Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Уроки музыки

ДОМБЫРА ҮЙРЕТУ ӨНЕРІ

Гүлнар Нұрланова

ШҚО Семей қаласының білім бөлімі ММ-нің «Балалар мен жастардың шығармашылық сарайы» КМҚК-ның оқытушысы

ДОМБЫРА ҮЙРЕТУ ӨНЕРІ

Өз мақаламды ұлы орыс жазушысы Л.Толстойдың «Өз ісі мен оқушыларына бірдей сүйіспеншілігі бар ұстаз - жетілген ұстаз» деген сөздерімен бастағым келеді. Шынымен де, өз ісінің шебері, кәсібін жетік меңгерген қандай да болмасын маман иегері білгенін іс жүзінде жүзеге асыра алмаса оның қоғамға, еліне әкелер пайдасы қаншалықты? Өз ісін келешек ұрпаққа жеткізе алмайтын, дарынды оқушыларды тәрбиелеп шығара алмайтын шебер күйші іс жүзінде тек күйші қана болып қалады. Ал ұстаз бола білу ұғымы кеңірек. Ол ұстаз бен бала арасында өзара оңтайлы қатынасты орнатуды талап еді.
16 жыл еңбек өтілі бар ұстаз ретінде осы мақала арқылы оқырман дармен, мектеп – кешендердің жас оқытушыларымен домбыраны үйрету мәселесіне қатысты өз ойыммен бөліскім келеді.
Домбыра – ежелгі қазақ ұлттық аспабы, ұлтымыздың ресми емес нышандарының бірі.

«Домбыраға қол соқпа
Шымырлатып бір-бірлеп.
Жүрегім, соқпа, кел тоқта,
Жас келер көзге жүр-жүрлеп...

Күйлі, күйсіз бәйгеге
Қажыды көңілім көп шауып.
Көп қинамай әрнеге,
Енді семірт жем тауып!» –


демекші домбыра адамның рухани жан дүниесін байытатын, адамның рухын жігерлендіретін аспап екендігін хакім Абай «Домбыраға қол соқпа» атты өлеңінде атап өткендігі бәрімізге мәлім.
Мемлекет Басшысымыздың дана саясатының арқасында халықтың өз тамырларына, өз ұлтының құндылықтарына деген көзқарас өзгерді: Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев биыл тұңғыш рет өз Жарлығымен елімізде Домбыра күнін енгізді; биылдан бастап әр шілде айының бірінші жексенбісі осы киелі аспаптың құрметіне орай мереке болып атап өтіле басталды. Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде «Домбыра қазақтың жаны, рухы, тарихы, салт-дәстүрі, бүкіл бітім-болмысы» екендігін ерекше атап өткендігі ата-бабамыздан мұра болып қалған бұл аспапқа деген ерекше құрмет білдіру нысаны деп білуге болады.
Осыған байланысты келесі бір жайтты қуана – қуана атап өткім келеді: менің ұстаздық қызмет етуімнің алғаш жылдары өз балаларын саз мектебіне домбыраны үйрету үшін беретін ата-аналар саны аз болатын; көбінесе олар балаларын саз мектебіне басқа аспаптарда ойнауды үйрету үшін қатысты ратын. Ал қазіргі кездегі ата-аналардың күннен күнге балаларының домбы раны үйренуге, қазақ ұлттық аспаптың сырларына қатыстыруға деген ұмты лыстары қуантарлық жай, әрине. Осы орайда жас ұстаздарға домбыраны үйрету ісіне қатысты жауапкершіліктің арта түскендігін атап өткім келеді.
Халық арасында Қ.Мырзалиевтің «домбырада ойнай алмайтын қазақ – нағыз қазақ емес» деген пікірі нық қалыптасқан десек артық айтпаған болармын. Аллаға шүкір, қазір Қазақстан егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғалы бері жұртшылықтың қазақ тарихына, мұрасына, мәдениетіне деген назары арта түсті. Ата-аналардың балаларын домбыраға үйретуге деген талпынысы күннен күнге арта түсуде.
Домбыраны ойнауды жетік меңгеру оңай іс емес, әрине; алайда домбырада ойнауға үйренумен қатар оқушыда шыдамдылық, мақсаттылық, гармония мен такт сезімдері қалыптасып, әрбір балада тумысынан бар табиғи әлеуеті дамытылады. Тек осы әлеуетке дер кезінде жол ашып, оның дамуына мүмкіндік беру керек. Домбыраны үйрену осы іске ықпал етеді. Алайда осындай міндетті әрбір оқытушы қана емес, тек өз ісін жетік меңгерген және оған сүйіспешілікпен қарайтын, домбыраны үйретуді өз борышы, ұстаздық ар-намысына қатысты іс деп білетін оқытушы қана дұрыс атқара алады, баланың табиғи әлеуетін дамыта алады. Әрине, домбырада ойнауды үйрену, әсіресе кішкентай бүлдіршін үшін өте күрделі іс. Сол себептен де ешуақытта балаға қатысты қандай да болмасын шыдамсыздық танытпау керек; кейде бала ойнау барысында кемшіліктерді жіберген жағдайларда сабырлықпен қарап, «сен қате ойнадың» немесе «дайындығың нашар» деп күрт кесіп айтуға болмайды. Домбыраны үйрету ісі – тек шыдамдылық пен сабырлықты талап ететін іс болғандықтан, аталған жағдайлар орын алса баланы онан әрі рухтандырып қою қажет: «кешегіге қарағанда бүгін жақсы ойнап келіпсің, енді тағы біраз уақыттан соң ойнау қабілетің арта түсетіндікке мен нық сенімдімін» деп, баламен кішкене бүлдіршінмен секілді емес, үлкен, болашағы зор азаматпен сөйлескендей қарым – қатынаста орнату керек. Тек сонда қана баланың өзіне деген сенімі арта түсіп, домбыраны үйренуге қатысты қорқыныш сезімі кетіп, ойнау қабілеті дамитын болады. Ал жастайынан: «дұрыс емес ойнадың», «мынауың қате», «ойнай алмайсың қой өзің» немесе «жаттамапсың» деген сыни көзқарас баланың домбыраны үйренуге деген ынтасын күрт жойып жіберуге де әкеліп соқтыруы мүмкін. Менің пікірімше, оқытушы домбыраны үйрету барысында аңдамай үйрете бергеннен көрі керісінше, аспапың маңыздылығын, оның ата-бабамыздың көзі, халқымыздың мақтанышы, халық мәдениетінің негізгі нышандарының бірі екендігін айтып отыру нұр үстіне нұр болар еді, өйткені тек сонда қана баланың аспапқа деген, оны ойнап үйренуге деген ынтасы жандана түсетіндігі сөзсіз. Сонда қана баланы домбыраға үйрететін оқытушыдан да, домбыраны үйреніп жүрген баладан да қоғамға тиер пайдасы арта түсуші еді. Ал жоғарыда атап өтілген екінші жағдайда, яғни баланың кемшіліктерін атай беру барысында баланың осы аспапта ойнауға деген, тіпті жалпы сазға деген ұнатпаушылығын тудыруы мүмкін. Сол кезде оған салғырт оқытушы кінәлі болады. Бәрімізге Л.Толстойдың «не істесең де дұрыс істе» деген пікірі мәлім. Менің ойымша, осы сөздерді адамның тіршілік әрекетінің кез келген саласына, оның ішінде домбыраны үйретуге де қолдануға болады, сондықтан да домбыраны ойнауды үйрету ісінде оқытушының тұлғасына көп нәрсе байланысты болып табылады. Көне заманның ұлы ойшылы Әл-Фараби өз еңбектерінде саз математика іспеттес: адамның ойлау қабілетін соншалықты дәрежеде дамытады деп атап өткен. Мен осы сөздермен толық келісе отырып, «сонымен қатар адамның рухани мәдениетін де арттырады» демекпін.
Қазіргі кезде біздің жастарымыздың рухани мәдениеті 90-шы жылдардың басында орын алған дағдарыстың салдары ретінде тиісті деңгейде дамымағандығы ешкімге құпия емес. Балалар саз мектептері толығымен жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мектептер қатарынан жартылай өзін - өзі қаржыландыратын коммуналды мемлекеттік кәсіпорындары қатарына көшірілуі қазақ саз өнері екінші дәрежелі мәселелер қатарына қойғандық емес пе деген ой туындайды. Бәрімізге мәлім, кез келген қызмет қаржыландыруды талап етеді. Ал қазіргі уақытта, мектептер шаруашылықты жүргізудің жаңа нысанына ауыстырылғанда оқытушыларға екі міндетті қоса атқару тура келеді: бірі – бала оқыту болса, екіншісі – еңбекақыны сақтап, мекеме қажеттіліктерін төлеу үшін мектепке оқушыларды тарту. Ол негізінде дұрыс емес көзқарас. Басқа салада осындай әдісті қолдану орынды болса да ұлттық мәдениетті, атап айтқанда ұлттық саз мәдениетін дамыту мәселесінде аталған мектептердің өздерін өздері қаржыландыруы туралы сөз қозғау артық деген ойламын. Өйткені осындай көзқарас оқытушыларға ұстаздық міндетке қоса тағы да бір міндетті жүктейді: олар өнерді өндірушілер де, өнердің «менеджерлері» де болады. Құдайға шүкір, қазіргі уақытта мемлекет мәдениетті жаңғырту бойынша айтарлықтай істерді атқаруда. Осы іс-шаралар аясында мемлекет тарапынан қазақтың ұлттық аспабы – добыраны ойнауды үйрету ісіне мемлекеттік қаржылық қолдау көрсетілуі артық болмас еді. Әрине, ол бір жолғы қаржы көмегі емес – мектептерді қаржылан-дырудың бұрынғы жүйесіне – жергілікті бюджеттерден қаржыландыруға көшіру. Сонда оқытушылар – менеджментпен емес, бұрынғыдай тек өзінің негізгі, мамандық тарына сәйкес келетін ісімен - домбыраны үйретумен айналысушы еді. Ал менеджментті мемлекет жүзеге асыру керек. Сол кезде бос уақытында тек кезекті фильмді көріп немесе компьютерде ойын ойнап қана қоймай, өздері нің ұлттық саз аспабында кез келген классикалық шығармаларды ойнап бұрынғы кезде ақсүйек отбасыларында қалыптас-қандай мәдени демалатын, демалумен қатар өздерін де, жақындарын да рухани рахаттандыратын жастар саны арта түсуші еді... Қазіргі кезде мектеп оқушылары «Дәулеткерей деген кім?» сұраққа қарағанда «Билл Гейтс деген кім?» деген сұраққа кідірмей жауап қайтаратындығы ақиқат. Бала осы екі сұраққа да жеңіл жауап бере алса нұр үстіне нұр болар еді... Әрине, қазіргі заманға сай жетістіктерді игерген дұрыс, бірақ менің ойым осындай жаңғырту, жаһандану үрдістер біздің ұлттық ділімізді, мәдениетімізді санамыздың шалғай шетіне, «мұражайлар деңгейіне» ығыстырып тастамаса болғаны. Қазіргі кезде - әсіресе қалалық жерлерде - бос уақыттарын компьютерлік клубтарда атыспақ, қырылыс пақ ойындарын қызыға ойнап «демалатын», ойнау барысында виртуалды бақталас тарына қатызгездікті неғұрлым көбірек көрсетсе, соншалықты деңгейде өздерін «крутой» санайтын мектептің төменгі сынып оқушылары, тіпті мектепке дейінгі балалар санының күн сайын артуы біздің ұлтымыз үшін, қазақ халқы үшін әрине, қуантарлық жайт емес. 7-10 жасар балалардың жанар лары жанып, құмарлана өзінің компьютерлік қарсыластарына автоматтан, басқа да компьютерлік «қару-жарақтардан» атып өлтіріп, жарып, атып жатқаны - көрген өкінішті-ақ көрініс. Компьютер ойындарын ойнайтын балалар тек ойнап қана қоймай, балағаттық сөздерді айқайлап айтып, мінездері шынымен де қатыгездене түсетіндікті көргенде қарның ашиды; «осы балалардың болашақтары не болмақ?» – деген ойлар туындайды. Осындай ойындардың салдарлары – балалардың кері өмірлік ұстанымдарын қалыптас тырады. Компьютерлік ойындарға балама ретінде домбыраны үйретуді қолға алсақ қалай болар еді, ағайын? Кезінде К.Маркс «Демалыс – қызмет түрін ауыстыру» деп атап өткен. Ендеше неге арнайы саз мектепте рінде домбыра үйретуді балаларымыздың демалыс, ойларын ауыстыру әдісі етпеске? Саз мектебі дегеніміз – аспапта ойнауды үйрететін орын қана емес, сонымен қатар ол балалардың ұжымдық негізде жиналатын, әрі бір ортақ мүдде төңірегінде сөз қозғап, мәдениетке бет бұратын орын. Қазақта «ел боламын десең – бесігіңді түзе» деген дана мақал бар. Осы мақалды мақала тақырыбына қатысты өзгертіп, «жақсы адам өсіргің келсе рухани мәдениетіңді дамыт» деп те айтуға болады. Әрине, қазіргі кезде жоғарыда атап өткенімдей мәдениетті дамыту жөніндегі іс – шаралар жүзеге асырылуда, бірақ ұлттық мәдениеттің ажырамас бөлігі болып табылатын саз өнері, атап айтқанда, домбыраны үйрету мемлекет назарынан тыс қалмаса екен деген ұсынысты білдіргім келеді.
Сонымен қатар, оқуға деген қызығушылықты арттыру үшін домбыраны үйрету ісінде қазіргі заманға сай әдістерді де қолдануға болады. Мысалы, екі немесе бірнеше елді мекендердегі саз мектептерінде оқитын жастар мен дайындық деңгейлері бірдей оқушылар арасында домбыраны үйрететін инте рактивті бейне сабақтарды өткізу (Мысалы, бір ауданның екі-үш ауылдары ның мектептері арасында немесе шалғай орналасқан облыстардағы мектептер арасында осындай салыстырмалы тәжірибе алмасу дәрістерін өткізсе де болар еді). Өйткені бәрін салыстыру арқылы танып білуге болады. Және де өз ойнау дәрежелерін бір-бірлерімен салыстыру арқылы балалардың домбыра ойнауға қызығушылықтары арта түсіп, неғұрлым жақсырақ ойнауға ұмтылушы еді. Яғни осындай Интернет желісі арқылы қатынас орнатуды қомақты қаржылық қолдауды талап ететін және өткізілу кезеңділігі сирек болып табылатын облыстық, республикалық жас сазгерлер конкурстарының баламасы ретінде де қарастыруға болады. Осы ой қолдау тапқан жағдайда оны іске асыру үшін тиісті сайттарды құрып, «скайп - қатынас» сынды бағдарлама ларды әзірлеуге болады. Осындай «интернет-қатынастар» салыстыру арқылы оқушылардың ойнау қабілеттерін, ал жас оқытушы-лардың да өздерінің кәсіби біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік берері сөзсіз.
Сөзге қатысты айта кетер болсам, қазіргі кезде біліктілікті арттыру курстарының өткізілу деңгейі де толығымен көңілден шығарлықтай емес: тәжірибесі мол, кәсіби жетістіктері жеткілікті оқытушыларға «Рахманинов деген кім» сынды тақырыптағы дәрістер оқылып жатады. Меніңше, осындай біліктілікті арттыру курстарының бағдарламалары курс қатысушыларының жасына, қызмет өтіліне қарай саралануы тиіс. Жас, колледж немесе консерва тория бітірген, жұмыс өтілдері үш жылға дейінгі оқытушылар үшін бір бағдар ламалар; еңбек өтілі де, тәжірибесі де мол оқытушыларға басқа бағдарламалар бойынша өткізуді орынды деп санаймын. Тіпті осындай курстар барысында тәжірибелері мол ұстаздарға сөз беру де тиімді болар еді: олар жас буынға арналған дәрістер барысында өз ойларымен бөлісіп, оңтайлы тәжірибелерін жас ұстаздарға табыстар еді; осындай бас қосуларда домбыраны үйрету барысында туындайтын күрделі мәселелерді шешу, кемшіліктерді жою жолдарын да қарастыруға болады.
Сөзімді түйіндей келе, домбыраны үйрету - рухани мәдениетімізді дамытудың құрамдас бөлігі, маңыздылығы ұлттық деңгейдегі мәселе және келер ұрпақты жан-жанқты дамыған етіп өсіру біздің қолымызда, біздің осы істі жүзеге асыруға толық мүмкіндіктеріміз бар деп айтқым келеді.
Категория: Уроки музыки | Добавил: Larissa (2018-11-20) | Автор: Гүлнар Нұрланова
Просмотров: 443 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 5:33 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru