Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Уроки музыки

Тәуелсіздік тұғыры
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Еліміздің тәуелсіздік алғанына 28 жыл толуы мен «Желтоқсан оқиғасына» 28 жыл толуына арналған «Тәуелсіздік тұғыры» атты ертеңгілімізді әнұранмен бастаумызға рұқсат етіңіздер.
Жүргізуші: Әр адам үшін өмірде 2 нәрсе бар. Оң+ың біріншісі- Ана да, екіншісі – Отан. Өйткені бұлар жайлы да сөз қорғанда елжіремейтін, еміренбейтін жүрек болмайды. Нәресте кезінен өмірінің ақырына дейін, адамдар ардақты, абзал анасын қадірлеп өтеді. Ал Отан деген қадірі мол, қасиетті сезім. Сондықтан біз Ана мен Отанды бірге қосып: хормен « Отан – Ана» дейміз
1.бала
Отан үшін жанын қиды ұлдарың,
Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың
Күйінішпен ауырады жүрегім,
Естігенде желтоқсанның ызғарын.
2. бала
Желтоқсан-ау! Ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке
Егемендік тиді бүгін еншіме
Желтоқсаным, жеткіздің-ақ тілекке
3. бала
Бас аланды ел жосқан,
Жастар қаны жұққан күн.
16-шы желтоқсанда
Тәуелсіздік туған күншығыстан
Би: « Қара жорға»
Жүргізуші: 1986 жылы Алматыда үкіметтің саясатына қарсы жастардың көтерілісі болды. Алаңға шыққан жастар: Тәуелсіздіқ керек! Қазақ елінің өз көсемі сайлансын! Деген тілек білдірді.Көптеген апа, ағаларымыз түрмеге қамалды. Солардың ішіңде есімі мен ерліктері әлемге жеткен Қайрат Рұсқылбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова жерлесіміз Нұржан Қалиасқаров және тағы баска апа, ағаларымыздың ерліктері ұмытылмайды
1 бала
Жас қайратты қазақтың,
Шықты алаңға құрған сап
Тәуелсіздік! Азаматтық!

Бостандық деп ұран сап
Әр қазақтың есінде сақталады.
Желтоқсандық өрендер аяқталады.
Ел намысын қорғаған, сарбаздарым,
Ерліктерің мәңгілік сақталады.
2бала
Қорғап сені өтемін,
Өле – өлгенше
Мақтанамын әлемге,
Мен азатпын
Жанардан саулап намыс
Көрсетіп тісін барыстың
Желтоқсандық ерлерім,
Ұлттық ар үшін алыстың
Жүргізуші:
Ал құрметті қонақтар, балалар осы бізді тәуелсіздікке жеткізген апаларымызды 1 минут үнсіздік жариялап еске алайық.
1бала:
Тәуелсіздік, Қазақстан бір ұғым,
Жұтар ауам, ішер суым тұнығым.
Тәуелсіздік мәңгі жасау үшін де,
Мен де, сен де туған Отан құлыным.
2 бала:
Тәуелсіздік- арман жолдар есігі.
Тәуелсіздік – барша халық бесігі
Тәуелсіздік – орындалған армандар.
Алашымның ардақталған есімі
3 бала:
Тәуелсіз ел атанды,
Биік даңқың.
Бар әлемге әйгілі,
Мәлім атың.
Оркестр « Саржайлау»
Жүргізуші: 1991 жыл 16 желтоқсанда біздің елімізде « Қазақстан республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Ата заңы қабылданады. 1991 жылы біздің еліміз өз алдында егемендік алып, тұңғыш президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлы сайланып тәуелсіз егеменді ел болдық.
1 бала:

Егемендік ел болдық белгісі
Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.
«Егемендік» деген сөзден естілер,
Ата жұрттың арғысы мен бергісі
2 бала:
Елім менің тәуелсіз жерім менің
Күннен алған шуақты өмірмін
Рухы ұлттық өсіпті
Өлместей боп
Көк байрағын төбеме көтерген күн
Жүргізуші:
Келді осылай аңсаған күніміз де,
Көптен күткен тәуелсіздік келді бізге
Қайта оралды сан ғасырлық қиындықтан
Қасиетті тіліміз бен дініміз де.
Жүргізуші: Балалар Қазақстан Республикасының рәміздерін атандаршы!
Балалар: Ту, Елтаңба және әнұран.
Жүргізуші:1992 жылы 4 маусымда ҚР-ң мемлекеттік туы, елтаңбасы, Әнұраны бекітілді.
Ән « Елтаңбасы елімнің» әні: Д.Омаров. сөзі: С.Калиев
1бала:
Әнұраным – жанұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім
Туған жерім сағынарым
Мың қайталап айтам мұны
Айтар әнім – сөйлер сөзім,
Туған жерім сағынарым
Мәңгі бақи шырқалады,
Республикам әнұраным.
2 бала:
Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй
Қалықтаған жас сұңқар
Шарықтаған жаза күй
Бұл таңбасы елімн
Елдігімнің белгісі.
3 бала:
Тәуелсіздік жолында
11
Талай талай тер тамған.
Билігім өз қолымда,
Еркіндігім елтаңбам
4 бала:
Ақ ниет- алтын күн,
Асқақ арман – қыраны.
Жалауы бұл халықт
Мәртебесі, мақтаны.
Жүргізуші:
Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,
Лаула, Лаула, Желтоқсанның болмақ қалауы,
Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің!
Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы.
Би: «Қазақ биі»
Жүргізуші: Қазақстан Республикасының Конститутиясының 34 – бабы: әркім өз Республикасының мемлекетін құрметтеуге міндетті. 1997 жылы Ақмола қаласы Астана қаласына көшірілді.
1 бала:
Менің отаным –Қазақстан. Қазақстан қен байтақ егеменді ел. Қазақстан тәуелсіз мемлекет. Қазақстанда көп ұлттар тұрады. Қазақстанның бас қаласы – Астана. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі.
Қазақстан елдаласын егін жапқан
Бар баласы бақыт тапқан.
Менің жерім туған елім
Күн сәулелі Қазақстан.
2 бала:
Беу – Астана!
Ардақты ақ қаласың.
Жасап жатыр
Туған ел салт- жорасын.
Астана құтты болсын!
Бақытты бол!
Ортайма бақ орнасын.
Ән «Астана» әні:Д.Ботбаев. сөзі:С.Калиев
Жүргізуші: Желтоқсан оқиғасы жылы сөз болса, Қайрат аты көп аталады.Бұл орынды.Ұлттық намысы кеудесіне сыймаған талай -талай ұл -қыздарымыздың желтоқсан ызғарынан ықпағанын тәуелсіздік жолындағы күрес емес деп кім
айта алады? Олардың қай - қайсысы да қандай да бір марапатқа, жыр дастанға лайық!
1бала:
Мен 21 – ғасырмын
Жер бетіне ырысты,
Ынтымақты беремін
Көп жыл өтіпті
Еліміздің басынан,
Талай тарих кешіпті
Жаңа келген ғасырмын
Жалқаулардың қасымын
Еңбек еткен жандардың
Мақтанатын досымын.
2 бала:
Дос боп түрлі халықтар,
Жасайтұғын ғасырмын
Бақыт әкеп әлемге,
Ұмытылмас асылмын
21 – ші ғасырмын,
Ғасылардың жасымын.
Жасы кіші болса да,
Өрге өрлетер басымын.
Би «Достық биі»
1 бала :
Тәуелсіз Қазақстан – тірегімсің
Кеудемде лүпілдеген жүрегімсің
Тек тыныштық тілеймін,
Қазақстан еліме
2 бала:
Қазақстан көк байрақта нұр елдің
Сен дегенде лүпілдейді жүрегім
Өзің менің қуанышым, бақытым
Өзің менің қуанышым, тірегім
Жүргізуші: Қазақстанымның көк байрағы мәнгі бақи желбіреп халқымыздың еңсесі жоғары егеменді баянды болсын, әрқашан отбасыларыңызда амандық, дендеріңізге саулық тілейміз.Бүгінгі сіздерге арналған ертеңгіліміз аяқталды. Сау болыңыздар.
Категория: Уроки музыки | Добавил: sauledakenova (2020-01-17) | Автор: Дакенова Сауле Мейрамгалиевна E
Просмотров: 49 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2020-05-27, 4:07 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1604]
Школьный психолог [547]
История [778]
Опыт [553]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [261]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [873]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1271]
Химия [403]
Классному руководителю [697]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [111]
Казахский язык и литература [1890]
Краеведение [108]
Начальная школа [4154]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [408]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [197]
Дошколенок [1762]
Особые дети [322]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [665]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [491]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1269]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [106]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [583]
Немецкий язык [61]
Технология [320]
Самопознание [444]
Профессиональное образование [131]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [68]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко 2 класс открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество 10 класс глагол Казахские пословицы проект Развитие Речи конспект урока 6 класс Интегрированный урок физика интеллектуальная игра язык 8 класс алгебра ашық сабақ класс стихи Казахстан математика урок праздник познание мира музыка доклад программа литература природа сценарий семья осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология дополнительное образование воспитательная работа коррекционная школа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский br конспект спорт дружба История история Казахстана 4 класс библиотека тренинг разработка физическая культура игры бастауыш сынып детский сад физкультура коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru