Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » Творческая мастерская

Матадан гүлдер жасау
Сабақтың тақырыбы: «Матадан гүлдер жасау».

Сынып: 8

Сабақтың түрі: дәстүрлі.
Сабақтың типі: білімді жүйелеу сабағы
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік- оқушыларды матадан гүл жасау технологиясымен таныстыру және гүл жасауды үйрету.
2. Дамытушылық- оқушылардың сөйлеу мәдениетін, көркемдік талғамдарын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
3. Тәрбиелік:
-еңбек мәдениетінің дағдыларын: дәлдік, ұқыптылық, материалды тиімді жұмсауды қалыптастыру;
-жауапкершілікке тәрбиелеу;
-өзін-өзі бағалауды қалыптастыру.
Сабактың әдістері: ақпараттық дәрістер бойынша әңгімелесу, тәжірибелік жұмыс.
Технологиясы: жобалар әдістері.

Техникалық құрал: компьютер.

Материалдар мен құралдар: атлас және жібек ленталар,ине,жіптер, қайшылар,біртүсті мата, картон, панноға арналған рамка, «Раушан гүлін жасаудың» нұсқаулық картасы, панноның үлгісі.

Сабақ барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Сабақтың тақырыбымен таныстыру. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау.

2.Білімдерін белсендіру.

№1 слайд (сабақтың тақырыбы, мақсаты мен міндеттері).

Гүлдер туралы тақпақтар.
Слайдтар (тірі гүлдерден композициялар).

-Гүлдер біздің жер шарымызды көркейтушілер. Гүлдерді барлығымыз жақсы көреміз. Гүлдер бізге қуаныш сезімін әкеледі, сондықтан да барлық мерекелік іс-шараларда гүлдер пайдаланылады. Гүлдер туралы ақындар көптеген өлеңдер жазады. Композиторлар әуезді әндер шығарады. (П. И.Чайковский «Вальс цветов»). Ал суретшілер небір суреттер салады. Слайдтар (натюрморт).

Өкінішке орай, тірі гүлдер көпке шыдамайды. Бірнеше күннен кейін олар солып, өздерінің әдемілігінен айыралады. Мерекелік қуаныштың әсерін ұзақ сақтау үшін, адамдар жасанды гүлдер жасауды үйренді. Олар жасаған гүлдердің әсемдігі соншалық, олардың табиғи гүлдерден еш айырмашылығы болмады.
-Кейіннен гүлдерді киімдерді сәндеуге, шаштарды әсемдеуге қолданатын болды. №8,9 слайдтар. Қазіргі қалыңдықтың киімін де гүлдерсіз елестету мүмкін емес. Жай ғана күнделікті тұрмыстағы киімнің өзін гүлмен сәндесеңіз, киіміңіз құлпырып шыға келеді. Бүгінгі күні сән әлемінде жасанды гүлдің алатын орыны ерекше. Жасанды гүлдермен тек қана костюм, көйлектерді емес, сонымен қатар қол сөмкелерін, бас және аяқ киімдерді де безендіретін болды. Дүкендердің көрмелерін, үй жабдықтарын сәндеуде де гүлдер қолданылады. Слайдтар.

Гүл жасауды әркім үйрене алады. Ол үшін біраз шығармашылық қиял мен шыдамдылық қана керек. Табиғат-біздің ақылшымыз, көмекшіміз. Сол табиғаттың тірі гүлдерінің әсемдігін жүрегіңізбен сезсеңіз, қолдарыңыз сол сұлулықты бұлжытпай қайталап жасап бере алады. Сұлулықты қолдан жасау үшін оның болмысын жүрекпен сезіп, көзбен көріп сезіну керек. Сонда ғана сіз еш қиындықсыз гүлдің түр-түрін жасай алатын боласыз.

5.Техникалық қауіпсіздік ережесін қайталау. слайд

Қазір тәжірибелік жұмыс барысында сендер өткір, үшкір, қауіпті электр құралдармен (үтікпен) жұмыс жасайсыңдар. Сондықтан техникалық қауіпсіздік ережесін естеріңе түсіріп алыңдар. Инемен, қайшымен жұмыс жасағанда нені білуіміз керек? (оқушылардың жауаптары).

1.Жұмыс алдында ине мен түйреуішті дұрыстап санап алу керек.

2. Инемен жұмыс кезінде абай болу керек.

3.Жұмыстан соң инені жастықшаға түйреп қою керек.

4. Инені ауызға салуға болмайды.

5. Қайшыны бір-бірлеріңе тек тұйық жағымен берулерің керек.

Жұмыс соңында отырған орыныңды жинақтап, ине, түйреуішті түгендеп алу керек.

Үтікпен жұмыс кезінде қандай ТҚ ережелерін сақтауымыз керек? (оқушылардың жауабы)

1.Жұмыс басында электрлі құралдың бүтіндігін тексеру.

2.Үтікті құрғақ қолмен, вилкасынан ұстап сөндіру керек.

3.Үтіктің тоқ бауы үтіктің табанына түсіп қалмауын қадағалау, үтікті қатты қыздырмау.

6.Өткен материалдарды қайталау.

Гүл жасауға, негізінен тігуден қалған маталардың қалдықтарын пайдаланады. Сонымен қатар киілмейтін киімдердің құрақтарын да қолданады. Оларды алдымен сөгіп алып, содан кейін жуып, үтіктейді. Ашық түсті гүлдер жасау үшін жаңа мата пайдаланған дұрыс, ендеше гүлдер сарғайып, өңі кеткен сияқты болып көрінеді.
Бүгінгі сабақта сендер матадан раушан гүлін жасап көресіңдер. Раушан гүлі ең әдемі, ең жұпар иісті гүл. Сондықтан оны «гүлдердің патшайымы» деп атайды.

7.Тәжірибелік жұмыс.

Сергіту сәті.

Кіріспе нұсқаулар:
- Сендер өз қолдарыңмен әдемі заттар жасап көргілерің келе ме?

Ендеше, мына «Нұсқаулық картаға» назар аударыңдар. Раушан гүлін жасаудың неше түрлі тәсілдері бар екен.

Бірінші тәсіл - «жиырылған матадан жасалған раушан гүлі». Жасау тәсілін көрсете отырып түсіндіру.

1.Матаны қажетті ұзындықта қиып аламыз.

2.Матаның шеттерін бүгіп тігіс жүргіземіз.

3.Матаны қаттап, қалыпқа келтіреміз.

4.Матаның бір ұшын негізіне қадап, спираль тәрізді орналастырамыз..

5.Раушан гүліне ұқсатып келістіріп тігеміз.

Ағымдағы нұсқаулар: (Дайын панно)

-Сендердің жұмыстарыңның нәтижесін біз мына ұжымдық панно арқылы көрсетеміз. Ол үшін біз алдын-ала дайындалған, матамен көмкерілген картонды аламыз. Дайын раушан гүлдерін осында әртүрлі жағдайда орналастыруға болады: бұтақта өсіп тұрғандай, құмыраға немесе себетке салынған гүлдер. Гүлдің әрбір бөліктерін маталы картонға түйреп, қадаймыз. Дайындалған жұмысты рамкамен безендіруге болады.

Қорытынды нұсқау:

Қорытындылау. Жұмыс орынын тазалау.

8. Рефлексия.

- Енді мен әрқайсыларыңның ойларыңды тыңдағым келеді. Жұмыстарың өздеріңе ұнады ма? Жаңадан не үйрендіңдер, не білдіңдер?
Ойланып көріңдерші, бүгінгі сабақта алған білімдерін, еңбектерің келешекте сендерге қажет бола ма? Дүкеннен сатып алған дайын зат пен өз қолдарыңмен жасаған заттың арасында қандай айырмашылық бар ?(оқушылардың жауаптары)

Балалар, бүгін жұмыстарыңды өздерің бағалайсыңдар.

Сабақ бойынша қойылған мақсаттар мен міндеттер іске асырылды.
Жұмыс нәтижесі ұжымдық «Раушан гүлі» панносы.
Категория: Творческая мастерская | Добавил: Ибрагим (2013-03-16) | Автор: Тюребаева Баян Кенжабековна E W
Просмотров: 9125 | Теги: ине, Мата, панно, жіп., гүлдер | Рейтинг: 3.0/2
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-26, 1:23 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Школа, как она есть [684]
Рассказ об интересных школах республики, об их опыте
Семиречье - взгляд сквозь годы [24]
История Семиречья
Великая Отечественная [180]
Личности [128]
Великие педагоги [42]
Юмор, анекдоты, школьные ляпы [17]
2007 год - год русского языка [13]
Дайджест прессы [175]
Конкурс юных сказочников [43]
Сказки, присланные на Международный конкурс юных сказочников
Клуб любителей поэзии [82]
Биографии и стихи известных поэтов
Профессиональное образование [464]
Из дальних странствий возвратясь [11]
Наш календарь [46]
Российская история
Школа: взгляд сквозь годы [54]
Многоточие. Газета для добрых и неравнодушных людей [24]
Творческая мастерская [650]
Если у Вас интересный, необычный проект - вас сюда.
Творческие проекты учащихся [207]
Пионерский клуб [16]
Истории из пионерского детства
Стихи о школе [81]
В помощь учителю [23298]
Материалы в помощь учителям-предметникам
Игротека [130]
Игры подвижные, на молодежных вечерах, на смекалку и сообразительность, словом, все, что интересны детям и взрослым.
Английский клуб [193]
Диспут-клуб [17]
Новости факультета журналистики КазНу им. аль-Фараби [0]
Комсомольско-пионерские воспоминания [7]
Это было недано, это было давно [2]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru