Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Уроки музыки

Дәстүрлі күйшілік өнер
Семей қаласы №32 «ЖОББМ» КММ. Музыка пәні мұғалімі Тұрымов Өркен Сейтқазыұлы
Дәстүрлі күйшілік өнер
Сабақтың мақсаты:Дәстүрлі күйшілік өнері туралы оқушыларға түсінік беру. Күйшілермен таныстыру.
Білімділік: Күйшілік өнер туралы, күйлердің шығу тарихы туралы түсіндіре отырып,музыканы түсіне білуге баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың музыкалық ырғақты сезінуін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұлтымыздың рухани қазынасы күй өнерін қадірлеп, қастерлеуге тәрбиелеу.Күй арқылы домбыра аспабына деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгеру.
Пәнаралық байланыс: Тарих, әдебиет, музыка.
Көрнекіліктер: Аспаптар, композиторлардың портреттері, слайттар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Сабақты Қазақстан республикасының әнұранымен бастау.
Үй тапсырмасын қайталау
-Бірінші қатар «домбыра» тобы, 2-ші қатар «қобыз» тобы, 3-ші қатар «сыбызғы» тобы
Домбыра тобына мынадай сұрақ:
- Ішекті аспаптарға қандай ұлттық аспаптар жатады?
Қобыз тобына:
- Үрмелі ұлттық аспаптарды ата.
Сыбызғы тобына:
- Қандай ұлттық ұрмалы аспаптарды білесіңдер?
Домбыра тобына сұрақ.
- Ерлердің жоғары / жіңішке/ дауысы қалай аталады?
Қобыз тобына сұрақ.
- Ерлердің төмен /жуан/ дауысы қалай аталады?
Сыбызғы тобына сұрақ.
- Әйелдердің жоғары /жіңішке/ дауысы қалай аталады?
Жаңа тақырып: Дәстүрлі күйшілік өнері. Музыкалық аспаптарда ойналатын шығармаларды «аспаптық музыка»- деп атайды. Қазақтың домбыра, қобыз, сыбызғы, жетіген,шертер, сазсырнай аспаптарында орындалатын әуен «күй» деп аталады.

Күй- бағдарлы мазмұны бар,көркемдігі жоғары аспаптық музыка. Күйлер тақырыбы мен мазмұнына байланысты: аңыз-күйлер, тартыс күйлер, тарихи күйлер,арнау күйлер,лирикалық күйлер, психологиялық күйлер болып бөлінеді.
Қазақтың аспаптық музыкасы ХVIII ғасырдың соңына қарай жоғары деңгейге көтерілді. Сол кезде Байжұма, Баламайсан, Есжан, Ұзақ, Боғда, Махамбет сияқты күйшілердің атағы халыққа кеңінен тарады.

Ал ХIХ ғасырда күйшілік өнердің дамуына Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Ықылас,Тоқа, Абыл, Қазанғап, Байсерке, Сейтек ,Дина, Сүгір сынды халық композиторлары өз үлестерін қосты.
Домбыра күйлері- орындалу мәнеріне, құрылымдық ерекшеліктеріне байланысты «төкпе» және «щертпе» деп екі түрге бөлінеді.
Кітаппен жұмыс: 1-ші топ:
- Күй деген не? Күйдің түрлері. Халық композиторлары.
2-ші топ:
- Орындау мәнеріне байланысты күйлер неше түрге бөлінеді? Қобыз күйлері.
3-ші топ:
- Сыбызғы күйлері. Күйлердің біздің заманымызғы дейін жетуіне үлес қосқан атақты күйші-домбырашылар.
Топпен дайындалып,әр топтан бір оқушы жауап береді.
Музыка тыңдау. Құрманғазының «Балбырауын» күйін тыңдаймыз.
- Балалар сендерге күй ұнады ма?
- Күй қандай екпінде орындалды?
- Күйді тыңдағанда қандай әсер алдыңдар?
- Күйді тыңдай отырып, көз алдарыңа қандай суреттер, көріністер келеді.
Ой толғау, тапқырлық
« Құрманғазы» сөзінен сөздер құрау. Қай топ көп сөз құрайды.5- минут уақыт беріледі.

Ән айту жаттығулары. И. Нүсіпбаевтың Х Талғаровтың сөзіне жазған «Домбырасыз сән қайда» әнін үйренеміз.
Елдің жырын жырлаған ,
Қайғысын да толғаған.
Домбырасыз ешқашан,
Жүрекке ем қонбаған.
Домбырасыз сән қайда,
Домбырасыз ән қайда.
Ән мен күй бар өмірде ,
От та лаулап жабай ма?
Құрманғазы Тәттімбет,
Домбырамен сайраған.
Жүрекке от жақсын деп,
Елге күйін арнаған.

Абай, Жамбыл, сал Біржан,
Таңғалдырып ән салған.
Жүрегіңді жандырған,
Естіген жан тамсанған.
Қорытындылау:
- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қалай аталады?
- Күй дегеніміз не?
- Күйді кім орындайды?
- Домбыра аспабында күй шерту әдістерін ата.
- Бүгін қандай композитордың күйін тыңдадық?Күйі қалай аталады?
Оқушылардың білімін бағалау.Сабаққа белсене қатысқан оқушыларға бестік деген баға қоямын.
Үйге тапсырма: «Домбырсыз сән қайда?» әнін жаттап келу.
Сабақ аяқталды, сау болыңдар.
Категория: Уроки музыки | Добавил: Кайракбаева (2015-02-23) | Автор: Тұрымов Өркен Сейтқазыұлы E
Просмотров: 988 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 6:12 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru