Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

«Татулықты сақтаған – тектіліктің белгісі!» (Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жылдығына арналған) Ашық тәрбиелік іс-шара
БӨБЕК ҰҒПББСО «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ГИМНАЗИЯСЫ
ХИМИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ КАРАЖИГИТОВА УНАЙ КУАНЫШОВНА

Ашық тәрбиелік іс-шара

Тақырыбы: «Татулықты сақтаған – тектіліктің белгісі!»
(Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жылдығына арналған)

Мақсаты:
Тәрбиелік. Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Оқушылардың бойына ұлттық рухты, патриоттық сезімдерді ұялату, ынтымақтыққа, достыққа, өз Отанын сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Білімділік. Жас ұрпақты тарихи-мәдени және рухани құндылықтарды бағалауға үйрету. Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.
Дамытушылық. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлау, сөйлеу қабілеттерін, шығармашылықтарын дамыту.
Міндеті: елін, жерін, тілін құрметтеуге, өз Отанын сүюге баулу, патриоттық сананы қалыптастыру, жауапкершілік сезімін дамыту.
Көрнекілігі: Безендірілген сахна, әр ұлттың киімі, слайд, видеоролик көрсетуге арналған интерактивті тақта, гүлдер, шар, мақал-мәтелдер жазылған плакаттар. Кітап көрмесі, түрлі қанатты сөздер. Әр ұлттың ерекшеліктері көрсетілген бүктеме (буклет).
Сабақтың түрі: кеш түрінде жүргізіледі.
Сабақтың әдісі: әр ұлттың оқушылары өз өнерлерін көрсетеді, өлеңдер оқылады, баяндама оқылады.
Сабақтың барысы:
1-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірлі қонақтар! Еліміздің әрбір азаматы үшін ең қасиетті де, қастерлі мереке Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл толды. Аңсаған күнге қол жетіп, ақ түйенің қарны жарылған аса айтулы қуанышымыз құтты болсын!
Бағасы теңдесіз. Ендеше достығымыз, татулығымыз мәңгі болсын!!!
2-жүргізуші:
Ғасырлар бойы азаттық аңсаған ата-бабалардың жолы азапты, тағдыры ауыр болғаны анық. Қазақ халқы талай зорлық, зобалаңды бастан кешірді. Ата-бабаларымыз «Азаттық ақ таңы атса екен, Тәуелсіздік келсе екен» деген армандары ХХ ғасырдың соңында келіп жетті. Ежелгі қазақ жерінде тәуелсіз Қазақстан мемлекеті бостандықтың көк туын желбіретті. Сол сәтте небір қиындықтарға қарамастан, бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан 130-дан астам әр түрлі ұлт өкілдерін бауырына басып, қанатының астына алды.
Бүгінгі кешіміздің құрметті қонағы осы тәрбиелік іс-шарамызға қатысып отырған аса қадірменді ұстаздарымызға сөз береміз!
1-жүргізуші: Қазақстан халқы Ассамблеясы – Қазақстан Республикасының Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган. Ассамблея қызметінің арқасында Қазақстанда этностық немесе діни ерекшелігіне қарамастан әрбір азаматтың Конституциямен кепілдік берілген азаматтық құқықтары мен еркіндігі толығымен қолданылатын келісімнің айрықша үлгісі қалыптасты. Қазақстанның көп этностық бай кеңістігінде сенім, келісім мен өзара түсіністік үлгісі орнады. Достығымыздың нышаны ретінде ұйымдастырған бүгінгі «Татулықты сақтаған – тектіліктің белгісі» атты кешімізді ашық деп жариялаймыз.
2-жүргізуші: Қазақстан – тарихи тағдыры ортақ этностардан құралған унитаралы мемлекет. Оларды ортақ құрылымның аясына біріктірудің сара жолы – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру болды. Ассамблеяны құру идеясына Қазақстан қоғамының тарихи бастаулары алғышарт болды. Жаңа әрі теңдесі жоқ құрылымды іске асыру жұмыстары аймақтарда кіші ассамблеялар құрудан басталды. Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамды топтастырушы тетіктердің біріне айналды. Шын мәнінде, ол ұлтаралық келісімнің қазақстандық моделін жүзеге асырудың маңызды тетігі болатын.
Алдарыңызда «Балауса» би тобының хорезм биін тамашалаңыздар.
1-жүргізуші:
Қазақжері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қас сақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.
2-жүргізуші:
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
1-жүргізуші: Ән. «Атамекен».
1-жүргізуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.
Келесі оқушының Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арнап дайындаған баяндамасын тыңдаңыздар!(Баяндама оқылып жатқан кезде видео ролик көрсетіліп тұрады)
2-жүргізуші:
1995 жылы 16 ақпанда Президент Н.А. Назарбаев еліміздегі ұлттық мәдени орталықтардың жетекшілерімен кездесу өткізді. Сонда, Елбасы республикадағы ұлтаралық келісімді сақтау және оны одан әрі нығайту үшін республикада жаңа қоғамдық институт – Президент жанындағы консультативті-кеңесші орган ретінде Қазақстан халқын ортақ мүддеге біріктіретін Ассамблея құру қажеттілігі туындап отырғандығына назар аударды.
Ортада келесі оқушы (корей ұлтының өкілі) корей халқының салт-дәстүрлерімен таныстырады.

Оқушы:
Қазақжері – қонақжай төрдің жері,
Қазақ елі – қассақтай ердің елі.
Толқынында тарихтың қуғын көрген,
Барша ұлтқа құт мекен болған еді.

Оқушы:
Мы дружной семьею живём в Казахстане,
Татары, уйгуры и русские с нами.
Так пусть же крепнет во веки веков
Дружба народов всех возрастов.

Оқушы:
Тілі бөлек болғанменен тілек бір,
Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.
Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,
Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.

Оқушы:
Нәсілдерге нәсіл болсын нұрлы күн,
Ынтымақтың шертсем деймін бір жырын.
Татулығын жырға қосам ұлттардың,
Мақтан қылып ұлыстардың бірлігін.
Оқушы:
Қазақ елі қашаннан да жыр елі
Тарихында тұлғалар көп киелі.
Қазақстан аясында бұрыннан
Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді.
Бір-бірімен тату-тәтті тұрады.
Бәрінің де Қазақстан тұрағы.
Оқушы:
Қазақстан дейтін менің бар елім,
Жатыр алып жарты дүние әлемін.
Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,
Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

1-жүргізуші:
Ассамблеяның басты мақсаты: Қазақстандағы барлық этностардың рухани тұрғыда қайта жанғыруы мен дамуын қамтамасыз ету, өркениеттік және демократиялық ұстанымдарға, мемлекеттік ұлттық саясатта барлық этностардың мүддесіне деген құрметке негізделген ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру болатындығы айқындалды. Барлық облыстарда кіші Ассамблеялар құрылып, олардан сессияға 260 делегат сайланды. Сессия 1995 жылы 24 наурызда Алматы қаласында өтті және оның құрамына 40 ұлттық-мәдени орталықтың өкілдері енді. Сессияда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев баяндама жасап, Ассамблеяның ұыймдастырушылық құрылымдары белгіленді.
2-жүргізуші: би «Қара жорға» орындайтын осы сынып қыздары.
1-жүргізуші:
Ассамблея құру идеясы қоғамды топтастырушы күш ретіндегі тұжырымдама негізінде ұсынылған болатын. Ассамблея мемлекеттік басқару деңгейіндегі ұлттық саясатты жетілдіруге белсенді түрде атсалысады. Ассамблея Президент жанындағы ұжымдық орган ретіндегі, ал облыстық бөлімдері әкімшілік басшысы жанындағы орган ретіндегі мәртебеге ие. Ассамблея құрылған кезден бастап ұлттық саясаттың барлық бағыттары бойынша мемлекеттік шешімдер қабылдауға қатысып келеді.
Ассамблея этномәдени бірлестіктерді құрамына біріктіреді және олардың жетекшілері Қазақстан халқы Ассамблеясы мен кіші ассамблея мүшесі болып табылады. Ал 2008 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Заң қабылданды.
Алдарыңызда сүйікті ұлдарыңыз, осы сыныптың белсенді оқушысының әнін тамашалаңыздар!
2-жүргізуші:
Ассамблея мен этномәдени орталықтар тарапынан көтерілетін бастамалар мемлекеттік деңгейдегі қолдауға ие болады. 1995 жылы сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясы республика тарихында алғаш рет Қазақстан республикасы Президентінің өкілеттілігін 2000 жылы 1 желтоқсанына дейін ұзарту жөніндегі жалпыхалықтық референдум өткізу туралы бастама көтерді. Мұндай маңызды қоғамдық бастамадан кейін іс жүзінде Ассамблея көпұлтты Қазақстан халқын топтастыратын белсенді қоғамдық институтқа айналды. Қазақстан халқы Ассамблеясы 1995 жылғы Конституцияның қабылдануына да үлкен қолдау білдірді. Бұл тарихи оқиғалар еліміздегі қоғамдық саяси және құқықтық ахуалға оң өзгерістер әкелгені баршамызға аян.
Сахнада ұйғыр биі орындалады.
1-жүргізуші:
Қазақстан халқы Ассамблеясы әр алуан этностарды азаматтық тұрғыда топтастырудың қуатты құралдарының біріне айналды. Жалпы алғанда, өз қызметінің алғашқы күндерінен бастап Ассамблея еліміздегі этностардың мәдениетінің қайта жаңғыруы мен дамуына елеулі үлес қосып келеді. Наурыз мейрамы, корей, неміс мәдениетінің фестивальдері, татарлар мен башқұрттардың сабантойы жалпы халықтық сипатқа ие болды. Дүнгендер, күрттер сияқты, т.б. халықтардың мейрамдары мен түрлі форумдары республикалық деңгейде дәстүрлі түрде өткізіліп отырды.

2-жүргізуші:
Ассамблеяның белсенді қызметінің нәтижесінде Қазақстандағы этностардың мәдени өмірі жандана бастады. Өйткені Ассамблея этникалық топтар арасындағы ұйымдастыру жұмыстарының орталығына айналды. Ассамблея органдарына мемлекеттік мәртебе берілуіне байланысты этномәдени орталықтардың мәселелері жедел шешімін тауып, кейбір өзекті мәселелер бойынша үкімет деңгейіндегі шешімдер қабылданды. Ассамблея Кеңесінің шешімімен этномәдени орталықтарға қаржылай және ұйымдастыру жұмыстары бойынша көмек көрсету мақсатында республикалық қор құрылған. Бұл қордың бөлімшелері әрбір облыстарда ашылды.
Сахнада орыс әні «Хуторянка» орындалады.
1-жүргізуші:
Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық «Ақиқат» және «Мысль» журналдарының құрылтайшысы және де ассамблея жанынан шығатын «Достық - Дружба» журналы бүкіл елімізге таралды. Ассамблея ЕҚЫҰ-мен де тығыз байланыста жұмыс жүргізіп келеді.
Қазақстан халқы Ассамблеясында 1996 жылдан бері 1 мамырда Қазақстан халқы бірлігі мерекесі ретінде атап өту идеясын туған еді.
Ән «Жаса, Қазақстан!».
1-жүргізуші:
Бүгінгі күні Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі әрбір этностың мүддесін қорғайтын қоғамдық бірлестік. Ассамблея көпұлтты Қазақстан халқын топтастырушы институт ретінде қалыптасып болды деп есептеуге толық негіз бар. Ассамблея Қазақстан азаматтарын отансүйгіштік рухта тәрбиелеуге, халықтар арасындағы достық пен бірлікті нығайту ісіне өлшеусіз үлесін қосып келеді.
Ассамблеяның ең жоғарғы органы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясы болып табылады. Ал Ассамблея Кеңесі заң жобаларын сараптамадан өткізу, мемлекеттік тіл мен еліміздегі барлық халықтардың тілін және мәдениетін дамыту, жастардың бойында қазақстандық отан сүйгіштікті қалыптастыру, БАҚ-пен тығыз байланыс орнату, халықаралық байланыстар жүргізу, әрбір этностың мәдени дамуына ықпал ету сияқты, өзге де жұмыстарды жүзеге асырды.
Көп ұлтпыз бірлігі зор, бір туысқан,
Шеңгелін сала алмас ар дұшпан.
Жасай бер еркіндікке қолы жеткен,
Тәуелсіз егеменді Қазақстан!
2-жүргізуші:
Қазақстан халқы Ассамблеясы үнемі даму үстінде болатын тірі ағза іспетті. Оған дәлел бола алатын құжаттар 2002 жылы 26 сәуірдегі Президент Жарлығымен қабылданған Қазақстан халқы Ассамблеясының 2011 жылға дейінгі даму стратегиясы және «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы ереже». Қазақстан халқы Ассамблеясын одан әрі жетілдіру туралы Президент Жарлығына сәйкес Президент әкімшілігі мен облыс әкімдері аппаратының құрылымында Ассамблеяның жұмыс органы – хатшылықтар құру туралы нұсқау берілген. Ал бұл органдар өз кезегінде ассамблеяның барлық жұмыстарының тиімділігін арттыруға үлкен септігін тигізді.
Бүгінгі кешімізге арнайы келіп отырған қонақтарымызға сөз кезегін береміз.(Қонақтар өз пікірлерін айтып, алғыс білдіреді).
1-жүргізуші:
Ассамблеяның өткізген барлық сессияларында Президент
Н.Ә. Назарбаев Қазақстанда ұлтаралық татулық пен келісімді нығайта беру бағытында ізденістерді жалғастырудың қажеттілігіне баса назар аударып отырды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы үлгісінде Ресей Федерациясында, Қырғызстанда халық Ассамблеялары құрылды. Бұл жерде тағы бір ерекше атап көрсететін жайт, ол Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің деңгейі жағынан да, қызметінің ауқымы жағынан да дараланып тұрады. Ассамблея өзінің құрылымы жағынан республикалық, облыстық және қалалық этномәдени орталықтарды біріктіретін ұйым болып табылады.
2-жүргізуші:
Қазіргі заман тарихының жылнамасы Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің күнделікті қызметінде Қазақстан халқы Ассамблеясына ерекше көңіл бөліп отыратындығын дәлелдейді. Күллі Қазақстан халқы мен еліміздегі әрбір этностың болашағы – Қазақстан халқы Ассамблеясы үшін зор жауапкершілік. Сондықтан да жүктелген жауапкершілікті сезіне білейік, Еліміздің өркендеуіне аянбай қызмет етейік достар!
Жұпар шашқан гүлімнің
Жаңа ашылған күні - бұл.
Менің ана тілімнің
Бағы ашылған күні - бұл.
Дүбірлетсін өңірді
Дүбірлесін дүлділі.
Қазақ деген елімнің
Құтты болсын бұл - күні!
Бүгінгі Қазақстан Халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған кешімізді осымен аяқтаймыз.

(Кешіміз Ескендір Хасанғалиевтің «Атамекен» әнімен аяқталады.
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: Унай (2015-03-09) | Автор: КАРАЖИГИТОВА УНАЙ КУАНЫШОВНА
Просмотров: 6625 | Комментарии: 1 | Теги: сыныптан тыс жұмыс, Ашық тәрбиелік іс-шара | Рейтинг: 5.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 9:51 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru