Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Уроки музыки

Конспект по музыке" Шығармамен жұмыс жасау"
Ақтөбе облысы Шалқар қаласы Қазанғап Тілепбергенұлы атындағы саз мектебінің домбыра класының мұғалімі
Майкупов Алмат Мысырұлы

Сабақтың тақырыбы: Шығармамен жұмыс жасау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Домбырада фортепианоның сүйемелдеуімен орындалатын шығармалар туралы түсінік беру, кездесетін қағыс түрлерімен таныстыру; Оқушының музыкалық білімін ашу;
Дамытушылығы: Нотаны жүргізіп оқуға үйрету, сауаттылығын арттыру;
Тәрбиелігі: Музыкалық шығарманы өз мәнінде орындауға үйрету, түсініп тыңдай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Тақырыпқа сай дайындалған слайд.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: Оқушының назарын сабаққа аудару
Үй тапсырмасын тексеру:
а) Ре мажор – си минор гаммасы
б) «Жеңгем сүйер» Дәулеткерей
Мұғалім сөзі:
 «Жеңгем сүйер» кімнің күйі?
 Күйші Дәулеткерей туралы не білесің?
 Күй дегеніміз не?
Жаңа сабақ: Күй – қазақтың ертеден келе жатқан аспаптық музыкалық шығармасы. Күй шығаратын адамды күйші деп атаймыз. Қазақта артына өлмес, өшпес мұра қалдырып кеткен көптеген ұлы күйшілер бар. Олар әріпті таяқ деп білмейтін, нота дегеннен тіпті бейхабар болса да, өз халқының өзегін өртеген мұңын мұңдап, жоғын жоқтап, көптеген тамаша күйлер шығарған. Сол, сары алтындай күйлері тот баспай біздің заманымызға аман жетті. Қазіргі таңда домбырада тек қана күй емес, фортепианоның сүйемелдеуімен шығармалар орындалып жүр. Дүние жүзі халықтарының ән-биін, профессионал-композиторлардың шығармаларын фортепианоның сүйемелдеуімен орындау – домбыра тарту өнерінің бір саласы. Бұл домбырашының басқа елдердің музыка мәдениетімен жақын танысуына, ой-өрісінің жан-жақты дамып, әр түрлі музыка аспаптарының орындаушылық ерекшеліктерінен хабардар болуына зор ықпал етеді. Сонымен қатар домбыраның қоңыр сазымен фортепианоның үндесуі шығарманың өз нақышымен орындалуына үлкен септігін тигізеді.
Бүгінгі сабақта сондай шығармалардың бірі – Жаяу Мұсаның «Ақсиса» әнін үйренеміз. Жаяу Мұса Байжанұлы 1835 жылы Павлодар облысы, Баянауыл ауданында дүниеге келген. Ол қазақ өнерінен елеулі орын алатын аты шулы дарын иелерінің бірі. Оның «Баянауыл», «Шормановқа», «Көгершін», «Ақсиса» әндері жұртқа кеңінен танылған. Жаяу Мұсаның азан шақырып қойған аты Мұса, ауыл арасын жаяу аралап тағдыр тауқіметін көргендіктен Жаяу атанып кеткен. Оның себебін ақын «Ақсиса» әнінде
Ақсиса, қызыл сиса, сиса, сиса,
Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса.
Шорманның Мұстафасы атымды алып,
Атандым сол себептен Жаяу Мұса, - деп баяндаған.
«Ақсиса» әні дәстүрлі ән жанрында және фортепианоның сүйемелдеуімен домбыра аспабында орындалады.
«Ақсиса» әнін домбыраға лайықтап өңдеген С.Шабельский. Шығарма соль мажор тональдігінде жазылған, өлшемі 2/4. Бұл шығармада қос ішекте орындалатын тремоло штрихы көп кездеседі. Тремоло дегеніміз – бір немесе бірнеше дыбыстың өте жиі қайталануы. Ол дыбысты ұзақ ұстап тұру үшін немесе әуенді әрлеу үшін қолданылады. Қос тремоло сұқ саусақ пен бармақ арқылы қол буынының әртүрлі қимыл қозғалысымен орындалады.
Дамыту:
а) Тремоло штрихына арналған жаттығуды орындау.
б) «Ақсиса» шығармасын нота бойынша талдау.
Бекіту: Сөз жұмбақ
1. Күйші
2. Музыкалық аспап
3. «Ақсиса» шығармасында кездесетін штих түрі
4. Жаяу Мұсаның туған жері
5. Музыкалық аспап
6. Дыбыс шығару тәсілі
7. Жаяу Мұсаның азан шақырып қойған аты

Д Ә У Л Е Т К Е Р Е Й
Ф О Р Т Е П И А Н О
Т Р Е М О Л О
Б А Я Н А У Ы Л
Қ О Б Ы З
Ш Т Р И Х
М Ұ С А

Қорытындылау: Домбыра – қазақ халқының өмірінен елеулі орын алатын, өзіндік репертуары, дәстүрі бар музыкалық аспап. Домбырада тек қана күй емес, фортепианоның сүйемелдеуімен түрлі шығармалар ойнап, домбыраның мүмкіншілігін кеңінен пайдалану арқылы орындаушылық шеберлігімізді шыңдай аламыз. Сондықтан қазақ халқының қазынасы қара домбыраны қастерлей білейік. Үйге тапсырма: «Ақсиса» әнін берілген жерге дейін нота бойынша жүргізіп ойнау.
Бағалау:
Категория: Уроки музыки | Добавил: Айару9167 (2017-02-02) | Автор: Бану E
Просмотров: 951 | Комментарии: 1 | Теги: Рамазанқызы | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 8:04 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru