Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческая мастерская

Жеміс жидекті әсемдеу
Тақырыбы: Жеміс – жидектерді әсемдеу.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Жеміс –жидектер туралы жан-жақты мағлұмат беру.
Тәрбиелігі: Ас мәзірінде жеміс – жидектерді әсемдеуде талғампаздыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Жемістерді әр түрлі пішін арқылы безендіруге, оларды түрлеріне қарай байланысты үйлестіру әдістерін өмірде қолдана білуге қалыптастыру, білік дағдыларын дамыту.
1. Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру.
2. Сабақтың көрнекілігі: Жемістердің суреттері, слайд, тұрмыстық техникалар.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Амандасу, түгендеу.
Саламатсыздар ма балалар? Сабаққа көңіл-күйлеріңіз қалай? Бүгінгі топта бізде жеті бала қатысуы керек. Түгелміз бе?
- Балалар түгел болсақ сабағымызды бастайық!
ІІ. Үй тапсырмасы.
Балалар біз өткен сабағымызда қандай тарауды өтіп едік? Яғни біз жеміс- жидектерден , дәнді дақылдардан, өсімдіктерден картиналар, сувенирлер жасауды толығымен үйренген болатынбыз. Яғни үйге сувенирлер жасауды аяқтауға берілген болатын.
- Қане кім қандай бұйымдарды аяқтап келді?
- Жасаған бұйымдарың туралы айтып берсеңдер!
- Рахмет, балалар!

ІІІ. Актуальдау.
Балалар, міне біздер өсімдіктерден, дәнді дақылдардан бұйымдар жасауды үйрендік. Жемістерден жасалған бұйымдарда жемістердің түрлерімен танысқан болсақ, ал бүгінгі сабағымызда сол жеміс жидектердің пайдасын біле отырып, ас мәзірінде оларды әдемі қоюды, әсемдеуді үйренетін боламыз.

ІҮ. Жаңа сабақ
- Сонымен біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жеміс- жидектерді әсемдеу» деп ататалады.
- Барлығымыз сабаққа назарымызды аударамыз!
- Сабағымызды бастамас бұрын қауіпсіздік ережесін еске түсіріп, жұмыс үстелімізді дайындап алайық!

Жеміс жидектер біздің күнделікті өмірімізде ең көп қолданалыатын асымыз деуге болады. Жеміс – жидектердің түрі қандай көп болса, оның адам өміріне беретін пайдасы да зор. Сондықтан жеміс –жидектердің пайдасы туралы шағын мағлұмат беріп кетейін.
Жеміс-жидектердің пайдасы

Жеміс-жидектердің пайдасы адам денсаулығына өте пайдалы және әр жемістерде әр түрлі витаминдер бар. Жеміс-жидектің, оның ішінде алманың денсаулыққа пайдасы мол. Ал оның қандай қасиеттері бар екендігін білесіңдер ме?
Алма жемісі:
Алманың құрамында А,С, В1, В2, Р, Е дәрумендері бар.
Сондай-ақ алмада марганец, калий, кальций, фосфор, натрий, молибден, мырыш бар. Бұлар ағзаға жеткілікті мөлшерде болса, ауырмайтын боласыңдар. Ойлау қабілеттерің де жақсы дамиды.
Ал ең бастысы – алма темірге бай. Темір қан айналымы жүйесіне өте қажет. Ол жүрек, бауыр, бүйрек, асқазан, ішек жолдарының жұмыстарын жақсартады.
Бактерия мен әртүрлі вирустардан сақтану үшін күніне бір алма жеу қажет.
Алманың жер шарында 36 түрі бар. Қазақстанда алманың «апорт», «сиверс», «недзвецкий», қырғыз алмасы өседі.
Алманың отаны — Орталық Азия. Сұрпына қарай, алманың өмір сүру ұзақтығы да әртүрлі. Олар 20 жылдан 100 жылға дейін өсе беруі мүмкін.
Алма ағашы еккен сәттен бастап гүлдемейді, оны отырғызған соң 3-12 жыл ішінде жеміс бере бастайды. Сонымен қатар, оның жаздық, күздік, қыстық сұрыптары болады. Яғни, қысқы сорттары жылдың суық мезгілінде де алмасын бере алады.

Алмұрт жемісі:
Алмұрт ағашының жемісі – өте пайдалы, әрі тәтті. Алмұрт қантқа, органикалық қышқылдарға, ферменттерге, өзектерге, илік, азотты және пектинді заттарға, С, В1, Р, РР дәрумендеріне, каротинге, сонымен қатар йод, калий, мырыш, магний, кремний, темір, флавоноидтарға бай. Емдік мақсатта жаңа піскен немесе кептірілген жемісін және жапырақтарын пайдаланады. Алмұрттың құрамындағы арбутин деген антибиотик микробтарды жояды. Пісірілген алмұртты қатты жөтелгенде, деміккенде және өкпе туберкулезіне ем ретінде қолданады. Кептірілген алмұрттан жасалған қайнатпаны қызба ауруы кезінде, несеп жүргізіп бүйректегі тасты шығаруға, іш ауруына, қант диабетіне, өт айдауға пайдаланады. Алмұрт жемісінен шырын, тосап, компот, джем, қақ жасалады. Тамақ, кондитер өнеркәсібінде қолданады.

Жүзім жемісі:

Жүзім ағзаны токсиндрден тазартады және жасартады. Жүзім - тек дәмді ғана емес, сонымен қатар пайдалы өнім. Адамзат жүзімнің емдік қасиетін көп жылдар бұрын пайдалана бастаған.Бүгінгі күні заманауи зерттеулер «ампелотерапия», яғни, жүзіммен емдеу ұғымының пайда болуына алып келді. Қызыл жүзімнің сүйектері полифенол және биофлавоноидтерге бай және жүрек қан тамыр жүйесінің жұмысын жақсартатын және тұтас ағзаны жасартатын күшті антиоксидант болып табылады. Жүзіммен емдеудің өзі зат алмасу, бірінші кезекте, су-тұз алмасу үрдісінің белсенділігін арттыруға бағытталған. Жүзімнің құрамында зәр айдайтын және ісікке қарсы зат ретінде әсер ететін, жүректің қызметін қалыпқа келтіретін калий тұздары бар. Мұнан басқа жүзіммен емдеу зат алмасудың уытты заттарын тез шығарумен айналысады.Бірақ, жүзімнің құрамында көп мөлшерде қант бар, сол себепті сусамыр ауруымен ауыратындарға оны көп мөлшерде жеуге болмайды.Бүгінгі күні бәрінен бұрын жүзімнің пайдасы туралы косметологтар біледі. Осы жемістің қолданылуымен көптеген маскалардың рецепттері белгілі. Ал жүзім сүйектерінен алынған май арнайы дайындау әдісінің арқасында барлық белсенді заттарды сақтайды. Және ол дәрумендерге, минералдарға және майлы емес қышқылдарға бай.

Міне балалар әр жемістің адам ағзасына беретін пайдасы көп, әзірге күнделікті өмірде ең көп қолданылатын жемістердің пайдасын айтып, отырмын, әліде жемістерің түрі де , пайдасы да көп оны сабақ барысында айтылатын болады.
- Ал қазір біз осы жемістермен сарамандық жұмысымызды жасаймыз.
Яғни бізге қажетті заттар пышақ, тарелке, жеміс жидектер түрі, түрлі тұрмыстық техникалар.
Жемістерден әр түрлі пішінде әсемдеуге болады. Мысалы алмұрт пен жүзімнен кірпінің пішінін жасауға болады. Ол үшін бізге керекті заттар бір алмұрт бірнеше жүзім, тіс шұқығыш керек.



Ү. Дамыту бөлімі:
Міне балалар жеміс –жидектерді қалай әсемдеуді үйрендік, жасадық.
Ал енді осы тақырып бойынша тапсырмалар оырндап көрейік!
1. Тапсырма:
Жұмбақтар жасау.
2. Тапсырма:
3. Жемістерді жасыру ойыны.

VI. Сабақты бекіту.
1. Балалар бүгінгі сабақ ұнады ма?
2. Жеміс –жидектердің бүгінгі естігеннен басқа тағы қандай пайдаларын немесе түрлерін білесіңдер?
3. Бүгінгі сабақта не үйрендік?
VII. Сабақты қорытындылау.
Балалар бүгінгі сабақта жеміс- жидектерді дастарханға қоярда қалай безендіруге боатынын үйрендік. Қазақ халқы төрінен қонағы кетпеген қонақжай халық. Сондықтан келген қонақтарыңызға жаңа үйренген жемістерді безендіруде аналарыңызға көмектесіп қолғабыс жасауға үйреніңіздер?
VIII. Үйге тапсырма беру. Жемістер мен көкөністерді ажырата білу. Жемістерден әр түрлі салаттар жасап үйрену.
Категория: Творческая мастерская | Добавил: Айару9167 (2015-02-28) | Автор: Әсем E
Просмотров: 2391 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 3:03 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru