Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

Төрт түлік
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы
Қосалқы мектеп-интернаты
Жангазина Раушан Сарсеновна
Тақырыбы: Төрт түлік.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Балалардың төрт - түлік мал туралы түсініктерін кеңейту.
2. Дамытушылығы: өнер - салтымызды балалардың бойына сіңірумен қатар олардың сөздік қорын дамыту, интонациялық мәнерін қалыптастыру.
3. Тәрбиелілігі: Үй жануарларын қамқорлауға тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдері: әңгімелесу, түсіндіру, сұрақ - жауап, дидактикалық ойын.
Көрнекіліктер: үй жануарларының суреттері, сыйқырлы дорба.
Сабақтың әдісі- тәсілі: түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ- жауап, дидактикалық ойындар.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.
Амансың ба, алтын күн,
Амансың ба,жер ана
Амансың ба, достарым,
Сендерді көрсем қуанам..
Балалар, бүгін біз атам мен әжемнің үйіне саяхатқа шығып қыдырып қайтайық. Ауылға барып бір марқайып таза ауада серуендеп келейік. Ендеше, балалар, сендер «Қошақаным» әнін білесіңдер ғой! Қанеки, сол әнді айтып, әндетіп барайық жолымыз қысқарады. Мінеки балалар ауылға да келіп жеттік. Алдыларыңнан атаң мен әжелерің тосып алады. Балалардың алдарынан ата мен әженің киімін киген екі бала тосып алады. Амандасады.
Атасы балалардың келгенін көріп мәз мәйрам болып қуанып қалады. Ендеше балалар аталарының бірінші тапсырмасы.
І тапсырма:
Үй жануарларын ата және олардың төлдерін қалай атайды?
Балалардың жауабы;
Түйенің төлі- ботақан
Жылқының төлі-құлыншақ
Сиырдың төлі-бұзау
Қойдың төлі-қозы
Ешкінің төлі-лақ
Өте дұрыс жауап бердіңдер. Жауапты дұрыс бергендерің үшін әжелерің сендерге асық беріп отырады.
ІІ тапсырма: Төлдер туралы жырлар, тақпақ айту.
Бақытжанның тақпағы;
Жылқы төлі –құлыншақ
Тұяғы жерге –ұрыншақ.
Сиыр төлі - бұзау
Сүйкімді әрі асау.
Қой төлі - қошақан
Өріске қашқан қорадан.
Аружан:
Ешкі төлі - лақ
Тыныш тұрмайды ол бірақ.
Түйе төлі - ботақан
Мөлдіреп көзі ойнаған.
Айсұл:
Кіп – кішкене момақан
Қошақанды ұнатам
Сүйеді анам << қозым деп >>
Ботақаным өзің деп .
Жандос:
Айналайын торпақ
Бола берме қорқақ
Тар болып тұр аула
Тысқа шықты заула
Әукешім ау күнде
Ойнайықшы бірге
Серікжан:
Жалт-жұлт етіп лақ
Жағалайсың бұлақ
Секірем деп бірақ
Қала көрме құлап
Мақсат:
Құлын-құлын, құлыншқ
Желкілдейді тұлымшақ
Маңдайында жұлдызы
Құйрығында құндызы.
Айналайын ботам
Қандай күлте жотан
Табандарың жалпақ
Теріп жейсің жантақ.
Сергіту сәті;
Домбырада біз ойнаймыз дың, дың, дың.(2 рет)
Қозы ,лақтар би билейді дың, дың, дың. (2 рет)
Енді ойнаймыз сазсырнайда у, у, у. (2 рет)
Қозы ,лақтар би билейді у, у, у.(2рет)
Енді ойнаймыз даңғырлақта даң, даң, даң.
Қозы, лақтар қатты састы тұра қашты даң, даң, даң.
Ал енді әжеміздің келесі тапсырмасын орындайық біраз ойнап сергіп алдық.
ІІІ тапсырма:
Төрт түліктің адамға пайдасы қандай ?
-сүт, ет, жүн береді
Түйенің , жылқының сүтінен не жасайды ?
- Шұбат, қымыз
Қойдың , сиырдың , ешкінің сүтінен ше ?
- май, құрт , айран , ірімшік
Қой , ешкі , түйенің жүнінен ше ?
-Жіп , киім тоқып , көрпе жасайды
ІV тапсырма .
Төрт түлік қалай дыбыстайды ?
Д/о : << Не қалай дыбыстайды ? >>
Сиыр – мө-мө . Жылқы - е , е, е, е ,
Бұзау – мө , мө , Құлын -е , и , е ,и ,
Түйе -бе , бе , Бота -бө , бө ,
Қой – мә , мә , Қозы – мә , мә .
Тәрбиеші:
Балалар адамдар не істейді ? (сөйлейді )
Ал жылқы не істейді ? ( балалардан кезекпен сұрайды )
Жылқы - кісінейді . Сиыр –мөңірейді . Қой , ешкі – маңырайды . Түйе – боздайды .
Ой, балалар өте білімді жақсы балалар екенсіңдер! Енді мен сендерге ырым- тыйымдар айта кетейін естеріңде болсын. Атасы; Қойдан аттама .Ол киелі мал . Малдың желінген басын түнде лақтырма . Малдың ырысы кетеді деп ырымдайды. Малды теппе , ақты төкпе .
Әжесінің ақылы:
Қамшыны бейсауыт қамшыла- мал өліп қала береді дегенді білдірді. Аттың жүгінен аттама. Жылқы мінсе көлігі, жесе асы, жауға шапса серігі болғанды.
V тапсырма: Төрт түліктің аталарын атап беріңдер.
Түйе-ойсылқара
Жылқы- қамбар ата
Сиыр-зеңгі баба
Қой- шопан ата
Ешкі- сексек ата
Ойын: « Көкпар» Қара жорға әуеніне билей отыра ойын ойнау.
Тәрбиеші:
Ұлттық ойын « Көкпарды», ойнайық.
Кел, балалар, ойнайық.
Күш сынасып бәріміз,
Қызығына тоймайық.
Дидактикалық ойын: «Төлін тап»
- Балалар, мына жерге қарайықшы біздің үй жануарларымыз далаға жайылымға шыққан еді бірақ төлдерінен ажырап қалыпты оларға төлдерін табуға көмектесеміз бе?
- Балалар тақтада ілініп,шашырап тұрған төлдерді табыстырады.
- Балалар, осы жануарлардың дауысын ажыратып көрейік.
- Балаларға әжелерінің дайындаған сыйқырлы дорбасы бар.
Сол сыйқырлы дорбаның ішінде жасырынған заттарды қолдың сипалау, ұстау арқылы не жасырынғанын табу қажет.
- Өте жақсы, балалар. Бұл тапсырманы да жақсы орындадыңдар.
Балалар үйімізге қайтатын уақыт болып қалыпты сендердіңде әжелеріңе дайындаған базарлықтарың бар ма?
Әрине бар , ендеше «Мақта қыз бен мысық» ертегісін қойып берейік.
Жарайсыңдар, балалар ертегілерің жақсы екен өркендерің өссін. Әжемізбен қоштасайық! Сау болыңыздар.
Сау болыңдар сабақты жақсы оқыңдар , өркендерің өссін.
(музыка ойнайды, балалар жолға шығады)
- Балалар, айналаға қараңдаршы не байқап отырсыңдар?
- Иә, балалар, малдардың бізге қандай пайдасы бар екен? Олар бізге не береді?
- Жарайсыңдар, балалар, сендер төрт түлік жайлы жақсы түсінік алыпсыңдар!
Қорытынды:
• Үй жануарларына нелер жатады екен?
• Жануарлардың төлдерін не деп атаймыз?
• Жануарлар қалай дыбыстайды?
(Балаларды сұрақ - жауап арқылы ойларын толық жеткізу). Жарайсыңдар балалар. Міне үйімізге де келіп жеттік. Осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.
Сау болыңдар!
[/size][/size]
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: Ибрагим (2015-01-26) | Автор: Жангазина Раушан Сарсеновна E
Просмотров: 1114 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 3:46 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru