Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Мой Казахстан

kh.zoya_1981@mail.ru
Cабақтың тақырыбы: «Тапқыр достар»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойындағы туған жеріне,
еліне, ана тіліне деген саналық көзқарас,
сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер: мультимедиа, плакаттар, шар, слайд-шоу, нақыл сөздер
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
Жүргізуші: - Уа, халайық, халайық!
Мында назар салайық
Тапқырлардың ортада
Көзайымын қалайық.
Қайсы күйші, кім биші,
Талабына қарайық.
Кімдер зерек, кім тапқыр,
Таланттарды табайық.
-Қош келіпсіздер, құрметті қонақтар, мұғалімдер және оқушылар! «Тапқыр достар» интеллектуалды сайысын ашық деп жариялаймыз.
(Күй)
«Шалқытып мерекеде ән салайық
Өнерпаз өреңдерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық» - демекші алдымен «Қара қылды қақ жаратын» әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін (3 адамды сайлау).
1 - Қазақ тілі пәнінің мұғалімі-Безбенова Мария Ибрагимовна
2 - Қазақ тілі пәнінің мұғалімі-Санияз Нұргүл
3 – Оқу ісінің меңгерушісі – Омарова Гүлден Ахметжановна
Өнер-білім тапқырлардың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа,
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та – енді осы сайысқа өз өнерлерін көрсету үшін келген қатысушылар тобын қошеметтеп ортаға шақырамыз:
1 топ – «Жігіттер» тобы
2 топ – «Достар» тобы

Қарсы алыңыздар! (Музыка)
Сайысымызды бастамас бұрын шартымен таныстырып өтейін:
1.Әр топ өздерін таныстыру.
2.Сөз тапқанға қолқа жоқ.
3.Сөзден сөз туады.
4. Мәнерлеп оқу
5.Cуреттер сыр шертеді.
6.Кім жылдам....
7.Мақал-мәтелдер сайысы.
8. «Ән-көңілдің ажары».
Сайысымыз 10 балдық жүйемен бағаланады.
«Білім, ғылым, өнерге,
Қанат қағар кездерің.
Болашағын елімнің,
Көркейтетін өздерің» - демекші сайыстың бірінші бөлімін бастаймыз.
I кезең – «Таныстыру»
- «Жүздің жүзін білгенше, бірдің атын біл» деген. Олай болса, сайысымыздың алғашқы кезеңін бастайық. Алғашқы кезең Танысу болғандықтан, сөз кезегін командаларға берейік. Қанеки, әр топ өздерін жұртшылық арасында таныстырсын.
(Әр топтың өздерін таныстыруы, ұраны) (уақыты -2 минут)
II – кезең – «Сөз тапқанға қолқа жоқ» - деп аталады.
Алдымен әр топ мүшелеріне әріптер таратамын, ойынның шарты: әр топқа 20 сұрақтан қойылады, берілген жауап сол әріптен басталуы тиіс, барлық сұраққа жауап берсе 20 ұпай, одан төмен болса ұпайлары да төмен болады. Ойынымызды бастаймыз!
(уақыт бойынша 3- минут, әр жауап бір ұпаймен есептеледі)
1- топқа
• 1.Сіздің атыңыз кім?
• 2.Сіз көршіңізбен қалай амандасасыз?
• 3.Сіз қайда оқисыз?
• 4. Көңіл-күйіңіз қалай?
• 5.Сізге қандай тағам ұнайды?
• 6. Жазда қайда демалдыңыз?
• 7. 22-қыркүйек қандай мереке?
• 8. Бос уақытта немен айналысасыңыз?
• 9. Сабаққа немен келесіз?
• 10.16-желтоқсан қандай мереке?
• 11. Бүгін қандай күн?
• 12.Тіл деген не?

• 13.Сынып жетекшісі ұрсса не істейсіз?
• 14.Қандай ұлттық салт-дәстүрді білесіңіз?
• 15. ҚР қандай мемлекет?
• 16. Қандай мамандық ұнайды?
• 17. Анаңыздың аты кім?
• 18. Кімді жақсы көресіңіз?
• 19. Сіз қайда тұрасыз?
• 20. Нағыз дос қандай болу керек?

2- топқа
• 1.Сіздің есіміңіз кім?
• 3.Сіз неше жастасыз?
• 4. Сабақ оқыған ұнай ма?
• 5. Көршіңізбен татусыз ба?
• 6. Мерекеге қандай киім киесіз?
• 7. Досыңыздың аты кім?
• 8. Сізге қандай тағам ұнайды?
• 9. Қандай тілде жақсы сөйлейсіз?
• 10. Сабаққа жиі кешігесіз бе?
• 11. 16-желтоқсан қандай мереке?
• 12. Тобыңда қанша оқушы бар?
• 13. Кешке не істейсіңіз?
• 14. Сынып жетекшіңіз қандай адам?
• 15. Қандай ұлттық салт-дәстүрді білесіңіз?
• 16. ҚР биыл тәуелсіздіктің неше жылдығын тойлайды?
• 17. Қандай пән ұнайды?
• 18. Сіз қайда тұрасыз?
• 19. Күз мезгілі ұнай ма?
• 20. 22- наурыз қандай мереке?

III – кезең - «Сөзден сөз туады» бөлімін бастаймыз.
Берілген сөзге қарап бір әріпті екі рет қайталамай осы сөзден мағыналы сөз құрау қажет. Әрбір дұрыс жауапқа бір ұпай беріледі. (уақыты -2 минут)

АТАМЕКЕН

IV – кезең –Мәнерлеп оқу.
«Өнерлінің қолы алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын» - демекші, бұл сайыста әр топ үй тапсырмасына берілген тақпақтарын жатқа бар өнерлерін ортаға салаып, мәнерлеп оқып береді.
V – кезең -Топ басшыларымен бірге өткізіледі.
«Суреттер сыр шертеді» -бөлімін бастаймыз. Бұл бөлімде топ басшылары экранда көрсетілген суреттерді тобына сипаттап, тұспалдап жасыруы керек, қалған топ мүшелері, оның жауабын табуы қажет.
VI – кезең - Кім жылдам.... - деп аталады,

бұл сайысымызда әр топқа тіл туралы айтылған сөйлемдерді орындарын тауып, сөздерді дұрыс, әрі тез құрастыру керек.
1.Менің ана тілім - шексіз бай, өте көне тіл.

2. Ана тілін жырлай алмаған ақын - ақын емес.
VIІ – кезең - «Мақал-мәтелдер сайысы» - бұл бөлімде экранға берілген суреттерді қатыстыра отырып мақал-мәтел айтуларыңыз керек.

VIIІ – кезең - «Ән – көңілдің ажары» әр топ өздеріне ұсынылған әнді топ мш.шелерімен бірге орындап шығу керек.

Міне сайысымызда өз мәресіне жетті.
- Қазылар орнықтырар әділдікті
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты» - дегендей сайыстың қорытындылап, жеңімпаздарды анықтап және құттықтау сөзі әділқазыларға беріледі.
(Әділқазылардың құттықтау сөзі)
Асан Қайғы, Жиренше
Сөйлеп өткен қазақ тіл.
Жәнібек пен Қойшыбай
Сыйлап өткен ғажап тіл.
Ата-анамыз әлдилеп,
Уатқан бізді баба тіл.
Сол туған тіл атауы-
Ежелгі біздің қазақ тіл.
Осы тілді жек көрген
Дүниеден қалар құр.
Бағаласаң шынымен ,
Бабаң тілің – асыл-дүр,- деп Қожаберген жырау жырлағандай, тілімізді жоғары ұстап, қастерлейік, бағалайық дей отырып, бүгінгі сайысымызды «жабық» деп жариялаймыз. Жеңісті күндерде кездескенше, құрметті достар!
Категория: Мой Казахстан | Добавил: Zoya8400 (2015-01-20) | Автор: Хамза Зоя Құрметханқызы E
Просмотров: 929 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 0:50 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [874]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru