Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » География

Географиялық сапар (сайыс)
Тақырыбы: «Географиялық сапар »
Мақсаты: Оқушылардың дүниежүзінің елдері туралы алған теориялық білімдерін біліктілікпен ұштастыру, жалпы дүниетанымын кеңейту, ойын элементтері арқылы ойлау, танымдық, есте сақтау қабілеттерін, картамен, флипчартпен жұмыс жасау дағдыларын дамыту, өз бетінше ізденулеріне бағыт беру, Отанға деген сүйіспеншілікті, пәнге қызығушылығын арттыру, жауапкершілікке, алғырлыққа және тез ойлана білуге үйрету.
Көрнекіліктер: Дүниежүзінің саяси картасы, Қазақстанның кескін карталары, мультимедия кешені, аудиотаспа, флипчарт, тапсырмасы бар үлестірмелер, топтардың аттары жазылған көрсеткіштер, түрлі-түсті материктер кескіндері, қоржынға салынған мәдени өсімдіктер.
Өткізу әдісі: сайыс түрінде
Жоспары:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Негізгі кезең:
1 - аялдама: «Туған жер - тұғырың!» 5 - аялдама: «Сиқырлы қоржын».

2 - аялдама: «Білгенге маржан». 6 - аялдама: «Жұмбақ ел».

3 - аялдама: «Картографиялық домино». 7 - аялдама: «Еуропаға саяхат».

4 - аялдама: «Қиял әлемі».

ІІІ. Қорытындылау (рефлексия, жеңімпаз топты анықтау)
Сайыс барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Сайыстың жүру барысымен және мақсатымен таныстыру. Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу, олардың міндеттерін түсіндіру. Әділқазылар алқасымен таныстыру.
ІІ.Негізгі кезең
1. «Туған жер - тұғырың!» «Алатау. Алтай. Атырау» әнін тыңдап, әнде аталған географиялық нысандарды Қазақстанның кескін картасына түсіру. Әрбір географиялық нысанға бір ұпайдан беріледі (Қарағанды, Алтай, Семей, Көкшетау, Атырау, Жайық, Каспий, Орал, Ойыл, Ырғыз, Ақтөбе, Ақмола, Қостанай, Сырдария, Кентау, Қазығұрт, Қаратау, Алатау, Жамбыл).
2. «Білгенге маржан». Экранда көрсетілген суреттегі халық биіне қарап, елді және астанасын атау. Дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
Жауаптары:
1.Қытай- Пекин 5. Испания - Мадрид
2.Өзбекстан – Ташкент 6. Грузия - Тбилиси
3.Үндістан – Дели 7. Ресей - Мәскеу
4.Украина- Киев 8. Қазақстан - Астана
3. «Картографиялық домино». Материктер кескіндерін құрастырып, сол құрлықтағы ең үлкен және ең халқы көп елдерді саяси картадан көрсету. Жоғары ұпай – 4.
Жауаптары:
1. Еуразия – Ресей, Қытай (1338,1 млн адам)
2. Африка – Алжир, Нигерия (158,3 млн адам)
3. Солтүстік Америка – Канада, АҚШ (320 млн адам)
4. Оңтүстік Америка – Бразилия (193,3 млн адам)
4. «Қиял әлемі». Экранда көрсетілген сәулет ескертікштерін атап, оның қай елде орналасқанын айту. Қысқаша мағлұмат беру. Толық жауап – 4 ұпай.
Жауаптары:
1. «Акрополь» – Грекия 5. «Азаттық мүсіні» - АҚШ
2. «Хеопс пирамидасы» – Египет 6. «Бурдж-Халифа» - БАӘ
3. «Эйфель мұнарасы» – Франция 7. «Кремль» - Ресей
4. «Биг-Бен» – Ұлыбритания 8. «Бәйтерек монументі» - ҚР
5. «Сиқырлы қоржын». Сайысқа қатысушылар қоржындағы мәдени өсімдіктерді көрмей анықтайды және оның отанын атап, саяси картадан көрсетеді.
Жоғары ұпай -3.
Жауаптары:
Алма – Қазақстан, алмұрт – Грекия, апельсин - Жерорта теңізі, банан – Малайзия, картоп – Оңтүстік Америка, киви – Қытай, қияр – Үндістан, пияз – Алдыңғы Азия.
6. «Жұмбақ ел». Әрбір топ мүшесі үлестірмелерде сипатталған елді атап, саяси картадан көрсетеді. Дұрыс жауап – 3 ұпай.

№1 үлестірме: Бұл елдің атауы «төмен жатқан жер» деген мағынаны білдіреді. Гүл өсіруге маманданған. Дүниежүзіндегі ең ірі порт осы елде орналасқан. (Нидерланд)
№2 үлестірме: Бұл ел топаралда орналасқан. Елде 150 жанартау бар, қасиетті тауы-Фудзияма. Робот техникасы мен автомобиль жасаумен ерекшеленеді. (Жапония)
№3 үлестірме: Шаңғы мен конькидің отаны. Әлемге әйгілі теңіз саяхатшылары
Р. Амундсен және Т. Хейердал осы елде туған. «Әлемдік теңіз арбакеші» деп аталған ел. (Норвегия)
№4 үлестірме: Екі дүние бөлігінде орналасқан ел. Орман жаңғағын (фундук)
өндіруден бірінші орында. Жұмсақ теңіздік климаты, әсем табиғаты шетел туристерін аса қызықтырады. (Түркия)
№5 үлестірме: Бұл ел 16 федералдық жерден тұрады. Батыс Еуропада халқының саны бойынша бірінші ел. «Химиялық держава» болып табылады. (Германия)
№6 үлестірме: «Азия жолбарысы» деп аталған ел. Өнеркәсібінің жетекші саласы - кеме жасау. Бұл елде жасалған тұрмыстық техника үлкен сұранысқа ие. (Корея Республиксы)
№7 үлестірме: Бұл ел Апеннин түбегінде орналасқан. Операның отаны болып табылады. Әйгілі «Ла Скала» опера театры осы елде орналасқан. Жүзім жинаудан алдыңғы орында. (Италия)
№8 үлестірме: Бұл ел тұтас бір материкті алып жатыр. Басты байлығы боксит пен уран. Қой өсіруден бірінші орында. Ең ірі қаласы – Сидней. (Аустралия Одағы)
7. «Еуропаға саяхат». Флипчартпен жұмыс жасау:
1. Еуропаның кескін картасына туризм жақсы дамыған елдерді орналастыру, 1 ұпай (Австрия, Англия, Болгария, Германия, Грекия, Испания, Италия, Франция);
2. Елдер мен олардың астаналарын сәйкестендіру, 1 ұпай:
Албания – Тирана Польша - Варшава
Венгрия – Будапешт Португалия - Лиссабон
Дания – Копенгаген Финляндия - Хельсинки
Латвия - Рига Чехия - Прага
ІІІ.Қорытынды. Оқушылар алған әсерлерімен бөліседі. Әділқазылар оқушылардың іс-әрекетін бағалап, жеңімпаз топты анықтайды.
Категория: География | Добавил: gulmira_412 (2015-04-25) | Автор: Хикметова Гульмира Кайратовна E
Просмотров: 2036 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 4:14 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru