Главная » Статьи » В помощь учителю » Уроки музыки |
2а сынып Сабақтың тақырыбы: Кино және музыка. Сабақтың мақсаты: Білімділік: кино өнері туралы алғашқы түсінік қалыптастыру, оның музыка өнерімен тығыз байланыстылығын, бейнелеушілік қасиетін тани білуге үйрету, түсіндіру. Дамытушылық: оқушылардың эмоциясына музыка арқылы әсер етіп, қиялын, шығармашылығын дамыту. Тәрбиелік: әнде мәнерлі орындауға тәрбиелеу. Сабақтың барысы. Жаңа сабақ. Ой шақыру.оқушыларға кинофильмнен үзінді көрсету. Кино музыкасы- кино өнерінің бөлігі, негізгі бейнелеу құралының бірі. Алғашқы кезде дыбыссыз кинода музыка жүріп жатқан фильмі сүйемелдеумен ғана болды. Фильм музыкасы дыбысты кино шыққанда екіге бқлінді: - Кадр ішіндегі кино музыка (фильмде көрсетілген музыкалық аспаптың, әншінің т.б музыкасы); - Кадр сыртындағы киномузыка ( фильм ойын тереңдете түсетіні оқиғаны сипаттайтын музыка). Кейін фильмде кейіпкерлерге музыкалық сипаттама беру, көбінесе қарапайым әндер арқылы жүзеге асты. Композиторлар, әншілер, музыканттар туралы, түсірілген музыкалы фильмдерде музыка өте маңызды орын алды. Ал Қазақстанда киномузыканың пайда болуы қазақ кино өнерінің тарихымен тығыз байланысты. Алғаш киномузыка жазған композиторлар: А.Жұбанов «Амангелді», Л.Хамиди «Абай әні», Ғ.Жұбанова «Ән қанаты», Н.Тлендиев «Қыз Жібек», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ақсақ құлан» сияқты мультипликациылық фильмдерде киномузыка сәтті қолданылды.. Балаларға арналған көптеген фильмдер де түсірілді. Мысалы: «Менің атым Қожа», «Алты жасар Алпамыс», т.б. Музыка тыңау: «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» (А.Зацепин) фильмінен немесе «Менің атым Қожа» (Н.Тлендиев) фильмінен музыка тыңдату. Тыңдап болғаннан кейін оқушылардың пікірін айтқызу. -Кинодағы музыка кейіпкердің бейнесін аша ма? Музыка сауаттылығы: «ля» нотасы екінші сызық пен үшінші сызықтың арасында жазылады. Нота дәптерімен жұмыс: нота дәптеріне «ля» нотасын жазып үйрету. Берілген ноталарды бес сызыққа салу: ля, сол, фа, ре до , ми сол, ля. Ән орындау. Өткен сабақтағы «Ана туралы жыр» әнін айтқызу. Әннің мәнерлі, дұрыс, әуенінің сазды айтылуына көңіл бөлу. Ән айту ережесін еске түсіріп, оқцшфлардан оны естіп сақтауды талап ету. Сергіту сәті. Музыка ырғағына сәйкес қимыл- қозғалыс жасау. Жұмбақ шешу. Көкшіл айна үйдегі Әрі шешен, әрі күйші, әрі әнші Көрсетеді киноны. (телевизор) Әр үйде бар, кәнекей, тауып берші (радио) Өткен сабаққа қорытынды жасау. Кино музыка нешеге бөлінеді? Қандай композиторлардың шығармалары киноға қолданылған? Қандай қазақ киноларын білесіңдер? Үй тапсырмасын беру Өзің көрген мультфильмдегі кейіпкерлерді бейнеле. Өнерге байланысты жұмбақ жаз. | |
Просмотров: 1754 | Комментарии: 2 | |
Форма входа |
---|
Социальные закладк |
---|
Поиск |
---|
Друзья сайта |
---|
Теги |
---|
Статистика |
---|