Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

Ғылыми жоба "Ертегі оқудың маңызы"
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Шығыс Қазақстан облысы

Бағыты:
Гуманитарлық
Секция:
Әдебиет

Тақырыбы:
«Ертегі оқудың маңызы»

Жобаның авторы: Азат Балнұр Бердіханқызы
«Бобровка орта мектебі»КММ
4 «А»- сынып оқушысы
Жетекші: Ошақпаева Жанат Даулетовна
«Бобровка орта мектебі»КММ
бастауыш сынып мұғалімі

Бобровка ауылы
2015 жыл
І.Кіріспе
Зерттеудің мақсаты:
Оқушыларды кітап оқуға, оның ішінде ертегілерді оқуға шақыру, ертегілер арқылы жалпы дамуға рухани құндылықтарды бойларына сіңіру.
Міндеттері:
1. Кітап оқудың, оның ішінде ертегілерді оқудың маңызын ашу.
2.Қазақ ертегілерінің өміршеңдігін дәлелдеу.
3.Ертегі жанрын тәрбие үрдісінде қолдануын жандандыру.
4. Кітап оқудың, оның ішінде ертегілерді насихаттау жолдарын көрсету;
Өзектілігі:
Оқушылардың ертегі кітап оқуға деген қызығушылықтарының жойылуы.
Зерттеу әдістері:
 Сауалнама жүргізу
 әдебиеттермен, ғаламтор материалдарымен танысу
 Энциклопедиямен жұмыс
 Бақылау әдісі
Болжам:
Ертегілердің маңызын зерттеу, ертегілерді оқи отыра қиялды ұштап, қажетті дағдыларды күнделікті өмірде қолдану.
Сөздік
В.В. Радлов-
Березин, Ильминский-
Диваев Әубәкір-
С.Раев-
Функционалдық сауаттылық-

Ертегілердің шығу тарихы
Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы «Қазақ ертегілерінің маңызы» деп аталады. Ертегі- баланың ең жақын досы. Ертегінің мазмұны және мәтіні жағынан тартымды, тілі орамды. Менің кіші сіңілім ертегі тыңдағанды өте жақсы көреді. Сондықтан мен сіңіліме күнделікті ертеігі оқып беруді міндетіме алдым. Сіңілімнің ұғымтал, зеректігі мені таң қалдырады. Менде ертегілерге деген қызығушылықтан оны зерттеу туралы ниет туындады. Ең алдымен «ертегі» сөзінің мағынасын, шығу тарихын білуге асықтым. Ертегісі жоқ ел жоқ әлемде. Бірақ әр елдің әр халықтың ертегілері сол халықтың сарқылмас рухани қазынасы. Әр ертегі арқылы біз өткен ата-бабаларымыздың ой-қиялдарын, тұрмыс-салтын, тіл байлығын білеміз. Әр ертегі - тұнып тұрған тәрбие құралы. Фольклордың қара сөзбен айтылатын, ерекше мол түрінің бірі — ертегі. Ол халықтың ауызша айтатын көркем әңгімесі. Осы ауызша әңгімелері, ертегілері арқылы еңбекші халық бақыт туралы, еркін өмір, жайлы мекен туралы үміт, армандарын баяндайды. Ертегіде баяндалатын сан алуан қызық уақиғалар шындықтан гөрі, көбіне қиял дүниесі тудырған. Қазақ ертегісіне көңіл бөлген зерттеушілердің саны бірқатар. Бірақ бұлардың бәрі де зерттеу, тексеру жұмысын аз жасап, көбінше естіген ертегілерін жинаумен болған. Әрине, деректер, фактілер жиналып болмай, ғылымдық байлау, қорытынды жасау мүмкін емес. Әуелі ертегілердің ауызда жүрген барлық мол байлығын жазып алып, жиып, жарыққа шығарудың өзі де ғылым жолындағы үлкен еңбек. Қазақ ертегілері ең алғаш қомақты болып академик В.В. Радлов жинағында басылды. Қазақтың ауыз, жазба әдебиетінің басқа үлгілерімен қатар, Радлов жинағына: "Алтын бел", "Хан Шантай", "Еркем Айдар", "Жақсылық пен жамандық", "Хан қызы", "Түс сатқан тазша", "Молданың үйінде оқыған бала", "Түлкі, қасқыр, жолбарыс", "Дудар қыз", "Балқан тау", "Қармақ салған жігіт", "Қарагөз сұлу", "Алтын бас, күміс аяқ", "Ақсақ Темір хан", "Киік" деген ертегі, аңыз әңгімелер кірген. Радлов қазақ ертегілерін естілуінше, тіл, сөз ерекшелігін сақтай, дәл жазып алуға тырысқан. Радловтан бұрын қазақ ертегілерін Шоқан Уәлиханов, профессор Березин, Ильминскийлер де недәуір жинаса да, дәл Радлов сияқты ғылыми жүйеге келтіріп, қазақ тілінде бастырып үлгірмеген. Қазақ ертегілерін ұзақ жылдар бойы жинап, үнемі бастырып отырған адам — профессор Диваев Әубәкір. Әубәкір қазақтың ауыз әдебиет нұсқаларын (соның ішінде ертегілерді) жинауды XIX ғасырдың 90-жылдарынан бастады. Диваев өзінің жинаған ертегілерін көбінесе өз тұсында газет-журналдарға, не жеке кітап етіп бастырып отырған.
Ертегі ертекшімен ертегі болады. Әрбір жеке ертекші өзінше, өзгеден бөлекше тіл, түсінік, көркемдік өрнек, нақышпен айтады дейді. Бұндағы даусыз бір шындық — ертегінің ішіне анық шебер ертекші өзінен өрнек, өзгешелік қосып отыратыны рас. Ертегіні қызықты етіп жеткізу айтушының шеберлігіне байланысты. Ертегілер мазмұны ерекшеліктеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Солардың ішіндегі бастылары: 1.Қиял ғажайып ертегілері. 2. Хайуанаттар жайлы ертегілер. 3.Тұрмыс салт ертегілері. 4.Аңыз ертегілері.
Ертегілердің маңызы
Ертегі—ауыз әдебиетінің асыл мұраларының пікірлерін тыңдайтын болсақ, ертегінің бала тәрбиесінде, оның танымдық қасиетінің жан-жақты жетілуіне, сөздік қорын байытып, тілін дамытуда маңызды орын алатынын байқаймыз. Ұлы кемеңгер ақынымыз Абай Құнанбаев бала тәрбиесінде—ауыз әдебиетінің маңызды орын алатынын айтады. “Әне оны берем, міне мұны берем деп бастап балаңды алдағыныңа мәз боласың, сорыңа балаң-алдамшы болса кімнен көресің? “Боқта” – деп біреуді боқтатып “Кәпір қияңқы осыған тимесеңші”—деп оны масаттандырып, “пәленшенің баласы сенің сыртыңнан сатып кетеді”—деп тірі жанға сендірмегі жат мінез қыласың"—деп теріс тәрбие берген ата-аналарды сынға алып, былай дейді: «Мен егер заң қуаты қолымда бар кісі болсам, адам мінезін түзеп болмайды деген кісінің тілін кесер едім, қандай адам баласы болсын, ол кішекене күнінде ауыз әдебиеті мен сусындаса, онда ол адам өз тілін, елін, жерін сүйеді». Кемеңгер ойшылдарымыздың-бірі-Шоқан Уәлиханов өзінің Ұлы жүз қазақтарының ертегілері мен аңыздары”, “Шамандықтың қазақтағы аңыз-әңгіме, ертегілер құрылысы мен мазмұнына, шығу тарихына тоқталып, ғылыми мағлұмат берді. Ол “Халықтың ақыл-ойынан және қалың бұқараның сана сезімі, өмірі мен алға басуы негізінде туған бұл шығармалар ауызша айтылу түрінде бірден-бірге, содан бүкіл халыққа жетті. Онда халықтың мәдени рухы, қөзқарасы, әдеті, мінез-құлқы, тұрмыс тіршілігі суреттелген. Сондықтан да ауыз әдебиеті жырларының тарихи, тәрбиелін жағынан да маңызы зор.Балалар әдебиетінің негізін салушы—Ыбырай Алтынсарин. Ол “Бағып-қағуда үлкен мән бар. Бала тәрбиесі жеміс ағашын өсіруші бағбан еңбегімен пара-пар. Дүниедегі жақсылық атаулы күннің нұрымен, ананың ақ сүтімен бойымызға сіңеді”. Ол өзінің “Қырғыз хрестоматиясы” еңбегіне ертегілер жинағын енгізді.Ұлы жазушымыз М.О. Әуезов ертегі туралы былай деп сыр толғайды: “Табиғатты баурап, танып алғанша адам қиял мен танып, меңгеріп, оған өз ықпалын жүргізуді арман еткен. Ол ертегі, аңыз, әңгіме түрінде туып таралған… Ертегілерде қоғамдық тартыс та, күштілердің көпшілікке көрсеткен қиянаты, зорлық зомбылығы және халықтың арман, әділет туралы ұғым - нанымы түгел жинақталған.“Гректер атақты храмдарын, египеттер пирамидаларын, қытайлар фарфор бұйымдары мен мәрмәрларын, италиядықтар әсем әуенді музыкалық шығармаларын, француздар сурет өнерін үміт етсе, көшпелі қазақ елі аса бай—өлең жыр мұрасын қалдырады”. Қазақ халқы ертеден өз балаларына тәрбиені әңгіме, жыр, өсиет-бата, нақыл-сөз, ертегілер арқылы бере білген. Олар өздерін қоршаған табиғат құбылысын өмірлік тәжірибеден түсініп, жолсыз жерлерде жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жөн тапқан. Әрбір бала кеш бата әжесінің алдына отырып, ұйып ертегі тыңдаған. Әжелерінің ертегілерін бала жастайынан ести келе бойына жақсы қаситтер сіңіре білген. Олардың жастайынан есту, көру сезімдері шынығып, алыстағыны тез табатын ізшіл әрі мерген болған. Оқу болмаса да жастайынан әжелерінің ертегілерін бойына сіңірген балалардың есте сақтау қабілеттері өте жақсы болған. Сондықтан да олар ұзақ-ұзақ өлең жолдарын, батырлар жырларын, қиссаларды, небір аңыз - әңгімелерді жатқа айтатын болған. Расында бұны бізге өмір тәжірибесі көрсетуде. Қазіргі қоғамда сауатсыздық дерті жайылуда. Неге? Неліктен? Кімнен кеткен қателік деп сан түрлі сауалдар қойып байбалам салудамыз. Бұл балалардың кітап оқуға деген қызығушылықтарының жойылуынан туындаған дерт деп білемін. Қазақ маманы С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі аралықта пайда болады. Яғни, үшінші сынып оқушысы ешқашан кітапханаға бармаса, оқулықтан басқа ешқандай кітап оқымаса тағы бір ертеңгі сауатсыздың дүниеге келгені. Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-оқуға деген ынтасы жоғалады екен. Тіпті түлектердің үштен бірінің оқуға мүлдем құлқы болмайтын көрінеді. Елбасы дұрыс айтады, «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет». Функционалдық сауаттылық дегеніміз не? «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде»: «фукционалды» ұғымы бір нәрсенің құрылысы, құрамынан емес, қызметіне қатысты, соның әрекетіне байланысты қолданылады» – деген сипаттама беріледі. Бұдан «функция» ұғымы белгілі бір заттың атқаратын қызметіне немесе іс-әрекетіне қатысты айтылатынын түсінеміз. Мысалы, техникалық құрал-жабдықтарды алар болсақ (компьютер, сканер, принтер, т.б.), олардың әрқайсысының өз функциялары бар. Ал «функция» ұғымы адамға қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне байланысты қарастырылады. Мысалы: кез келген маманның атқаратын белгілі бір функциясы немесе қызметі болады, ол соның дұрыс атқарылуына жауап береді. Айталық, мектеп директорының, оқу ісі немесе тәрбие жөніндегі орынбасарларының әрқайсысының өзіндік лауазымдық функциясы бар және әрқайсысы өз бағыты бойынша жауапкершілікпен қызмет атқарады. Ғылым тілімен айтсақ, функционалдық сауаттылықтың ерекшелігі – жылдам өзгеріп отыратын қоғамда барлығы үшін қажетті қолданбалы білімдер негізінде әртүрлі қызмет салаларында өмірлік мәселелерді шеше алуымен сипатталатыны. Яғни, функционалдық сауаттылық «адамның өмірдің және ісәрекеттің түрлі саласында қолданбалы білім негізінде қалыпты тіршілік міндеттерін шешу қабілеті» деген мағынада ұғынылады. Сонымен, «сауаттылық» адамның білімділігіне қатысты ұғым екенін анықтадық. Яғни, сауатты адам деген сөздің түпкі мағынасы оқу, жазу, санау біліктіліктері қалыптасқан, грамматикалық тұрғыда таза, қатесіз жаза, сөйлей, оқи алатын, сондай-ақ қарапайым арифметикалық амалдардың көмегімен дұрыс есептей білетін адам ретінде танылады. Ал «функционалдық сауатты» адам деген ұғым белгілі бір кезеңге сай алған білімі мен білік-дағдысы негізінде сауатты іс-әрекет ете алатын адам деген мағынада қолданылады. Сауаттылық ұғымы оны білім берудің әрекеттік аспектісімен бірлікте алғанда ғана мағынасы кеңейе түсіп, функционалдық сауаттылыққа ұласады. Олай болса, функционалдық сауаттылық дегеніміз – тұлғаның пәндік білім, білік, дағдыларын әлеуметтік-қоғамдық ортада кез келген жағдаятқа сәйкес еркін қолдана алу мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі болып табылады. Қазіргі қоғамда сауаттылық ұғымы кез келген іс-әрекеттің өлшемі, көрсеткіші ретінде қалыптасып, кең таралып отыр. Мысалы, музыкалық сауаттылық, техникалық сауаттылық, ақпараттық сауаттылық, компьютерлік сауаттылық, т.б. кездестіреміз. Бұл функционалдық дағдылар мектеп қабырғасында қалыптасады. Яғни оқушылар өз ойларынша талдап – саралай білуі және де жазу дағдылары қалыптасуы керек. Осы оры орайда ертегінің маңызды рөл атқаратынын атап өткім келеді. Ертегілерді оқығаннан кейін мазмұнын талдау арқылы оқушының сөйлеу, ойлау дағдылары қалыптасады. Сонымен қатар балалардының ой-өрісін, санасына туған тіліне, халқына деген сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімін ұялатып, қиялдарын қанаттандыру, ұлттық рухты бойларына сіңіру, ана тілі мен Отанына, тарихы мен мәдениетіне деген сезімдерін қалыптастыруда және өскелең ұрпақтың ой өрістерін дамытуға, қиялын шарықтатуға, тіл байлығын молайтуға қазақ ертегілерінің тигізетін пайдасы ұшан-теңіз...
Егер ертегіні қызыға оқыған болса, ертегі арқылы айналаны қоршаған ортаны барлай алады, табиғаттың сиқырлы сырларын сезіне біледі, халықтың әдемілік және әдептілік жайлы ұғымдарын бойына сіңіреді, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып туралы түсінік алып, адамгершілік тәрбиесінің бастауларына ден қояды. Өскелең ұрпақты жан-жақты жетілген адамгершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуде ертегінің алатын орны ерекше. Ертегінің ұнамды кейіпкерлердің жақсы қасиеттерін балалар бойына сіңіру, ұнамсыз кейіпкерлердің жасаған зұлымдықтарынан аулақ болуға үйретуге болады. Мысалы, балаларға арналған арналған ертегілер баланы адалдыққа, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелейді. Дүниедегі адамның жеке басынан күрделі де бай ештеңе жоқ. Оны жан-жақты дамыту адамгершілік жағынан жетілдіру - тәрбиенің мақсаты. Бұл мақсатқа жету өте күрделі жол. Бастауыш сынып оқушыларын ертегілер арқылы тәрбиелеудің маңызы зор. Өкінішке орай қазіргі кезде радио, теледидар арқылы шетелдік ертегілер желісімен түсірілген көркем фильмдер, мультфильмдер жиі көрсетіледі. Ондағы кейіпкерлер есімі, жер-су аттары таныс емес және біздің менталитетімізге жат оқиғалар баяндалады. Қазақ ертегілерін көру немесе тыңдау олардан гөрі әлдеқайда тиімді. Ертегіде кейіпкерлер арасындағы қайшылықтарды көрсете келе әділдік, үстемдік құрып, зұлымдық жеңіліс табумен аяқталады. Әсіресе адам өміріне байланысты іс-әрекеттер өткір сықақ- мысалмен бірігіп, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Мысалы: Тазша бала туралы ертегілердегі әке-шешесі жоқ басы таз Тазша атанған баланың тапқырлықтары ханның ақылынан да асып кетеді «Қырық өтірік» ертегісіндегі шындыққа келмейтін қиял - ғажайып оқиғаларды қызықты етіп баяндау арқылы Тазша бала ханның байлығына ие болып, қызын алады. Ертегіні тыңдаған балалар жағымсыз кейіпкердің жексұрын әркетінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Балалардың ой-өрісін кеңітіп, дүниені молырақ танытатын ертегілер бала ұғымын, түсінігін, дүние танымын кеңейтеді. Тілін ұстартып, ұштай түседі, ойлау мен қиялын дамытады. Мысалы: «Қаңбақ шал» ертегісіндегі қауқарсыз шалдың ақылмен жеңуі, дәулердің күші көп болса да, ақылы аздығы тыңдаушыны қызықтырып, тіпті ертегіні баяндаушыға қосылып айтып кеткісі келетіндей әсерге бөлейді. Халқымызда қай тақырыпта да табылатын, тілге жеңіл, жүрекке жылы тиер ертегілер қаншама?! Ол ертегілер арқылы бала өз халқының тілін, мәдениетін, дәстүрін біледі және ой өрісі қиялы дамиды және адамгершілікке тәрбиеленеді. Мысалы: «Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң – қаларсың ұятқа» деген мақалды, «Жаман дос жолдасын жолда қалдырар» деген мақалдарды «Екі дос», «Кедей мен бай» атты ертегі желісінен оқуға болады. «Бай баласы мен жарлы баласы» атты қызықты ертегі арқылы еңбек адамның кез келген қиыншылықты жеңуге үйрететінін және өмірлік тәжірибесі арқылы жеңіске жететінін көреміз және «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей» деген мақалды дәлелдей түседі.«Мақта қыз бен мысық» ертегісі өте тартымды, қызықты. Бұл ертегіде Мақта қыздың досы мысық қыздың тілін алмай қатығын төгеді де, оны қайтарып беру үшін көптеген адамдарға жолығып, көп қиыншылық көріп барып, қатықты төлей алады. Бұл жерде адамды әрбір іс қимылына жауап беруге, үйренуге тәрбиелейді. «Бес ешкі» ертегісі хайуанаттар жайлы ертегіге жатады. Өте қызық, тартымды. Мұнда кедейдің бес ешкісі қарлы боранда далада қалады да, қасқырға жолығады. Сол кезде бәрі бірігіп, береке – бірлік танытып, қасқырдан аман қалады. Бұл ертегі балаларды бір – біріне көмектесуге, береке бірлікке, бауырмалдыққа үйретеді. «Жыл басына таласқан хайуанаттар» ертегісі аңғалдықтың кесірін, шапшандықтың пайдасын айтады. Онда аңқау түйе жыл басынан құр қалады, шапшаң тышқан жыл басы атанады. «Шық бермес Шығайбай» ертегісі сараң, қайырымсыз байларды қарапайым кедей Алдардың ақылмен алдап кетуін баяндайды. «Шығысы жаман қамысты су ішінен өрт шалар. Пейілі жаман адамды Түйе үстінен ит қабар» деген мақалды осы ертегі желісінен байқауға болады. «Зеректік» ертегісіндегі үш жолаушының жол бойында кездескен нәрселерге зер салғандарын баяндайды. «Алтын, күміс - тас екен, арпа, бидай-ас екен» деген мақалдың мағынасын «Бай мен кедей» ертегісін оқып түсінуге болады. Яғни,балаларды қағылездікке, зеректікке тәрбиелейді. Қазіргі кезде теледидардан көптеген шетел мультфильмдері жиі көрсетіледі. Мысалы, Қазақстан телеарнасында сенбі, жексенбі күндері «Дара» ағылшын ертегісі, «Кайлан» қытай ертегісі, «Спорт Кус», «Диего» ағылшын ертегісі, ал сенбі күні «Барби күнделігі» деген шетел мультфильмдері көрсетіледі. Ал, Еуразия телеарнасында жексенбі күні «Робот» деген шетел мультфильмі болады. Осы шетел мультфильмдерінің орнына қазақ ертегілерінің желісі бойынша мультфильмдер көрсетілсе құба - құп болар еді. Біз тек қана «Қазақстан» телеарнасынан ғана Алдар Көсе ертегісі желісі бойынша мультфильм көре аламыз.
Адамгершілік тәрбиенің нәтижесі адамдық тәрбие болып табылады. Адамгершілік тақырыбы - мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Жас ұрпақтың бойына адамгершілікті сіңіру ертегі арқылы беріледі. Адамгершіліктің қайнар бұлағы-қазақ ертегілерінде десем артық айтпаған едім. Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологиялар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қиялдарын өз ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар. Руханилық - жеке тұлғаның негізгі сапалық көрсеткіші. Руханилықтың негізінде адамның мінез-құлқы қалыптасады, ар-ұят, өзін-өзі бағалау және адамгершілік сапалары дамиды. Мұның өзі-өзін мейірімділікке, ізгілікке шақырады. Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасымен келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін талантымен дарындылығымен, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көрсеткен.Қасиетті ертегілер арқылы тәрбие берген, салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалған. Сонымен қатар еліміз егемендік алғалы мемлекеттік тілде сөйлеуіне, бұл қасиетті ертегілердің халық ауыз әдебиетінде ең маңызды орын алатыны сөзсіз екенін салыстырып көрсету. Халқымызда «Ізденген жетер мұратқа» деген сөз бар. Яғни, әр нәрсені білуге талпынып, білімнің тереңіне бойлау-даму кемелдікке жеткізеді, рухани байытады. Дүниеде біле бергісі келетін - балалар «Ол кім?», «Бұл не?», «Неліктен?», «Қайда?», «Қашан?» деген сұрақтарға жауап іздеп, бір тыным таппайды. Олардың осылайша ізденімпаздық танытуы табиғи заңдылық.
Қорытынды.
Қазақ ертегілерінің не үшін қажет екенін әдебиет зерттеушісі ғалым Ахмет Байтұрсынов «Ертегінің қадірі қанша деп сұрағанда, керектігіне қарай жауап беріледі. Ертегінің керек орындары:
 Халықтың ұмтылған сөздері ертегіден табылмақ. Олай болса, ертегі тіл жағынын керек нәрсе.
 Бала әдебиеті жоқ жерде баланың рухын, қиялын тәрбиелеуге зор керегі бар нәрсе. Баланы қиялдауға, сөйлеуге үйретеді.
 Бұрынғылардың сана-саңылау, қалып-салты жағынан дерек беру үшін керегі бар нәрсе»-деп айтқан екен.
Балалардың қаншалықты кітап оқитынын білу үшін бастауыш сынып оқушыларынан сауалнама алдым. Сауалнама алғанда балалардың өз ойларын жазу қиынға түсетінін аңғардым. Бұл тағы бір мәрте менің ойымды нақтылай түсті.
Сауалнама сұрақтары Иә Жоқ
Сен қазақ ертегілерін оқисың ба? 15 15
Сені қандай ертегілер қызықтырады? 12/6 7/4
Ертегілердің қандай түрлерін білесің? 14 16
Ертегі кітаптар оқыған қызықты ма, әлде мультфильмдер көрген қызықты ма? 11 19

Сонымен қатар кесте құрып оқушыларға ұсындым.
Ертегінің аты Кейіпкерлер Не үйрендің?
46 44 24
Бұдан мен оқушылар кітаптар оқиды бірақ оның мазмұнына мән бермейді деп ой түйдім. Мен де өзімнің ғылыми жобамды қазақ халқының әр ертегісінің өзіне тән ерекшелігіне қарай саралай білдім деп ойлаймын. Жобамдағы мақсат қазақ ертегілері адам өміріне байланысты іс-әрекеттер, күнделікті тұрмыстағы заттар арқылы берілсе, бала сезімін селт еткізіп, күлкіге мәз етеді. Бала жағымсыз кейіпкердің жексұрын әректінен бой тартып, жақсылыққа құмартады. Ертегінің осындай әр жақты сырын қызықты, тартымды бала санасына лайықтай жеткізуде мен өзімнің жаңалығымды ұсынамын:
1. Күнделікті пайдаланатын заттар арқылы. Мысалы, ойынға киетін кепка, футболка, сөмке және күнделік сыртына, қойын дәптер, шокалад сыртына шетел ертегілерінің суреттерін жапсырғанша, қазақ ертегілерінің кейіпкерлерінің суреттері салынса; 2. Қазақ ертегілер кейіпкерлерінен ойыншық жасап, драма театрларда ойын көрсетілсе (қуыршақ театры) 3. Көлеңке театры Қазақ ертегілерінің мазмұнын көлеңке театры арқылы көрсетілсе; 4.Мектепке айына бір рет «Әжемнің ертегілері» атты іс-шаралар өткізілсе.
Ұрпақ тәрбиесі-келешек қоғам тәрбиесі. Ендеше, ақпараттық технологилар дамыған кезеңдегі балалардың ой-қиялдарын қазақ ертегілері арқылы жеткізу мүмкіндігі бар.

Пайдаланған әдебиеттер:

Қазақтың тәрбиелін ой-пікір антологиясы” І-том Алматы Рауан 1994. «Иман және инабат» К. Оразбекова «Ана тілі» - 1993
Ауыз әдебиеті үлгілерін балалар бақшасында пайдалану. Р. Жұмағұлов
Қ. Жарықбаев. С. Қалиев. Қазақ-тәлім тәрбиесі” Алматы санат-1993.
С. Сауытбеков “Тағылым тегі” Көкшетау 2003
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: zhanat1790 (2015-04-11) | Автор: Ошакпаева Жанат Даулетовна E
Просмотров: 4645 | Рейтинг: 1.0/1
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 5:04 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru