Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

"Күнді іздеген достар" қойылымы
Мажикова Кенжегүл Қыстаубайқызы
Ақтөбе облыстық арнайы (түзетім) есту қабілеті бұзылған балалар
мектеп-интернат-колледжі
Кластан тыс шара.
Тақырыбы: «Күнді іздеген достар»
Мақсаты: оқушылардың театр туралы түсініктерін кеңейту, рольдерде ойнау арқылы әр кейіпкердің ішкі сезімін ұғындыру, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, әсемдікке баулу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, сөздік қорларын молайту, коррекциялық жұмыстар жүргізу.
Өтетін орны: кітапхана
Көрнекіліктер: сахнаның безендірілуі, билеттер, хабарландыру, құм, күннің макеті, микрофон, шарлар
Шараның түрі: сахналық қойылым
Жоспары:
I. «Таңшолпан» балалар театрымен таныстыру.
II. «Күнді іздеген достар» қойылымын тамашалау.
III. «Тілшілермен» сұхбат.

Шараның өту барысы:
Музыка ойналып тұрады. Келушілерді театрға қарсы алу. Телеарна тілшісі (Оқушы):
- Қайырлы күн қымбатты көрермендер! Бүгін біздер «Таңшолпан» балалар театрының кішкентай әртістері дайындаған «Күнді іздеген достар» қойылымын тамашалауға келіп отырмыз. Қойылым алдында барлықтарыңызға көтеріңкі көңіл күй тілейміз.
Әртістер мен көрермендерге түрлі-түсті шарлар таратылады.
Музыка ойналады.
Жаздың жаймашуақ күні еді. Айналаның бәрі әдемі, көкте күн күлімдеп, шуағын шашып тұр. Күннің шуағы айналаға нұрын төгіп, жан біткеннің бәріне ерекше көңіл күй сыйлап тұрды.
Сахнада көңілді балапан билеп, ойнап жүреді.
Бір мезетте аспанды қара бұлт торлап, күннің бетін жауып тастады. Сол-ақ екен айналаның бәрі қараңғыланып, күн күрт салқындап кетті. Найзағай ойнап жаңбыр жауа бастады. Жаураған балапан ағаштың түбіне жасырынып қалды. Қорыққанынан жылай бастады. Оны көріп қасына мысық келеді.
Мысық: Балапан, сен неге жылап отырсың?
Балапан: Аспанды бұлт торлады, күннің көзі жоғалып кетті. Мен қорқып отырмын.
Мысық: Сен қорықпа, Балапан! Екеуіміз дос емеспіз бе? Жүр, мен саған күнді іздеуге көмектесейін.
Автор: Сөйтіп екеуі күнді іздеуге шығады. Аз жүрді ме, көп жүрді ме, келе жатып, бұтаның түбінде жасырынып отырған қоянды көреді.
Балапан: Сәлем, досым Қоян!
Қоян: Сәлем, досым!
Мысық: Саған не болды? Неге жылайсың?
Қоян: Күннің сәулесі болмаған қандай жаман! Мен қорқып отырмын.
Мысық: Білесің бе, қоян, күн сәулесі бәрімізге қажет. Біз балапан екеуіміз күнді іздеуге шықтық. Бізбен бірге барасың ба?
Қоян: Әрине, Мысық досым! Мен де барамын.
Автор: Сөйтіп, үсті-басы су болып, тоңып қалған қоянды ертіп үш дос күнді іздеуді жалғастырады. Жолда құйрығын бұлғаңдатып, сылқым түлкі келе жатты.
Мысық: Амансың ба, түлкішек?
Түлкі: Жолдарың болсын, балақайлар!
Мысық: Түлкі, түлкі күнді қалай табуға болады?
Түлкі: Күнді қайтпексіңдер? Оны табу сендердің қолдарыңнан келе қоймас. Менің уақытым жоқ. Әтештен сұраңдар, сол бәрін біледі. Ал мен кеттім.
Автор: Үшеуі қол ұстасып, әтеш досына бет алады. Әтеш келе жатқан қонақтарды көріп амандасады:
Әтеш: Ку-ка-ре-ку, ку-ка-ре-ку! Амансыңдар ма, достарым!
Қоян: Әтеш досым, сен күнді қайдан табу керек екенін білесің бе?
Мысық: Бізге көмектесші, Әтеш досым, әйтпесе, барлығымыз қатты жаурадық, көңіл-күйіміз жоқ.
Әтеш: Жарайды. Мен сендерге көмектесейін. Анау таудың басындағы ақ бұлтқа жетсеңдер, ол сендерді күнге алып барады. Ку-ка-ре-ку!
Балапан: Тауға? Жоқ, мен тауға шыға алмаймын!
Қоян: Біз қалай тауға шықпақпыз? Мен қорқамын, бармаймын!
Мысық: Достар, бұларың не? Сендерсіз мен жалғыз қалай тауға шығып, күнді табамын? Күн бәрімізге де өте қажет қой.
Әтеш: Мысық дұрыс айтады. Достар қашан да бір-біріне көмектесуі керек. Достар тату, бірге болса, қиындықты жеңуге болады. Кеттік, ендеше!
Автор: Барлығы қол ұстасып биік тауға жетеді. Тауға шығу оларға қиын болды. Осының бәрін бұлт көріп тұрады.
Бұлт: Достар, сендер күннің әрдайым жарқырап тұрғанын қалайсыңдар ма?
Бәрі: Ия,иә, әрине, қалаймыз! Күн – бізге керек.
Бұлт: Олай болса, мен сендерді сынап көрейін.
1- тапсырма. «Достық» биін билеңдер.
2- Тапсырма «Құм қалашығын» жасаңдар.
Бұлт: Жарайсыңдар, достар! Мен сендерге ризамын. Қазір күннің көзін ашып берейін. Алдымен бірге айтайық: Жарқыра, күн, жарқыра!
Бәрі осы сөзді қайталайды, таудың арт жағынан күн шығады.
Автор: Күннің жылы шуағы жандарын жылытып, құшақтары мейірімге толған Достар қуанысып, ән айтады. Мысық, Қоян және Әтеш «Достарым» әнін орындайды.
Музыка ойналады. Сахна шымылдығы жабылады.
ІІІ бөлім.
Кішкентай әртістер сахнаға қайта шығып, көрерменге иіледі. Көрермендер гүл шоғын ұсынады.
Балапан рөлінде – Бақытжан
Мысық – Қайыржан
Қоян – Ерасыл
Әтеш – Радмир
Түлкі – Наргиз
Жергілікті телеарнаның тілшілерімен сұхбат.
1. Бүгінгі қойылым сендерге қиын болған жоқ па?
2. Сен қандай рөл ойнадың?
3. Сенің кейіпкерің қандай аң?
4. Ертегінің негізгі ойы қандай?
5. Достар қандай болуы керек?
Көрермендерге бірер сұрақ:
Қандай ертегі көрдіңдер?
Ертегі сендерге ұнады ма?
Ертегіден кейінгі көңіл күйің қандай?
«Жылы лебіздер» Қазір кішкентай әртістерден қолтаңба қалдыруларын сұраймыз. (Әр оқушы тілектерін жазып, келген қонақтарға ұсынады.)
Осымен «Таңшолпан» балалар театрының қойылымы аяқталды, келіп, тамашалағандарыңызға рахмет! Кішкентай әртістерімізге шығармашылық табыс тілейміз, таңшолпандай жарқырап, биіктерден көріне берсін! Қолдарыңыздағы билеттерге алған әсерлеріңізді, тілектеріңізді жазып қалдыруларыңызға болады.
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: alkon06 (2016-03-17) | Автор: "Күнді іздеген достар"
Просмотров: 948 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-03-28, 1:55 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru