Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческая мастерская

Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланып информатика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдаланып информатика пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыру.

Елбасымыздың 2011жылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» халыққа жолдауында 2015 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50 пайызы электронды оқулықты пайдаланып, 2020 жылға қарай оның саны 90 пайызға артады, - деген.
Жоғарыда атап өткендей, әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейінде Республика мектептерін көтерудің тиімді жолы- білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының білім туралы Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталынып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі №6345 өкімімен бекітілген «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы» мектептегі білім беруді ақпараттандыру процесіне негіз қалады.
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындап отыр.
Бүгінгі күннің өзекті мәселесі адам ресурстарын арттырудың ұстанымдарын, шығармашылық ойлауды қалыптастырудың теориясын басшылықққа ала отырып әлемдік бәсекелестікке лайықты жаңа тұлғаны субъект ретінде тәрбиелеу болып отыр. «Субъектілік» ұғымының мазмұны оқытудың жүйесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына өсіп келе жатқан жеке тұлғаны субъект ретінде жан-жақты дамыту мәселесін қойып отыр. Қазіргі оқушы:
• Шыдамды, тапқыр;
• Дарынды, белсенді;
• Ізденімпаз, талапты;
• Өз алдына мақсат қоя білетін болуы керек.
Біздің қоғамымыз дамудың жаңа кезеңіне көшіп келеді, бұл кезең
ақпараттық кезең, яғни компьютерлік техника мен оған байланысты барлық ақпараттық коммуникациялық технологиялар педагог қызметінің барлық салаларына кірігіп, оның табиғи ортасына айналып отыр. «Білім берудегі АКТ» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «компьютерлік оқыту технологиялары» және т.б, тіркестермен тығыз байланысты.
Жұмыстың өзектілігі: ХХІ ғасырдың әр минутын қойып, әр секундына жаңалықтар легі ашылып жатқан кезде, бүгінгі күн сұранысына сай оқушыларды ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдалана отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру.
Зерттеу пәні: Информатика
Зерттеу міндеттері:
• Ақпараттық технологияны қолдану ерекшеліктерін анықтау;
• Оқушылардың шығармашылық белсенділіктері мен ойлау қабілетін дамыту жолдарын анықтау;
• Ақпараттық коммуникативтік технология негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруды дамыту. Оқушыға жан-жақты терең білім беру мақсатында баланы оқыта отырып, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру. Оқушының басқа да пәндермен компьютерді байланстыра алуы, компьютермен бірге пәнге қызығушылығының оянуы, белсенділігінің артуы. Өз бетінше жұмыс жасау қабілетін, логикалық ойлау қабілетін арттыру, тақырып бойынша компьютерді пйдаланып түрлі сызбалар, фигуралар салу үлгілерін, есептей алу үлгілерін дамыту.
Зерттеу мақсаттары: Жаңа қоғам талабына сай ақпараттық коммуникативтік технологияны пайдалану арқылы оқушылардың қызығушылығын, белсенділігін арттыру.

Ең алдымен Ақпараттық мәдениет деген не?
Осы сұраққа жауап беріп өтейін. Ақпараттық мәдениет дегеніміз тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез-келген ақпарат көзін – анықтамалықтарды, сөздіктерді, энциклопедияларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын т.с.с дұрыс пайдалана білу деген сөз. Ақпараттық мәдениет – бұл әңгімелесе білу, теледидар, хабар (Интернетті) талғамды түрде қарау немесе қарамау, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және де өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларда өз еркіндігіңді шектей білу.
Бұл маңызды мәселені шешу мұғалімге, оның оқытудың мақсаттары мен шарттарына сай жаңа технологиялар мен әдістемелерді қолдана білуге тікелей байланысты. Яғни, бүгінгі таңда математика пәні мұғалімдерінің кәсіби құзырлылығы құрылымынан оқытудың ақпараттық –коммуникациялық технологиялары ерекше орын алады.
Мен мультимедиялық көмекші құралдармен жұмыс істей отырып, сабақтың формаларын түрлендіру арқылы, яғни көрнекілік, әдістемелік, аудио және бейнематериалдар қолданамын.
Мұндай жұмыс сабақтың келесі кезеңдерінде іске асырылады:
- үй жұмысын тексеруде;
- жағдаятты шешкенде;
- жаңа сабақты түсіндіргенде;
- сабақ барысында оқушылардың білімдерін тексеруде.
Компьютерлік формадағы бақылау сабақтары – оқушылардың білімдерін тест түрінде тексерудің бір түрі. Мұндай сабақтар арқылы оқушылар өз бағаларын бірден біледі (компьютер көрсетеді).
Ақпараттық коммуникативтік технология сабаққа дайындалуда қосымша ақпаратты іздеуді кеңейтеді. Интернеттің іздеу жүйесі арқылы қызықты оқиғалар, өмірбаяндық материалдар, фотоқұжаттар, көрнекіліктер табылады. Әрине көп жұмыстар тексеруді, түзетуді талап етеді. Мен мұндай жұмыстарды толығымен пайдалануды қолдамаймын, бірақ кейбір мәліметтер сабаққа дайындалу барысында әдістемелік жағынан көмек береді.
Сонымен, оқу жүйесінде ақпараттық технологияларды қолдану – келесі нәтижені береді:
• Электронды оқулықтармен жұмыс істеуге үйрету.
• Интернет желісінен алған ақпаратты тиімді қолдануға үйрету,
• Ақпараттық технологиялар арқылы, білім сапасын көтеру,
• Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру,
• Ақпараттық мәдениетті дамыту,
• Әрбір мұғалімнің шығармашылық мүмкіндігін ашу,
• Сабақта уақытты үнемдеу,
Сабақтың қызықты да түсінікті болуы мұғалімнің шеберлігі мен ізденімпаздығына тікелей байланысты. Интернет желісінде жұмыс істеу де оқушыларымызға әлемдік білім мен ғылым жетістігінен хабардар болып , оны игеруіне шексіз мүмкіндіктер ашатыны хақ. Қазіргі заманғы дамытудың талаптарына лайық ақпараттық-компьютерлік технологияларсыз жоғарыда айтылғандарды шешу мүмкін емес.
Компьютермен жұмыс мұғалімге балалар ұжымын қалыптастырып, үндемейтін тұйық балаларды белсенді жұмыс жасаттыруда үлкен көмек береді. Шынында да, бала үшін қазіргі заманда компьютер - өмір сүрудің белсенді формасы, сол арқылы олар кейбір программаларда компьютер оқушының өз бағасын қойып береді. Күнделікті сабақтан кейін өз ойларын бөлісіп жатады. Міне осы мақсатта оқушылардың пәнге деген қызығушылығын ояту, қазіргі заманның сұранысы болып тұрған ақпараттық-комуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру.
Ұстаздың шығармашылық жұмысы ең алдымен сабаққа даярлықтан басталады. Сабақтың өз мәнінде өтуі ұстаздың біліміне, ұйымдастыру қабілетілігіне, яғни шеберлігіне байланысты. Оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру үшін, оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын ескеру арқылы жаңа материалды оқытуды процесіне жаңа ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін пайдаланған дұрыс. «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп [1] , Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Сабақтарымда ақпараттық коммуникациялық технологияларды қолданып, келесі нәтижелерге қол жеткіздім
-Ақпараттық технологиялар арқылы, білім сапасы көтерілді;
-Оқушылардың пәнге қызығушылығы артты.
-Ақпараттық мәдениет дамыды;
-Сабақта уақыт үнемді пайдаланылды
-Оқушылардың коммуникативтік қабілеттері дамыды.
Біріккен ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Қазақстан Республикасы ғылыми - техникалық прогрестің негізгі белгісі – қоғамды ақпараттандыруға болатын жаңа кезеңге енді. Қоғам мұғалімнен жоғары білімді, сапалы маман болуымен қатар жан-жақты, қоғам жағдайында өмірге толыққанды адам тәрбиелеуді талап етеді. Әр мұғалім заман талабына сай білім беруде шығармашылықпен айналысып, оқу-тәрбие процесінде жаңа технологияны шебер қолданғанда ғана білімі мен білігі жоғары жетекші тұлға тәрбиелеп шыға алады.
Жалпы информатика пәні оқушылардың қоршаған әлем туралы білімін логикалық фактормен байланыстыру, оқушының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту мүмкіндіктерін ашады. Информатика сабағында оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында ойын элементтерін дұрыс пайдалану оқушылардың ой - өрісін кеңейтеді және танымдық белсенділігін арттырады. Бірақ ойынды оқу процесіне үнемі пайдалану және ұзақ уақыт алатындай етіп созуға болмайды.
Ұжымдық ойындар оқушылардың ұжыммен қарым – қатынасын жетілдіріп, ұйымшылдыққа тәрбиелеу мақсатын көздейді. Ойын барысындағы оқушылардың әрекеті достық, жолдастық, өзара түсініктік қатынастарды қалыптастыруға әсер етеді. Сонымен қатар сабақта ойын элементтерін қолдану әрі білімділік, әрі тәрбиелік мақсаттарымен ұштастырылады. Сабақ жоспарын ойластырған кезде, басқа әрекеттер сияқты сабақтағы ойын әрекеті де белгілі бір мақсатқа негізделіп, оқушылар оның қажеттігін сезінулері керек. Ол үшін мұғалім оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескеріп, ойынның мақсаты, міндеті, мазмұны мен жүрісін анықтап алуы қажет. Оқу ойындарының мазмұны қызықты, балаларды тартатындай болуы және әрбір ойын әрекеті оқушылар үшін құнды, белгілі бір қорытынды алумен бітуі қажет.
Тапсырмаларды орындау кезінде балалардың қызығушылығы жоғары, белсенді болады. Тәжірибе көрсеткендей әдеттегі бірсарынды сабақта үндемей отыратын оқушылар ойын кезінде өте белсенді болатын кездер жиі кездеседі. Олардың әрекеттері еркін және батыл болып, ойлаудың тереңдігін көрсете бастайды. Ойын элементтерін сабақта дұрыс пайдалану нәтижесі оқушылардың:

- Өз бетімен оқуға дағдыланады.
- Шығармашылық ізденіске жетелейді.
- Өз ісіне деген сенім пайда болады.
- Әр нәрсеге сын көзбен қарауға үйренеді.
- Салыстыруға, қорытынды жасауға үйренеді.
- Шығармашылық белсенділік артады.

Сабақта қандай ойындарды пайдалану тиісті нәтиже береді?
Ребус, сөзжұмбақ құру – информатикалық терминдерді тез есте сақтау мақсатында.
Шығармашылық жұмыстар – практикалық жұмыс кезінде балалардың қиялын дамыту мақсатында өзіндік тапсырмалар мен тақырыптық тапсырмаларды орындау.
«Кім жылдам?» - мәтінді тез теру жылдамдығын анықтау.
Қорыта келгенде, сабақ барысында қолданған ойын түріндегі қосымша тапсырмалар оқушының :
Ақпараттық құзыреттілік - өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпаратты қолдануға, логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпаратты өңдеуге, өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;
Коммуникативтік құзыреттілік - өзіндік пікірін білдіруге, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе білу.
Пәндік құзыреттілік - мақсатқа жетуде алған білім, біліктігі мен өмірлік тәжірибесін байланыстыру қабілетінің қалыптасуына ықпал етеді.
Жоғарыда айтылған ой пікірлерді тұжырымдай келе, компьютерді қолдану негізінде, мектеп пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру, жүйелі түрде іске асады деуге болады. Ақпараттық коммуникациялық технологияларды және компьютерлік желі арқылы жаңа білім әдістерін пайдалануы кеңейтіліп келеді. Жаңа ақпараттық технологияларды білім жүйесінде қолданудың негізгі күші – адам.



Әдебиеттер:

1. «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауы 2011ж
2. Қазақстан Республикасының білім туралы заңы
3. «Жекетұлғаға бағытталғаноқытуды ұйымдастыру арқылы оқушының шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту» ТүменбаевТ.Қ.,Тлеукенова Л.А., СегізбаеваС.Қ.,Әділғазина Ғ.З. Өскемен,2006ж
4. Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-сараптамалық журнал
12 жылдық білім беру №7 (91) , 2010 ж.
5. Республикалық ғылыми-әдістемелік және ақпараттық-сараптамалық журнал 12 жылдық білім беру №74 (88) , 2010 ж.
6. Ана тілі газеті , Елбасының халыққа жолдауынан 1 бет, №5 2011ж
7. Математика және Физика ғылыми әдістемелік журнал №5, 2009ж
8. Информатика негіздері №3,2006ж
9. Математика және Физика ғылыми әдістемелік журнал №1, 2005ж
10. Математика және информатика ғылыми әдістемелік журнал №5-2007ж
11. ШҚО педагогика жаршысы, №2, 2008
12. Әбдікәрімұлы Б. Мәлібеков М. Білім берудегі педагогикалық технологиялар /Ізденіс-Поиск 2003, №2.

Источник: http://riza_duissenbai82@mail.ru
Категория: Творческая мастерская | Добавил: Ромик (2015-02-08) | Автор: Дуйсенбай Ризагул E W
Просмотров: 407 | Комментарии: 1 | Теги: Дуйсеннбай, Ризагул | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Четверг, 2016-12-08, 8:51 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [590]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [22]
История Семиречья
Великая Отечественная [167]
Личности [113]
Великие педагоги [30]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [174]
Конкурс юных сказочников [40]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [76]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [373]
Из дальних странствий возвратясь [10]
Наш календарь [41]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [41]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [21]
Творческая мастерская [589]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [192]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [77]
В помощь учителю [20734]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [123]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [181]
Диспут-клуб [14]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Театр.kz

  • Статистика

    Рейтинг@Mail.ru