Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » География

Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы
Тақырып: Орталық Қазақстанның шаруашылық географиясы
Сабақ түрі: Жаңа материалды игеру
Сабақ формасы: топтық жұмыс
Әдіс-тәсілдер: тақырыптық карталар, оқулық, кескін карта.
Педагогикалық технология түрі: «Әділетсіздік бағаналары» әдісі, СТО, проблемалық- зерттеу.
Құралдар: Қазақстанның физикалық картасы, 9 сынып атласы, кескін карта, тест тапсырмалар
Мақсаты: Орталық Қазақстанның шаруашылығымен танысу
1. Орталық Қазақстан шаруашылығын зерттей отырып, проблемалық жағдайларын айқындау
2. Шығармашылық талдау, өз ойын толық жеткізе алуға дағдыландыру, уақытты үнемдеу және қорытынды жасай алуға үйрету
3. Ұлттық патриоттық сезімді ұялату, мақтаныш сезімдерін ояту
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды психологиялық дайындау. Баяу әуен ақырын ойнап тұрады. «Көңіл-күй шеңбері»
Сәлеметсіңдер ме, оқушылар! Бәріміз, кәнекей шеңбер жасап, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, жымиып, айналамызға күні бойы жақсы көңіл-күй сыйлайық.
Оқушыларды үш топқа бөлеміз:
1. Қызыларай
2. Қарқаралы
3. Қарағайлы
II. Оқушылардың білімін тексеру. «Миға шабуыл» оқушылардың жадын қозғалтып, сабаққа дайындау
Мұғалім Қазақстан бойынша сандар жазылған карточкаларды көрсетеді.
1. Ең ірі көмір алабы қай облыста орналасқан? (Қарағанды)
2. Қазақстандағы ең маңызды транспорт түрі? (теміржол)
3. Қазақстан экономикалық ауданы нешеге бөлінеді? (5)
4. Аумағы жөнінен ең үлкен экономикалық аудан? (Орталық Қазақстан)
5. Орталық Қазақстандағы дамыған жетекші салалар? ( мыс өндіру, көмір өндіру, асбест-цемент өндіріс, кокс өндіру, балық шаруашылығы, мал шаруашылығы ( еділбай қойы) және т.б.
III. Жаңа материалмен жұмыс
1. Мұғалімнің кіріспе сөзі
А) өнеркәсіп орындарының территориялық және экономикалық аудандастырылуы
Б) Орталық Қазақстанның шаруашылығына қысқаша сипаттама
2. Топпен жұмыс (әрбір топ проблемалық тапсырмалар беріледі)
1 тапсырма. Оқушылар оқулық, оқулық кестелері, интернет көздері және атлас бойынша төмендегідей проблемалық тапсырмаларды орындайды:
1 топ Қазақстанның экономикасында жетекші орын алатын Орталық Қазақстан өнеркәсіп тораптарын атаңдар?
2 топ Орталық Қазақстан ауылшаруашылығының даму жағдайы қандай екенін анықтаңдар?
3 топ Орталық Қазақстан экономикасының дамуындағы транспорттың алатын орнын анықтаңдар?
Оқушылар берілген тапсырмалар бойынша жауаптарын береді.
2 тапсырма. «Әділетсіздік бағаналары» әдісі
3- топ мүшелеріне ортақ проблемалық тапсырма беріледі:
1. Орталық Қазақстанды - аграрлы аймақ деп неге атай аламыз ба? бойынша нақты 10 аргументті табыңдар. (сурет-1)
Топ оқушыларының қорытындысы. Қай топ көп аргумент тапса, сол топ жеңіске жетеді.
IV. Жаңа материалды қорытындылау. Кескін картамен жұмыс
1. Оқушылар жеке кескін карталармен жұмыс жасайды.
- кескін картаға мына бассейндерді түсіріңдер:
А) Қарағанды (көмір) Б) Атасу (темір кені) С) Жезді, Жәйрем (марганец) Д) Жезқазған, Қоңырат, Саяқ, (мыс) Е) Жәйрем (полиметаллдар)
2. Тест тапсырмаларын жеке орындау (оқушылар жеке тест сұрақтарына жауап береді және бір-бірін тексереді)
Тақырып бойынша тест: Орталық Қазақстан.
1. Орталық Қазақстанмен қандай облыс шектеспейді?
а) Ақмола; б)Батыс Қазақстан; в) Шығыс Қазақстан; г) Алматы; д) Павлодар.
2. Орталық Қазақстан ауданы бойынша нешінші орында ?
а) 1 б) 2 в) 3 г) 4 д) 5
3. Орталық Қазақстан халқының тығыздығы?
а) 1 км шаршы -3 адам б) 1 км шаршы -3,1 адам в) 1 км шаршы -5,5 адам г) 1 км шаршы -6 адам д) 1 км шаршы -6,5 адам.
4. Орталық Қазақстанның қай бөлігінде халық көп қоныстанған?
а) солтүстік б) оңтүстік в) батыс г) шығыс д)орталық
5. Орталық Қазақстанда қандай пайдалы қазба кездеспейді?
а) темір кені мен құрылыс материалы б) мұнай мен газ в) мыс пен марганец
г) сурьма мен вольфрам д) көмір мен полиметалл.
6. Ешкіөлмес- бұл .......
а) көмір б) мұнай в) темір кені г) мыс д) асбест.
7. Жезды – бұл.....
а) көмір б) мұнай в) темір кені г) мыс д) вольфрам.
8. Қоңырат пен Саяқ – бұл ....
а) көмір б) мұнай в) темір кені г) мыс д) кадьмий.
9. Орталық Қазақстандағы шаруашылықтың дамуына қандай ресурс жетіспейді?
а) минералды; б) жер в) су г) рекреациялық д) отын-энергетикалық.
10. Орталық Қазақстанның урбандалу деңгейі ?
а) 58%; б) 86%; в) 68%; г) 74%; д) 61%;
3. Географиялық викторина
- Қай географиялық нысан туралы айтылуда?
1. Қазақстанның ең үлкен аласа таулы өлкесі (Сарыарқа)
2. Академик, геолог, Жезқазған қаласы маңындағы мыс кенін ашқан кім? (Сатпаев К.И)
3. Қазақстандағы тұщы сумен қамтамасыз ету мақсатындағы өзен? (Ертіс –Қарағанды – Жезқазған каналы)
4. Орталық Қазақстанда тау-орман ландшафтысын қорғау мақсатындағы күзет орны? (Қарақаралы Ұлттық саябағы)

Ойын –жарысы
(оқушылар Орталық Қазақстанның ерекшеліктерін реттерімен атап шығады)
Мысалы: ең сусыз, теңізден алшақ, минералды ресурсқа бай, ЭГЖ тиімді, транспортық жүйе дамыған, урбандалған, индустриалды.
«Артығын тап» ойыны
• Қарағанды, Теміртау, Ақтөбе
• Марганец, көмір, хром
• Балқаш, Орал, Нұра
• Қоңырат, Доссор, Саяқ
• Бұқтырма суқоймасы, Самарқан суқоймасы, Жезды суқоймасы
• Қара металлургия, түсті металлургия, түйе шаруашылығы
V. Рефлексия:
«жүректен –жүрекке» кері байланыс орнату
VI. Үй тапысрмасы:
§21. 109 бет.
Екі тақырып бойынша хабарлама дайындап келу ( таңдау бойынша)
1. Орталық Қазақстандағы су жүйесінің проблемасы
2. Орталық Қазақстан- пайдалы қазба кен орталығының сыр сандығы.
VII. Қорытынды
Бағалау
Категория: География | Добавил: Marat (2015-04-22) | Автор: Махбутова Айгерим Газизовна E
Просмотров: 2182 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 12:00 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru