Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

"Ана тілім - ардақтаған алтыным"
Күні 22.09.2017
Мақсаты: Оқушыларды ана тілімізді құрметтеуге баулу. Тіліміздің тарихынан мәліметтер беріп, оқушылардың ана тіліндегі шығармаларды оқуына деген қызығушылығын арттыру.
22 қыркүйек – Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер мерекесі күніне орай «Ана тілі м – ардақ тұтар алтыным» атты әдеби – сазды кешімізге хош келдіңіздер.. Олай болса, мерекелік кешімізді бастайық!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.
Балалар, қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде.
1989 жылы,22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген.
Б. Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасіретемес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.
Әдеби - сазды кешімізді бастамас бұрын сіздермен кішігірім сайыс өткізсек қалай қарайсыздар?.
Сайысымыздың шарты: «Зымыран сұрақтар»
«Тапқырлық»
«Полиглот»

«Зымыран сұрақтар» . Берілген сұрақтарға дұрыс және жылдам жауап беру.
Қазақ тілінде қанша әріп бар?(42)
Батыр сөзінің синонимін ата? (Ержүрек, батыл, жаужүрек)
Ұзын сөзінің антонимі?(Қысқа)
Фонетика нені зерттейді? (Тіл дыбыстарын)
«Жаны зәр түбіне жету» сөз тіркесінің мағынасы қандай? (Қорқу)
16 – желтоқсан қандай мереке? (Тәуелсіздік алған күн)
Қазақ тілінде неше септік бар (7)
Жүз жасаған ақын (Жамбыл)
Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді? (қанша? Неше?)
Ақылды сөзінің түбірі (Ақыл)
Абайдың қанша қара сөзі бар?(45)
Ата заң күні қашан? (30 тамыз)
ҚР тілдер мерекесі қашан? (22 қыркүйек)
Әнұранның авторлар (Жұмакен Нәжмеденов, Н. Назарбаев)
Оқушы сөзінің синонимі (Шәкірт)
Республикамыздың астнасы (Астана)
Суффикс сөзінің аудармасы (Жұрнақ)
Мұғалім сөзінің синонимі (Ұстаз, оқытушы)
Корень сөзінің аудармасы ( Түбір)
Мемлекеттік елтаңбаның авторы (Шота Уәлиханов, Жандарбек Мәлібеков)
Қашан мемлекеттік рәміздерді бекітілді (1992 жыл 4 маусым)
«Тапқырлық» Берілген мақалдарды жалғастырыу.
Тіл тас жарады, тас жармаса ......
Бал тамған тілден ......
Жақсы сөз - ......
Шебердің қолы ортақ, шешеннің тілі .....
Піл көтермегенді .......
Тіл қылыштан ......
Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ..........
Өнер алды қызыл .......
Айтылған сөз - ......
Ұстаздан шәкірт ..........
«Полиглот» Мұнда сендерге жұмбақ жасырылады, ал сендер сол жұмбақтардың шешуін үш тілде, яғни қазақ , орыс, ағылшын тілдерінде айтуларың қажет.
1. Қабат – қабат қаптама, ақылың болса аттама (Кітап – книга - )
2. Көзге көрінбейді, жұтсаң білінбейді (Ауа – воздух -
3. Үнемі ауызда бұлтыңдайды, Бірақ жұтылмайды. (Тіл – язык - )
4. Қалқиып ұзын құлағы, Елеңдеп қорқып тұрады.(Қоян – заяц- )
5.Тілдең ұшып, құлаққа қонады. (Сөз – слова - )
6. Қозғалмастан бір елі, күні бойы жүреді (Сағат -часы - )
7.Таңмен көзін ашады, әлемге нұрын шашады. (Күн – солнце - )
8.Ел іші қандай бесік. (Алтын – золото- голд)
9.Оқу білім бұлағы, білім не шырағы. (Өмір- жизнь -)
10. Анаға қарап кім өсер? (Қыз – девочка - )
Әдеби монтаж
1.Тілім менің – тірегім, дінім менің.
Тілсіз қандай болады күнім менің?!
Өз халқыма жетеді өз мәнінде
Өз тілімде оқылса жырым менің

2.Тілім менің – қуатым, күшім менің,
Күшім кетсе не болар ісім менің?!
Тілсіз өмір бар десе түсінбедім,
Тілімменен тірлікті мүсіндедім.

3.Тілім менің – асылым, арым менің,
Арым кетсе не пайда барым менің
Бас кескендер тілімді кесе алмаған
Тілден бұрын кетеді жалын дедім

4.Тілім менің- қазынам, қасиетім,
Қасиетім бар әлем бас иетін.
Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ
Бола көрме, Ана тілі, қасыретім.

5.Тілі өлсе болмайды тірі халық,
Бірі өліп, тұра алмас бірі қалып.
Басқа емес өз Ана тілінде тек
Тіршілігін білдірер ұлы халық.

6. Тілім менің – ғасырлардан аманат,
Аманатқа адал болсын қанағат
Ар- намысқа келтірмейік жаман ат
Қазақ болып туылдын ба,
Ендеше
Өз тіліңді өзгелерге бағалат

7. Жылаған алғашқы іңгә үннен тілім,
Жөргекте былдыр қағып күлген тілім.
Жағымды ана әлдиі, ақ сүтімен,
Жүрегіме, қаныма сіңген тілім.

8. Жанымды жадыратқан бала тілім,
Жыр, ертек жаттаттырған сана тілім,
Жаралып жермен бірге, күн көзімен,
Жасасқан қазақ тілі – ана тілім.

9.Жарысқан жыл құсымен үнді тілім,
Жарасқан дала, малмен сырлы тілім.
Жиһанкез желмаялы Асан қайғы,
Жер-жерге баға берген сынды тілім.

10. Жырлатқан қазақтардың қазақтығын,
Жырлатқан елдік, ерлік азаттығын.
Жұлдызды құдіреттің туы болған,
Жауынгер ана тілім – қазақ тілім.
Концерттік іс-шара
1. 5Д сынып оқушысы «Қазақстан» әнін шырқайды.

2. 5А сынып оқушылары Слямқанова Ұ, Сержанқызы А «Қобыз» биін
орындайды.

3. 5А сынып оқушысы Исина Д. «От улыбки» әнін шырқайды

4. Барлық оқушылар бірігіп ағылшынша ән шырқайды.
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: akmollinanurgul (2017-10-19) | Автор: Акмоллина Нургуль Турсыновна E
Просмотров: 615 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2024-04-25, 2:29 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru