Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

Театрализованное шоу посвященное Дню независимости Республики Казахстан "В потоке истории"
Тәуелсіздік күніне арналған « ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА» атты театрланған шоу.

Мақсаты:
1. Еліміздің Тәуелсіздік алып жеткен жетістіктерімен таныстыру, 2015 жылғы айтулы даталар төнірегінде қазақ халқының санғасырлық тарихын көрсете отырып оқушылардың білімін толықтыру, Отанымызға Қазақстанды өркендетуге білімді адамдар керек екендігін түсіндіру;
2. Туған жеріне еліне сүйіспеншілігін арттырып, Отанды сүйюге, бірлікке, ынтымаққа, білімді жастар болуына шақыру, сенімдерін ояту, «сегіз қырлы бір сырлы жастарды» тәрбиелеу.
Көрнекілігі: акт залын безендіру, қазақ елінің рәміздері, тақырыпқа қатысты слайдтар, тақырыпқа қатысты көрме т.б.

Барысы
Слайд 2
Эпиграф
«Қазақтың тек өз төл тарихы, әдебиеті мен мәдениеті
әлі талай ұрпақ үшін таусылмайтын қазына»
Н.Ә.Назарбаев

1 жүргізуші:
Қасиетті Қазақстаным, мекенім,
Ақиқатың алтын бесігі екенсің.
Елім,Жерім, Отаным, бақ дәулетім,
Болашағым, өнер – білім, өркенім.
Армысыздар, әріптістер, қонақтар және шәкірттерім! Тәуелсіздік күніне арналған «ТАРИХ ТОЛҚЫНЫНДА» атты театрланған қойылымға қош келдіңіздер! Тәуелсіз еліміз 2015 жылы Қазақстан Республикасының айтулы даталары: қазақ хандығының құрылғанына 550 жыл, ұлы Абайдың туғанына 170 жыл, ұлы Отан соғысына 70 жыл, Қазақстан Республикасының Коснтитуциясына 20 жыл, Қазақстан халықтарының Ассамблеясына 20 жыл толуын атап өтіп жатыр. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен мерейтойларды атап өту жоспары құрылған болатын. Соған байланысты Қазақстанның әртүкпірінде 100 жуық қоғамдық-саяси, спорттық шаралар ұйымдастырылды.

2 жүргізуші: Добрый вечер уважаемые коллеги, гости, студенты. Мы рады приветствовать вас на театрализованном шоу «В ПОТОКЕ ИСТОРИИ» посвященному Дню Независимости Республики Казахстан. Как сказал Президент Республики Казахстан Нурсултан абишевич Назарбаев « Наша история не ограничивается только 550 летним периодом, период правления казахских ханов начиная Кереем и Жанибеком, заканчивая Тауке ханом, когда произошло единение и укрепление казахского ханства, одна из ярких страниц более чем в трехтысячелетней истории народа. Перелистнусть страницы истории золотой книги нашего народа предстоит всем нам сегодня.
Әнұран
Слайд 3 (Н.А. Назарбаевтың «Тарих толқынында» кітабынан цитата «1466 жылы Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан тарихы үшін белесті кезең болды. Бұл оқиғаның саяси һәм қоғамдық мән-маңызы қазақ хандығының Орталық Азиядағы тұнғыш ұлттық мемлекет болғандығында жатыр. Оны өздерінен бұрын өткендер немесе тарихи бабалар емес, қазіргі бар түркі халқы құрды»).
2 жүргізуші: На протяжении 600 лет на территории Казахстана установилась власть монголов во главе с Чингизханом и его потомками. Великая степь находилась в составе улуса Джучи позднее став Золотой Ордой. И эта история Золотой книги как раз об этом. 550 лет тому назад начало государственности послужила откочевка султанов Жанибека и Керея, которые основали свое ханство – Казахское ханство.

Көрініс «Сұлтандар кеңесі»
Қазақ жеріндегі саяси бытыраңқылық әсіресе Әбілқайырдың билігі тұсында өзінің шарықтау шегіне жетті.

/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/
— Ассалаумағалейкум, ағалар.
— Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.
Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Ханекем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскер дайындықсыз, батырларды қудалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?
Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.
Керей: — Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.
Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып, ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?
Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар: — Біз дайынбыз бастаңыздар көшті! Біз сіздермен біргеміз!
Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.
Керей:
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат — көлігің арымай,
Отбасыңмен аман — есен табысқын.
Әумин.
1 жүргізуші: Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.

Ән «Атамекен»

Слайд 4 : « Абайдың аты жаңаша асқақтап, Халқымыздың мәртебе-мерейі жаңа биікке көтерілумен келеді. Бір кезде абзал қынымыздың асыл мұрасының таптық идеология табанында тапаталып қалмай жаңа ұрпақтармен бірге жасайтын мәңгілік құбылысқа айналлғанына қуандық»
1 жүргізуші:
Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге сия ма, айтыңдаршы?
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған.
Қазақтың ақыны, данышпаны көп болғанымен, Абай біреу-ақ. Абайы бар елдің мерейі үстем.
Көрініс «Абай іні шәкірттерімен»
(Сахна Абай үйіне келістіріп жабдықталады. Үстел басында Абай Әйгерім екеуі.. Абайдың інілері, ақын.әнші өнерпаз жастар кіреді)
Топ атынан Ысқақ:
-Абай аға, біздің осы тобымыз биылғы қыста шетімізден әнші, ақын боп атақ алып қайтпадық па! Соның себебі – сіздің әндеріңіз, әнмен айтқызған өлеңдеріңіз болды. Сөйтіп, міне, тобымызбен алдыңыздан өтелі келдік. Біздің сауығымызды көріңіз.
Абай:
-Біреуінің өзің бір үйдің думаны болсаң, бүгін қауым болып келгенде,Ақшоқыға қан базарды көшіріп келдік десеңдерші. Сал! Салындар ән мен саығынды! (Жастар ортаға кезек шығып, Абайдың өлеңдерін оқиды).
Мұхаметжан:
Талайдан жеңешемнің әнін естімей кеттік қой! Неліктен айтпай кетті?
Абай:
-Айтпай кетті ғой Әйгерім! Айтады деймісің?
Әйгерім:
-Мен бе едім, Абай-ау, айтқызбай кеткен өздеріңіз, өзіңіз емес пе едіңіз.
Абай:
Ендеше айтшы, Әйгерім, шертші барынды. Жаңадан білгенің бар ма?
(Әйгерім «Татьянаның әнін» орындайды)
Абай:
-Әйгерім! Асылым! Татьянаның әні, наз-мұны сенің де жүрегінің шыны боп шықты-ау көңіліңнен!
-... Ей, сорлы заман, менен алмаған қай қастығын қалды!
Мен ішпеген у бар ма? Жүрегімді көрші, жарадан сау жер қалды ма?...
Мен мынау өмір көшінен өтіп бара жатып, кейінгі ұрпақ, сендерге:
Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма! – дегім келеді.
Дармен:
-Абай аға! Асыл сөзінді, ата тәрбиенді көңілімізде сақтаймыз!

Ән «Көзімнің қарасы»

Слайд 5 «Ешкім де, ештене де ұмытылмайды»
На сцене; играет гармонь выходят пары танцуют. Звук взрыва. Голос Левитана. Девушки проважают парней на войну.

2 жүргізуші:
Была война и время было люто,
Но не забудется вовек ваш подвиг ратный,
И сердце бьется каждую минуту
Гром вашего победного салюта, отражаясь благодарностью стократно!

Көрініс « Комбат Моисеевтің әңгімесі»
Слайды № 6,7,8,9,10,11

Көмекші: -Жолдас комбат, мергендер келді.Сізді сыртта күтіп тұр.
Мойсеев: - Жоқ, маған жіберілген мергендер бұлар болмауы керек!
Қыз: - Жолдас майор! Мергендер мектебін бітірген он сегіз мерген жоғарғы командованиенің бұйрығы бойынша Сіздің қарамағыңызға келіп тұрмыз. Әскери тапсырманызды орындауға әзірміз!
Мойсеев: - Маған жіберген көмегінін түрі осы ма? Бұлардың қолынан не келеді?
Мойсеев: - Сен неғып тұрсың мұнда ?Сенің орның бұл жер емес, асханаға бар да картоп аршы!
Әлия: - Құп болады! .... Жолдас майор ! Сізге сөз айтуыма рұқсат етіңізші!
Мойсеев: - Иә, не айтпақшы едің?
Әлия: - Мен мұнда картоп аршу үшін келгенім жоқ, фашистерді жайрату үшін келдім. Сондықтан сапта қалуыма рұқсат етіңіз! Асханаға бармаймын!
Мойсеев: - Қарайгөр мұны! Қандай шақарсың өзің!
Әлия: - Қандай деп айтсаңыз-сондаймын! (Әлия қайтадан сапқа тұрады. Моисеев қаруларын тексереді)
Мойсеев: - «Оқу озаты, үздік мерген Әлия молдағұловаға.ВЛКСМ Орталық Комитетінен» Ә-ә , сен өзің осындай қыз ба едің?!
Әлия: - Иә , мен сондай қызбын.

2 жүргізуші: Так произошло знакомство комбата Моисеева с Алией Молдагуловой.

Ән «Попури военных лет»
Слайд 12 «Ата заң тұрақтылығы-Қазақстан тұрақтылығы!»

1 жүргізуші:
1995 жылы 30-тамызда жаңа Ата Заңымыз бірауыздан қабылданды.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Бірде – бір мемлекет Ата Заңсыз өмір сүре де, дами да алмайды. Осы жылдары барлық жетістіктерге біз мемлетіміздің Ата Заңының арқасында қол жеткіздік. Конституциясыз даму, конституциясыз демократияны құру мүмкін емес.
Ата заң – біздің азаматтарымыздың құқығы мен бостандығының кепілі. Барлық дамыған өркениеттер, бүкіл батыс әлемі заңды қатаң ұстанғандықтан дамуда. Ата заң биліктің тұрақтылығын қамтамасыз етті. Ата Заң Үкіметтің, Парламенттің, Сот органдарының келісімді жұмысын қамтамасыз етті. Біздің көп ұлтты хақымыздың тыныштықта, бейбітшілікте және келісімде өмір сүруі – біздің Ата Заңымыздың арқасында».

Ән « Көк тудын желбірегені»
Слайд 13 ( « Көп ұлтты ел болуымыз – біздің байлығымыз, мақтанышымыз»)
2 жүргізуші: Уникальным общественным институтом реализации национальной политики является Ассамблея народов Казахстана – консультативно-совещетельный орган при президенте страны. Учрежденная в 1995 году ассамблея призвана решать задачу гармонизации межнациональных отношений через поддержку стремлений всех этносов к возрождению и развитию родных языков, культур, традиций.
Под большим шаныраком Казахстана единой семьей живут представители 140 национальностей, которых связала и объединила на вековых традициях казахского гостеприимства, традициях межнационального уважения благодатная казахстанская земля.
Музыкалық композиция күй «Сарыарқа» (әр ұлт бір шаңырақтың астында ұлттық билерін көрсетеді)
Слайд 14
2 жүргізуші:
И на этом история нашего народа не заканчивается. Богата история нашего народа событиями и печальными и радостными. Знать историю должен каждый гражданин Республики Казахстан. Становление, развития, процветание нашего независимого суверенного Казахстана в в руках нашего молодого подрастающего поколения! Так давайте мы тоже оставим свой след в истории нашей Родины.

1 жүргізуші:
Жаса! Қазақстан!
Жаса менің қазағым
Артта қалды қыйындық пен азабың
Жаса! Қазақстан!
Жаса, менің ұлы елім
Атқан таңдай ашық болсын ажарың
Жаса! Қазақстан!
Алаш жұртым ардағым
Алтын бесік, байтақ далам, бар бағым
Жаса! Қазақстан!
Ата мекен тұрағым
Көк аспанда желбіресін байрағың!
Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертенінен жалғайтын,қазақ елінің ертеңі,болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екендерінді ешқашан ұмытпандар!
Бәріміз бірге: Жаса! Қазақстан! Жаса! Қазақстан! Жаса! Мәңгілік Ел! – дегім келеді.

Ән «Қазақ елі осындай»
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: ledi1 (2016-01-11) | Автор: " В потоке истории"
Просмотров: 258 | Комментарии: 1 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Среда, 2016-12-07, 9:20 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1474]
Школьный психолог [501]
История [695]
Опыт [471]
Научная кафедра [216]
Воспитание души [216]
Мастер-класс [205]
Семья и школа [173]
Компьютер-бум [247]
Английский язык [770]
Великие открытия [17]
Университет здоровья [127]
Математика [1138]
Химия [374]
Классному руководителю [622]
Биология [578]
Думаем, размышляем, спорим [89]
Казахский язык и литература [1762]
Краеведение [92]
Начальная школа [3905]
Беседы у самовара [15]
Мировая художественная культура [38]
Новые технологии в обучении [353]
Сельская школа [70]
Профильное обучение [68]
Демократизация и школа [23]
Физика [289]
Экология [179]
Дошколенок [1485]
Особые дети [271]
Общество семи муз [56]
Школа и искусство
Уроки музыки [612]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [440]
Мой Казахстан [227]
Школьный театр [66]
Внеклассные мероприятия [1154]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [72]
ИЗО и черчение [212]
Физическая культура [516]
Немецкий язык [51]
Технология [280]
Самопознание [379]
Профессиональное образование [101]
Школьная библиотека [73]
Летний лагерь [13]
Дополнительное образование [8]
Педагогические программы [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru