Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности

"Жас ұлан" әскери-патриоттық ойыны
Солтүстік Қазақстан облысы
Ғабит Мүсірепов ауданы
Шұқыркөл орта мектебі
Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі
Сыздыков Нурлан Хамзинович

«Жас ұлан» әскери-патриоттық ойыны

Мақсаты: білімалушыларды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу, Отан алдындағы жауапкершілік сезімін қалыптастыру, Қазақстан халқының ұлттық, әскери және еңбек дәстүрлерін жалғастыру.
Ойын ережесі: Ойыншылар 5 топқа бөлінеді. Ұстаздар штабтың құрамына кіреді. Әр топ өзіне ат, эмблема таңдайды. Топ басшыларына маршрут қағазы тапсырылады. Ереже бойынша ойынның сонында әр топ ойынның символын жинау тиіс ( бір этап – символдың бір бөлігі, барлығы 9).
Ойын келесі жарыс түрлері бойынша өткізіледі:
1. Танысу- эмблема, сәлемдесу
2. Саптық іс-қимылдар орындау
3. Жас ұландардың киім үлгісі
4. Викторина
5. Әскери тақырыптағы альбом даярлау
6. Ату
7. Әскери топография
8. Азаматтық қорғаныс
9. Медико-санитарлық даярлық
10. Дене даярлығы

1. Танысу- эмблема, сәлем беру, әнұран.
2. Саптық іс-қимылдар орындау
Саптық әс-қимылдар орындау сайысында (Саптық жүріс, әскери сәлемдесу, әскери өлең) және бөлімше командирінің бұйрық беруі.
3. Парад киімі: оқушылардың біркелкі әскери киім киісі ескеріледі
4. “Викторина” конкурсының сұрақтары
Бұл саты барысында ойынға қатысушы білімалушыларға Қазақстан тарихы, алғашқы әскери дайындық пәні бойынша әр бөлімшеге 10 сұрақ қойылады.
Дұрыс жауаптар саны ескеріледі. Қай топ дұрыс жауаптар саны көп болса сол топ конкурста жеңген болып есептеледі.
Сұрақтар:
1. «Қазақстан Республикасын қорғау – оның әрбір азаматының қасиетті парызы мен міндеті» деп қандай құжатта атап көрсетілген.(Еліміздің ата заңы – Конституцияда)
2. Қазақтарда офицерді қалай атаған? (Сардар)
3. Армия мен флотта жауынгерлердің ұрыстағы және әскери қызмет атқару кезіндегі тарихи тұрғыда қалыптасқан және ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын қағидалары, салттары мен құқық нормалары.(Жауынгерлік дәстүрлер)
4. Ұлы Отан соғысы жылдарында қанша қазақ Кеңес Одағы Батыры атағын алды? (100)
5. Қазақстан Республикасы Президентінің 1992 жылғы 25-тамыздағы Жарлығымен бекітілген маңызы зор әскери құжат. (Әскери ант)
6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін басқаратын орталық мемлекеттік орган. (Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі)
7. Рейхстагқа Жеңіс туын алғашқы болып қадаған қазақ халқының даңқты ұлы (Рақымжан Қошқарбаев)
8. Бөлімшелер мен бөлімдердің жеке құрамын ұрысты дайындау мен жүргізуге үйрету қалай аталады? (Тактикалық дайындық)
9. Ұлы Отан соғысының басталған күні (22 маусым 1941жыл)
10. Ұрыс барысында әскерлердің жаңа бағытқа ұйымдасқан түрде қозғалып жетуі. (Маневр)
11. Капитаннан кіші, лейтенанттан үлкен әскери атақ. (аға лейтенант)
12. ЖҰМ деп қандай әскери техника аталады? (Жаяу әскер ұрыс машинасы БТР)
13. Атақты Панфилов гвардиялық дивизиясында рота, батальон, полк, кейін дивизия командирі кызметін атқарған ержүрек қолбасшы, жазушы, Кеңес одағының батыры, Қазақстанның Халық Қаһарманы (Бауыржан Момышұлы)
14. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің бас қолбасшысы кім? (Президент Н.Ә.Назарбаев)
15. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне қандай әскерлер кіреді (жалпы мақсаттағы күштер, әуе-қорғаныс күштері, мемлекеттік шекараны қорғау күштері және де ұлттық гвардия мен ішкі әскерлер)
16. Оңтүстік әскери өңірлігі қолбасшылығының штабы қай қалада орналасқан? (Тараз)
17. Жауынгерлік туларды, әскери және мемлекеттік объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі жауынгерлік міндеттерді орындау үшін, сондай-ақ гауптвахтада және тәртіптік әскери бөлімде ұсталатын адамдарды күзету үшін тағайындалған қаруланған бөлімше қалай аталады? (қарауыл)
18. Адыммен қозғалыс қандай болады. (саптық және жорықтық болады)
19. Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғаныс бойынша бас штабының бастығы (Кәрім Мәсімов)
20. Кәсіпқой сержанттарды дайындайтын оқу орны (кадет корпусы)
21. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің қандай жарғылары бар? (Ішкі қызмет, тәртіптік, гарнизондық және қарауылдық қызметтері, саптық жарғылар)
22. Майор, подполковник және полковник әскери қызметшілердің қандай құрамына кіреді? (Аға офицерлер)
23. Суық қару түрлерін атаңыз.(Қылыш, семсер, найза, пышақ, айбалта, қанжар).
24. Тәуліктік кезекші кімдерден тағайындалады?(Қатардағы сарбаздардан)
25.“ТМ 62М” деген код қандай әскери қаруды білдіреді?(Танкке қарсы мина)
26. Калашников автоматы қай жылы шықты? (1974)
27. 1942 жылы Ленинград блокадасында қалған отандастарына жігер, қайрат беруге арнап жазылған «Ленинградтық өренім» өлеңінің авторы кім?(Жамбыл)
28. Ұлы Отан соғысы неше күнге созылды? (1418күн)
29. Қазақстан Республикасының қорғаныс министрі (Әділбек Жақсыбеков)
30. Қазақстан Республикасы қарулы күштері қашан құрылды? (7 мамыр 1992жыл)
5. Әскери тақырыптағы альбом даярлау
Альбомның құрылымында әскери тақырыпқа байланысты өлеңдер, суреттер, фотосуреттер, ақпараттар, қосымша мәліметтер болу тиіс. Әскери тақырыптағы альбом даярлау сайысы бойынша альбомның тақырыбы, мазмұны және эстетикалық көркемделуі ескеріледі.
6. Пневматикалық винтовкадан ату
Қатысушылар саны – әр топтан 3 оқушы. Нысана – №8 нысана, арақашықтық – 10м; оқтар саны – 3; ату уақыты шектеусіз; ату ережесі – түрегеліп тұрып ату; қару – пневматикалық винтовка.
Ату орындау шарты:
Атқыш винтовка мен оқтар жатқан оқ ату шебінде орналасады. Атқыш «Ұрысқа!» командасы бойынша оқ ату шебіне жүгіреді, винтовкасын оқтайды және «сарбаз ______, атуға дайын» – деп баяндайды. «Ат!» командасы бойынша қатысушы 3 рет есептік оқ атады және «Сарбаз ______, атуды аяқтады» – деп баяндайды. «Нысанаға қарай алға бас!» командасы бойынша сарбаз өзінің жетекшісімен бірге нысанаға тиген оқты қарап шығады. Біріншілік ұпай санына қарай, ал ұпайлары тең болған жағдайда оқ саны бойынша анықталады.
7. Әскери топография
Викторина:
Азимут дегеніміз не?
Жергілікке бағдарлану тәсілдері?
Картаны оқу дегеніміз нені білдіреді?
Карта бетінде ашық қоңыр түспен не белгіленеді?
Адрианов компасының көмегімен азимутты қалай анықтайды?
Компас жарамдығын қалай тексеруге болады?
Күнге қарап бағдарлану туралы айтып беріңіз?
Құмырсқа илеуі ағаштың қай жағына орналасады?

Топография бойынша ойындарды ұландықтар өздері ойлап таба алады немесе «горизонт тұсын анықтау», «азимут», «топография» секілді қолдағы барды қолданады.
8. Азаматтық қорғаныс
Эстафета.
Оның құрамына енеді: АКМ шашу, жинау және көздеген жерге Ф-1 гранатасын лақтыру (кезеңнің ұзақтығы 50 метр);
Жұмысқа ДП-5 приборын даярлау (кезең ұзақтығы 20 метр);
«Газдар» командасын орындау (ұзақтығы 30 метр);
Противагаз кие отырып жолақтардан өту (кезең ұзақтығы 70 метр);
ОЗК кию және «залалданған» аумақты өту (кезең ұзақтығы 80 метр);
Залалданғандарға пративагаз кигізіп оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп 30 метірге тасмалдау (кезең ұзақтығы 40 метр);
10 метр арақашықтан пневматикалық вентовкадан противагаз кие жүріп атыс ашу (кезең ұзақтығы 20 метр);

9. Медико-санитарлық даярлық.
Ойынның әрбір қатысушы зардап шегушілерге көмек көрсету білімінің негізгі тәсілдерін, жарақаттанғандарды тез әрі дұрыс ауру ханаға жеткізе білуі тиіс.
Танғыш, жгут дұрыс салынады.
Зардап шегушіге мұқиат қарау.
«залалданғанға» потивогаз кигізу бойынша нормативтер орындау.
Қанды тоқтату уақытында саусақпен басу жасау.
Ауру басқыш құралдар енгізу.

10. Дене даярлығы
Кросс – жасөспірім ұлдар 1000метр, қыздар – 500метр, алысқа граната лақтыру, ұлдар – 700г, қыздар – 500г.

Негізгі әдебиеттер

1. Жуков М.Н. Подвижные игры: Учеб. для студ. пед. вузов. – 2-е издание., стереотип. – М.: Издательский центр «Академия», 2004ж.
2. Военно-спортивная игра «Алау».Алғашқы әскери дайындық» Журнал.
3. Военно- спортивная игра «Улан » Алғашқы әскери дайындық» Журнал.
Категория: Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности | Добавил: syzdykov54 (2015-09-12) | Автор: Сыздыков Нурлан Хамзинович E
Просмотров: 1327 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 11:16 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru