Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

«Қазақ хандығына 550 жыл» атты ашық тәрбиелік іс-шара
Каражигитова Унай Куанышовна
Бөбек ҰҒПББСО «Өзін-өзі тану» гимназиясында химия пәнінің мұғалімі
«Қазақ хандығына 550 жыл» атты ашық тәрбиелік іс-шара
Қазақ хандығының құрылуы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділігі: Ұзақ ғасырларға созылған этникалық процестер арқасында, қазақ жерін мекендеген қандас-туыс ру-тайпаларының өзара экономикалық, мәдени және саяси қарым-қатынастары мен тәуелсіз жеке ел болсақ деген тілектері нәтижесінде дүниеге келген тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылу тарихы оқушылардың білімдік сапасын арттырады. Қазақ хандығының құрылу тарихымен таныстыру, қазақ жеріндегі тұңғыш дербес мемлекеттің жаулап алушылық соғыстар нәтижесінде емес, халықтың ғасырлар бойы армандаған арман-тілегі мен өзара туыстастығы нәтижесінде дүниеге келгенін түсіндіру.
2. Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін арттыру үшін сабақ барысында көрнекі құралдар пайдаланылып, пікірсайыстар ұйымдастырып отыру қажет.
3. Тәрбиелігі: Тұңғыш қазақ мемлекетінің құрылуына негізін қалаған қоғам қайраткерлерінің еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу, өз елінің тарихына, адал ұлдарына деген құрмет сезімін қалыптастыру.
Көрнекі құралдар: Қазақ хандығының және Қазақстан Республикасының карталары, Жәнібек-Керей портреттері, түрлі кестелер, карточкалар.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ (пікірсайыс,баяндама)
Сабақтың барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Сәлемдесу.
б) Оқушыларды тізім бойынша тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1.Қазақстанда қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы саяси жағдай қандай дәрежеде еді?
ХҮ ғасырдың орта кезінде қазақ жерінің батысында Ноғай Ордасы, Жетісу аймағында Моғол хандығы, Сыр бойы, Орталық Қазақстанда Әбілқайыр хандығы өмір сүрген. Олар жер және билік үшін бір-бірімен соғысып жатты. Оған қосымша Әмір Темірдің ұрпақтары да қазақ жеріне шабуылдар жасап жағдай мүлде нашарлады.1428 жылы Барақ ханның белгісіз жағдайда қаза табуы Ақ Орданың саяси жағдайын мүлде әлсіретеді. Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық, әсіресе, Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетеді. Тарихи деректерге қарағанда, Әбілқайыр хан Ақ Орда билігін өз қолына алу үшін 20 жылға жуық күрес жүргізген. Ал Ақ Орданың мұрагерлері Ұрыс хан мен Барақ ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар Әбілқайырдың билігін мойындамады. Сұлтандардың алдарына қойған басты мақсаты өздерінің жеке ұлттық мемлекетін құру еді. Міне, Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы елдегі саяси жағдай осындай бытыраңқы, аумалы-төкпелі болды.
2. Біртұтас қазақ мемлекетінің құрылу қарсаңындағы этникалық жағдай қандай болды?
Біртұтас ұлттық мемлекеттің құрылуының басты бір белгісі оның халқының этникалық құрамы бірыңғай болуы тиіс. Қазақ жеріндегі ру-тайпалардың тілі, ділі, діні, әдет-ғұрпы, салт-саналары жағынан ұқсас келуі қажет. Хандықтар арасындағы талас-тартысқа ру-тайпалар қарсы болып, елде наразылық туа бастайды. Олар өзара бірігіп, ел болуды көздеген жағдайлар жиі-жиі көрініс табады. Оны Әбілқайыр хандығындағы саяси бытыраңқылыққа қарсы болған ру-тайпалардың Жәнібек пен Керей сұлтандарға бірігіп, Жетісу аумағына ауып кеткен жағдайда нені анық байқауға болады. Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы (қыпшақ, арғын, найман, керей, алшын, қоңырат, үйсін, дулат, жалайыр, албан, суан т.б.) басты үш аймаққа шоғырланды. Олар Шығыс Дешті Қыпшақ пен Жетісу аймағы, Оңтүстік Қазақстанның Түркістан аумағында орналасты. Көрсетілген ру-тайпаларды ХҮ ғ. өмір сүрген Фазлаллах Ибн Рузбихан қазақтар, олар дүние жүзіндегі ең күшті, саны көп халық деп атаған. Аталған аймақтағы негізгі үш этникалық топ қазақ халқын құрады.
3. Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының алғышарттары жөнінде әңгімелеу.
Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан хандығының күш-қуаты әлсіреп, күйреу дәрежесіне жетті. Рулар мен тайпалар көсемдерінің арасындағы өзара талас-тартыстар тоқтамады. Қазақ тайпалары мен руларын мемлекет етіп біріктіру міндеті алға тартылды.
Керей мен Жәнібек сұлтандар Батыс Жетісу жері Қозыбасыда Қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды. Бұл жағдайлар Қазақ мемлекетін (хандығын) құрудың негізі себептері мен алғышарттары еді.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Сабақтың жоспары:
а) Керей мен Жәнібек сұлтандардың Қазақ хандығын құру жолындағы күресі.
б) Қазақ хандығының аумағы мен халқы.
в) Қазақ хандығының ішкі-сыртқы жағдайы.
Отан тарихын игеру барысында оқушының тарихи танымын арттырып, отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеуде жаңа тақырыптың маңызы зор.
1.Қазақ хандығының шаңырақ көтерудің негізін қалаушылар кімдер?
Осы жайында әңгімеле.
1-оқушы. Қазақ халқының саяси бытыраңқылығын жойып, мемлекет етіп құру Ақ Орданың билеушісі Ұрыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандардың үлесіне тиді. Қазақ хандығының дербес мемлекет болып қалыптасуына түрткі болған алғышарттардың бірі елдегі бей-берекетсіздік еді. ХҮ ғасырдың орта шенінде Әбілқайыр хандығында тоқтаусыз өршіп отырған қантөгіс соғыстар мен ішкі феодалдық қырқысулардың үдей түсуі болды. ХҮ ғасырдың басында Әбілқайыр ханның ойраттардан жеңілуі оның ел ішіндегі беделін түсірді. Керей мен Жәнібек сұлтандар бұл тарихи жағдайды дер кезінде, өз мақсаттарына шебер пайдаланды. Сөйтіп, Әбілқайыр ханның үстемдігіне қарсы күрескен қазақ тайпалардың көсеміне айналды. Қазақ тайпаларын бастап, Қазақ хандығының болашақ негізін салуға Батыс Жетісуға көш батсады. Сұлтандардың Жетісуға қарай ойысудағы басты мақсаты – Орталық және Оңтүстік Қазақстанның қазақтарын Ұлы жүз тайпаларымен біріктіру еді. Керей мен Жәнібек сұлтандар қазақтардың саяси тұрғыдан бірігуіне, Қазақ хандығының құрылуына негізін қалады.
Моғолстан ханы Есен-Бұға Керей, Жәнібек сұлтандарды құшақ жая қарсы алады. Сұлтандарға Моғолстанның батыс аймағы – Шу бойынан қоныс бөліп береді. Керей мен Жәнібек сұлтандар Есен-Бұға берген Батыс Жетісуды құтты мекен ете отырып, Қозыбасыға Қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, 1465-1466 жылдары Қазақ хандығын құрды.
2. Алғашқы Қазақ хандығының алып жатқан аумағы жөнінде не айтасыңдар?
2-оқушы. Хандықтың алғашқы құрылған кездегі алып жатқан жері М.Х.Дулатидің хабары бойынша, Қозыбасы мен Шу аймағы еді. Бұл аумақ Жетісудың батысы, Қозыбасы тауы, атақты Үшқоңыр жайлауы қырғыз жерімен шектесетін. ХҮ ғ. аяғында қазақ хандығының жері солтүстігінде Балқаш көлінің Қаратал өзенінің құйылысына және өзеннің шығыстағы жағалауына дейін кеңейген. Әбілқайыр хандығынан, Моғолстан хандығынан, Ноғай Ордасынан және Сібір хандығынан Қазақ хандығының құрамына ағылып келіп қосылушы қазақ тайпаларының саны ешқашан тоқтаған жоқ. Бұл жағдай Қазақ хандығының нығаюына және хандықтың жер көлемінің кеңейіп ұлғаюына ықпал етті.
3. Хандық халқының этникалық құрамы қандай ру-тайпалардан тұрды?
3-оқушы. ХІҮ-ХҮ ғ.ғ. Қазақстан жерін мекендейтін қазақ тайпалары Ертістен Жайыққа, Алтайдан Каспий мен Аралға, Қараталдан Сырдарияға, Тянь-Шаньннан Қаратауға дейінгі кең байтақ, жазық даланы қоныстанған еді. Қазақ даласының негізгі тұрғындары үйсін, қаңлы, қоңырат, қыпшақ, найман, керей, маңғыт т.б. көптеген тайпалар болды. Бұл тайпалар түркі дәуірінен кейін қазақ жеріндегі түркі тілдес тайпалармен бірігіп тілі, ділі, наным-сенімі жағынан бір-бірімен араласып кетті. Олар қазақ халқының біртұтас мемлекет болып құрылуына, оның ұлттық этникалық құрамына үлкен үлес қосты. Бұл тайпалар экономикалық әлеуметтік-мәдени жағынан бір-біріне толық сай келген этникалық топтар еді.
4. Алғашқы Қазақ хандығының көрші жатқан елдермен қарым-қатынасы туралы не білесіңдер?
4-оқушы. Қазақ хандығының алғашқы қарым-қатынас жасаған елі Моғолстан ханы Есен-бұға Керей және Жәнібек сұлтандарды не себептен құшақ жая қарсы алды? ХҮғ. басында Есен-бұға хан Жетісу мен Моғолстанның басқа да аудандарын мазалай бастаған ойраттардың шабуылына тойтарыс беру үшін қазақтардың күшін пайдаланбақ болды.
Жәнібек пен Керей хандар қырғыз халқымен де өзара тату қарым-қатынас орнатты. Тарихи аңыздарда қырғыздар өздеріне хан болу үшін Жәнібек ханның бір баласын сұрағаны айтылады. Бұл жағдай қырғыздар мен Моғол хандығының арасында қарама-қайшылықтың туындағанын, қырғыздардың Қазақ хандығымен жақсы қарым-қатынас жасаауға бет бұрғандығын байқатады. Қырғыздар мен қазақ ханы Тақырдың кезінде достық қарым-қатынас нығайды.
Міне, жаңа құрылған Қазақ хандығының алғашқы кезіндегі өзімен көрші жатқан басқа елдермен қарым-қатынастарының дамуы осындай дәрежеде еді.
5. Жаңа құрылған хандықты басқару ісі қалай ұйымдастырылды? Елді кім басқарды?
5-оқушы. Жаңадан құрылған Қазақ хандығының тағына Шыңғысханның ұрпағы болғандықтан, Керей, Жәнібек сұлтандардың екеуінің де отыруға құқылы болды. Бірақ сол кездегі орныққан тәртіп бойынша, хан тағына отырғызарда мұрагерлікпен қатар, жасының үлкендігі де ескерілген. Сондықтан хан тағына Керей отырып, билік тізгінін қолға алады. Ақылдасар тірегі Жәнібек болды. Жәнібек хан – Барақ ханның бел баласы, Керей хан болса Барақ ханның ағасы Болат сұлтанның баласы, яғни екеуі немере еді. Керей хан мен Жәнібек ханның Шудағы Қозыбасыға Орда тігуі ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта үмітін жүзеге асырды. Керей хан хандықтың басқару ісін Жәнібекпен келісе отырып, ойдағыдай жүргізген.
6. Алғашқы кездегі Қазақ хандығының ішкі жағдайы қандай болды?
6-оқушы. ХҮ ғ. екінші жартысында Қазақ хандығы қоныс теуіп, Орда тіккен Жетісу жеріне 200 мың жан саны бар көшпелі тайпалардың жиналуы кең өріс-қонысты керек етті. Жаңадан шаңырақ көтерген Қазақ хандығы өз алдына мынадай тарихи міндеттер қойды:
1) Көшпелі шаруалардың жайылымдарын пайдаланудағы Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан тәртібін қалпына келтіру;
2) Шығыс және батыс арасындағы сауда керуен жолы үстіне орналасқан Сырдария бойындағы Сығанақ, Созақ, Отырар, Йасы т.б. қалаларды Қазақ хандығына қарату;
3) Қазақ тайпаларының басын қосып, Қазақтың этникалық аумағын біріктіру.
7. ХҮ ғ. соңғы кезінде Қазақ хандығы сыртқы саясатта қандай бағыт ұстанды?
7-оқушы. ХҮ ғ. аяғында – ХҮІ ғ. басында Орта Азия мен Қазақстан жеріндегі саясим өмірде айтарлықтай тарихи оқиғалар болды. Моғолстан хандығы іс жүзінде бірнеше иеліктерге ыдырай түсті. Шығыс Дешті Қыпшақта Әбілқайыр билігі жойылды. Қазақстан жеріндегі бір кезде әлемді дүр сілкіндірген Алтын Орда хандығы ыдырап, жаңа мемлекеттер – Сібір хандығы, Қазақ хандығы, Астрахань хандықтары тарих сахнасынан орын алды. ХҮ ғ. 70-жылдарында қазақ хандары Сырдария бойымен оған жалғас жатқан Қаратау өңірін басып алды. Нәтижесінде, Қазақ хандығының жер көлемі әлдеқайда ұлғайды, оған тұс-тұстан қазақ тайпалары келіп, қосылып жатты. Сыр бойындағы қалалар Сығанақ, Сауран, Созақ Қазақ хандығының күш-қуатын, саяси беделін нығайтып, әлемге танытты. Сондықтан қазақ хандары бұл қасиетті-қадірлі жерді басып алуға ұмтылғандарға жол бермеді.
8. Қазақ хандығының құрылуының тарихи маңызын қалай түсінесіңдер?
8-оқушы. Қазақ халқының тарихында Қазақ ұлттық мемлекеті құрылуының орасан зор маңызы болды. Біріншіден, әр хандықтың билігінде ел болуды аңсап жүрген ру-тайпалардың қазақ ұлты болып қалыптасуы аяқталы. Қазақтың этникалық аумағын біріктіруде, қазақтың ерте заманнан басталған өз алдына жеке тәуелсіз ел болып қалыптасуын бір жолата аяқтауды аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды. Екіншіден, осы қалыптасқан ұлтты басқару, оны сырт жаудан қорғау үшін Қазақ мемлекетінің біртұтас ұлттық саяси-әкімшілік жүйесі құрылды. Үшіншіден, бұл құрылған мемлекет өзінің шаңырақ көтерген жерінде отырып қалмай, бүгінгі таңдағы шекарамызға дейін жер аумағымызды кеңейтті. Төртіншіден, өзін қоршап жатқан үлкенді-кішілі мемлекеттермен терезесі тең дәрежеде қарым-қатынас орнатты. Бесіншіден, әлеуметтік-экономиалық және мәдени жағынан өзіндік салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, ділі, діні бар ел санатында даму жолына түскен азат, еркін елге айналды.

ІҮ. Бекіту сұрақтары.
а) Қазақ хандығы қандай саяси жағдайлар нәтижесінде дүниеге келді?
ә) Тұңғыш Қазақ хандығын құрған қай сұлтандар еді?
б) ХҮ ғ. Орта Азия жерлерінде қандай саяси жағдайлар қалыптасты?
в) Керей мен Жәнібек қай хандықтан бөлініп, қай мемлекеттің жеріне қоныс аударды?
г) Қазақ хандығы қай жерде құрылды?
Жаңа тақырыпты түсіндіру кезеңінде мұғалім пікір алысу тәсілін қолданып, оқушылардың шығармашылық бағытта жұмыс істеуде жағдай жасайды. Жәнібек пен Керей ханның жүргізген саясатына баға беру үшін «Жәнібек» сөзжұмбағын қолданамыз.
Сұрақтары: 1. Қазақ хандығына енген рулардың бірі. (Жалайыр).
2. Шайбани әулетінен шыққан хан (Әбілқайыр).
3. ХІІІ-ХҮ ғ. ауызша поэзия өкілі (Асан қайғы).
4. Қазақстандағы жер атауы (Жетісу).
5. Қазақ хандарымен 30жыл соғысқан Орта Азиялық билеуші (Шайбани).
6. Жәнібекпен бірге Қазақ хандығының шаңырағын көтерген сұлтан (Керей).
7. Қазақтың қаласы (Түркістан).
Тест алу. Оқушылардың Қазақ хандығының құрылуы тақырыбын қалай меңгергенін тексеру.
Ү. Қорытындылау.
Алғаш қазақ тайпаларының басын қосып, мемлекет құрған ұлы сұлтандар Жәнеібек пен Керейдің тарихи қызметіне бүгінгі күн тұрғысынан баға бере келіп, қазіргі кезде Қазақстан Республикасында жалғасын тауып отырған тәуелсіз идеясы мен оын жеңісті жолдары дәлел бола алады. Қазақ хандығының қалыптасу, даму, нығаю кезеңдерін өзара сабақтастықта қарастыра отырып, қазіргі таңдағы Қазақстан Республикасының ішкі-сыртқы саясатымен, парламентаризм жүйесімен ұштастырса, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттардың жүзеге асары сөзсіз.
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: Унай (2015-03-09) | Автор: Каражигитова Унай Куанышовна
Просмотров: 2015 | Теги: внеклассная работа, воспитательно-открытый урок | Рейтинг: 5.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2016-12-08, 1:09 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1474]
Школьный психолог [501]
История [695]
Опыт [471]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [217]
Мастер-класс [205]
Семья и школа [173]
Компьютер-бум [247]
Английский язык [770]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1139]
Химия [374]
Классному руководителю [622]
Биология [578]
Думаем, размышляем, спорим [89]
Казахский язык и литература [1762]
Краеведение [92]
Начальная школа [3905]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [353]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [289]
Экология [179]
Дошколенок [1491]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [440]
Мой Казахстан [227]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1154]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [517]
Немецкий язык [51]
Технология [280]
Самопознание [379]
Профессиональное образование [101]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [8]
Педагогические программы [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru