Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

Кітапханамен дос боламын
Кітапханамен дос боламын
1 сынып
ТОБЫКБАЕВА Г.М – мектеп кітапханасы меңгерушісі
Шәкәрім атындағы үш тілде оқытатын көпбейінді гимназия, Семей қаласы

Мақсаты: кітапхана-библиографиялық білім негіздері – кітапхана, кітап қоры, абономент, оқу залы, оқырман формуляры түсініктерін беру; мектеп кітапханасында өздігімен кітап таңдап, кітапхананы пайдалана білуді қалыптастыру; кітапхана мен кітапты пайдалану ережелерімен таныстыру.
Безендірілуі: 1 сынып оқушыларынаа арнап шақыру билетін жасау, кітап көрмесін ұйымдастыру, презентация жасау.
Сабақ барысы:
Жүргізушілер: Кітапханашы, Кітап ханшайымы, Кітап.
Кітап ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Кітапханамызға саяхатқа келгендеріңе қуаныштымын. Мектепке алғаш қадам басқанда сендер әріп танымайтын едіңдер, кітап оқи алмайтынсыңдар. Енді, міне, алғашқы ұстаздарыңның арқасында «Әліппенің» 42 әрпін меңгердіңдер. Соның арқасында сендер түрлі қызықты кітаптар мен журналды ешкімнің көмегінсіз оқи аласыңдар. Біздің ата-бабаларымыз «Кітап – көп ақылдың құйылған көлі», «Кітап – білім бұлағы», «Кітап – ғажайып дос» - деп бекер айтпаған.
Қазақтың белгілі ақыны Өтебай Тұрманжанов аталарың өзінің «Кітап оқыр бір бөбек» атты өлеңінде:
«Ғылым сырын білсем,-деп,-
Көкте күн боп күлсем»,-деп
Кітап оқыр бір бөбек.- деп, сендердің кітап оқу арқылы ғылым мен білімнің жетістіктеріне жететіндеріңе сенді.
Балалар кітаптардың қайда тұратынын білесіңдер ме? Әр кітаптың өзінің тұратын жері, яғни үйі болады. Ол үйді біз кітапхана деп атаймыз. Керекті кітапты табу үшін сендерге кітапханашы апайларың көмектеседі. Кітапханашы – кітапхана иесі, кітаптардың маршалы, сенің ең жаын көмекшің, досың.
Сендер кітапты ашып көріп, оқығыларың келе ме? Ендеше мен сендерді абонемент бөлімімен таныстырайын. Бұл бөлімнен сендер кітапты үйге алып оқуларыңа болады. Кітап 10 күнге беріледі. Кітапты уақытында қайтаруды ұмытпаңдар, оқып үлгермеген жағдайда келіп уақытын ұзартып алыңдар. Уақытынан бұрын оқып болсаңдар әкеліп өткізіп, орнына басқа кітап алуларыңа болады. Абонемент – кітапты оқуға үйге беретін бөлім.
Ал енді оқу залына сапар шегейік. Бұл залдан сендер барлық сұрақтарға жауап беретін энциклопедиялар, сөздіктер, анықтамалар мен газет-журналдарды оқи аласыңдар. Оқу залында басқа оқырманға бөгет жасамау үшін тыныштық сақтау керек.
Оқу залы – мұнда газет-журналдар, сөздіктер мен энциклопедиялар, сирек кездесетін кітаптар тұрады, ол кітаптарды оқу залында оқиды. Оқу залының кітаптары үйге берілмейді.
Нағыз оқырман болу үшін кітапханаға жазылу керек. Ол үшін кітапханашы апайларың сендерің әрқайсыларыңа оқырман формулярларын толтырады. Оқырман формуляры - кітапханаға жазылғанда толтырылатын құжат, онда оқырманның аты жөні, қай сыныпта оқитыны, мекен-жайы және оқыған кітаптары жазылады. Осы күннен бастап сендер оқырман атанасыңдар. Оқырман – кітапханадан кітап алып, не оқу залында кітап оқу үшін кітапханаға жазылған адам.
Кітап: Мен кітаппын,
Оқы талмай, түй санаңа, оқырманым,
Сыр құямын, жыр құямын бойыңа.
Таза ұстап, оқы мені, қастерле,
Бар білімді мен егемін санаңа.
Кітап ханшайымы: Міне, сендер кітапхананың оқырмандары болдыңдар, енді кітапхананың ережесімен таныс болып есте сақтауларың керек.
 Оқырмандарға бөгет жасамау үшін кітапханада тыныштық сақтау керек.
 Кітаптарды уақытымен қайтару керек, ол кітаптар басқа да оқырмандарға керек. Біздің кітапханада кітаптар 10 күнге беріледі.
 Кітапхана кітаптарына ыждахатпен қарау керек, ол кітаптарды көптеген оқырмандар пайдаланады.
 Кітапхана кітаптарын жоғалтпау керек, олай болған күнде кітапханада кітап қалмай қалады.
 Кітап сөресінен алған кітапты дәл алған орнына қою керек, олай болмаған күнде кітапханашы ол кітапты тез тауып бере алмайды.
Кітап: Данышпан да, дана да бас иеді,
Саналы адам жүрегімен сүйеді.
Білімменен парасаттың ордасы,
Кітапхана деген отау осы киелі.
Сан мың түрлі кітаптар бар, көріңдер,
Кітапхана киелі орда сеніңдер.
Рухани қазына іздесең
Кітапхана есігі ашық, келіңдер.
Кітап ханшайымы: Балалар, кітаптар да адам сияқты: өмірге келеді, өмір сүреді, қартаяды. Олар да біз сияқты ауырып қалуы мүмкін. Ауырған жағдайда оларды емдеу керек. Сол үшін кітаптарды аялап ұстауымыз керек. Мына ережелерді есте сақтаңдар:
 Кітап беттерінің бұрышын бүктеме;
 Кітап мұқабасын қаптап ал;
 Кітап беттерін жыртпа;
 Кітапқа сурет салма, жазба;
 Тамақ ішіп отырып кітап оқыма, бұлғанады;
 Кітап арасына қалам, карандаш салма.
Кітап: Мен сендерге ақын атамыз Өтебай Тұрманжановтың «Жыртық кітап жылады» атты өлеңін оқып берейін.
Әр беті сатпақ, сатпақ,
Сірескен шимай-шатпақ.
Алма-жұлма жыртық кітап,
Өзіне қарап: жадап, жұтап;
Ашу қысып, ызаланып,
Иесіне бұрылып, назаланып:
-Ей, оқушы балам!-деді,
Қарашы өзің маған!- деді.
Жап-жаңа сүйкімді кітап едім,
Білім бұлағы саған,- деді.
Бірінші тоқсанға жетпей,
Азырақ сыйлап, құрмет етпей,
Белшеден кірге батырдың.
Қолға алғысыз болып жатырмын.
Мұқабамды мылжа-мылжа қып жырттың,
Беттеріме білеулеп қолыңды сүрттің.
Қаламыңмен тесіп, түртіп
Шұрқ тесігімді шығардың,
Бұл орлыққа қалай шыдармын?
Саған қызмет етуден басқа ниетім жоқ,
Бірақ жұртқа қарар бетім жоқ.
Ойланшы өзің, балам!
Не жазығым бар саған?-деп,
Ызалы, жыртық кітап жылады.
Кітап ханшайымы: Қымбатты оқырмандар, кітап пен кітапхананы пайдалану ережелерін сақтайсыңдар деп сенемін.
Кітап: Сендердің кейбіреулерің кітапханаға келіп өз беттеріңмен кітап алып оқып жүрсіңдер, кейбіреулеріңе ата-аналарың, әже-аталарың кітап оқып берді. Сондықтан, қазір біз «Біз қай ертегіденбіз?» атты ойын ойнайық. Барлығың ат салысыңдар.
Кітап ханшайымы:

Кітапханашы: Кітапхана – білім жетілдіру орны. Білімді терең меңгеріп, өздеріңді қызықтырған сұрақтарға жауап алғыларың келсе, олардың жауабын кітапханадан табасыңдар. Кітап – сегіз қырлы, терең сырлы тәрбиеші, ұлы үйретуші. Сендердің кітаптан үйренерлерің өте көп. Сондықтан кітапты көп оқу керек. Кітап оқу да - өнер. Сендерді кітапхананың «Жас оқырманы» атанғандарыңмен құттықтаймын. Еліміздің білімді азаматтары болып өсулерің үшін кітапханамыздың тұрақты оқырмандары болуларыңа тілектеспін.
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: Гуня (2016-12-24) E
Просмотров: 753 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 12:19 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru