Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческая мастерская

«Технология сабақтарында ағашты көркемдеп өңдеудің ерекшеліктері»
Әбдірахманов Мархабат Мейрамханұлы, Семей қаласы Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, тарих-педагогика факультеті, сызу және бейнелеу өнері кафедрасы, кәсіптік оқыту мамандығы, П-309 тобы.
«Технология сабақтарында ағашты көркемдеп өңдеудің ерекшеліктері»
Ата-бабамыздың жинақтаған рухани байлығының қоры ұшан-теңіз. Ата-баба жасаған бұл рухани байлықтар қазіргі таңда да өз құндылығын жойған емес. Бұлардың барлығы баршаға бірдей қазына.Сол мәдени асыл мұраларды зерттеп, танып білу,бағалай білу біздердің,кейінгі ұрпақтың абыройлы да азаматтық, ұлттық парызы.Оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу әдістерін меңгерту үшін әр түрлі станоктардың жұмыс атқару операцияларымен таныстыру қажет. Ағаштан жасалған бұйымдардың түрлерімен танысып, ойлау, танымдылық қабілеттері дамып, икемділік дағдылары қалыптасады. Пәнге деген қызығушылығы артады.
Ағаш табиғаттың сыйы. Ағаш үш бөлікке бөлінеді: тамыры, діңі, ұшарбасы. Ағаш материалдары ағаш діңінен алынады. Тақтай бетінде сызықтар болады. Оларды текстура деп атайды. Текстура - ағашты тігінен тілгендегі жылдық сақиналардан пайда болған сызықтар. Ағаш текстуралары түссіз лакпен боялғанда бұйымға ерекше рең береді. Ағаш бұйымдарын әртүрлі түспен бояу әрлеу деп аталады. Әрлеу арқылы біз ағашты қоршаған ортаның зиянда әсерлерінен қорғаймыз. Осылайша ағаштан жасалған бұйымдар бізге ұзақ қызмет етеді.Ағаш өңдеуде біздің қазақ халқы алдына жан салдырмайтын, ағаштан түйін түйетін халық. Қазақ шеберлерi көбiне қаптамалы өрнектеудi қолданған, мұнда бұйымның бетiне оюланған сүйек тұтастай жапсырылып, қапталады. Ондағы сүйектен ойылған әрбiр өрнек жеке-жеке орналасқанда текемет-сырмаққа салынған оюдың композициясындай жалпы жарасым тауып, бiр-бiрiмен әдемi үйлеседi. Қасиетті саналатын ұлттық бұйымдарымыздың жасалу технологиясы мен олардың әшекейленуі эстетикалық тұрғыдан алғанда басқа халықтардан кем түспейді.
Ағаш бұйымдарын көркемдеп өңдеу мынадай шаралар арқылы жүзеге асады.
- бұйымның негізін талаптарға сай тазалау;
- бұйымдарды бояу, оған әр беру;
- боялған бұйымдарды тазалау, лактау
Ағашқа ою салу өнерi, әсiресе, солтүстiк аудандардан бастап, бүкiл Қазақстан аумағына кеңiнен таралған. Стилистикалық тұрғыда ол қазақтың халықтық қолөнерiнiң басқа да барлық түрлерiмен, ең бастысы, киiзден және былғарыдан оюлап көркем бұйымдар жасаумен тығыз байланысты. Киiзден оюлап жасалған дүниелер, өрмелер мен тоқымалар кестелеу және халық өнерiнiң басқа да түрлерi тәрiздi ою-өрнек салынған ағаш бұйымдары киiз үй жиһазының сәнiн келтiрiп, үйге қажеттi тұтыну аспаптарын толықтырған, сөйтiп, өнер туындысына айналған.
Категория: Творческая мастерская | Добавил: 1962 (2017-04-21) | Автор: Әбдірахманов Мархабат Мейрамханұлы
Просмотров: 643 | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 11:58 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23299]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru