Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

План кружка
Түсінік хат.
Қазақстан Республикасы демократиялық, зиялы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет болып саналады. Бәсекелік механизміне негізделген нарық, еңбек адамынан ерекше іскерлік пен кәсіби шеберлікті талап етеді.
Бүгінгі таңда кәсіптік бағыт беру әлеуметтік сұранысқа айналып отыр. Мамандық таңдау адам өміріндегі маңызды, қиын және жауапты кезең, сондықтан дұрыс қадам жасау үшін жастарға кәсіби бағдар берудің маңызы зор .Қай істің де алға өрлеуі мамандардың біліктілігіне байланысты. «Кәсіби бағдар беру» дегеніміз өзге мемлекеттердегі жастарға кәсіби бағдар беру жүйесін қарау; кәсіби бағдар берудің қалыптасу механизмін меңгеру; кәсіби бағдар берудің мазмұны мен қазіргі кәсіби бағдар берудің әдістерін талдау; кәсіби бағдар беру жүйесіндегі мәселелер, кәсіби бағдар беру әрекеті деп білуіміз керек.
Кәсіби бағдар беру жұмыстарының теориялық негіздері:
Кәсіби бағдар беру жұмыстарының бағыт-бағдары әлемдік білім беру кеңістігіне бағытталған.
Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты:
-балалардың бойындағы ішкі психологиялық – әлеуметтік мәнділікті реттеу;
-түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;
-кәсіпті өз бетінше, саналы түрде таңдауға бағдарлау;
Міндеттері: білім, білік, дағдыға негізделген әрекет, шебер жұмыс,еңбек функциясын ұйымдастыру, кәсіби бағдар беру арқылы жұмыстық кәсіп негіздерін қалыптастыру.
Кәсіби бағдар берудің принциптері :Танымдық , cайкелушілік, белсенділік, даму деп бөлінеді.
Танымдық принцип. Мамандық таңдаудағы еңбек іс-әрекетіндегі тек өзінің ғана түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу;
Сай келушілік принципі.Қызығушылығы,икемділігі,ынтасы, таңдаған мамандығына сай болуы.
Белсенділік (активность) принципі. Мамандық таңдаудағы өзін-өзі тануы.
Даму баланың бойында ішкі психологиялық – әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет болып есептеледі.

Еліміздің бүгіні мен ертеңі жастардардың қолында. Қоғамдағы қайта дайындау, міндетті түрде жастардың еңбекке деген мотивациясы, республикамыздағы экономиканың өсуі, әр-түрлі кәсіпкерлік мамандықтардың көбеюі мамандық таңдауды қиындатып отыр. «Мамандық» профессия – деген латын сөзінен шыққан.
Мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс. Мамандық дегеніміз қоғамдық пайдалы іс-әрекет, жас жеткіншектердің қазіргі нарықтық қатынасқа кіруі; өзінің өмірлік позициясын қорғай білуі; қоғамдық өмір туралы экономикалық және саяси білім алуы; құқықтық мәдениетті дамытуы.
Кәсіптік бағдар берудің әдістері мен формалары. Кәсіптік бағдар берудің мағынасы – оқушының ерекшеліктерін ашу. Кәсіптік бағдар бойынша педагогтардың негізгі функциялары:
- тұлғаны қалыптастыру және дамытуды, оқып үйрену;
- икемділіктерді қалыптастыру және дамыту туралы әңгімелесу;
- белгілі бір практика кезінде кәсіптік қызығушылығын анықтау;
- оқушыларды республикадағы, аудандағы, қаладағы негізгі жұмыс түрлерімен
таныстыру;
- белгілі бір кәсіп және мамандыққа қоятын талаптармен бірге білім, іскерлік,
қиындықтарды игерту;
- еңбек жағдайы және сипаты, қоғамдық өзара қарым-қатынастармен таныстыру;
- қазіргі кезде жаңа техника мен технологияның енуіне байланысты мамандық таңдау жөнінде консультациялар беру;

Кәсіптік бағдарды іске асыра отырып, төмендегілерді есепке алу керек:
- кәсіптік бағдар жұмыстарын бастауыш сыныптардан бастау;
- кәсіптік бағдар барлық балаға қажет және ол түлғаның дамуына жағдай жасауы керек;
- кәсіптік бағдар барлық оқу-тәрбие жұмыстарының интегралдық бөлімі;
Мамандықты еркін әрі саналы таңдау үшін, болашақ буынның барлық оқу-тәрбие процесі кезінде кәсіптік қызығулықтары, икемділіктері, мотивтері,
оқу барысы кезінде тәрбие және өнімді еңбек жан-жақты болғанда ғана іске асады;
Мамандық таңдау – жауапты да күрделі іс-әрекет. Таңдаған мамандығы еңбек рыногында сұранысқа ие ме? Мамандықтың қоятын талаптарын, яғни еңбекке даярлығын анықтау, мамандыққа оқыта отырып қаблеттілігін білу. Бала мамандықты өзі таңдайтын болса жемісі нәтижелі болады.
Кәсіби бағдар берудің негізгі формалары: оқу лекциялары, саяхаттар, әңгіме, демонстрациялау, лабораториялық және практикалық тапсырмалар, кітаппен жұмыс.
Кәсіптік бағдар беруде кәсіби ақыл – кеңестің алатын рөлі зор . Қай істің де алға өрлеуі мамандардың біліктілігіне байланысты. Соңғы жылдары мемлекет тарапынан жастарға айтарлықтай қамқорлық жасалынып жатыр. Кәсіби таңдауға дайындық мәдениеті оқушыны еңбек етуге баулиды. Үйірме сабақтарында бейімділіктеріне қарай кәсіптік бағдар беруді жүзеге асыру сауалнама кешенді ақпарат алу мақсатында қолданылады. Зерттеу үшін зертханалық және табиғи экспериментқолданылады. Арнайы зерттеуде әр-түрлі әдістер қолданылса, мәліметтер жан-жақты және толық болады.
Кәсіптік бағдар беру әдістерінің сан қырлы салаларын екі топқа бөлуге болады:
a) өндірістік практика; б)сабақтан тыс жұмыстар барысы.
Кәсіптік бағдар беруде кәсіби ақыл – кеңестің алатын рөлі зор.
Балаларды мамандық таңдауға даярлау міндетін іске асыруда
кәсіп түрлерімен таныстыруға арналған ұжымдық іс-шараларын өткізу қажет. Атап айтқанда , тәрбие сағаттары : «Біздің ата-аналарымыздың мамандықтары» тақырыбы бойынша әкемнің (немесе анасының , қалауы бойынша) мамандығы; оның мазмұны туралы айтылады. Бұған әрбір бала мамандықтар жайлы ақпарат және хабар дайындайды. «Өмірдің мақсаты» мен «Өмір жолын саналы таңдап алу» , «Менің болашақ мамандығым»,«Кәсіптік еңбекте шеберлікке жету үшін не қажет»? Мамандық таңдағанда өз жеке басыңның талап-талғамын ғана есепке алу керек пе? мәселелерін талқылау кезінде белгілі ғалымдардың, қоғам қайраткерлерінің мамандық таңдауы туралы айту;
Үйірме мүшелері мынадай құндылықтардың бар екенін білуі керек :
1. еңбек ұжымындағы беделі;
2.жақындарының, достарының, таныстарының құптауы;
3.өзін-өзі жетілдіруі, өзін-өзі көрсетуі;
4.білімін, қабілетін пайдалану;
5.еңбектің шығармашылық сипаты;
6.өз ісінің шебері болу;
7.жеке адамды қанағаттандыратын лауазым мен болашақтың болуы.
Құндылықты таңдағанда мотив үлкен роль атқарады. Ал оның өзі
1 – жалпы мотивтер;
2 – мамандықтың романтикасы;
3 – танымдық сипаттағы мотивтер;
4 – мамандықтың қоғамдық мәнділігі басым мотивтер;
5 – мысалға сілтеу;
6 – мотивін көрсетпеген таңдау.
Мотивтердің сипатына қарай 4 топқа бөлуге болады:
мамандықты таңдаудың себебін анық және дәлелді қылатын мотивтер;
анық емес, жеткіліксіз мотивтер;
дәлелсіз, нақты емес мотивтер;
ешбір дәлелі жоқ мотивтер.
Балалардың жауаптары мұғалімдердің, ата-аналардың осы бағытта жұмыс жүргізу қажеттігінен туады.
Қорытынды
Сонымен кәсіптік бағдар беру – көп салалы,әрі қиын үрдіс.
Кәсіптік бағдар беруде әрбір баланың психофизиологиялық жеке қасиеттері, мамандыққа икемі, қабілеті мен мінездемесін зерттеу
алынған мәліметтерді салыстыруға, сараптауға негізделеді.
Еліміздің жаңа экономикалық жағдайында, адам өз игілігіне өзі жауапты, өскелең ұрпақтың білімі ,әлеуметтік – мәдениетке сәйкес болуы қажеттігін ұғынуымыз керек. Бәсекелік механизміне негізделген « нарық еңбек » ерекше іскерлік, шеберлік, адамдармен тұрақты қарым-қатынас жасау үрдісін қалыптастырады.
Үйірме сабақтары барысында және машықтандыру (практикалық) сабақтарында еңбек дағдылары, іскерлік, төзімділік,шыдамдылық ,өзара түсінушілік, ынтымақтастық т.т қасиеттер қалыптасады.
Көптеген шет елдерде кәсіби бағдар беру бюросы дамыған. Кәсіпті таңдағанда басты құндылықтардың бірі – материалдық-практикалық құндылық, келесі құндылық – қоғамда өз орнын табу, халық шаруашылығына қажет болу.
Үйірменің мақсаты: “Мамандық” құндылығы туралы түсінік сферасын кеңейту. Мамандық таңдаудағы ата - ана міндеті, оның нәтижесіндегі еңбек қуанышына қосар үлесі мен жеке тұлғаның әлеуметтік ашық қоғамға бейімделуіне, яғни әлеуметтенуіне ықпал ету.

Міндеттері:

• Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту;
• Мамандық таңдауда үйлесімді оң шешім қабылдау;
• Бала бойындағы жеке дара психологиялық ерекшелігін тану;
• Еңбекқорлыққа, еңбекті қадірлей білуге, табандылыққа отбасында тәрбиелеу.

«Мамандықтың барлығы жақсы» үйірмесінің жоспары.

№ Тақырыбы Сағаты Күні, айы
1 «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасы. Кіріспе сабақ. 1
2 «Менің таңдаған
мамандығым» сауалнама алу /9-11 сынып арасында/ мектеп психологы, сынып жетекшілер 1 Сынып жетекшілер Қатысу парағы
3 Ауылшаруашылық мамандықтары туралы түсінік/ Ауылшаруашылық мамандармен кездесу./тракторист-машинист, электрогазосварщик, ветврач, агроном т.б./ 1
4 «Мамандықтың барлығы
жақсы»
/аспазшы,техникалық,ағаш
ұсатасы
мамандықтарына
баулу/ Мамандармен кездесу «Дөңгелек үстел» 1
5 «Ашық есік күндері» «Үржар колледжінің» шараларына 9-11 сынып оқушыларының қатысуы 1
6 «Мамандықты дұрыс таңдаудағы отбасының рөлі»тақырыбы бойынша оқушыларға ата-аналар лекторийін ұйымдастыру 1
7 «Менің өмірлік жоспарым, келешегім, мүмкіндігім» жобалық жұмыстарды жазу үлгілерімен танысу 2
8 «Менің өмірлік жоспарым, келешегім, мүмкіндігім» жобалық жұмыстарды қорғау байқауы (портфолиоларын қорғау) 3
9 Жұмысқа қабылдаудың сауалнамасы.Іскерлік ойын 2
10 Жаңа мамандықтар ./Реферат жазу, қорғау/ 2
11 Ұстаздық жол./Кездесу/ 1
12 Мектеп мейірбикелерімен сұхбаттасу. «Кәсіпті таңдауда денсаулықтың рөлі» 1
13 Мен таңдаған мамандыққа қандай талап қойылған? /Презентация қорғау/ 3
14 Біздің өлкенің мамандықтары/буклет сайысы/ 1
15 Менің ауылымның мақтанышы./газет шығару сайысы/ 2
16 Мәдени саласындағы мамандық өкілдерімен кездесулер./Мәдениет үйіне саяхатқа бару/ 1
17 «Біздің ауыл тамаша» фотосурет көрмесі 1
18 Аудандық газет «Уақыт тынысына» мақала жазу сайысы 2
19 Аыл мешіті –діни тәрбие көзі.
/ Дінтану мұғаліммен біріге имаммен кездесу/ 1
20 «Халыққа қызмет етү орталығының» мамандарымен кездесу/ ЦОН –ға саяхат/ 1
21 Электрик мамандығының сырлары./кездесү өткізу/ 1
22 Сен таңдаған пән мамандықтары қандай?/мамандықтарға шолу/ 1
23 Мектеп психологы «ҰБТ қатысу не үшін керек?» /кеңестер берү/ 1
24 ЖОО келген өкілдермен кездесулер 2
25 Қорытындылау 1

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Баширова Ж.О. Оқушылардың өнімді еңбегі және кәсіптік бағдар. Алматы,
Болдырев Н.И. Класс жетекшісі. Алматы, 1980.
ҚР-ның «Білім туралы» Заңы.
Құдайқұлов М.Ә. Қабілеттілік. Дағды. Іскерлік. Алматы, 1986.
Мектептегі тәрбие жұмысы. Ред. басқ. В.М. Коротов. Алматы, 1978.
Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде. Педагогикалық ізденіс. Алматы, 1990.
Пекелис В. Адам қабілетінің қайнары. Алматы, 1976.
Педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы. Ред. басқ. А.В. Петровский.
Педагогика тағылымдары. Алматы, 1993.
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: 66bakytgul (2015-02-10) | Автор: Кружок E W
Просмотров: 509 | Теги: Кружок Все профессии хороши | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2016-12-03, 10:39 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1473]
Школьный психолог [501]
История [694]
Опыт [471]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [216]
Мастер-класс [205]
Семья и школа [173]
Компьютер-бум [245]
Английский язык [767]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1134]
Химия [373]
Классному руководителю [622]
Биология [577]
Думаем, размышляем, спорим [89]
Казахский язык и литература [1761]
Краеведение [92]
Начальная школа [3901]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [350]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [289]
Экология [179]
Дошколенок [1477]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [440]
Мой Казахстан [227]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1154]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [514]
Немецкий язык [51]
Технология [279]
Самопознание [377]
Профессиональное образование [100]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [6]
Педагогические программы [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru