дивизиясы еді. Соғыстың ең бір қиын сәтінде, Отанымыздың астанасы Москваға қалқан болып, жаудың 50 танкісін жер жастандырып, Қазақстандық қаһармандар, ерліктің өшпес өнегесін мұра етіп қалдырды. Фашист басқыншыларына қарсы күресте, Жеңіске үлес қосқан, ұлытаулық жауынгер Баубек Бұлқышев Москва түбінде Кавказда ерлікпен соғысты, Украин жерін фашистерден азат етуге қатысты. Ленинград үшін шайқаста 54 ші атқыштар бригадасының мергені Әлия Молдағұлованың даңқы шықты. Ол 1944 ж. Псков облысын жаудан тазарту шайқастарының бірінде ерлікпен қаза тапты. Қазақ халқының ержүрек қызына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Осындай жоғарғы атаққа қазақ халқының тағы бір даңқты қызы, 100 ші атқыштар бригадасының пулеметшісі Мәншүк Мәметова ие болды. Әлия мен Мәншүк – Шығыс қыздары арасынан шыққан тұңғыш Кеңес Одағының Батырлары еді. Кеңес Армиясының Сталинград түбіндегі, Курск иініндегі, Кіші жердегі өшпес ерлік жорықтары да, Европаны фашистік тепкіден құтқару жолындағы шайқастары да Қазақстандық қаһармандардың талай ерлігіне куә.
Ажал оғын шашқан жаумен айқасу үшін Маңғыстау түбегінен де 6 мыңнан астам азамат аттанды. Олардың 4 мыңдайы от арасынан оралмады. Қаншама шаңыраққа қайғы қасірет орнады. Солардың қатарында түбектен шыққан Кеңес Одағының Батырлары: Бегенов Мәди, Қалдығараев Жұмағали да бар еді. Біздер бүгінгі бақытты өміріміз үшін құрбан болған боздақтардың рухына бас иеміз! Бұл боздақтар туған жер төскейінде мәңгі ескерткіш болып орнатылды. Елге жеңіспенен оралған Сүйербаев Исатайды, Ақботаев Шайқы сияқты, тағы басқа көптеген майдангер жерлес ағаларымызды мақтан тұтамыз.
«Бәрі де майдан үшін, бәріде Жеңіс үшін» дейтін ұранмен еңбек еткен тыл еңбеккерлерінің, жесір әйел мен жетім балалардың Жеңіске қосқан үлесін халқымыз қалай ұмытар?! Сол тұста бүкіл республикамыз майданның қуатты арсеналына айналса, Орта Азия мен Қазақстанға көшірілген 240 өнеркәсіптің 150-і біздің республикамызға келіп орнықса, жауға аттанған он оқтың тоғызы Қазақстанның қорғасынынан құйылса, бұған біздің қалай мақтануға да қақымыз бар. Ал уақытша жау басып алған жерлерден ағылып келіп, қазақ халқының мейірі мен пейілін көрген, сан мыңдаған орыстар мен украиндардың, белорустар мен молдавандардың ақ алғысы мен ыстық ықыласы, сол арқылы берік бола түскен достығымыз бен туысқандығымыз-баға жетпес байлығымыз. Елімізді мекендеген үлкен-кішілі халықтардың барлығының да ұл-қыздары ерліктің небір үлгісін таныта білді.
Кеңес халқын күңіренткен канадалар сарыны басылғалы, тіршілік біткенді тозаққа ораған тажал түнегі ашылғалы-70 жыл. Сол дүниеге келген сәбилер бүгін өздері ата болды. Сол жылы майданнан қайтқан солдаттар бүгінде шөбере сүйді. Темірі балқып, тасы жанған қалалар қайта жаңғырып, өмір күйі қайта қызды. Күйген орман қайта түлеп нуға айналды.
Ұлы Отан соғысы Жеңіспен аяқталғалы қаншама ұлы оқиғалар болды. Рейхстагқа ту тіккен Кеңес адамдары соғыс куйзелткен шаруашылықты қалпына келтірді. Атомды игерді, космосқа жол салды. Варшава мен Будапешті, Вена мен Белградты, София мен Бухарестті, Праганы азат етіп, Берлин аспанын фашизм түнегінен сейілткен соғыс ардагерлерінің қазір қатары сиреді. Ұлы Отан соғысы елдің елдігін, ердің ерлігін сынға түсірді. Сол ерлікті, қазіргі біздің сәулетті өміріміз үшін жас жанын қиған, кеудесін оққа тосқан батырларды кейінгі ұрпақ, біздер, ұмытпаймыз. Олардың есімін жас ұрпақ есінде мәңгі қалдыру бәріміздің азаматтық борышымыз. Ерлік өлмейді, ер ұмытылмайды!
Құрметті соғыс ардагерлері! Кейінгі ұрпақ сіздердің сол қанды шайқаста жасаған ерліктеріңіздің алдында, алғыс, құрмет сезімімен бас иіп, тағзым етеді!!!
Категория: Великая Отечественная | Добавил: апай1077 (2015-02-26) | Автор: Таңатова Күнсұлу E
Просмотров: 1257 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 5:22 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru