Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Уроки музыки

Мұхтар Әуезов - қазақ музыкасының білгірі әрі сараптаушысы.
Мұхтар Әуезов - қазақ музыкасының білгірі әрі сараптаушысы.

Кривошеева Наталья Владимировна
«М. О. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК музыка пәнінің оқытушысы, Семей қаласы, ШҚО
Білім беру ісінің құрметті қызметкері.

Бүгінгі заманауиөзекті мәселелердің бірі - өз халқының тарихи мұрасын зерделеу, оның негізгі идеясы мен мазмұнын оқу-тәрбие үдерісінде үздіксіз қолдану. Халықтық рухани мәдениет пен ғылыми педагогтік тұжырымдарға сүйене отырып, музыка секциясының әдіскерлері өскелең ұрпақтың көркем-эстетикалық тәрбие алуына ерекше көңіл бөледі, білім алушыларды қазақ ұлттық музыка мәдениетінің көркемдік үлгілерімен етене таныстырады.
Мұхтар Әуезовлирикалық жанрдағы ұлттық туындыларды, сонымен біргеақындардың орындауындағы тұрмыс-салт жырларынзерттеуші қаламгер ретінде жақсы танымал.Арқаның белгілі әншілері - Біржан сал, Ақан сері, сонымен бірге Абай Құнанбаев сияқты ақындардың әндерін өзінің бар өміріне арқау еткен ақын. Поэтикалық музыка фольклорының білгірі, құрметтеушісі өзінің жағымды, жұмсақ дауысымен, екі ішекті домбыраның сүйемелдеуімен белгілі халық әндерін орындаған.
Мұхтар Әуезов музыкадан теріс айналып кете алмады және кеткісі де келмеді. Себебі, ол музыкаға бар жан-тәнімен берілді, музыка оның рухани азығына айналды.
Бұл сезімді ол өзінің Абайына да берді. Сондықтан музыканы қазақ тұрмысының ажырамас бөлігі ретінде «Абай жолы» романын лирикамен, поэтикамен толықтыра түсті. Ұзақ әріқауіпті өмір «Жолын»кешкен, әділдік пен жақсылықты қалаған, өз жолын таба алмай адасқан адамдарға жарқын болашақты көрсеткен, игілігін аямаған, білімнің шексіз көзін ашқан басты кейіпкердің досы, ақылшысы,кеңесшісі және жансерігі ретіндегі қазақ музыкасы романда маңызды рөл атқарады.
Туындыға эмоционалдық бояу мен адам толғанысын музыкадай бере алатын нәрсе бар ма?! Мұхтар Әуезов бұл факторды әдеби шығармаларын «әуездендіруде» тиімді пайдаланған және бұл фактор А.Жұбанов пен Л.Хамидидің «Абай» операсы либреттосының құндылығын анықтауға мүмкіндік берді.
«Абай» операсы - Абайға арналған ең ірі музыкалық туынды және ол туынды қазақ музыкасының алтын қорына енді.
Операда қатал әрі әділетсіз феодализмнің заңдарына қарсылық білдірген қазақ әдебиетінің классигі, ұлы ағартушы Абай Құнанбайұлының шынайы бейнесі көрсетілген.
Мұхтар Әуезов Абайдың ерекше қасиеттерінің бірі - халық әндеріне, қазақ музыкасына деген сүйіспеншілігін біртіндеп аша бастайды. Бұл жайды айтқанда, ойға міндетті түрде Абайдың халық ақыны және композиторы Біржанмен кездесуі оралады.
Халық Біржан әндерін сүйсініп тыңдаған, себебі ақын тек махаббат пен жастық шақты ғана жырлаған жоқ, ол сондай-ақ халықтың мұң-мұқтажын, түпкі қиялын, еркіндікті, басқа әлемді, өмірді әнге қосқан. Сол себепті халық оны мол ықыласпен, ерекше ынтамен тыңдаған. Біржан Абай ауылынан қайтпайынша, ол жерде той-думан, шат-шадыман көңіл-күй толастамаған. Жастар әсем әннің аясында өз арман-тілектерін айтқан. Тіпті Абайдың екінші сүйікті жары - Әйкерім де ауыл әйелдерінің әңгімесі мен абысындарының қаңқу сөздерінен жабырқағанын, мұңын ұмытып, әуенге еліккен.
Осыдан біз қазақ халқының жоғары дарынды әншілер мен ақындарға қаншалықты бай болғанын көреміз.
Операда Абайдың өз әндері шырқалады. Абайдың танымал және халықтың сүйікті әндері Айдардың айтуымен жеткізілген. Ол Абайдың «Айттым сәлем, қаламқас» және «Сегіз аяқ» атты сегіз жолды әндерін орындаған.
Абай әндерінің партиясына Айдар, Әзім, Абай құрған трио айтатын Абайдың «Көзімнің қарасы», «Ата-анаға көз қуаныш», «Ұзын қайың» әндері кіреді. Сонымен қатар,Абайдың опералық партиясы-ол ерекше композиторлық музыка. Қазіргі таңда да Абай әндері стилінің сақталғандығын көреміз.
Аса мәнерлі опера деп Ажар опералық партиясын айтуға болады. Операның бірінші актісіндегі Ажардың монолог-әңгімесі концерт сахнасында жиі орындалады. Ал төртінші актідегі Ажардың жылауы (Айдардың қазасынан кейін) халықтың жоқтау әнін еске түсіреді.
Операның тыңдарман арасында кең таралып, танылуының себебі- оның ұлттық стилімен әсем көмкерілуі.Опера ұлы ақынның 100 жылдық мерейтойына арналған. Оның тұсауы 1944 жылдың 24 желтоқсанында кесілді, содан бері бұл опера сахна төрінен түскен емес. Опера алғаш сахналанғаннан кейін сол жолда қызмет еткен жоғары деңгейлі ұжым ойнаған театрға Абай есіміберіледі. Содан бері театрдың әрбір жаңа маусымының шымылдығы осы опералық спектаклмен ашылатын болды.
Мұхтар Әуезовтің өнертанушылық шеберлігістилистика, метро-ритмика саласындағы танымдарды айқындай «Желсіз түнде жарық ай», «Татьянаның қырдағы әні» сияқты Абай әндерін талдап, саралаудан басталады. М.Әуезов бұл әндердің орындалуындағы динамикалық ерекшеліктерді зерделеп, мәтін мазмұнына, оның құрылысына аса мән берген.
Мұхтар Әуезов тұрмыс-салт жырлары, салт-дәстүрге байланысты жырлардан («бата», «жоқтау», «қарғыс», «ант», «толғау», «желдірме», «терме») қазақ композиторларының операларынан көрінетін көрермендік және театр жанрын байқаған. Опералық либреттоның қатарынан қалыспайтын диалогтік және бұқаралық көрініс беретін «шешендік сөз» жанрын да театрланған қойылым ретінде қарайды (5).
Жыраулардың, жыршылардың, орақ тілді ақындардың, саусақтарынан күй төгілген күйшілердің шығармаларынан актерлік шеберлікті, әрі композиторлық дарын сарынын байқайды.
Фольклорист - ғалым ретінде М.Әуезов халық ауыз шығармашылығы жанрындағы синкретизм жайлы сөз қозғап, шығармаларға тілдік, декламациялық нақыш беретін халықтық поэзияның түрлерін анықтаған.
Ірі қоғам қайраткері және ғалым ретінде жазушы қазақ тарихында рухани мұра ретінде өлшеусіз із қалдырған Асан қайғы, Абыз, Қорқыттардың шығармаларын көздің қарашығындай сақтау керектігін алға тартқан.
Өз елінің азаматы әрі жастардың тәрбиелеушісі ретінде М.Әуезов бүгінгі таңда өзекті болып табылатын Отанды сүю, қастерлеуге, рухани құндылықтарды сақтауға және басқа елдердің рухани байлықтарына сыйластықпен қарауға үндейді.
М. Әуезовке арналған көптеген театрлық қойылымдар, деректі және кинематографиялық фильмдер бар. Әсіресе, кең танымалдары: Ерғали Рахмадиевтің "Мұхтар Әуезовті еске алу", Сырбай Мәуленовтің сөзіне жазылған, Ғазиза Жұбанованың ораториясы - "Мұхтар аға", қазақстан суретшілері, мүсіншілерінің суреттері мен мүсіндері. Жазушының 117-жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шарада тәуелсіз Қазақстанның әдебиет және өнер саласындағы құнды еңбектерімен орны зор Мұхтар Әуезовтің шығармашылығы жан-жақты зерттеліп, ретке келтірілді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ауэзов М. Времен связующая нить. - Алма-Ата: Жазушы, 1972.
2. Ауэзов М. Мысли разных лет. - Алма - Ата: Казгосиздат, 1961.
3. Ауэзов М. Абай Кунанбаев. Статьи и исследования. - Алма-Ата, 1967.
4. История казахской литературы. Казахский фольклор. - Алма - Ата: Наука, 1968.
5. Каскабасов С.А. Золотая жила. - Алматы, 2000.
6. Бисенова Г. Опера “Абай” А.Жубанова и Л.Хамиди. //Очерки по истории казахской советской музыки. Алма-Ата, 1962.
7. Альтман Л. Опера “Абай”. Методические рекомендации по преподаванию казахской музыкальной литературы в ДМШ. Алма-Ата, 1978.
Категория: Уроки музыки | Добавил: krivosheevanatasha60 (2016-03-28)
Просмотров: 961 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 8:22 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru