Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности

Сабақтың тақырыбы: Жалпыəскери қорғану толымы жəне оларды қолдану тəртібі.
Сабақтың тақырыбы: Жалпыəскери қорғану толымы жəне оларды қолдану тəртібі.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жалпы әскери қорғаныш толымын қолдануды үйрету. АӘД пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру,әскери –патриоттық, ұлтжандылық, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеп баулу,
Дамытушылық: өз іс-әрекетінің дұрыс орындалуын, психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру.
Тәрбиелік: жанындағы адамдарға көмек беруге,елжандылыққа, қырағылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу, Отансүйгіштікке, Қарулы Күшіне деген сезімді арттыру,әскери тәртіпке үйрету.
Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, плакаттар, ЖӘҚТ, слайд, видео
Қолданылған технология : АКТ
Оқыту әдістері : топтық жұмыс.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастыру кезеңі – 3 мин.
Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.
Сыныпты 3 топқа бөлу
ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі – 8 мин.
Слайд№1
1. Жеке қорғаныш құралдары не үшін арналған?
2. Тыныс органдарының қорғаудың қарапайым құралдары.
3. Сүзгіш тұмылдырықтар туралы айт және олардың түрлерін ата.
4.Мақта-дәке таңғышының жасалу жолы.
5. Жеке қорғаныштың медициналық құралдарына не жатады?
б) Негізгі бөлім – 22 мин. Слайд№2
Жаппай жою қаруынан әскери қызметшілерді қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жеке қорғану құралдары (жалпы әскери қорғаныш толымы)
Жалпы әскерлік қорғаныш толымы.
Жалпы әскери қорғаныш толым (ЖӘҚТ) тұмылдырықпен бірге әскердің барлық түрлерінің жеке құрамын улағыш заттардан, сондай-ақ әскер киімі, аяқ киімі және жабдықтардың радиоактивті заттар және биологиялық құралдармен зақымданудан қорғану үшін қолданылады
Әр болімше мәтінмен жұмыс істейді:
I бөлімше
Жалпыәскерлік қорғаныш толымын пайдалану.
Жағдайдың ерекшелігіне қарай қорғаныш толымы әр түрлі варианттарда пайдаланылуы мүмкін. Арналған мақсатына қарай комплект жамылғы,жеңін киген түрінде не комбинезон түрінде қолданылуы мүмкін. 1.Химиялық шабуыл, қарсыластың биологиялық құралдар қолдануы кезінде, сондай- ақ ядролық жарылыстың бұлтынан радиоактивтік заттар түсуі кезінде комплект комплект жамылғы түрінде пайдаланылады.
2.Радиоактивті заттармен және биологиялық құралдармен зақымдалған өңірдегі іс – қимыл кезінде, сондай –ақ техниканы залалсыздандыру жұмыстарын атқару кезінде комплект жеңі киіліп пайдаланылады.
3.Улы заттармен зақымдалған жерлердегі іс- қимыл жасаған кезде және химиялық, биологиялық зақымдалған аймақтарда көп шаң көтерілген кезде комплект комбинезон түрінде қолданылады.

Арнаулы қорғаныш киімі ұзақ уақыт бойы зақымдалған жерде жұмыс атқаратын , сондай-ақ улағыш заттармен істес болатын адамдарға беріледі.
Жеке қорғану құралдарын ұзақ уақыт киіп жүру адам организімін шаршатады, сондықтан оларды кию уақыты шектелген және әскери қызметшілердің жақсы машықтанғанымен, оның спортпен шұғылдануымен және ауа- райы жағдайымен айқындалады.
ЖӘҚТ –ның құрамына қорғаныш плащы,қорғаныш шұлығы,және қорғаныш қолғабы кіреді.
Қорғаныш плащы арнаулы резеңкеленген матадан жасалады.Плащтың матасы улағыш, радиоактивті заттардан және бактериалық құралдардан, сондай-ақ жарық сәулелерден қорғауды қамтамасыз етеді.
Қорғаныш шұлықтар резеңкеленген матадан жасалады. Олардың ұлтандары брезент не резеңке жалғаспаларымен күшейтілген.
Қорғаныш қолғаптары резеңке, импрегнирленген матадан, екі түрлі: қысқы және жазғы болып жасалады.Жазғы бес саусақты резеңкеленген матадан, қысқы үш саусақты жылыландырылған матадан жасалады.
ЖӘҚТ сарбаздардың бес қаруының біріне кіреді.

II бөлімше
ЖӘҚТ кию тәсілдері:
- қаруды жерге қою немесе бір затқа сүйеу керек;
- газтұмылдырық пен сөмкені, жабдық пен бас киімді шешіп жерге қою керек;
- кительді шалбарға жинау керек;
- қорғаныш шұлығын кию керек;
- плащты жеңге кигізу керек;
- қапшықтағы жартылай сақинадан таспа ұштарын босатып, плащ артының етегімен оларды сақинаға енгізіп бекіту керек;
- айылбасқа ұстағышты ортадағы айылбасқа плащтың алдымен оң, содан соң сол етегімен қадап, бекіткішпен бекіту керек.
- айылбасқа плащ етектерін сол жақ етегі сол аяқты, ал оң жақ етегі оң аяқты жабатындай етіп қадау керек; орталық айылбастан төмен орналасқан екі айылбасқа ұстағыштарын бекіткіштермен бекіту керек;
- плащтың бүйірлі белдікшелерін алдын ала тізе астымен аяқтарға айналдырып айылбасқа қадау керек;
- екі үстіңгі ұстағышты қалдырып, плащ өңірін қадау керек;
- плащ үстінен жабдық пен газтұмылдырық кигізу керек;
- газтұмылдырықты «ұрыстық» жағдайға келтіру керек;
- дулығаның ішінен киетін бас киімді, ал содан кейін күләпараны кию керек;
- плащтың қалған ұстағыштары мен күләпара белдікшелерін қадау керек;
- қолғап кию керек; қаруды алу керек.
Газтұмылдырықты кию уақыты – 10секундтан аспау керек, тұмылдырықты кию уақыты – 14секунд.
Ашық жерде қорғаныш плащы мен газтұмылдырықты кию – 4минут,
Бүркемелер мен машиналарда – 6 минут.
Комбинезонды кию уақыты – 6-12 минут.

III бөлімше
Жалпы әскери қорғаныш толымын шешу тәсілдері:
- жабдықты шешу керек;
- бекіткіштерді шешіп, плащ етегі мен қорғаныш шұлығы белдікшелерін ағыту керек;
- бүйірлі белдікшелерді шешу керек;
- плащтың өңірін шешу керек;
- күләпараны шешу және оны арқаға ысыру;
- жеңнің белдікшелерін шешу;
- қолды жеңнен шығарып алып, бір уақытта қолғапты шешу керек;
- плащ таспаларын (тоқыма бауларын) шешу керек;
- плащты артқа қарай сыртқы жағымен төмен түсіру керек;
- желдетілген жаққа барып, газтұмылдырықты шешу керек.
Жамылғы ретіндегі қорғаныш плащын қарсылас кенеттен улағыш заттар мен биологиялық құралдарды қолдану кезінде немесе радиоактивті жауын-шашын кезінде пайдаланады.
Бөлімше командирлері жергілікті жердің зақымдануына, жеке құраммен орындалатын тапсырма сипатына, метеорологиялық жағдайлармен басқа да факторларға байланысты қорғаныш құралдарды пайдаланудың жөнін анықтайды.
Егер радиациялық және химиялық барлау аспаптарының көрсеткіштері бойынша зақымдану қауіпі белгіленбеген кезде қорғаныш құралдарды шешу бөлімше командирінің бұйрығы бойынша айқындалады.
Қорытынды бөлім – 12 мин.
Сұрақтар слайд бойынша
- ЖӘҚТ не үшін қолданылады?
- ЖӘҚТ құрамына не кіреді?
- ЖӘҚТ кию тәсілдерін атаңыз.
- ЖӘҚТ шешу тәсілдерін атаңыз.
Оқушылардың білімін бағалау
Әр бөлімше басшысы бағалау парағына ұпайларын қойып отырады.
Сабақтағы кері байланыс. «Даналық ағашы»
Үй тапсырмасы: §6 оқу

Бағалау парағы

Оқушының
аты-жөні 1.Үй тапсырмасы
10 ұпай 2. Жаңа сабақ
12 ұпай 3.Бекіту сұрақтары
6 ұпай Жалпы ұпай Бағасы
24-28 «5»
19-24 «4»
12-18 «3»





Оқушының
аты-жөні 1.Үй тапсырмасы
10 ұпай 2. Жаңа сабақ
12 ұпай 3.Бекіту сұрақтары
6 ұпай Жалпы ұпай Бағасы
24-28 «5»
19-24 «4»
12-18 «3»
Категория: Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности | Добавил: Карик (2017-02-01) E
Просмотров: 1337 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 11:43 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru