Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » ИЗО и черчение

Натюрмортты бейнелеу. Графика өнері
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы
Қазақстанның 40 жылдығы орта мектебі
Қосмұратова Рая Ұзақбайқызы
бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Натюрмортты бейнелеу. Графика өнері
Сабақтың мақсаты:
А) Білімділік: Оқушыларға штрих жайлы түсінік беру, штрихтауды үйрету. Сурет салу барысында штрихтың алатын орнының ерекше екенін түсіндіру. Достық қарым-қатынасқа баулу;
Ә) Дамытушылық: Бейнелеу ережелерін ескерте отырып, көркем шығармада штрих түрлерін қолдана білу қабілеттерін дамыту, өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерін арттыру;
Б) Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аукцион сабақ
Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту
Сабақтың әдісі: көрсету, түсіндіру, үйрету, топтау
Пәнаралық байланыс: тарих, қазақ тілі
Сабақтың көрнекіліктері:слайд, фирма белгілері, Елтаңбаның, тудың суреттері, геометриялық денелер бейнеленген плакаттар, түрлі-түсті таратпалар
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: Ақ қағаз, қарындаш, өшіргіш
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу, топқа бөлу. (Сабақ аукцион сабақ түрінде өтетіндіктен, оқушылар аукцион ережесінің талабы бойынша екі сауда фирмасын құрады.Тақтаға елтаңба, тудың суреттері ірінеді. Оқушы таңдау жасайды. Таңдаулары бірдей оқушылар бір топ құрайды. Не себепті ол суретті таңдағандығы туралы айтып өтеді. Әр фирма өзіне лайықты ат қояды. Фирма құжатын дайындайды, араларынан өз менеджерлерін сайлайды. Менеджер топ мүшелерінің атқаратын қызметтерін бөліп береді.Бірінші фирма- «Қарындаш», екінші фирма «Қылқалам»)
б) Қазылар алқасын сайлау
в) Құралдарын тексеру
г) Сабаққа назар аудару
Қызығушылықты ояту
Атамыз білім дәнін болған екпек,
Оқытып, балаларға білім сеппек.
Қазақтың кең даласын жарық қылған,
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
«Менің ОтанымҚазақстан» тақырыбында сурет салу. Көрмеге қою.
ІІІ. Өткен тақырыптарды қайталау.
Ашық лот
«Тізбек бойынша сұрау» әдісі: Қойылған сұраққа беріліп жатқан оқушының жауабы кез-келген жерден тоқтатылып, ары қарай басқа оқушының жауап беруі сұралады. Бұл әдіс оқушының зейінін аудару және байқағыштығын дамытуға пайдалы.
Тақтаға ақ түсті қағаз ілінеді. №1 ақ түсті қағазда таңдағандарға №1,4,6,7,9 ұяшық сурақтары жасырылады.Ал №2 ақ түсті қағазды таңдағандарға №2,3,5,8,10 ұяшық сұрақтары жасырылады. Оқушыларға тақтадағы ұяшықтарды таңдау арқылы сұрақтар немесе суреттер жасырылады.
1-ұяшық: Натюморт –дегеніміз не? (Жансыз заттардан құралған көркем шығарма)
2- ұяшық: Биыл тәуелсіздік алғанымызға қанша жыл болды? (20 жыл)
3- ұяшық: Пейзаж дегеніміз не? (табиғат көрінісін бейнелеу)
4- ұяшық: Батальдық жанр дегеніміз не? (соғыс тақырыбында салынған суреттер)
5- ұяшық: Елтаңбадағы жұлдыз нені білдіреді?(Елтаңбамыздың дәл ортасында бес бұрышты жұлдыз орналасқан. Жұлдыз- жарық пен пәктіктің белгісі)
6- ұяшық: Графика қай елдің сөзі, мағынасы. (грек, жазамын, суретін саламын)
7-ұяшық: Бәйтеректің биіктігі қанша метр (97 метр)
8- ұяшық: Живопись дегеніміз не? (әр түрлі бояу түрлерімен жазықтық бетінде орындалған көркем шығарма)
9- ұяшық: Тудағы қыран бейнесі нені білдіреді? ( Дала тұрғындары үшін бұл – бостандықтың, айқын мақсатқа , биікке ұмтылудың, болашаққа самғаудың
белгісі. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туындағы дала қыраны
қазақстандықтардың жомарттығы мен қырағылығын, ой ниетінің биіктігін
білдіреді.)
10- ұяшық: Ертегі мазмұнына арнап салынған сурет қалай аталады? (иллюстрация)
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру
Заттардың суретін салу барысында штрихтың орны ерекше. Заттардың сызықтық бейнесін салғанда сызықтың көптеген түрлері қолданылады. Олар тік, көлденең, көлбеу, доға, кереге, шеңбер.
Сурет өнерінде бейнелеудің негзгі екі түрі бар. Біріншісі, сызықтық бейнелеу, екіншісі, реңдік бейнелеу, яғни, штрихтау. Заттар мен құбылыстардың суретін сызықтық бейне арқылы айқындап алғаннан кейін барып, реңдік бейнелеу арқылы олардың пішінін, келбетін нақтылаймыз. Бұл дегеніміз Бейнені әуелі қарындашпен сызамыз, содан кейін барып штрихтаймыз. Сондықтан да штрих пен сызықты ажырата білу керек. Сызық заттың пішіндік шекарасын айқындаса, штрих сол заттың жарығы мен көлеңкесінің қоюлығын береді және нақты пішінін ашуға қатысады.
Штрих дегеніміз- көптеген, біртектес сызықтардың жиынтығы. Заттардың суретін салу үшін штрихтың көптеген түрлері қолданылады.
Сарамандық жұмыс
Сурет салуды бірнеше кезеңге бөліп қарауға болады.
1-кезең: Ең алдымен бейнелейтін заттардың жалпы нәрсесін тұтастай қабылдап, оны қағаз бетіне орналастыруға баса назар аудару керек.
2- кезең: Бейнелейтін заттардың өлшембірліктерін қатынасының дұрыс болуынаайрықша көңіл бөлу қажет. Сурет салу барысында әрбір затты салыстыра қарау үшін көмекші сызықтар пайдаланған жөн.
3- кезең: Заттардың негізгі конструкциялық құрылымы табылған соң жапен көлеңкенің шекараларын көмекші сызықпен белгілеп қою керек. Суретті штрихтау ісі көлеңкеден басталады. Штрихтау заттың пішініне, формасына қарай беріледі. Штрих сызықтарының арасын бір-біріне жақын алған дұрыс. Суретті әдемі салу үшін жарық, көлеңке тұстарын айқындау керек. Нәрсеге сәуле түскен бет жарық деп аталады.Ең жарық жері –жылт, жарыққа қарама –қарсы беті –көлеңке, меншікті көлеңке деп аталады. Ал меншікті көлеңкеден біртіндеп жарыққа ауысқан кезде жартылай көлеңке пайда болады. Заттың шет жағында басқа денеге түскен жарықтың әсерінен пайда болатын әлсіз жарықты рефлекс деп атаймыз.
Ү. Сабақты бекіту
Жартылай жабық лот
Оқушыларға көк түсті қағаз таңдауға беріледі.№1 көк түсті қағазда 9 ұпай. Ондағы тапсырма 3 заттан құралған геометриялық денелерді штрихтау. №2 көк түсті қағазда 10 ұпай. Ондағы тапсырма 5 заттан құралған геометриялық денелерді штрихтау.
ҮІ. Бағалау
Сабаққа қатысқан және суреттерін аяқтап үлгерген оқушыларға баға қою. Дұрыс салынған сурет былай бағаланады.
10 ұпай -5 (Қатесіз орындалған тапсырма)
8 ұпай -4 (1-2 қате болса)
6 ұпай-3 (3-4 қате болса)
ҮІІ. Қорытынды
Жабық лот
Алға жылжып барамыз.
Бар асуды аламыз.
Не мәселе болса да, Құпиясын табамыз.- деп оқушылар өздерін жігерлендіреді. «Пайымдау сұрақтары» әдісі: Сабақ соңында мұғалім оқушыларды ой-толғаныс жасауға итермелейтін сұрақтар қояды. Мысалға сабақта не маңызды, не қызық болды, жаңадан не білдіңдер, не үйрендіңдер? Сұраққа бірнеше оқушы жауап береді.
Үйге тапсырма. Натюрморт орындау

Источник: http://Натюрмортты бейнелеу. Графика өнері
Категория: ИЗО и черчение | Добавил: Рая0687 (2015-02-05)
Просмотров: 1370 | Комментарии: 2 | Теги: Натюрмортты бейнелеу. Графика өнері | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Суббота, 2024-04-20, 0:47 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru