Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческая мастерская

Химия кабинетіне саяхат
Астана қаласының Білім Басқармасы.
№2 Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясы

Химия пәні 8-сынып

Тақырыбы:Химия кабинетіне саяхат-
Сыныптан тыс іс-шара

Құрастырған химия пәні мұғалімі:
Датқаева Ф.М.

Астана
2015

Химия кабинетіне саяхат
Оқушылардың химия ғылымына қызығуын арттыруға жағдай жасау мақсатымен сыныптан тыс іс-шараны «Химия кабинетіне саяхат» деп атадым.Оқушылардың ой-өрісі мен дүниетанымын кеңейту,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Көрнекілік: химиялық стакандар,тұрғы,спиртшам,хлорлы темір ерітіндісі,калий роданидінің ерітіндісі,құрғақ жанармай,норсульфазол,аммоний бихроматы,калий йодидінің 3% ерітіндісі,қорғасын ацетатының 4%,барий хлориді,натрий карбонаты,фенолфталеинқұтылар т.б. тақырыпқа арналған слайдтар,ребустар.
Сабақ барысы: Мұғалім.Сәлеметсіздер ме,балалар! Бүгін сендер мектебіміздегі ең таңғажайып кабинетке келіп отырсыздар.Саяхатқа 11-сынып оқушылары жетекшілік етіп,сендерді Химия деп аталатын тамаша ғылыммен таныстырады.
Қай-қайсымыз да бала кезімізде ертегі оқығанды,тыңдағанды жақсы көретінбіз,ертедегі құдыретті пері қыздары мен қайырымды сиқыршылар небір ғажайыптарды жасайтын еді.Әрқайсысымыз өмірде бір рет болса да сиқырдың күшін меңгеріп,сиқыршы рөлінде өзіміз болғымыз келгені анық.Бірақ,әттең....Бұл дегеніміз өмірде ғажайыптар болмайды дегенді білдіреме?Тіпті олай емес!Біздің заманымыздың нағыз сиқыршысы – ғылым.Ғажайыптарға толы ғылымдардың ішінде химияның алатын орны ерекше.Оны көбінесе қайырымды сиқыршы деп атайды.Ол адамның табиғи шикізаттан өзге заттарды алуына,бірінен бірі өткен ғажайып,табиғатта кездеспейтін,бірақ адамға өте қажет заттарды алуына көмектеседі.Химияның арқасында сәбилерге сүт,түрлі-түсті ойыншықтар,оқушыларға оқу құрал-жабдықтары дайындалады.Химиясыз металды балқыту,кеме жасау,автокөлік жасау,үйдің тазалығы мен жайлылығын қамтамасыз ету,денсаулықты сақтау мүмкін емес.Химия көмірді- бояу мен дәрі-дәрмекке,мұнайды-отын мен жанармайға ағашты-қағаз бен жасанды талшықтарға айналдырады.
Сендердің әр қайсыларың күн сайын үйлеріңнен шықпай-ақ химиялық реакцияларды жүзеге асыратындарыңды өздерің де білмей қаласыңдар:сіріңкемен газды жағу,ас пісіру.Адам ағзасының өзі үлкен химиялық фабрика,оның ішінде көптеген химиялық реакциялар жүріп жатады.
1 оқушы: «Химия» ғылымының атауы қайдан шықты?
Кейбір пікірлер бойынша,«Химия» -құю,тұну дегенге саяды.Бұл сөзде дәрілік өсімдіктер шырынын зерттеуші және сонымен айналысушы шығыс емшілерінің,фармацевтердің көне іс-тәжірибесінің жаңғырығы бар сияқты.Екінші пікірге сүйенсек,химия сөзінің түбірі «қара жер» дегенді білдіреді.Ежелгі Мысырды осылай атаған,ал Мысыр сиқыршылар өнері мен алтын шеберлерінің ордасы саналды.
2-оқушы: Орта ғасырларда химияны жалған химия деген ұғым білдіретін «алхимия» деп атаған.Алхимиктер кез-келген металды алтынға айналдырып беретін философиялық тас ойлап тапқылары келді.Бұл пиғылдары іске аспады,бірақ үздіксіз ізденіс нәтижесінде алхимиктер көптеген белгісіз заттар тауып,олардың қасиеттерін зерттеді.
Алхимиктер кез-келген металда сынап бар деп ойлады,алхимиктер бура мен купоросты араластырды.Үгітілген ешкі мүйізін саз балшықпен араластырды,кенеттен табиғаттың сырын ашамыз деп үміттенеді.Мышьяк фосфорды тапты,ал бұл байлық емес пе?Тапқыр құралдары үшін,қышқылдары мен ерітінділері үшін,барлық химиктер алхимиктерге алғыс айтады.
«Алтын алу» тәжірибесіне куә болыңыздар.
Тәжірибенің сипаттамасы Калий йодидінің 3 ерітіндісі мен қорғасын ацетатының 4% ерітіндісін бірдей көлемде әзірлейміз.Тәжірибе алдында ерітінділерді қайнауға дейін жеткізіп,ыстық күйінде құтыға араластырып құяды.Суыған кезде ыстық суда жақсы еритін,ал суық суда аз еритін қорғасын йодиді тұнбаға түседі.Алтын түстес,жарыққа шағылысатын жұқа қабыршықтар түріндегі тұнба пайда болады.Олрадың көлемі тұну жылдамдығына байланысты,ерітінді неғұрлым баяу суыса,криссталдар да ірірек болады.
3-оқушы:Бұл жер ыстық! Шөлдедім мен!
Су сұраймын енді кімнен?
4-оқушы:Қалап тұрмын көп ішуді,
Сиробы жоқ газды суды.
5-оқушы:Ой,ал мен үшін сироп жақсы,
Аз қосылса,сондай тәтті!
6-оқушы:Бауырларым!Сиыр керек –
Сүт ішкеннің жөні бөлек.
Ортаға ішінде сұйықтық,бар құты ұстаған оқушы шығады:
Балалар-ау,қолымдағы құтыдан,
Ертегідей бір сұйықтық ұсынам.
Керемет іс қолымнан да келеді,
Химияны оқып жүрмін себебі.
Құйып берем стақанын тосқанға,
Тәжірибе жүргізілді дәлме-дәл,
Бізде бәрі лайық қой жоспарға!
Сұйықтықты химиялық стақандарға құяды.
Міне суың,газды су бар,сүт міне,
Құпиясын білу оңайтіпті де!
Балалар стақандардағыны ішкісі келген түр көрсетеді.
Зиянды боп жүрмесін,о,балалар,тоқтаңдар,
Өтінемін,судан да,сироптан да татпаңдар.
Бұл кабинет ішіндегі тәртіп қатал,тыйым көп,
Еш нәрсені ішпе,жеме,осыны есте сақтаңдар!

Келген оқушыларға жұмбақ қойылады.
Ал,иіңдер бастарыңды, Өзен,бұлақ,мұхиттаймын
Мен боламын аспан қызы! Аяз болса қатып қалам,
Қолды-аяққа тұрмаймын, Ашулансам қайнаймын.
Бұлтпын,мұзбын,термін,шаймын. (Су)

Тауларында Шао-Линь , Ертеде Қытай халқында
Қызыл топырақ-каолин. Жасапты содан ... (фарфорды)

Табиғатым осындай: Балқытады дұрыстап.
Әк,құм,сода қосылған. Мөлдіреймін жайнап,
От-жалында көп ұстап, Менің атым .....(әйнек)

Хабарлаймын:асығыспын, Тақтаға жазып қанша жол,
Өзімді-өзім тауысып біттім. Жоғалдым.Менің атым...(бор)

Балалар! Мен сендерге «Жараның жазылуы» деп аталатын тәжірибені көрсеткім келеді.Қан аққаннан қорықпайтын оқушы болса тақтаға шықсын.Тәжірибенің сипаттамасы.Тақтаға шыққан оқушының жеңін түріп,дезинфекция үшін деген сылтаумен «йодты» (хлорлы темірдің әлсіз ерітіндісі) молынан жағылады.Осыдан кейін тәжірибені көрсетуші оқушы жіңішке түтікке калий роданидінің ерітіндісін алып түтіктің ұшын майланған жерге тигізеді (әсерін күшейту үшін өтпейтін пышақты пайдалануға болады).Теріде «қанаған жара» пайда болады,оны сумен оп-оңай жуып,орамалмен құрғатып сүртіп тастайды.
Келесі оқушы «Перғауынның жыландары» тәжірибесін көрсетті.
Тәжірибенің сипаттамасы: құрғақ жанармай таблеткасын ұсақтап,үйіп қояды.Үстіңгі жағына норсульфазолдың үш таблеткасын қояды.Құрғақ жанармайды тұтатып,металл сыммен өрмелеп шыққан «жыландарды» дұрыстап қояды.Тәжірибе аяқталған соң қақпақпен жауып,отты өшіреді.
Кездесуіміздің соңында «Жанартаудың атқылауы» тәжірибесін көрсетейін.Әрине,сіздер жанартаудың атқылауы қандай ғаламат көрініс екенін білесіздер.
Ерте заманда Везувий жанартауы Помпей қаласын басып қалған.
Тәжірибенің сипаттамасы:Тұрғыға бекітілген металл қаңылтырға немесе торға қызғылт түсті аммоний бихроматының кристалдарын үйеді де,тұтандырады.Бірнеше минуттан кейін экзотермиялық реакция басталып,үрдіс ұщқан ату арқылы жанартаудың көрінісін әсерлі түрде қайталайды.Ыдысының астына «жанартау күлін» жинау үшін үлкен қағаз жаяды.
Мұғалім. Міне,біздің химия кабинетіне саяхатымыз осымен аяқталды.Саяхат сіздерге ұнады ма? Біраз өскеннен кейін сіздер де осында келіп,химия деген қызықты ғылымды оқып үйренесіздер.

Источник: http://Журнал химия мектепте
Категория: Творческая мастерская | Добавил: datkayevafarida (2016-02-12) | Автор: Химия кабинетіне саяхат E
Просмотров: 1036 | Комментарии: 2 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Вторник, 2024-04-23, 1:29 PM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru