Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Уроки музыки

Домбыра аспабының басқа пәндермен байланысы және домбыра аспабы арқылы жеткен тәрбие қағидалары
Казез Санатқан
Музыка пәнінің оқытушысы
Семейдің М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі

Домбыра аспабының басқа пәндермен байланысы және
домбыра аспабы арқылы жеткен тәрбие қағидалары

Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра,
Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ - Домбыра.
Білгің келсе біздің жәйді, содан сұра тек қана,
Одан асқан жоқ шежіре, одан асқан жоқ дана.
Қадыр Мырза Әли
Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберіндежыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра ежелде қазақтың тарихын баяндаған музыкалық аспаптардың бірі. XIX ғасырда қазақ халқының тұрмысында анағұрлым кең тараған Музыкалық аспап екі ішекті домбыра болатын. Егер бұрынғы заманда көне аспаптар ән, жыр, ертегі-аңыздарды сүйемелдеу үшін ғана қолданылған болса, енді домбыра жеке шығарма орындауға арналып, күрделі аспаптардың қатарына қосылды. Әр түрлі ескерткіштерге, сондай-ақ этнографтардың жазып қалдырған еңбектеріне жүгінсек, домбыра және өзге халықтардың осы тектес аспаптары тіпті сонау орта ғасырларда белгілі болған екен. Мысалы, Әбу Насыр әл-Фарабидің еңбектерінен тамбур аспабы жайында оқимыз. Аңыз-ертегілердің бірінде аспаптағы жоғарғы тиектің қалай пайда болғаны жайында айтылады. Жаумен шайқасып, одан соң алыс сапар шегіп әбден қалжырап келе жатқан батыр жолшыбай демалуға аялдайды. Сайдың ішіндегі саялы жерде жайғасып отырған соң талдан бір шыбық кесіп алады, оған жылқының қылын керіп байлайды да, дыбыс шығармақ болып көреді. Бірақ қолдан жасаған тым жұпыны аспаптан ешқандай үн шығатын емес, тым-тырыс, меңіреу күйінде қала береді. Батыр оны жанына тастай салады да, өзі қисайып жатып ұйықтап кетеді. Ол жанындағы өзі жасаған аспаптан шығып жатқан дауыстан оянады. Қолына алып қараған батыр аспаптың мойын тұсынан титтей ағаш тиекті көреді, оны әлдебіреу ішектің астынан келтіріп орнатып қойған екен. Батыр: «Е, бұл шайтанның ісі болды ғой»,— деп ойлайды. Бәлкім содан бері қалған сөз болса керек, халық арасында жоғарғы тиекті «шайтан тиек» деп атайды. Ішекті жылқының қылынан тағу, жоғарғы тиектің болмауы көне аспаптарға тән сипат.
2. Домбыра аспабының басқа пәндермен байланысы

Домбыра аспабы арқылы жеткен тәрбие қағидаларының көздеріне үңілетін болсақ, бірнеше пәндерді кездестіруге болады:
1. Домбыра – тартып үйрену еңбек пәні.
2. Домбыра тартып әр дыбысын есептеп ойнау математика пәні.
3. Домбыра – тартып қағу, перне басу, бір мезгілде әуен дыбысын анық шығару, оған қосылатын поэзия сөзін дауыс ырғағымен дәл айту логика пәні.
4. Домбыра – екі шекті бұрап тарту арқылы дыбысты естіп отырып, құлақ күйін келтіру физика пәні.
5. Күй тыңдап әуенін есту арқылы елестетіп түсіну бейнелеу пәні.
6. Күй – аспапты музыка, оған қосарлана жүретін әңгіме және поэзия әдебиет пәні.
7. Терме – аспапты вокалды музыка мен оған қоса жүретін сөзі әдебиет ішіндегі мақал – мәтел мен афоризм.
8. Жыр – ұзақ белгілі бір оқиғаларды айтатын тарих пәні.
9. Қиысса – дастан, кино – фильм театр пәні.
10. Айтыс – жарыс сөз, тіл және демократия пәні.
11. Ән – вокалды музыка дауыстың шеберлігін қалыптастырады.
Осының бәрін меңгеріп орындау үшін музыка көмегі араласқан жағдайда ғана олардың құны өте жоғары болады. Аспап, Әуен, Вокал, Сөз, Поэзия бір мезгілде қатар қосылып, тең жүргенде өз нәтижесін көрсетеді. Осы айтылғандардың бәрін бір мезгілде бір адамның орындап шығуын талант иесі дейміз, ал талант ішкі өз рефлекс күшін еңбек арқылы оята біледі. Бұл – бірінші. Ал екіншісі – тыңдарман болса, оның ішкі рефлексін оятуға айтушының қызықты орындауы, дауыс екпіні, ұқтыру кезіндегі түрлі айла – тәсілдері жатады. Адам баласы талантты не талантсыз болып тумайды, ол іздену, ұқсау, еңбектену қасиеттерді миға ендіру арқылы музыка үнінің көмегімен «мен білемін» деген сөзді кіргізу арқылы жетістікке жете алады. Талант иесі ішкі жан тілін сезімге байлайды. Ал сезім еңбекке дағдылайды. Еңбек талантты ұштайды. Нәтиже деген не? Ол еңбектің соңғы көрсеткіші. Домбыра ойнау, айту, жаттау еңбек нәтижесі. Ал оны үйрету – педагогика ғылымы. Оған Қорқыт, Баласағұн, Асанқайғы, Бұхар, Абылай, Абай, Құрманғазы, Махамбет, Ақан, Біржан, Мұхит, Әуезов, Жұбанов, Байтұрсынов, т.б. еңбектерін жатқызуға болады.

Жасыратыны жоқ, домбыра аспабының бойында қалыптасқан педагогика, психология, философия, филология, математика, т.б.ғылыми қағидалары толық ашылып, қарастырылмай келеді.

3. Домбыра аспабы арқылы жеткен тәрбие қағидалары

Сырт көзге көріне бермейтін, мәні зор домбырадан қалыптасқан тәрбие үлгісі адамның ой ұшқырлығын шыңдауға, ата – бабадан кәсіп болған дәстүрді дамытуға, өнер арқылы білімге терең бойлауға мүмкіндік тудыратыны анық. Домбырадан таралған тәрбие – білімнің қайнаған бұлағына, сарқылмас қазынасына, дәстүр табиғатына, қазақ діліне өз үлесін қосып келе жатқан үрдіс. Ендеше киесі сақталған домбыраның негізінде білім беру көзделсе, бүгінгі келеңсіз, қатыгез жағдайлар мен шешімін таба алмай жатқан жамандық атаулыдан айырылып, өзінің төл мәдениетіне қарай бұрылып, тарихы мен тілін сүйіп, өзгені сыйлауға бой ұрған болар еді.
«Музыка тыңдатпайынша тәрбие беру, балалық шақтың өзінде адамның сүйіп тыңдайтын ән – күйлерінсіз тәрбие беру менің басыма қонбайтын нәрсе», дейді В.А.Сухомлинский.
Сондықтан жалпы орта білім беретін колледж оқушыларының қолына домбыра беріп, аузындағы тіліне дуалы терме сөзін айтқызып үйретсе, нұр үстіне нұр емес пе?!.
Біріншіден, қуатсыз қатыгездіктен, екіншіден жалмауыз қанішерден, үшіншіден, жаны ашымайтын ұл – қыздан, төртіншіден, ауру жастардан, бесіншіден, білімсіз надандардан арылар едік.
« Егер белгілі бір елді басқарудың жай жапсарын білгің келсе, сол елдің тәртіп тағлымын танымақ болсаң, онда музыкасына құлақ түр» дейді Конфуций.
Өзінің төл мәдениеті мен тілінен адасқан ел рухани бақытсыз. Г.Лихтенбергтің «...Ақылды бала – кілең ақымақтардың ортасында тәрбиеленсе, ол да ақымақ болады. Бірақ, адам баласының түзелуге де, бұзылуға да қабілеті әбден жетеді....» дегеніндей, біздің ортада жалған тәрбие белең алып отыр. Оған дәлел бүгінгі жастардың әке – шешеден безіп өзгенің қолтығына енуі, үлкеннің ұлағатты сөздеріне құлақ аспауы, отбасынан тәлім – тәрбие алып оны жалғастыру орнына өзге адамдардың сөзіне еріп, өз туысынан безуі сияқты қылықтарға бой ұрып, теріс тәрбиеге ден қоюы дер едік.
Сондықтан қайда жүрсе де ақын, жыраудың тағлымын, әншінің әні мен әуенін, күйшінің күмбірлеген күміс күйін қалт жібермей көкейге қондырып, ел аузындағы ұлағатты мақал мен мәтелді, ертегі мен жұмбақты терме мен шежірені жадында сақтап халық даналығын өзіне рухани азық еткен қазақ жастарына өзінің төл мәдениеті негізінде мемлекеттік стандарт, бағдарлама, оқулық, оқу әдістемелік кешендерді құрап жазу – басты міндет.
«Тәрбиесі жаманға жақсы ұстаздан пайда жоқ» дейді Саифи Сарайи.

4. Қорытынды
Тәлім тәрбиенің басты құралы – домбыра аспабы десек, қателеспейміз. Сондықтан да, орта білім беретін колледждерде домбыра негізінде қалыптасып жеткен тәрбие көзі эстетикалық әсемділікке жетелейді.
Қорқыт, Асанқайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Бұқар, Махамбет, Құрманғазы, Абай, Ақан, Біржан, Мұхит, Нұртуған, Жамбыл, Нұрпейіс, Қашаған, Нұрым, Шернияз, Кердері Әубәкір, Қазанғап, Тәттімбет, Дәулеткерей, Абылай, Сүгір, т.б. аты елге белгілі дала перзенттерінің шығармалары мен үлгілерін оқу орындарында оқытып қана қоймай, қасиетті домбыра аспабының негізінде қалыптасатын қағидалы тұжырымдарды да тәрбие көздері етіп енгізу керек – ақ..

Музыка сабағында музыкалық іс - әрекеттерді аспаптық музыкамен байланыстыра жүргізу жолдары.



Пайдаланылған әдебиеттер:

1. В.А.Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы А.,1976 223б
2. В.В. Виноградов. О музыкальной археологии // Советская музыка. 1975 89б
3. Д. Кішібеков. Қазақ менталитеті: кеше, бүгін, ертең А.,1999 130б
4. А. Жайымов, С. Бүркүтов, Б. Ысқақов. Домбыра үйрену мектебі А.,1992
5. Б.А .Яворский. Воспитание музыкой М., 1989 24б
Категория: Уроки музыки | Добавил: krivosheevanatasha60 (2016-05-26) | Автор: Қазез Санатқан E
Просмотров: 1020 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 4:43 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru