Коллеги - педагогический журнал Казахстана

Учительские университеты

Главная » Статьи » В помощь учителю » ИЗО и черчение

«Ою - өрнек Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің бір элементі»
«Ою - өрнек Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің бір элементі» атты сыныптан тыс іс - шара
Сабақтың мақсаты: отансүйгіштік, эстетикалық, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге, әрдайым бағалай білуге, халық қазынасына өз үлестерін қоса білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Оқушыларды түгендеу
б) Сыныпты топқа бөлу
Сабақтың түрі: сайыс сабақ
Сабақтың көрнекілігі: слайдттар
Мұғалім: Мемлекеттің ресми белгілеріне мемлекеттік Рәміздер - Әнұран, Елтаңба, Ту жатады. Мемлекеттік рәміздер 1992 жылы 4-маусымда қабылданды.
Әнұран: Жаңа әнұран 2006 жылы қабылданды. Әннің сөзі 1954 жылы тың игеруге байланысты туған. Авторы: Жұмекен Нәжімеденов. Қайта өңдеген Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев. Әнін жазған қазақ вальсінің падишасы - Шәмші Қалдаяқов
Ту: Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының авторы, суретші - Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков, Қазақстанға еңбегі сіңген өнер қайраткері, Қазақстан дизайн өнерінің негізін қалаушылардың бірі. 1938 жылы 12-қарашада Тараз қаласында дүниеге келген. Ленинград жоғарғы көркем - өнер училищесін бітірген. Алматы қаласының бас суретшісі.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын түстес. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының негізіне шаңырақ алынған. Ол елтаңбаның жүрегі іспеттес.
Шаңырақ әлемнің біртұтастығын, мемлекеттің бастауы отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар мәңгілік өмір, шексіз даму және Қазақстан секілді бір шаңырақ астында өмір сүріп жатқан халықтардың рухани байлығының белгісі. Қанатты тұлпар болашаққа үміт артар жас ұрпақтың арманы, самғау биігі.
Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары сәулетшілер : Шот - Аман Ыдырысұлы Уәлихан. Қазақстанға еңбегі сіңген сәулетші, Мемлекет сыйлығының иегері, белгілі қоғам қайраткері. 1932 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Сырымбет ауылында туған. Мәскеу архитектуралық институтын бітірген. «Қазақ қала құрылысын жобалау» институтының қызметкері.
Жандарбек Мәлібеков. Өзбекстанға еңбегі сіңген сәулетші. 1942 жылы Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Екпінді ауылында дүниеге келген. Ташкент политехникалық институтының сәулет өнері факультетін бітірген. Ташкент қаласындағы ғылыми – зерттеу жобалау институтының қала құрылысы шеберханасының жетекші, жобалар жөніндегі бас сәулетшісі.
Біздің тақырыбымыз : «Ою - өрнек Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерінің бір элементі» деп аталады. Балалар, есімізге түсіріп көрейікші, сендер қандай ою – өрнек түрлерін білесіңдер? (балалар ою-өрнектің түрлерін атайды. Экранға ою-өрнек суреттері шығады).
Ал, сайысымызды бастасақ. Сайысымыз төрт бөлімнен тұрады. Сайысқа төрешілік ететіндер:
Бірінші бөлім «Таныстыру»: Команда капитандары өз топтарын таныстырды. Бес балды жүйе бойынша бағаланады.
Екінші бөлім «Білім жарыстыру»: Біз үйде қарсы топтарға сегіз сұрақтан дайындап келгенбіз. Соларды қазір әрбір топ өз жауаптарын даярлайды. Дайындық уақыты 3 минут. Әр дұрыс сұраққа бес балдан беріледі.
Үшінші бөлім «Ой толғау»: А4 қағазына тудағы қошқар мүйіз бен елтаңбадағы бес бұрышты жұлдыздың суретін алдарына қояды. Бірінші топ Тудағы ою-өрнектің, екінші топ елтаңбадағы бес бұрышты жұлдыздың мағынасын түсіндіріп, өз ойларын айтады. . Бес балды жүйе бойынша бағаланады.
Төртінші бөлім «Шығармашылық жоба»: Біздің туымыз басқа мемлекеттің туларынан түсінің қанықтығымен, салынған бейнелердің қайталанбастығымен басқа елдің туында жоқ ұлттық ерекшеліктерін білдіретін ою-өрнектердің барлығының арқасында салтанатты да, әдемі көрінеді, ерекшеленеді. Балалар осы отырған барлығымыз да керемет дарынды суретшілерміз. Егер мемлекет басшыларынан қазіргі туымызды реформациялау, яғни өзгерту, жаңарту жөнінде рұқсат алатын болсақ, біз мемлекеттік маңызы аса зор саналатын тудың суретін қалай салар едік. Суретін салып, қорғауға бес минут беріледі.
Қорытынды
Әділ-қазылар әр бөлім бойынша пікірлерін айтып, бағалайды.
Категория: ИЗО и черчение | Добавил: ск8780 (2015-02-07) | Автор: Кистаубаев Сагындык Калшораевич E
Просмотров: 1656 | Комментарии: 2 | Теги: «Ою - өрнек Қазақстан Республикасын | Рейтинг: 0.0/0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]
Пятница, 2024-04-19, 5:13 AM
Приветствую Вас Гость

Форма входа

Категории раздела

Русский язык и литература [1611]
Школьный психолог [547]
История [783]
Опыт [554]
Научная кафедра [234]
Воспитание души [262]
Мастер-класс [251]
Семья и школа [201]
Компьютер-бум [271]
Английский язык [875]
Великие открытия [30]
Университет здоровья [142]
Математика [1278]
Химия [406]
Классному руководителю [701]
Биология [612]
Думаем, размышляем, спорим [113]
Казахский язык и литература [1894]
Краеведение [108]
Начальная школа [4177]
Беседы у самовара [26]
Мировая художественная культура [49]
Новые технологии в обучении [409]
Сельская школа [84]
Профильное обучение [89]
Демократизация и школа [34]
Физика [323]
Экология [198]
Дошколенок [1768]
Особые дети [330]
Общество семи муз [66]
Школа и искусство
Уроки музыки [668]
Авторские разработки учителя музыки СШ № 1 г. Алматы Арман Исабековой
География [494]
Мой Казахстан [248]
Школьный театр [84]
Внеклассные мероприятия [1275]
Начальная военная подготовка, гражданская оборона, основы безопасности жизнедеятельности [107]
ИЗО и черчение [233]
Физическая культура [591]
Немецкий язык [61]
Технология [321]
Самопознание [445]
Профессиональное образование [133]
Школьная библиотека [93]
Летний лагерь [26]
Дополнительное образование [70]
Педагогические программы [24]

Социальные закладк

Поиск

Друзья сайта

Академия сказочных наук

  • Теги

    презентация Ирина Борисенко открытый урок информатика флипчарт животные новый год 9 класс 5 класс творчество Казахские пословицы проект конспект урока 6 класс физика язык класс педагогика стихи Казахстан математика урок праздник наурыз познание мира музыка доклад программа литература география природа сценарий семья воспитание классному руководителю осень игра казахский язык и литература викторина Начальная школа тест конкурс ИЗО внеклассная работа литературное чтение Русский язык 3 класс технология воспитательная работа сказка Здоровье Оксана 8 марта искусство независимость английский язык психология учитель 3 класс биология статья внеклассное мероприятие классный час ЕНТ выпускной школа 1 класс Русский язык ЕГЭ тесты химия начальные классы Дети экология Дошкольники любовь разработка урока казахский язык самопознание Английский родители br конспект спорт критическое мышление патриотизм дружба дошколенок История обучение тренинг разработка 7 класс физическая культура игры КВН занятие детский сад физкультура Абай коучинг

    Статистика

    Рейтинг@Mail.ru