Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Внеклассные мероприятия

Мәңгілік елдің бас қаласы-Астана.
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының
«Жетім және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған Шығыс Қазақстан облыстық мектеп - интернат» ББ КММ
Абижанова Алтынай Айтанқызы
“ Мәңгілік елдің бас қаласы-Астана”.


Топтың жас шамасы:жоғарғы буын, 15-16 жас
Деңгейі: ақыл-ойының кемістігі бар қосалқы мектеп-интернатының тәрбиеленушілері
Тақырыбы: “Мәңгілік елдің бас қаласы-Астана”
Тәрбие саласы: патриоттық және рухани-өнегелі тәрбие
Берілген тақырып бойынша даму деңгейі : қорытынды
Тәрбие сағатының мақсаты мен міндеттері:
1 . Білімділік:
- Астана қаласы туралы білімдерін толықтыру, жетілдіру;
- Ауызша сөйлеулерін дамыту және сөздік қорларын жандандыру.
2. Коррекциялық:
-танымдық қабілеттерін дамыту: ойлау, есте сақтау, зейін қою;
-сөздік қорын, сөйлеу мәдениетін дамыта отырып, Астана туралы түсініктерін кеңейту.
3.Тәрбиелік:
- жоғарғы буын тәрбиеленушілерінің патриоттық сезімдерін арттыра отырып, ҚР –ның даму стратегиясының маңыздылығын түсіндіру;
- Отансүйгіштікке, адамгершілікке баулу;
- әсемдікке бойұрған, жан-жақты дамыған, жеке тұлғаны тәрбиелеу;
- жалпы адамгершілік қасиеттеріне тәрбиелеу (МЕЙІРІМДІЛІК, ДОСТЫҚ, СҮЙІСПЕНШІЛІК, ӨЗАРА КӨМЕК);
қазіргі қоғамдық ортаға жеңіл бейімделуге көмектесу.
Түрі: саяхат сабағы
Жұмыс түрлері: топтық, жаппай-жеке жұмыс, тәрбиешіге ілесіп жұмыс істеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, мәнерлеп оқу, түсіндіру, коррекциялық ойындар, шаттық шеңбері, мозайка құрастыру, музыкалық сүйемелдеу, кластер жасау.
Танымдық іс-әректеттердің қолданылатын түрлері: ойын, білім мен икемділіктерін іске асыруда белсенділендіруге арналған жабдықтарды қолдану (кластер мен картамен жұмыс істеу), зейінін дамытатын жаттығулар, шығармашылық тапсырмалар, түсініктерін таңдау және жүйелендіру (сөз тіркестері және сөйлем мен жұмыс), релаксация деңгейіне жеткізу, іздену әдістерін қолдана отырып елестету қабілеттерін арттыру.
Көрнекіліктері: слайд, бейнетаспа, Қазақстан картасы, сиқырлы сандық, “Мәңгілік елдің” бейнесі, қалалардың гербтары, суреттер, Бәйтеректің макеті.
Болжамды нәтиже: Астана қаласының дамуы еліміздің дамуының басты нышаны екендігі туралы түсініктері қалыптасады.
Құрылымы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Мақсаты мен барысын таныстыру.
3. Негізгі бөлім.
4. Қорытынды. Рефлексия.
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық дайындық “Шаттық шеңбері”
-Балалар, барлығымыз шеңбер жасайық. Бүгінгі сабағымызда мен сендерге жақсы көңіл -күй сыйлағым келеді. (Слайдта күліп тұрған күннің бейнесі)
- Мынау не балалар?
-Күн.
-Күн не істеп тұр?
-Күн күліп тұр
-Күлкі деген керемет
Бәрімізге ол керек
Қуаныш пен шаттықтың
Белгісі болып есептеледі.
-Ендеше, қазір мен сендерге мына күліп тұрған күнді сыйлаймын!
-Жақсы, балалар, қараңдаршы бүгінгі күн не деген әдемі, неткен әсем. Күн өз жылуын бүкіл Астанаға, жер бетіне төгіп, таратып, шапағатын сеуіп тұр. Ендеше біз сол күнге сәлем берейік.
Сәлем бердік, алтын күн,
Сәлем бердік, ашық аспан.
Сәлем бердік, Астана!
Сәлем бердік, баршаға.
-Ендеше, бүгінгі тәрбие сағатының тақырыбы:
«Мәңгілік елдің бас қаласы-Астана».
ІІ. Мақсаты мен барысын таныстыру.
- Бүгін біз сабақта Астананы жаңа қырынан танимыз. Біздің мақсатымыз әсем қала Астана туралы не білетінімізді көрсету және жаңа өзгерістерді танып білу.
ІІІ. Негізгі бөлім:
Кіріспе сөз:
- Балалар, бүгін біз сабақта Астана қаласына саяхатқа шығамыз. Біздің елімізге, қаламызға саяхаттап келетін адамдар көп. Өйткені біз, «Мәңгілік елміз»! Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына «Қазақстанның-2050» жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария етті. Ондағы басты мақсат - Қазақстанның ең дамыған 30 мемелекеттердің қатарына қосылуы. Сондықтан Қазақстанның болашағы сендер, сендерде жолдауға өздеріңнің білімдеріңмен, тәрбиелеріңмен ат салысу керексіңдер.
Дайындық сұрақтары:
 Балалар саяхатқа немен барамыз? (Пойызбен, ұшақпен, автобуспен...)
 Ұшақпен
 Ұшаққа отыру үшін не керек?
 Билет керек.
 Билетті қалай аламыз?
 Сатып аламыз.
 Қазір бізге билет сатып алу үшін не керек?
 Ақша керек.
 Ақша табу үшін не істеу керекпіз?
 Еңбек ету керекпіз.
 Ендеше, балалар, қазір еңбектеніп, мына сұрақтарға жауап беріп, ақша табасыңдар.
Кластер сұрақтары (кластер жасау):
1. Биыл Астанаға неше жыл болды? (Астана Елорда болғанына биыл 18 жыл толды. Астана қаласы өте әдемі, әсем, көркем қалалардың бірі. Онда әдемі ғимараттар, жаңа мектептер, сауда орталықтары салынды, үлкен алаңдар ашылды)

2. Бұрын Астананың аты қалай аталған? (Астана-Қазақстанның елордасы. Алдымен ол Ақмолинск болып атанды, содан кейін тың игерушілердің құрметіне Целиноград деп аталды. Артынан Ақмола болды. 1998 жылдан бастап Астана қаласы атағына ие болды)

3. 1998 жылы Астана қаласы немен марапатталды? (1998 жылы Астана қаласына «Бейбітшілік қаласы» медалі мен Құрмет Дипломы тапсырылды. Бұл 100 жылда бір рет берілетін атақ. Осындай атақты біздің Астана қаласы ие болғанына біз мақтанамыз!

4. Астанада қандай әдемі ғимараттар бар? (Бәйтерек, Ақ орда, «Думан» ойын сауық орталығы, океанариум, Ханшатыр)

5. Астананың туған күні? (6-шілде)



Алтыншы шілде – Астана күні
Жадыңнан шырақ, шығарма мұны.
Жаңа шаңырақ көтеріп биік,
Жаңа дәуірге Бастама күні!
Сөздік жұмысы:
-Балалар, қазір біз сендермен сөздік жұмысын жасаймыз. Бүгінгі іс – шарада кездесетін сөздердің аудармасымен танысайық.
мақтаныш – гордость
Елорда – столица
Ғимарат – здание
Сауда орталығы – торговый центр
алаң – площадь
“Бейбітшілік қаласы” медалі – медаль “Город мира”
төлтаңба – герб
бойтұмар – символ
ойын – сауық орталығы – игровой центр
Бірінші аялдама: «Сиқырлы сандық» ойын-сауық орталығы.

-Балалар, біз қазір “Сиқырлы сандық” ойынын ойнаймыз.
Бұл сандықтың ішінде не барын көрейік.
Мозайка құру: балалар сандықтан қала аттарын алып тақтаға іледі, барлық элементтер қосылғанда Қазақстан картасынан сөз құрастырылады.
-Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады екен?
-ҚАЗАҚСТАН сөзі щығады.
Қ А Р А Ғ А Н Д Ы
А Л М А Т Ы
Ж Е З Қ А З Ғ А Н
А С Т А Н А
Қ О С Т А Н А Й
С Е М Е Й
Т А Л Д Ы Қ О Р Ғ А Н
А Қ Т Ө Б Е
Ө С К Е М Е Н

«Әйнегі – күн, шатыры – аспан,
Кең дала төсі толқыған егін.
Көлдері көкке күмістен шашқан,
Қазақстан Республикам менің!»

Екінші аялдама: «Көңілді әуендер» музыкалық мектеп.

Қазақстан қалаларына шолу жасау:
-Қазақстан біздің Отанымыз. Онда қандай көркем, әсем, әдемі қалалар бар? (оқушылардың жауабы)
-Ендеше, осы қалаларды бәріміз бірге әнге қосып жырлайық.
(Тәрбиеші әнді орындау барысында картадағы қалаларды көрсетіп тұрады, көрсеткен қала атын балалар бірге дауыстап әндетеді)
Здравствуй, столица, ты вольная птица – (дети поют)
это Астана
Здравствуй, Медеу, горы тянутся к небу - (дети поют)
это Алмата.
Здравствуй, земля, здесь шахтёрская душа – (дети поют)
это Караганда.
Здравствуй, страна – это мой Казахстан здесь моя земля.
Я поеду (дети поют) в Степногорск, а там (дети поют)
в Усть-Каменогорск,
Заеду в (дети поют)
Лениногорск и там навеет грусть.
(дети поют) Петропавловск мне звонит, друг завёт там погостить.
С ним поеду в (дети поют) Кустанай и песенку споём давай.
Друг нам уже пора, впереди (дети поют) Кызыл-Орда.
Там (дети поют) Шымкент или (дети поют) Тараздави скорей на газ.
Посмотри (дети поют) Талдыкорган, все нити тянут в (дети поют) Жезказган.
В (дети поют) Актобеидут дожди, в (дети поют)Уральске прохладные дни.
Үшінші аялдама: «Бәйтерек» .

-Балалар, Астана қаласының бойтұмары «Бәйтерек». Алдымызда көктем
мезгілі келе жатыр, сондықтан Бәйтеректің айналасын гүлдендіреміз. Ол үшін түсті қағаздардан әр-түрлі, әдемі гүлдер жасаймыз.
Практикалық жұмыс - түсті қағаз майлықтарының (салфетки)
дайындамаларынан бүгу арқылы гүлдер жасау.
-Ал, балалар, жасаған гүлдерді бәйтеректің алдына егейік.

Сергіту сәті:
Тәрбиешімен бірге қайталау:
Қандай жақсы күн күледі!? (колымен шеңбер жасайды)
Иә, жақсы! (3-рет шапалақ)
Қандай салқын жел еседі!? (колдарын желпейді)
Иә, жақсы! (3-рет шапалақ)
Қандай жақсы досым болған! (орнында жүру)
Иә, жақсы! (3-рет шапалақ)
Қандай жақсы ана құшағы! (колымен өзін құшақтайды)
Иә, жақсы! (3-рет шапалақ)
Қандай жақсы өз Отаным! (колдарын жаяды)
Иә, жақсы! (3-рет шапалақ)

Төртінші аялдама: «Ақорда» .

Астана қаласында не бар?
Коррекциялық ойын: сөзжұмбақ шешу, дұрыс жауабын таба отырып, көптеген әріптерден сол сөзді құрастыру.
 Отан сөзінің синоним сөзін тап.
 Астана қаласы қай өзен жағасында орналасқан?
 Астана қаласының бойтұмары.
 «Родина» сөзін қазақша аудармасы.
 Астанадағы ойын – сауық орталығының аты.
 ҚР Президентінің Үкімет үйі.

А Т А М Е К Е Н
Е С І Л
Б Ә Й Т Е Р Е К
О Т А Н
Д У М А Н
А Қ О Р Д А

Сөзжұмбақты шешкен кезде Астана сөзі шығады. (осы кезде Астана қаласының эмблемасын корсетеды)
-Балалар, бұл Астана қаласының эмблемасы. Мұны білгендерін де артық емес.

ІҮ. Қорытынды.
Бейнетаспа көрсету :
-Астанамыз көркем де ұлан байтақ екеніне көзіміз жетті. Біз Астанадай Елордамыздың барын мақтан етеміз! Болашақта сендер жақсы оқып, жақсы еңбек етіп, Астанаға баруға тілектеспін. Біздің қайтатын уақытымызда келіп қалыпты. Сондықтан Астанаға бір ән арнайық.
«Астана» әні орындалу барысында қазіргі күнге дейін салынған барлық жаңа, әсем ғимараттарды бейнетаспада көрсету.
- Балалар сендерге Астанаға саяхатымыз ұнады ма? Ұнаса оң қолдарынды көтеріндер.
- Көңіл күйлерін жақсы ма? Жақсы болса сол қолдарынды көтеріңдер.
- Қуаныштысындар ма? Қуанышты болсаңдар енді қолымызды бір-біріне соғып, қошемет білдірейік.
Рефлексия «Арман шыңдары» (баяу әуен ойнап тұрады):
-Балалар, қазір сендер әсем, әдемі, жас, күннен күнге жаңарып жатқан Астана бейнесін көрдіңдер. Сендер де Астанамен бірге өсіп келесіңдер. Мектеп-интернат қабырғасынан шығуға екі жыл уақыттарың қалды. «Астана-арман қала» дегендей, сендердің болашаққа деген армандарың қандай? Қазір сендер біздің Астанамызды, Семейімізді, жалпы Қазақстанымызды қандай болсын деп армандайсыңдар, соны көрсетесіңдер. Бұл біздің шығармашылық қасиеттерімізді корсету уақыты болады.
(Балалардың жұмысы және жауаптары).
Қорытынды сөз:
«Жастар- еліміздің бүгіні мен ертеңі, ал білімді жастар-еліміздің болашағы!» деген Н.Ә.Назарбаев. Сол жастардың бірі сендерсіңдер! Еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда!

Отбасымды сүйемін!
Патриотпын елімнің!
Астананы сүйемін!
Мақтанышын елімнің!
-Сау болыңдар!
Категория: Внеклассные мероприятия | Добавил: Ибрагим (2017-12-08) | Автор: Абижанова Алтынай Айтановна E
Просмотров: 779 | Комментарии: 1 | Теги: Атамекен, Астана, бас қала, бәйтерек. | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 12:13 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru